Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеуді жоспарлау циклограммасы «Балапан»



бет5/8
Дата20.06.2022
өлшемі222.56 Kb.
#174662
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЦИКЛ 22 апта Қыстайтын құстар қаңтар
9 апта Жыл құстары дұрыс-1
2.Сурет салу
Бейнелеу өнері мұғалімінің жоспары бойынша.



1. Құрастыру
Тақырыбы: Жемшашар
Мақсаты: Балалар құрылыс материалдарынан жемшашар құрастыра алады. Қыстайтын құстар туралы айтады.
Сурет көрсету (құстар туралы мазмұнды сурет).
- Балалар, суретте қай жыл мезгілі салынған? Иә, қыс мезгілі. - Балалар, бұлар қыстап қалатын құстар. Қане бірге атауларын атайық. Құстардың атауларын қайталап атайды. Негізгі бөлім: - Балалар бұл не деп ойлайсыздар? Өз ойларын атйды.
- Бұл Жемшашар.
Балаларға жемшашар туралы түсінік беріп арнайы құрылыс материалдарынан жемшашар құрастырамыз.
Мінеки, балалар, дайын болды. Жарайсыңдар!
Сергіту сәті: Құс болып жоғары, төмен ұшып қонамыз. Қимылдарын

балалармен бірге жасау.


Ырғақты, темпі орташа дыбысы басым көңілді әуен қосылады. Жарайсыңдар.
Қорытындылау. Балалар біз не құрастырдық? Жарайсыңдар! Жемшашарды балалар бәріміз бірігіп серуен кезінде таза ауаға шығып ағаш басына ілеміз.


2.Музыка
Музыка жетекшісінің жоспары бойынша

1.Дене шынықтыру
Тақырыбы: Көгершінмен ойын ойнайық.
Мақсаты: Балалар допты бастан асырып алысқа лақтырады. Допты лақтыруда алысқа дәлдейді. Кубикпен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Қыстап қалатын құстар туралы айтады.
Балалар қазір қандай мезгіл?
Қыс мезгілі.
Қыстап қалатын құстар туралы әңгімелесу. Қандай құстарды білеміз есімізге түсірейік: балалар бірге қаталап атауларын атайды: қарға, торғай, көгершін. Жарайсыңдар балалар!
Олар өте суыққа төзімді құстар. Сондықтан бізде денемізді шынықтырп қыстап қалатын құстар сияқты өте төзімді епті болуымыз үшін жаттығу жасап шынығып жүруіміз қажет.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Балаларды шеңберге тұрғызып, балалармен бірге
текшелермен жалпы дамыту жаттығуларын жасату.

1. "Биік үй саламыз" жаттығуы.


Бастапқы қалып тік тұру, қолды төменде ұстау.
1.қолды жоғары созып, аяқтың ұшына тұру "Биік үй саламыз" деп айтқызу.
2.бастапқы қалыпқа келу (4-5 рет).
"Кірпіштерді қалаймыз" жаттығуы.
Бастапқы қалып отырып аяқты бірге ұстау, қол тізеде.
1.оң жаққа бұрылып, еденді текшемен ұру "Кірпіштерді қалаймыз" деп айтқызу.
2. бастапқы қалыпқа келу (сол жаққа дәл осы жаттығу қайталанады).
"Шеге қағамыз" жаттығуы.
Бастапқы қалып тік тұру, қолды төменде ұстау.
1 - жерге отырып, текшелермен еденді ақырын тарсылдату "Шеге қағамыз" деп
айтқызу.
2 - бастапқы қалыпқа келу (4-6 рет).
Негізгі қимыл жаттығулары.
Балалар допты бастан асырып алысқа лақтырады. Допты лақтыруда алысқа дәлдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет