Балпық ауылдық округінің әкімі Ғ. О. Увалиевтің округтің ауыл тұрғындарымен есеп беру кездесудегі баяндамасының тезисі



жүктеу 33.76 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі33.76 Kb.

Балпық ауылдық округінің әкімі Ғ.О. Увалиевтің округтің ауыл тұрғындарымен есеп беру кездесудегі баяндамасының

ТЕЗИСІ
Балпық ауылдық округі 1930 жылы құрылған. Ауылдық округінің аумағында төмендегідей елді мекендер орналасқан : Жаңаталап ауылы, Оян ауылы, Ұмтыл ауылы. Округ орталығы- Жаңаталап ауылы. Аймақтың жер көлемі 98789 гектар. Округ орталығынан аудан орталығына дейін 7 км шақырым. Тұрақты тұрғындар саны- 2435 адам, 404 отбасы тұрады. Ауылдық округ аймағында 7 ұлттың өкілдері тұрып жатыр.

98789 жер көлемінің 3510 гектар жері ауылдық округінің қарамағында, топырағы жер-жермен құнарлы, кейбір жерлер сортаң болып келеді, жер бонитеті- 17,3 балл.

Ауылдық округ аймағында төмендегідей ауылшаруашылық субъектілер мен мекемелер орналасқан : «Қаратал» акционерлік қоғамы, жеке шаруа қожалықтары - 19, Жаңаталап орта мектебі - 1, Оян орталау мектебі - 1,Ұмтыл бастауыш мектебі - 1,фельдшерлік пункті - 2, дәрігерлік амбулатория - 1, кітапхана - 1, мешіт - 2, дүкен - 8, байланыс бөлімшесі - 1, дәріхана - 1,

шаштараз - 1.



Есеп беру кездесуінде түскен ұсыныстар :

1. Жаңаталап ауылының тұрғыны аз. Оразбаев Аділғалым шағын несие алуға көмектесу туралы айтып өтті. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша өтініш білдірген азамат мал басын көбейту үшін 800000 теңге көлемінде несие алды.



2. Жаңаталап ауылына бір дәріхана ашу - Жаңаталап ауылында дәріхана ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.

2013 жылдың тоғыз айдың ішінде атқарылған жұмыстар :

Ауыл шаруашылығы : 2013 жылы егілген егістік бойынша сафлор болжам - 150 га, нақты егілгені -150г, көкөніс- 64 га , нақты егілген - 64 га, өнім әлі де жиналуда, күздік бидай -400 га, егілген күздік бидайдан 960 тонна өнім алынды, 330 гектар жаздық бидайдан 370 тонна өнім алынды, картоп -20, нақты егілгені- 20 га ,барлық егілген егістік - 1510 га. Келесі жылға 300 га күздік бидай егілді.

Білім саласында: Округімізде 1 - орта мектеп, 1- орталау мектеп және 1 бастауыш мектебі бар. Жаңаталап орта мектебінде бүгінгі таңда 227 оқушы оқиды. Оян орталау мектебінде 69 бала. Ұмтыл бастауыш мектебінде 15 бала. 2013 жылы оқу жылын 13 бала бітірді, оның 10 –ы қатысып, 66,9 пайыз алды. Мектеп бітіруші 1 түлегіміз «Алтын белгісін» алды. «Мектепке жол» акциясы бойынша үнемі іс-шараларда демеуші болып жүрген «Қаратал» акционерлік қоғамының президенті Жексембиев Серікжан Бақытұлы 49 оқушыға 598000 мың теңгеге көмек көрсетті. Қазан айының 1-і күні Оян ауылында 120 орындықты жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Денсаулық саласында: Денсаулық саласында округте 1- дәрігерлік амбулатория, 2- фельдшерлік пунктері халыққа қызмет көрсетеді. Бүгінде осы салада 2 дәрігер, 7 медбикелер қызмет атқарып келеді. Амбулаторияда өздеріңіз білесіздер 5 кісілік күндізгі стационар жұмыс істейді. Әлеуметтік жағдайға әсер ететін аурудың түрлеріне тоқталсақ : биылғы жылы туберкулез , бруцеллез ауруымен ауырып, тіркелгендер - жоқ, басқа сарапта, ВИЧ ауруларымен ауырған адамдарда жоқ. Жыл сайын ауыл тұрғындарына арнайы жылжымалы рентген –флюрография келеді, биылғы жылы барлығы 968 адам өтті. 2013 жылы округ бойынша 30 бала дүниеге келіп, 4 адам қайтыс болды.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы: Округ бойынша 2013 жылдың қаңтар мен қыркүйек айына дейін 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын жәрдемақы бойынша аз қамтылған 28 отбасына, 83 балаға барлығы 1056301 теңге, мүгедек балалары бар 3 отбасына 74218 теңге , 29 отбасына барлығы 685597 теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы барлығы 117 адамға 1866116 теңге әлеуметтік көмек берілді.

Шағын кәсіпкер: Округ бойынша жыл басынан сегіз айында тіркелген кәсіпорындар саны - 4, оның барлығы жұмыс жасайды. Бюджетке түскен төлемдер - 884,6 теңге, жеке кәсіпкерлер барлығы - 19 , бюджетке түскен төлемдер - 650,0 теңге. Шаруа қожалықтары барлығы - 19, бюджетке түскен төлемдер - 1510 теңге. 2013 жылы Жаңаталап ауылында барлығы 3,0 млн. жеке қаражатқа 2 дүкен салынып, 1 дәріхана ашылды. Шаштараз да жұмыс жасайды.

Мәдениет саласы : Округіміз қасиетті бабаларымыздың жері деп босқа айтылмаған, аумағымызда Балпық би, Айту би бабаларымыздың кесенелері орналасқан. Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған мемориалдық обелиск - 1, Айту би, Балпық би мүсіндері - 2, мешіт - 2. Ауылымызда 2007 жылдан бері 13201 кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Биылғы жылы Балпық бидің кесенесіне 1,7 млн теңге көлемінде күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.

Қоғамдық тәртіп: Ауылдық округ орталығы Жаңаталап ауылында бір учаскелік полиция пункті бар.Учаскелік пункті ауылдық әкімшілігінің ғимаратында орналасқан. Округ бойынша учаскелік полиция инспекторы лейтенант Б.Рымжанов. Телефон, автокөлігі бар. Тұрғын үймен қамтамасыз етілген. 2013 жылдың басынан 9 қылмыс тіркелген болатын, оның 3-уі ашылған жоқ.

Ауылдардың жағдайын жақсарту, олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеру, сапалы денсаулық сақтау мен білім беру үрдістерін жүргізу , алдағы жылдарға арналған жоспарлар :

1. 2014 жылға Жаңаталап ауылындағы балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу .

2. Округ елді-мекендерінің жолдарына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу.



3. Жаңаталап орта мектебінің жарық жүйесінің электр сымдарын ауыстыру .

4. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша несие алауға көмектесу.
Каталог: images -> stories
stories -> Конверттерді ашу хаттамасы
stories -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
stories -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
stories -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
stories -> Ќазакстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігініѕ Бїйрыєымен бекітілді 17 тамыз 2000 ж
stories -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
stories -> Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті
stories -> Ұсыныс беруге шақыру


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет