«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 149.99 Kb.
Дата05.04.2018
өлшемі149.99 Kb.
түріРегламент

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 96 қаулысына

26-қосымша

«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік қызметті


(бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz
(бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады, қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимыл) бастау үшін негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы, сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қабылдау бөлмелеріне қабылдау және
тіркеу – өтініш түскен күні;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшылығының құжаттарды қарауы, бұрыштамасын қоюы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік қадағалау департаментіне (бұдан әрі – БҚД) жіберу – өтініш түскен күні;

3) БҚД басшылығының құжаттарды қарауы, уәкілетті қызметкерді белгілеуі және оған құжаттарды орындауға беруі – өтініш түскен күні;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, БҚД-ның уәкілетті қызметкерінің өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – өтінішті қараудан бас тарту) дайындауы, өтінішті қараудан бас тартуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қол қоюы, көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қараудан бас тартуды беруі – құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

ұсынылған құжаттардың стандарттың талаптарына сәйкес келген жағдайда алынған құжаттарды қарауы;

лицензияның телнұсқасын беруге өтініш келіп түскен кезде БҚД-ның уәкілетті қызметкерінің лицензия телнұсқасының не бас тартудың жобасын дайындауы, лицензияның телнұсқасына не бас тартуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қолын қойдыруы, лицензия телнұсқасын не бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға ұсынуы – құжаттар алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

лицензия беруге немесе лицензияны қайта ресімдеуге өтініш келіп түскен кезде БҚД-ның уәкілетті қызметкерінің стандарттың 9-тармағына құжаттардың сәйкес келуін қарауы, лицензия беру туралы, лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрықтың жобасын (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) не бас тартудың жобасын дайындауы, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қоса бере отырып бұйрықтың жобасын келісу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне (бұдан әрі – ҚҚД) жіберуі – лицензия беру кезінде 10 (он) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде өтініш келіп түскен күні;

5) бұйрықтың не бас тартудың жобасын ҚҚД-ның келісуі – лицензия беру кезінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

6) БҚД-ның уәкілетті қызметкерінің ҚҚД-дан келісілген құжаттарды алғаннан кейін лицензияның, қайта ресімделген лицензияның жобасын дайындауы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына қол қоюға ұсынуы – лицензия беру кезінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде ҚҚД-дан келісілген құжаттарды алған күні;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының бұйрыққа, лицензияға, қайта ресімделген лицензияға не бас тартуға қол қоюы – лицензия беру кезінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

8) БҚД-ның уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі – лицензия беру кезінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде – қайта ресімделген лицензияға қол қою күні – мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде.

Лицензияны қайта ресімдеу рәсімі, лицензияның телнұсқасын және құжаттардың толық болмауына байланысты өтінішті қараудан бас тартуды дайындау тәртібі мерзімдерін сағатпен көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын әрбір бөлімшесі бөлігінде көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен белгіленеді.

Бөлініп шығу немесе бөліну нысанында көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензия 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта ресімделеді.

Бөлініп шығу немесе бөліну нысанында көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу тәртібі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген лицензия беру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер;



2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы;

3) БҚД-ның басшылығы;

4) БҚД-ның уәкілетті қызметкері;

5) ҚҚД.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты
8. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

2) 1-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);

3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді логин (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тексеру;

4) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса беру;

5) 3-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақы төлеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төлеу туралы ақпарат порталға түседі;

6) 2-талап – мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу фактісін порталда тексеру;

7) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;

8) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);

9) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

10) 2-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және оны порталда өңдеу;

11) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру;

12) 3-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;

13) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада берілген.


«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау

БҚД басшылығы

БҚД уәкілетті қызметкері

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы


    



2. Құжаттарды қарау, бұрыштама қою, құжаттарды БҚД-ға жіберу

(өтініш түскен күні)




3. Құжаттарды қарау, уәкілетті қызметкерді белгілеу және құжаттарды оның орындауына беру

(өтініш түскен күні)




4. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, өтінішті қараудан бас тартуды дайындау, өтінішті қараудан бас тартуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығында қол қою, өтінішті қараудан бас тартуға көрсетілетін қызметті алушыға беру

(құжаттарды алған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде);

ұсынылған құжаттар стандарттың талаптарына сәйкес келген жағдайда, алынған құжаттарды қарау:

лицензияның телнұсқасын беруге өтініш түскен кезде лицензияның телнұсқасының не бас тартудың жобасын дайындау, оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығында қол қою, лицензияның телнұсқасын не бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беру

(құжаттарды алған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде).







1. Келіп түскен хат-хабарды тіркеу және құжаттарды Ұлттық Банк басшылығының қабылдау бөлмелеріне беру

( өтініш түскен күні)






прямая соединительная линия 2279прямая соединительная линия 2280


прямая соединительная линия 2278

прямая соединительная линия 2276прямая соединительная линия 2277


прямая соединительная линия 2273прямая соединительная линия 2274

Көрсетілетін қызметті алушы




8.Заместитель руководителя филиала, курирующий работу отдела

Подписание оригинала РС. Передача пакета документов в ОСПБ




прямая соединительная линия 2271

блок-схеманың жалғасы



БҚД уәкілетті қызметкері

ҚҚД

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы


5. Лицензия беруге немесе лицензияны қайта ресімдеуге өтініш келіп түскен кезде құжаттардың стандарттың
9-тармағына сәйке келуін қарауы, бұйрықтың не бас тартудың жобасын дайындауы, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қоса бере отырып бұйрықтың жобасын келісу үшін ҚҚД-ға жіберу

(лицензия беру кезінде 10 жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде өтініш түскен күні)





6. Бұйрықтың не бас тартудың жобасын келісу

(лицензия беру кезінде 7 жұмыс күні, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 жұмыс күні ішінде)







8. Бұйрыққа, лицензияға, қайта ресімделген лицензияға не бас тартуға қол қою

(лицензияны беру кезінде 5 жұмыс күні, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 жұмыс күні ішінде)






прямая соединительная линия 2260


прямая соединительная линия 2258


7. ҚҚД-дан келісілген құжаттарды алғаннан кейін лицензияның, қайта ресімделген лицензияның жобасын дайындауы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына қол қоюға ұсыну

(лицензия беру кезінде 3 жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде ҚҚД-дан келісілген құжаттарды алған күні)







прямая соединительная линия 2257

прямая соединительная линия 2256

9. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру

(лицензия беру кезінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде қайта ресімделген лицензияға қол қою күні)





Көрсетілетін қызметті алушы


прямая соединительная линия 2253
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша


Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы








портал


2-рәсім

3-рәсім



4-рәсім

1-рәсім




1-рәсім


2-рәсім


3-рәсім


4-рәсім





сұрау салу


Көрсетілетін қызметті алушы


Шартты белгілер

Хабарлар ағыны

Рәсім

Талап

Бастапқы хабар


Аяқтайтын хабар



Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат

ЭҮТШ Электрондық үкіметтің төлем шлюзі




Ақпараттық жүйе

«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
скругленный прямоугольник 2207скругленный прямоугольник 2208скругленный прямоугольник 2209скругленный прямоугольник 2210скругленный прямоугольник 2211

блок-схема: процесс 2201блок-схема: процесс 2205


блок-схема: процесс 2203блок-схема: процесс 2202блок-схема: процесс 2204


прямая соединительная линия 2198прямая соединительная линия 2199прямая соединительная линия 2200

прямая со стрелкой 2196


прямая со стрелкой 2190блок-схема: процесс 2195


прямая со стрелкой 2194блок-схема: процесс 2188прямая со стрелкой 2193прямая со стрелкой 2192


блок-схема: процесс 2191блок-схема: процесс 2189


блок-схема: процесс 2187


прямая соединительная линия 2184


блок-схема: процесс 2186блок-схема: процесс 2183


прямая со стрелкой 2181
прямая соединительная линия 2182

бизнес-процестердің анықтамалығының жалғасы



скругленный прямоугольник 2179скругленный прямоугольник 2180скругленный прямоугольник 2178


скругленный прямоугольник 2177скругленный прямоугольник 2176

блок-схема: процесс 2289блок-схема: процесс 15


autoshape 8762блок-схема: процесс 20прямая соединительная линия 10блок-схема: процесс 3прямая со стрелкой 2блок-схема: процесс 14блок-схема: процесс 8прямая соединительная линия 9autoshape 8860блок-схема: процесс 24прямая со стрелкой 19прямая со стрелкой 23






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет