Балалардың Интернеттегі қауіпсіздігі туралы жаднама интернеттегі қауіптердің жіктелуі



бет1/4
Дата01.09.2022
өлшемі58.5 Kb.
#175165
  1   2   3   4
Байланысты:
откр



Балалардың Интернеттегі қауіпсіздігі туралы 

ЖАДНАМА 
Интернеттегі қауіптердің жіктелуі 

Ғаламторда жас пайдаланушыларға қауіп төндіретін қатердің келесі түрлері бар: 
• өзіне өзі қол жұмсаушылардың сайттары;
• өзін-өзі өлтірушілердің сайттары, форумдары; 
• нашақорлардың сайттары (интернет марихуананың пайдасы туралы ақпараттарға толы, қауіпті өсімдікті дайындаудағы кеңестер беріледі);
• ұлтараздықты тудыратын, ұлттар арасындағы достыққа қарсы тұратын және нәсілдерді қабылдамайтын сайттар (экстремизм, ұлтшылдық, фашизм);
• порнографиялық бағыттағы сайттар
• танысу сайттары (виртуалды қарым-қатынас шынайы қарым-қатынасты жүргізуге кедергі болады, жасөспірімдер коммуникативтік дағдылардан айырылады);
• экстремизм, зорлықты және әумесерлік мінез-құлықты насихаттайтын, таныс емес адамдардың тарапынан оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, жеке кездесулерге шақырып, алаяқтықтың түрлерін насихаттайтын сайттар;

• секталар (виртуалды әңгімелесуші жасөспірімнің дүниетанымына әсер ете алады). 




Интернетпен жұмыс жасаудың ережелері 

1. Таныс емес сайттарға бас сұқпаңыз. 
2. Сізге пошта арқылы Word немесе Excel құжаты келсе (таныс адамнан келсе-дағы), оны ашпас бұрын, вирустардың бар-жоғына тексеріп алыңыз.
3. Егер таныс емес қосымша келер болса, оны іске қоспаңыз, дұрысы – жойып, себетті босатып қойыңыз.

4. Құпиясөзді еш уақытта ешкімге бермеңіз. 


5. Құпиясөзді құрастырған кезде есте сақтап қалуға қиын сандардың және әріптердің жиынтығымен қолдануға тырысыңыз. 
6. Интернет арқылы қарым-қатынас орнатқан кезде өзіңіздің жеке мәліметтеріңізбен қолданбаңыз, керісінше лақап атпен (никпен) қолданыңыз.
7. Үлкен адамдардың бақылауынсыз Интернетте танысқан адаммен кездесуге бармаңыз.
8. Егер Интернетте тіркеуден өту қажет болса, ол жерде жеке ақпаратыңыздың болмағанын қадағалаңыз. 
9. Интернетте орналасқан ақпараттың барлығына бірдей сене бермеңіз.
10. Экранда маңызды мәліметтері бар компьютерді қараусыз қалдырмаңыз.
11. Маңызды мәліметтерді көпшілікке қолжетімді компьютерде сақтамаңыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет