Сырым ауданы Жосалы ауылдық округі әкімі Иманқұлов Батырғали Рамазанұлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбайдың алғыс хатымен марапатталды.

Агенттік төрағасы табиғат сынақтары тұсында қиындыққа тап болған қоғам мүшелеріне мемлекеттік қызметші ретінде қолдау көрсетіп, азаматтық ұстаным және батыл іс-қимыл танытқаны үшін алғыс білдірді.

Батырғали Иманқұлов а.ж. 6 ақпаннан 7 ақпанға қараған түні ақ түтек боранда трактормен қар құрсауына қалып, ауылға қарай жаяу шығып бағытынан жаңылысып қалған азаматқа дереу көмекке барып, ауылға аман-есен жеткізген. Мемлекеттік қызметшінің ерлігінің арқасында азаматқа уақытылы көмек көрсетілді.

Агенттік төрағасының арнайы жолдаған алғыс хатын Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов табыстады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.