Ойындар, дербес әрекет
|
Педагог - психолог мұғалімінің жоспары бойынша
|
"Шарды үрлеп өсірейік" шеңбер ойыны.
Мақсаты: шеңберді бірігіп құру қабілетін үйренеді; шеңберде жүріп ойын сөздерін бірге
айтуға ынталанады; тәрбиеші соңынан қимылдарды
қайталап жүреді; "Пах" жəне "Пш" дегенді балалар қайталап айтады
- Шарды үрлеп көрейік (шеңберге тұру, қол
ұстасу),
Қол ұстасып, жүрейік.
Ортадан артқа, артқа
Шегіндік. Енді тоқта!
Үлкен қылып үрледік (тоқтау),
Пах! Шарымыз жарылды! (шапалақтап,
сосын отыру) (4К моделі: коммуникативтілік, сыни ойлау
|
Саусақ жаттығуы.
"Дым да жоқ" (орыс
халқының əні).
Мақсаты: балалар саусақтармен кезек ойнап, тәрбиешінің айтқанын қайталап айтады.
- Ала қанат сауысқан
Пісірді де көжені,
Тағаттарын тауысқан
Тойғызды көп шөжені.
Анаған берді,
Анаған берді,
Анаған берді,
Анаған берді,
Ал мынаған бермеді.
- Суға барған жоқсың сен,
Отын жарған жоқсың сен.
Көзін сапта көжеге,
Дым жоқ сендей шөжеге!
Х. Ерғалиев
(4К моделі: коммуникативтілік, сыни ойлау)
|
"Шұбар тауық" ертегісін сахналау.
Мақсаты: бас кейіпкерлердің
əрекеттеріне қызығушылық тудырады., жағымды эмоцияда болады.
– Ай-ай-ай! Шұбар тауық!
Қайдан аламыз тауып,
Алтын тастай жұмыртқаңды?
Ұстай алмаймыз сұр тышқанды.
Шұбар тауық:
– Шұбар болсам, қайтейін,
Бір жұмыртқа берейін.
Алтын емес, жай емес,
Аппақтарға сай емес,
Шұбар екен жұмыртқам
Қабығы да жұп-жұқа.
Пісіріңдер, алыңдар,
Тасқа жарып алыңдар.
|
Дефектолог мұғалімінің жоспары бойынша
|