Ұйымдастыру-іздестіру
|
Балалар бізге бүгін апайлар қонаққа келіпті апайларға не деп айтамыз.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Бұл күздің нешінші айы?Сонымен біз күз айымен қоштасамыз келесі жылға дейін,келесі келетін жыл мезгілі қандай?Балалар бәріміз мында қарайықшы слайд көрсек қалай болады.
-Балалар біз слайдта не көрдік ?
Ия тағы не көрдік? Балалар кім кәне әдептілік жайлы тақпақтар біледі.
Архат.
Автокөлік ыңғайлы автобусқа мінемін.
Онда қалай отырып тұру мәнін білемін,
Кимелемей итермей,алға қарай өтемін.
Билет алып,жайғасып,аялдамамды күтемін,
Әдептілік әлібін әр кез сақтап жүремін
Егер кірсе қарт кісі тұрып орын беремін.
Исматулла.
Алдымыздан кезікке
Көп танысты көреміз
Бәрінеде ізетпен
Біздер сәлем береміз.Өте жақсы балалар жарайсыңдар.Балалар кәне енді тағы бір слайдтты көремізбе?Олай болса кәне көрелік.
Осы кезде топқа әже кіреді.
Әже:Сәлеметсіздер ме балалар. Мен ел аралап жүр едім. Осы үйде той болып жатқанға ұқсайды. Бұл не той?
Келін:Төрлетіңіз. Мына баламызға ата-салтымен ат қойғызып, бесікке салғалы жатырмыз. Атам қазақ қырықтың бірі қыдыр демекші, құдайы қонаққа да ат қойғызған. Сіз бізге тап келдіңіз.
Келін:Осы баламыздың атын сізге қойғызғалы отырмыз.
Әже:Бұл үлкен істі маған тапсырғандарыңызға үлкен рахмет. Баланың есімі Ұлы Абайдың атымен аталсын, аталарындай данышпан болсын. Ал ендеше кішкентай Абайжанды бесікке салайық.
Әже:Бесікте өскен бала таза болады. Мынау- баланың төсек көрпесі, жөргек,түбек,жастықша, асықты жіліктен жасалған шүмегі. Жастығының астына баламыз сымбатты азамат, жүзі айнадай жарық болсын деп айна, тарақ салып отырмын. Бала шошымасын деп пышақ қоямыз. Бәле-жаладан сақтасын деп отпен аластайын. 
Аластау рәсімі
Алас-алас баладан алас,
Иесі келді пәледен көш.
Алас-алас пәледен алас,
Көзі жаманның көзінен сақта.
Тілі жаманның тілінен сақта.
Отыз омыртқасынана алас.
Келінжан: нәрестені әкеле ғой.
Осы баламыз дүниеге келгелі көршіме бесікке салдыру ойымда еді.
Ал,әже баламды бесікке салуды сізге тапсырамын
(Бесікке салу рәсімі өтеді)
-
Бала бөлеген бесіктің үстіне ұйқысы тыныш, қалың болсын деген мағынада жеті түрлі нәрсе жабады.
-
Әже біздің балалар бесік жырын біледі сіз тыңдаңыз олар сізге орындап береді.
-
Әже:жақсы кәне тыңдайық.Балалар кәне кім бесік жыры жайлы тақпақ біледі. Кәне Айсана аита ғой.
-
Ертегі айтып берейін,
-
Анашыңды тыңдай ғой.
Бесік жыры. Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жылағанмен бола ма.
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін,
Әлди, әлди, әлди-ай.
Ұйықтай қойшы бөпем-ай.
Ой, бәрекелді, балалар,өнерлерің өссін. Біздің қазақ халқының салт-дәстүрлері тек бұл ғана емес,
бұдан да көп. Сол дәстүрлерді сақтай білейік Өте білгір, білімді балалар екенсіңдер.Енді мен қайтайын сендерге рахмет.
Әже : Сау болыңдар балалар.
Балалар сендер шаршаған боларсыңдар кәне бәріміз қазақтың ойынын ойнасақ қалайсыңдар.
Ойын «Орамал тастамақ»
Балалар мен сендерге қазір мынадай схема көрсетем бұл трех схемасы деп аталады.Сол схема бойынша біз қазір сендермен әдептілік жайлы мақал-мәтел құраймыз.
1.Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
2. «Сіз» деген – әдеп,
«Біз» деген – көмек
3. Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергенің
4. Үлкенге құрмет-кішіге міндет
5. Ата балаға сыншы.
6. Әдепті бала ата-анасын мақтатар ,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар
Құрметті қонақтар біздің балаларымыздың сіздерге арналған сыйлығын қабыл алыңыздар.
|
-Сәлеметсіздерме апайлар.
Қоңыр күз
Үшінші айы қараша
Күрең күз мезгілі.
Слайды қарайды.
әдепті ,әдепсіз бала жайлы көрдік.
Балалар тақпақтарын аитады.
Ия
Балалар слайдты көреді.
Бесікке салу
Балалар мұқият тыңдап өздеріде рөлдерін атқарады.
Балалар музыка ырғағымен «Бесік жырын»аитады.
Кәусар: Бұл бесік құтты бесік. Осы бала дүниеге келгенде нағашылары осы бесікті жасап жіберіпті.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
-
Айсана:
-
Бөпе-бөпе,бөпемай,
-
Айналайын көкемай-ай
-
Бесігіңе жата ғой.
Ән айтайын,ұйықтай ғой
Кәусар:Әже мынау сізге сіздің жолыңыз.Рахмет
Сау болыңыз әжей
Балалар трех схемасымен қызыға жұмыс жасайды.
Қонақтарға сыйлығын табыс етеді.
|