Балқаш қаласының 80-жылдығына орай,
Наурыз мейрамына арналған ұзын бұрымды қыздар арасындағы «Бұрымды қыз» атты байқауының
ЕРЕЖЕСІ
-
Жалпы ереже
-
Осы ереже «Бұрымды қыз» Наурыз мейрамына арналған ұзын бұрымды қыздар арасындағы байқауды өткізудің мақсаттарын және міндеттерін, тәртібін, өткізу шарттарын және қаржыландыруын белгілейді (бұдан әрі – Байқау);
-
Байқау Наурыз мейрамы аясында және Балқаш қаласының 80 жылдығына орай өткізіледі
-
Байқау үйлестірушісі: «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Байқау ұйымдастырушысы: «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
-
Мақсаттары мен міндеттері
2.1. Бойжеткендердің әдемілігі мен нәзік сезімталдығын дәріптеу;
2.2. Жастардың әсемдікті қабылдау деңгейінің биік болуына әсер ету;
2.3. Байқау арқылы ұлттық құндылықтарды азаматтық ұстанымына негіз етіп алған тұлғаларды тәрбиелеу
-
Байқаудың өткізу мерзімі және өтінімдерді қабылдау
3.1. Байқау 2017 жылдың 21 наурызында сағат 17.00-да өткізіледі.
3.2. Өтінімдер 2017 жылдың 10 наурызға дейін қабылданады
-
Байқаудың шарттары
4.1. Байқауға шашының ұзындығы 60 см асатын кез келген ақылына көркі сай, қолаң шашты ару қатыса алады.
4.2. Қатысушылар өз өтінімдерін келесі нұсқада 10 наурызына дейін тапсыруы керек:
-
Байқаудың өткізілу тәртібі
Байқау 4 кезеңнен тұрады:
- өзін-өзі таныстыру /қос бұрым өрген, ұлттық киімдегі арулар дефиле жасайды - 2 мин;
- қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына байланысты сұрақ-жауап – 5 мин;
- арулардың өздерінің шаштарын күту әдісін көрсетуі - 2 мин.
- өнер сайысы (ән, би, күй, қол өнер бұйымдары, т.б. өз қалауы бойынша өнер көрсетеді) - 3 мин.
6. Бағалау шарттары
– сахна мәдениеті мен сахналық киімі;
– әртістік шеберлігі.
-
Байқаудың ұйымдастыру комитеті
-
Байқаудың ұйымдастыру жұмысын әділқазылар міндеттері жүктелген Ұйымдастыру комитеті орындайды
-
Ұйымдастыру комитеті талдайды, бағалайды, үзіктерді анықтайды және жеңімпаздардың марапатталуын ұйымдастырады
-
Жеңімпаздарды марапаттау
Байқаудың жүлде қорын ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы БАҚ беттерінде жарияланады.
-
Қатысушылардың өтініштері келесі мекен-жайы бойынша қабылданады:
Балқаш қаласы, Калмыков тұйық көшесі, 3, «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ. Байланыс телефондары: 8(71036) 7-50-26, факс 4-31-51.
Достарыңызбен бөлісу: |