Танымал “Каспий” тобының экс-мүшесі, әнші Айбар Серкебаев алғаш рет отбасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: бағдарламадан скриншот

Өнер иесінің некесін жаңартқан жаңалығы халыққа лезде тарап кетті. Әнші оқиғаның қалай болғанын айтып берді. 

“Шаңырақ көтергенімізге 12 жыл болды. Мәһрге алтын сағат алып бер деді. Бірақ соны алып бере алмадым. Жағдай бар, бірақ қатты мән бермедім. Сол үшін алып бере алмадым. Жақында “неке жаңарту” деген сөзді естіп, зерттеп көрдік. Ерлі-зайыптылар арасында түрлі ой болады екен. "Бекер тұрмысқа шығыппын, бекер алыппын" деген жаман ой келсе, неке шарты бұзылып кетеді екен. Сондай кезде жаңартып жіберген абзал деп имамдар кеңес айтты. Баяғы қыз бен жігіт болып жүргендегі сезім қайта оралады екен. Жақында неке жаңартып, неке сақинасын қайтадан тақтық”, – деп әнші соңғы жаңалығын айтты. 

 

  • "Лидер болып кеттім": Индира Расылхан күйеуімен ажырасу себебін айтты

  • "Ажыраспаудың амалын жасадым": Жахан Отарғалиев жеке өміріндегі өкінішін жеткізді

Әншінің айтуынша, жұбайы екеуінің қарым-қатынасы нығая түскен. 

“Шынымен некені жаңарту керек екен. Біздегі сезім басқаша. Бұрын қыз бен жігіт болып жүргенде қолың жаурамасын деп қалтама салып алатынмын. Үйленгені ол тірлікті қойыппын. Некені жаңартқаннан кейін сол іс-әрекетім есіме түсіп, қамқор болатын болдым. Бильярдқа барушы едік. Екеуміз де бильярдты жақсы ойнаймыз. Отбасы болғалы оны да ұмытыппыз. Өткенде билярдқа барып, екеуміз керемет ойнадық”, – дейді әнші. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.