Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ведомствоға шілде айында анонимді түрде сыйға тартылған 2017 жылғы Bentley Bentayga көлігін министрлік 40 миллион теңгеге сатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: e-auction.gosreestr.kz 

Вице-министрдің айтуынша, қымбат көлік қандай да бір мемлекеттік органға берілмеген.   

"Қымбат көлік мемлекеттік мекемеге берілмеді, ол аукцион арқылы сатылып, ақша мемлекет бюджетіне түсті. Ол 40 млн теңгеге бағаланып, сатылды. Көлікті кім сатып алғанын айта алмаймын", — деді Біржанов.

Біржанов журналистердің көлік неліктен 83 миллион теңге нарықтық құнынан төмен сатылды деген сұрағына көліктің "жаңа емес" екенін айтты. Сондай-ақ ол ведомствоға Bentley көлігін сыйға тартқан адамның кім екенін айтпады. 

Айта кетейік, бұған дейін Ержан Біржанов Қазақстанда онлайн платформаларда жұмыс істейтін адамдар үшін бөлек салық режимі енгізілуі мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ қаржы министрлігі сатушылардың тек қолма-қол төлем қабылдау туралы талабы заңды ма деген сауалға түсініктеме берген. Вице-министр журналистерге қандай мүлкі бар екенін жария еткен еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.