Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеуді жоспарлау циклограммасы «Балапан»



бет7/8
Дата20.06.2022
өлшемі222.56 Kb.
#174662
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЦИКЛ 22 апта Қыстайтын құстар қаңтар
9 апта Жыл құстары дұрыс-1
1. Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Құстармен бірге ойнайық
Мақсаты: Балалар доптармен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларын жасайды. Бірінің артынан бірі жүреді және жүгіреді. тізбекпен жұп болып және екі –үш баладан сап түзеп алға жүре алады. Әуенге сәйкес би қимылдарын жасайды.
Кіріспе бөлім:
Жұмбақ жасыру.
Қанаты бар. Тұмсығы бар. Үсті мамықтан қапталған. Биікке ұша алады. – Балалар, жұмбақтың жауабын кім айтады? Жұмбақтың жауабы не болды екен?
– Дұрыс айтасыңдар. Бұл құстар туралы айтылған.
Балалардың назарын интербелсенді тақтадағы түлкі суретіне
аударту.
– Балалар, суретке назар аударайық. Құстар да көңілді болған кезде билегісі
келеді екен.
– Балалар, құстар да бізбен жаттығу жасаймын дейді.

– Ендеше, бәріміз бірге музыка әуенімен бірге жаттығу жасайық.


Аудиожазба ырғағы бойынша балаларға жаттығулар орындатылады. Содан
кейін балаларды бір қатарға тұрғызып, бірінің артынан бірін жүргізу және
жүгірту; тізбекпен жұп болып және 2-3 баладан сап түзеп, алға жүру, бір
орында тұрып аяқтың ұшымен жүру; қолдарындағы текшелерін әуен ырғағына
қарай бір-біріне ұру; еденді тарсылдату; педагогтің белгісі бойынша біртіндеп
текшелермен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларына дайындалу.
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші:
– Балалар, бүгінгі сабақта жұп болып орындалатын жалпы дамыту
жаттығуларын жасаймыз. Ол үшін бәріміз "Табиғат тамаша!" деп айтайықшы!
Енді жаттығулар жасауға дайындалайық!
1. Бастапқы қалып – негізгі тұрыс. Бір-біріне қарап, қол ұстасып тұру.
2
1–1– қолды екі жаққа созу "Табиғат тамаша!" деп айту.
1–2 – қолды жоғары көтеру, аяқтың ұшымен тұру "Күн қандай әдемі!" деп айту,
демді ішке тарту; қолды екі жаққа созу "Табиғат тамаша!" деп айту; бастапқы
қалыпқа келу (3 рет орындау).
2. Бастапқы қалып – қолды алға созып, қашықтықта бір-біріне теріс қарап тұру,

аяқ, иық деңгейімен бірдей.


2–1 – қолды жібермей ұстап оңға бұрылу "Күндей күлімдейік!" деп айту.
2–2 – солға бұрылып, "Күндей күлімдейік!" деп айту.
Бастапқы қалыпқа келу (4 рет орындау). Бастапқы қалып – қолды алға созып,
қашықтықта бір-біріне қарап тұру, аяқ, иық деңгейімен бірдей.
3–1 – қолды жібермей бірінші жұп секіреді "Секіреміз доптай!" деп айту.
3–2 – қолды жібермей екінші жұп секіреді, "Секіреміз доптай!" деп айту.
Бастапқы қалыпқа келу (4 рет орындау).
Негізгі қимылды жаттығулар.
"Жолмен түзу жүреміз" жаттығуы
Түзу жолмен және екі жолдың арасымен түзу жүру (жолдың ені 20 см).
Тәрбиеші:
– Балалар, қазір осы екі жолдың арасымен түзу жүруді үйренеміз (тәрбиеші жүру
бағытын екі қолымен көрсетеді).
Тәрбиеші жүру үлгісін көрсетеді.
– Қараңдаршы, балалар, мен жолмен қалай жүріп барамын: түзу жүремін, түзу ғана жүре беремін; екі жолды да баспаймын. Міне, осылай жүремін.
– Балалар, енді барлығың менің артыма тұра қалыңдаршы, жолмен түзу
жүреміз, түзу ғана жүреміз, бір-бірімізді итермейміз, екі жолды да баспаймыз.
Жарайсыңдар!

Тәрбиеші қозғалыс кезінде балалар бір-біріне соғылмай, итеріспей жүруін


қадағалайды. Бір-бірден асықпай жүрулерін бақылап тұрады.
Балаларды ынтасы үшін мақтайды. "Құстар" қимылды ойыны.
Тәрбиеші балаларды екі топқа бөліп, еңіс тақтайдың үстімен белгіленген межеге
дейін жоғары және төмен құс сияқты ұшу керегін түсіндіреді. Екі топтан бір-бір баладан шығып, екі қолды екі жаққа жіберіп, еңіс тақтайдың үстімен құс сияқты дыбыстап, межеге дейін жүріп өтулері тиіс. Ойын 2-3 рет қайталанады.

Серуен

Серуен картотекасы №

Серуен картотекас№

Серуен картотекасы №



Серуен картотесы №

Серуен картотекасы №



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет