«Балауса бөбекжайы» мкқк білім беру саласы: Қатынас



жүктеу 41.66 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі41.66 Kb.

«Балауса бөбекжайы» МКҚК

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Саңырауқұлақ саясында»




Өткізген : тәрбиеші: Демеева А.

Бейнеу.2016ж
Мақсаты: Балалардың сөйлеу,тіл мәдениетін дамыту. Бір –бірімен ауызекі сөйлеу дағдыларын

қалыптастыру. Балаларды өздігінен логикалық ертегі, әңгіме құрастырып,ойлануға,

тапқырлыққа баулу. Көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру. Театрландырылған

көрініс арқылы кейіпкерлерді бейнелеуге үйрету .Ертегілерді тыңдауға, түсінуге, көруге

талпындырып, қызығушылықтарын арттыру. Балалардың бойында мейірімділік пен

достық сезімдерін ояту.


Көрнекілігі: Интерактивті тақта мен қаламдар, күн макеті,фланеграф тақта,«Саңырауқұлақ

саясында» ертегісіне арналған фланелелеграф суреттері; ертегіні сахналауға арналған

«алжапқыш-театры», «Саңырауқұлақ саясында»

мультфильм,желім,топырақ,саңырауқұлақ суреті,


Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Слайд;сұрақ –жауап;ертегі оқып беру;әңгімелеу;сахналау;

мадақтау;жапсыру:




Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс – әрекеті

Балалардың әрекеті.

Мотива -


циялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Балалар,сәләматсыздар ма.

Қазір жылыдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдар.

Балалар күн аспанда,өте биікте тұрады.Күн жоғарыда тұрып жерді,жердегі адамдарды,өсімдіктерді бақылап шуағын төгіп тұрады. Күн жерде болып жатқан көп қызықтарды көріп,қуанып тұрады. Балалар күнге арнап ән айтып берейікші.

Күн: Балалар,мен қуаныштымын. Сендердің әндерің ұнады.

Балалар ертегі тыңдауды ұнатасыңдар ма?

Мен бүгін сендерге ғажайып ертегі айтып беремін.





Шаттық шеңберін құрады.





Балаларға мультфильм көрсетеді.

Фланелеграф тақтаның көмегімен ертегіні айтып береді.


Балаларға ертегі бойынша сұрақтар қояды.Балаларды интерактивті тақтаға шығарып қаламмен жұмыс жасатады.
Тіл ұстарту жаттығуы:

Тырс-тырс-тырс жаңбыр жауды ырыс.

Бақ-бақ-бақ тарбаңдаған бақа

Ян-ян-ян секеңдеген қоян

Кі-кі-кі бұл айлакер түлкі

Ек-ек-ек гүлге қонған көбелек.


Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.

  • Балалар,сендерге ертегі ұнады ма?

  • Балалар,құмырсқа алаңқайда қайда тығылды ?

  • Құмырсқадан кейін не ұшып келді?

  • Көбелектен кейін ентіге жүгіріп не келді?

  • Тышқаннан кейін тоңып не келді?

  • Құтқарыңдар деп не айқайлады?

  • Бәрі жабылып нені қуып жіберді?

  • Саңырауқұлақ төбесінен не секіріп түсті?

Сергіту сәті.


Д /о: «Не жоқ?»

Тәрбиеші тақтадан ертегі кейіпкерлерінің суретін іліп қояды.балаларға оларды мұқият қарап алып,содан кейін көздерін тарс жұмуларын сұрайды. Осы кезде тақтадағы суреттің біреуін алып тастайды.

Тәрбиеші балаларға саңырауқұлақтың суреті салынған қағаздарды таратып береді. Саңырауқұлақтың қалпағын


Балалар мультфильм тамашалайды.
Ертегіні қызыға тыңдайды.
Тіл ұстарту жаттығуын орындайды.

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беру арқылы қаламмен интерактивті тақтада жұмыс жасайды.

Өлең жолдарын айту арқылы қимыл –қозғалыстарын жасайды.

Балалар көздерін ашып қай кейіпкердің жоқ екенін тауып ағылшын,орыс тілінде атауы тиіс.

Сұрақтарға өз ойларымен жауап береді.


Рефлексті коррек

циялау


Балалар,сендер ертегіні жақсы түсініп алыпсыңдар. Қане,енді осы ертегіні өзіміз схналап көрейік.


Театырландырылған көрініс.

Балаларға « алжапқыш театр» кейіпкерлерін таратып беріп ертегіні сахналауға көмектеседі.

Балалар,сендер бір –біріңе көмектесіп достық қатынастарыңды нығайттыңдар. Жарайсыңдар. Бәрекелді.

Ал,енді өз балабақшамызға оралайық. Қанатымызды жайып ұшып кетеміз.

Балалар,балабақшамызға келдік. Бір –біріңе үнемі көмектесіп ақылды,мейірімді болып жүрейік.


Ертегі кейіпкерлеріне бөлініп сахналайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Ертегілер желісін білу;

Нені игереді: Сурет бойынша ертегіні құруды,,сахналандыруды;



Нені меңгереді: Ауызекі сөйлеуді,сұрақтарға толық жауап беруді,дыбыстарды анық айтуды
Каталог: uploads -> doc -> 0249
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет