Банктік қарыз шарты талаптарының өзгеруі туралы хабарлама



Дата14.03.2018
өлшемі26.33 Kb.
#20946

Заңды тұлғаларға арналған
Банктік қарыз шарты талаптарының өзгеруі туралы хабарлама
«Цеснабанк» АҚ (бұдан әрі – Банк):

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 24.11.2015 ж. Заңының (бұдан әрі – Заң) қабылдануын;

- Заңның бірқатар нормаларының олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұдан бұрын жасасқан шарттарға туындаған құқықтық қатынастарына, сондай-ақ бұдан бұрын жасасқан шарттарға туындаған құқықтық қатынастарына таралуын;

- ҚР Азаматтық Кодексінің 383-бабы 2-тармағына сәйкес, егер шарт жасалғаннан кейiн шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшiн мiндеттi ережелер заңдармен белгiленген болса, жасалған шарттың ережелерi оның күнi бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда, өз күшiн сақтайтынын ескере отырып,



Банкпен жасасқан (жасалатын) Банктік қарыз шарт(-тар)ы (бұдан әрі – Шарт) талаптарының өзгергені және толықтырылғаны туралы хабарлайды, соның ішінде:

  1. толықтыру:

  • қарыз алушының тұрақсыздық төлемдерін немесе айыппұл санкцияларының өзге түрлерін төлеместен, бір жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін ішінара немесе толық көлемде мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін қарастыратын құқығы;

  • қарыз алушының шарт талаптарын қарыз алушы үшін жақсаруына қарай өзгеруі туралы хабарламаны алған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күннің ішінде шарт талаптарын жақсартатын Банктің ұсынысынан бас тарту құқығы. Бұндай кезде, егер Банктің Шарт талаптарын қарыз алушы үшін жақсаруына қарай біржақты тәртіпте өзгерту туралы хабарламасын алған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күннің ішінде қарыз алушы Банк ұсынған жақсарту талаптарынан бас тартпаған жағдайда осындай өзгертулер қарыз алушы хабарламаны алған күннен бастап 14 (он төрт) күн өткеннен кейінгі келесі күні күшіне енеді.

  1. Шарт талаптарын біржақты өзгертуге Банктің құқығын реттейтін талаптардың бір бөлігінің өзгеруі, атап айтқанда қарыз алушы үшін жақсаруына қарай келесі жағдайларды қоспағанда Банк Шарт талаптарының біржақты тәртіпте өзгертуге құқығы жоқ:

  • банктік қарыз бойынша қызмет көрсетуге байланысты көрсетілетін қызметтер үшін комиссияларды және өзге төлемдерді азайту немесе толық алып тастау жағына қарай өзгеруі;

  • тұрақсыздық төлемдерін (айыппұл, өсімақы) азайту немесе толық алып тастау жағына қарай;

  • Шарт бойынша төлемдер мерзімін кейінге қалдыру және (немесе) бөліп төлеу;

  • Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгеруі.


Бұндай кезде Банк Шарт бойынша тіркелген сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай уақытша өзгертуді қарастырады1.
Жоғарыда көрсетілген өзгертулер мен толықтырулар 01.07.2016 ж. бастап күшіне енеді.

Қосымша ақпарат алу үшін дербес менеджерге немесе Шарт ресімделген филиалдың кредит беру бөлімшесіне хабарласу қажет.
Құрметпен,

«Цеснабанк» АҚ

1 Сыйақы мөлшерлемесін уақытша өзгерту деп Банктің белгілі бір мерзімге сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін төмендетуі түсініледі, бұндай кезде аталған мерзім өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесі уақытша өзгертуге дейін әрекет еткен сыйақы мөлшерлемесі мөлшерінен аспайтын мөлшерде белгіленеді.


Каталог: up files
up files -> О проведении Научно-технического совета
up files -> «саят жолши и партнеры» бикебаев а. Ж. Конкурентное
up files -> «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «11» желтоқсандағы №12 хаттамасымен бекітілген
up files -> «sat & Company» АҚ «Отан» ажзқ» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін сатып алуды аяқтады «sat & Company»
up files -> Положение
up files -> Сборник текстов на казахском, русском, английском языках для формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней среднего образования


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет