Барысы: Мұғалім



жүктеу 43.4 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі43.4 Kb.

Мақсаты: Оқушыларға 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күнінің маңызы жайлы айту. Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім:Құрметті ұстаздарана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары, өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! "Мемлекеттік тіл-Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл" тақырыбындағы 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде. Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол-ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.

Әнұран орындалады.

1-ж


 Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!

Тіл туралы Заңым енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!

2-ж

- Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,



Сүйінші деп ақын ұлың жырлады

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.

1-ж


1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22-і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заңы қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28-і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, 1997 жылы шілденің 11- күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.
22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.  

2-ж


 Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.

Тіл туралы өлең-жырлар.

1-ж: Тіл- мәдениет , тіл- әдебиет, тіл-тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.



2-жүргізуші:

Жөргегімнен жыр боп енген қазақ тілін айналдым,

Қазақтардың нұр боп өрген азат күнін айналдым.

Кең далада кер жусанның жұпар иісін айналдым

Кербез қыздың бұлан қаққан қазақ биін айналдым- биші қыздарымыздың «Қамажай» биін тамашалайық!

1-ж


Әр адамда өз анасынан басқа да

Ғұмырына етер мәңгі астана

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдыретті төрт ана

Туған жері -түп қазығы ,айбыны

Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны.

Жан байлығы,салт-дәстүрі- тірегі

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Жаңа Туған тарихы

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі,қасіретті болса да

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер

Ән «Анамның тілі» орындайтын Тоқашева Жансая

2-ж Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы.



1-ж

Тәуелсіз – Қазақстаным, Туыңды биік ұстадың,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

« Қазақстан- қыран далам» әні орындайтын Майлыбай Бекнұр

1-ж

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
            Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
            Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
            Болашағым, бақытым, дара тілім.

2-ж

Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.


Осымен «Қазақстан халықтары тілдері» күніне арналған жиынымыз өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» Б.Момышұлы

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады (Ахмет Байтұрсынов)

Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

Мұхтар әуезов

Тілден биік асқар тау, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ.

Ғабит Мүсірепов

Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисымын, орайын келтіріп пайдалансақ, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, текемет оюға болады-ау.

Нұртас Оңдасынов

Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының , туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.

Шерхан Мұртаза

Тіл – халыңтың басты белгісі. Мемлекеттік тіл – тек мемлекеттік рәміздердің бірі ғана емес, ұлттардың, мемлекеттердің бірегей негізі.

Бәріміз де мойындауға тиіс бір шындық бар: Жалпы адам баласы, жеке ұлттар мен ұлыстар жер бетінде қанша жасамасын, оның тілсіз көрген күні – тұл.

Әбдуәли Хайдар

Тәуелсіз еліміз бар, байырғы жеріміз бар, баянды атамекеніміз бар, қайырлы дініміз бар, зайырлы діліміз бар, бай тіліміз бар, осынау шалқар даламыз бар, Бас иер Президентіміз бар. Сондықтан мығым Ел боламыз деген құдайдан үмітіміз бар.Болашақ үшін тілімізді қайткенде де сақтауымыз тиіс. Өмірзақ Айтбайұлы

Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі.



Н.Назарбаев
Каталог: uploads -> doc -> 0acc
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0acc -> Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы
0acc -> Жұмыс дәптері ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Сейтханова Жұмабике Кәрімханқызы Алғы сөз


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет