Балалардыњ ЕЊбегін пайдаланушылар бар



Дата27.04.2019
өлшемі25 Kb.
#118479



Балқия БОЛАТБЕКҚЫЗЫ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.
Балалардың еңбегін пайдаланушылар бар
"Нұр Отан" партиясы "Болашақ" филиалы Манаш Қозыбаев атындаеы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері арасында "Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн"тақырыбында "дөңгелек үстел" ұйымдастырды.
Балалардың еңбегін пайдалану бүгінгі таңда өзекті мәселе болып табылады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, .бүкіл әлем бойынша 215 миллион бала еңбек етеді екен. Со-лардың ішіндегі 115 миллионы денсаулығына қауіп төнетін ауыр жүмыстарға жегілуде.

Қалалық мәслихаттың депутаты Павел Афанасьев еліміздегі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға қатысты заңдар мен бүгінде тіркелген заң бұзушылықтарды атап өтті. Педагогика магистрі Дмитрий Лазаренконың айтуынша, психологиялық тұрғыдан 16-19 жас аралығындағы жасөспірімдер еңбек етуге дайын емес. Балаға алғашқы тәрбие беретін ата-анасы оның күнделікті жоспарын құрып, бос уақытында түрлі үйірмелерге жаздыру керек. Жиында: "Қазіргі кезде әрбір мейрамхана мен басқа да әртүрлі ойын-сауық кешендерінде кәмелетке толмағандар таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді. Балалар құқықтарын қорғау органдары мұндай жағдайлармен қалай күреседі", - деген сұрақ қойылды. Оған Павел Афанасьев: - Шынына келетін болсақ, егерде 18 жасқа толмаған баланың жұмысқа тұруына ата-анасы қарсы болмаса және ол өз еркімен жұмыс істеген жағдайда құқық бұзушылықты анықтау қиын. Ол үшін заң бұзушылықты ресми түрде тіркеп, бір ай бұрын кәсіпорын иесіне ескерту қажет. Бірақ та кәмелетке толмаған бала ресми түрде тіркелмейтіндіктен, оны табу мүмкін емес. Балаларға қатыгездікпен қараудың, оларды пайдаланудың, кемсітудің, күштеудің куәсі болған жағдайда немқүрайдылық танытпай, еңбек инспекторларына немесе құқық қорғау органдарына хабарлаңыздар деп жауап берді.



// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 17 маусым
Каталог: files -> user
user -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
user -> Виктор бондаренко
user -> Қарағанды қаласының әкімі Аубакиров Н
user -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
user -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
user -> Регламент государственной услуги «Выдача пропуска на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства»
user -> Жылдың басты оқИҒалары
user -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет