Барлығы – 180 сағат



жүктеу 2.34 Mb.
бет2/14
Дата13.09.2017
өлшемі2.34 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

9 апта

9 кредит сағат

Дәріс №9

Тақырып: Қайта өрлеу дәуіріндегі Испан театры

Дәрістің мазмұны: Қайта өрлеу дәуіріндегі Испан театры туралы түсіндіре келе, испан гуманистік мәдениетінің қалыптасу процесіндегі Реконкистік бостандық қозғалысының рөлі мен мәнісін баса көрсету қажет.

Шіркеулік жанрдың логикалық ашылуына жоғарғы топтық драматургияның сарайлық және ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың бас кезіндегі мектебі – гуманистік театрдың дамуына студенттердің көңілі тереңірек аударылады.

Әсіресе Испан халықтық театрының атасы – Лопе де Руэда (1510-1565) шығармашылығының мәнділігі студенттерге түсіндіріледі. Оған кейінгі испан драматургиясының дамуы Сервантес (1547-1616) драматургиясына байланысты болады. Бұл тақырыпты толық түсіну үшін оның драматургиясындағы екі ұдай өрбіген тенденцияны айқындаймыз.


  1. Реконкистік эпостың түп нұсқасындағы үйрету драматургиясы негізіндегі батырлық драма.

  2. Интермедия халықтық фарс.

ОЖСӨЖ мазмұны: Тақырыпты талдау.

СӨЖ мазмұны: Шығармалармен танысу:

Рохас Ф. Де Селестина «Трагикомедия о Калисто и Мелибее».

Сервантес М. «Нумансия», «Саламанская пещера», «Театр чудес».

Лопе де Вега «Фуэнте Овехуна», «Звезда Севиьи», «Собака на сене».

Тирсо де Молина «Севильский озорник», «Благочестиван Марта», «До Хиль зеленые штаты».

Кальдерон П. «Жизнь есть сон», «Саламейский алькальд», «Стойки принц», «Дама невидимка».



Әдебиет:

  1. Державин К. Вступит.статья в кн. «Лопе де Вега. Избранные драматические произведения» в 2-х т. М., 1955.

  2. Балашов Н.И. Религиозно-философская драма Кальдерона и идейные основы барокко в Испании – в кн.ХVII век в мировом литературном развитии. М., 1969.

  3. Симонас В. Вступит.статья в кн. «Тирсо де Молина. Комедии» в 2-х т. М., 1969.

  4. Узин В.С. Общественная проблематика драматургии Сервантеса и Лопе де Вега. М., 1963.

10 апта

10 кредит сағат



Дәріс №10

Тақырып: Қайта өрлеу дәуіріндегі Испан театры

Дәрістің мазмұны: Тақырыпты тереңірек түсіну үшін Лопе де Веганың (1562-1635) шығармашылығын мұқият талдап оқу қажет. Қайта өрлеу дәуіріндегі испан театрының шарықтауы оның шығармашылық өрлеу кезеңіне тап келеді. Лопе де Вега поэтикалық шеберлігінің шегіне шығармашылығының өзгеше бай тақырыппен, жанрлық жан-жақтылықпен дамығанын байқаймыз.

Тирсо де Молинаның (1583-1648) шығармашылығын оқып білгенде оның драматургиясынан Ренессанс католиктік шіркеу оқуының мәдени идеясы негізімен астасқанын баса көрсетеміз. Кальдерон драмаларындағы (1600-1681) моральдік философия шым-шытырығының көтерілгеніне студенттердің көңілін аударамыз.



ОЖСӨЖ мазмұны: Тақырыпты толықтыру.

СӨЖ мазмұны: Әдебиеттерді зерттеу.

Әдебиет:

  1. Державин К. Вступит.статья в кн. «Лопе де Вега. Избранные драматические произведения» в 2-х т. М., 1955.

  2. Балашов Н.И. Религиозно-философская драма Кальдерона и идейные основы барокко в Испании – в кн.ХVII век в мировом литературном развитии. М., 1969.

  3. Симонас В. Вступит.статья в кн. «Тирсо де Молина. Комедии» в 2-х т. М., 1969.

  4. Узин В.С. Общественная проблематика драматургии Сервантеса и Лопе де Вега. М., 1963.

11 апта

11 кредит сағат

Дәріс №11

Тақырып: Қайта өрлеу дәуірдегі Ағылшын театры

Дәрістің мазмұны: Қайта өрлеу дәуіріндегі Ағылшын теарын тілге тиек еткенде ағылшын гуманизмінің ерекшелігін түбегейлі түсінген абзал. Ағылшын ренессанс теары тарихының үшке бөлінетінін аудиторияға түсіндіру қажет. Олар: алғашқы қайта өрлеудегі жайлар толығу кезеңіндегі ХVІ ғасырға 70 жылдардың аяғы мен 80 жылдардың басына дейінгі 1-ші онжылдықтар, 2-ші қайта өрлеу дәуіріндегі Ағылшын теарының 1580-1620 жылдардағы гүлдену кезеңі, 3-ші ағылшын ренессанс мәдениетінің құлдырауы 1620-1640 жылдардың бас кедері.

Хроника, трагедия, комедия жанрларының процесін талдаудың көп мәні бар.

Ағылшын ұлттық дараматургиясының алғашқы драматургиялық шығармаларының туып қалыптаса бастауына алаңдағы халықтық театрдың тәжірибесі, ренессанс драмасының өзіндік үлгі жолы, драматургияның көне және итальяндық үлгілері әсер етті. Шекспирден бұрынғы «университеттің ақыл» жұлдызды топтарының драматургиясы басты тақырып болуы тиіс. Олардың театр қайраткерлік ісінің негізін тауып әсіресе Кристофер Марле (1564-1593) сияқты ең мықты жарқын драматургтың шығармашылығына терең тоқталу шарт.

Олардың шағармаларында гуманистік бағыт халықтың жолымен астасып жатқанын студенттерге түсіндіру керек. Шекспирге дейінгілер ренессанс драмасының жаңа үлгісінің қалағанын баса айту қажет. Әсіресе олардың шығармашылығының басты жетістігі алаң театры жолын жаңа драманың қаңқасы ете білуі болады.



ОЖСӨЖ мазмұны: Тақырып бойынша шолу.

СӨЖ мазмұны: Тақырыпты талдау.

Әдебиет:

  1. Аникст А.А. Театр эпохи Шекспира. М., 1965. Шекспир. Ремесло драматурга.

  2. Лосев А.Ф. Эстетика Возрождения. М., 1982.

  3. Морозов М. Кристофер Марло в кн. Морозов М. Избранные статьи и переводы. М., 1954. О Шекспире – вкн.:М. Избранное. М., 1979.

  4. Стендаль. Расин и Шекспир. Собр.соч. Т.7. М., 1959. Театр французкого классицизма. Пьер Корнель, Жан Расин. М.,1970.

  5. Бартошевич А. Шекспир в Англии между двумя войнами. В кн. Шекспировские чтения. М., 1980.

  6. Комарова В.П. Личность и государство в исторических драмах Шекспира. Л., 1977.

  7. Шведов Ю.Ф. Эволюция шекспировской трагедии.

12 апта

12 кредит сағат

Дәріс №12

Тақырып: Шекспир шығармашылығы

Дәрістің мазмұны: Бұл тақырыпты оқып үйренуден бұрын Шекспирдің (1564-1616) өсу жолымен шығармашылығының басты кезеңін бөліп алу керек. Алғашқы кезеңі оптимистік.Бұл тұста Шекспир шығармаларында гуманистік идеал өте жарқын көрініс берді. Оның комедияларында ішкі үйлесім, өзіндік, өзгешілік, поэтикалық, карнавальдық шабыт басым келді. Ал 2-ші кезеңде трагедиялық гуманистік бағыт белең алады. Шекспирдің «Гамлет», «Отелло», «Король Лир» трагедияларын бөлек-бөлек талдап оқып үйренген дұрыс.

3-ші кезеңде талқылағанда байқағанымыз, драматург шығармаларын сол кездегі тартыс – қайшылықты утопиялық ертегілердей жақсылық жағынан шешуге тырысады. Дүние жүзі театр тарихынан Шекспир шығармашылығының мықты орын алатынын студенттерге түсіндіріледі. Бұл жөнінен әртүрлі қырынан келген жөн: дүние жүзі драматургиясының қалыптасуына Шекспирдің әсері: актер шеберлігі және Шекспир: Шекспир бүгінгі сахнада т.с. қорытындысында ағылшын профессионалды театрының қалыптасуны тоқталған дұрыс. Сол кездегі Шекспир формасының өмір шеңдігін байқаймыз. Алдыңғы қатарлы актерлердің мыс: Ригада Бербедж, Ричард Тарльтон, Вильям келіп ойнау шеберліктерін талдаған жөн болады.



ОЖСӨЖ мазмұны: Шекспир және сол кездегі Ағылшын театры.

СӨЖ мазмұны: «Гамлет» трагедиясын талдап түсіну. «Отелло» трагедиясы.

Әдебиет:

  1. Аникст А.А. Театр эпохи Шекспира. М., 1965. Шекспир. Ремесло драматурга.

  2. Лосев А.Ф. Эстетика Возрождения. М., 1982.

  3. Морозов М. Кристофер Марло в кн. Морозов М. Избранные статьи и переводы. М., 1954. О Шекспире – вкн.:М. Избранное. М., 1979.

  4. Стендаль. Расин и Шекспир. Собр.соч. Т.7. М., 1959. Театр французкого классицизма. Пьер Корнель, Жан Расин. М.,1970.

  5. Бартошевич А. Шекспир в Англии между двумя войнами. В кн. Шекспировские чтения. М., 1980.

  6. Комарова В.П. Личность и государство в исторических драмах Шекспира. Л., 1977.

  7. Шведов Ю.Ф. Эволюция шекспировской трагедии.

13 апта

13 кредит сағат

Дәріс №13

Тақырып: Француз театрындағы классицизм

Дәрістің мазмұны: Классицизмнің өнертану стиліндегі алатын орнын белгілеу осы тақырыпты үйренуден басталғаны жөн. Классицизм жаңа дүниетанымын туындауын жақындастыра отырып адам баласы табиғатына жақын гуманистік шындықты қалыптастырды. Классицизм шығармаларында жеке бастың қызығын қызықтаушылық, ақыл мен адами тоқтамға жүгінушілікке астаса бастады. Трагедия жанрының ең бір жарқын өкілдері П.Корнель мен Ж.Расин трагедияларына жеке бастық қақтығыстар кейіпкерлердің сезімімен адамдық міндет басты болғаны студенттерге түсіндіріледі.

Бұл тақырыпты бұдан да тереңірек түсіну үшін Корнельдің монументальді батырлық трагедиясының және Расиннің шығармашылық әдістерінің ерекшеліктеріне талдау жасау қажет. Мұнымен қоса Н.Буалоның «Поэтикалық өнеріне» мұқият тоқталып классицизмнің эстетикасына толық енгенін мойындаймыз.



ОЖСӨЖ мазмұны: Француз театрындағы классицизмді сипаттау

СӨЖ мазмұны: Шығармаларды талдау:

П.Корнель «Сид», «Гораций».

Расин Ж. «Андромаха», «Федра».

Әдебиет:


  1. Артамонов С. Бомарше: очерки жизни и творчества. М., 1960.

  2. Бахтин М.М. Творчество Француа Рабле и народная культура средневековья и Ренессанса. 1965. История западноевропейского театра. Т.1. М., 1956. Мольер. М., 1957. Мольер. Исторические пути формирования жанра. Высокой комедии. М., 1976. Вечно прекрасный театр эпохи Возрождения. М., 1973. Гений Мольера. Выступ.статья к собр.соч. Мольера в 4-х т. Т.1. М., 1965.

  3. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

  4. Державин К.Н. Театр французской революции. Л., 1932.

14 апта

14 кредит сағат

Дәріс №14

Тақырып: Француз театрындағы классицизм

Дәрістің мазмұны: Бұл тақырыпты бұдан да тереңірек түсіну үшін Корнельдің монументальді батырлық трагедиясының және Расиннің шығармашылық әдістерінің ерекшеліктеріне талдау жасау қажет. Мұнымен қоса Н.Буалоның «Поэтикалық өнеріне» мұқият тоқталып классицизмнің эстетикасына толық енгенін мойындаймыз.

ОЖСӨЖ мазмұны: Француз театрындағы классицизмді сипаттау

СӨЖ мазмұны: Шығармаларды талдау:

П.Корнель «Сид», «Гораций».

Расин Ж. «Андромаха», «Федра».

Әдебиет:


  1. Артамонов С. Бомарше: очерки жизни и творчества. М., 1960.

  2. Бахтин М.М. Творчество Француа Рабле и народная культура средневековья и Ренессанса. 1965. История западноевропейского театра. Т.1. М., 1956. Мольер. М., 1957. Мольер. Исторические пути формирования жанра. Высокой комедии. М., 1976. Вечно прекрасный театр эпохи Возрождения. М., 1973. Гений Мольера. Выступ.статья к собр.соч. Мольера в 4-х т. Т.1. М., 1965.

  3. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

  4. Державин К.Н. Театр французской революции. Л., 1932.

15 апта

15 кредит сағат

Дәріс №15

Тақырып: ХVІІ ғасырдағы Мольер және комедиялық театр

Дәрістің мазмұны:Еуропа театрындағы классицизмнің негізін толық сезіну үшін «жоғары комедияның» классицизмге еніп оның жалауы болып одан Мольер шығармашылығымен астасып халықтық фарс жүйесімен классицизмнің эстетикалық шегін құрғанын түсіндіреміз.

Мольер шығармашылығына тоқталмас бұрын Францияның ұлттық комедиясының негізін салып жаңалық әкелуші Мольер екені студенттерге түсіндіріледі. Және оның шығармашылығынан бұдан былай қандай сахналық дәстүр алғаны айтылады.

Мольердің актерлігі, режиссерлігі және драматургтігі оның шығармашылығы логикалық даму, өсу процесінің даңғыл жолы болды. Міне бұл да студенттерге ашылатын тақырып.

Мольер комедиясын аналитикалық талдай отырып, оның жаңа типтегі спектакль үшін күресін тілге тиек етеміз.



ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. Мольер шығармашылығындағы халықтық дәстүр.

  2. Мольер Франциядағы ұлттық комедияның негізін салушы.

СӨЖ мазмұны: Шығармалар:

Мольер. «Смешные жеманницы», «Школа жен», «Тартюф», «Дон Жуан», «Мизантроп», «Скупой», «Мещанин во дворянстве».

Мольер. М., 1957. Мольер. Исторические пути формирования жанра. Высокой комедии. М., 1976. Вечно прекрасный театр эпохи Возрождения. М., 1973. Гений Мольера. Выступ.статья к собр.соч. Мольера в 4-х т. Т.1. М., 1965.

Әдебиет:


  1. Артамонов С. Бомарше: очерки жизни и творчества. М., 1960.

  2. Бахтин М.М. Творчество Француа Рабле и народная культура средневековья и Ренессанса. 1965. История западноевропейского театра. Т.1. М., 1956. Мольер. М., 1957. Мольер. Исторические пути формирования жанра. Высокой комедии. М., 1976. Вечно прекрасный театр эпохи Возрождения. М., 1973. Гений Мольера. Выступ.статья к собр.соч. Мольера в 4-х т. Т.1. М., 1965.

  3. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

  4. Державин К.Н. Театр французской революции. Л., 1932.

16 апта

16 кредит сағат

Дәріс №16

Тақырып: ХVІІ ғасырдағы Мольер және комедиялық театр

Дәрістің мазмұны: Мольердің актерлігі, режиссерлігі және драматургтігі оның шығармашылығы логикалық даму, өсу процесінің даңғыл жолы болды. Міне бұл да студенттерге ашылатын тақырып.

Мольер комедиясын аналитикалық талдай отырып, оның жаңа типтегі спектакль үшін күресін тілге тиек етеміз.



ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. Мольердің «Тартюф» комедиясын аналитикалық талдау.

  2. Жаңа типті спектакль үшін Мольердің труппасы.

СӨЖ мазмұны: Шығармалар:

Мольер. «Смешные жеманницы», «Школа жен», «Тартюф», «Дон Жуан», «Мизантроп», «Скупой», «Мещанин во дворянстве».



  1. Мольер. М., 1957. Мольер. Исторические пути формирования жанра. Высокой комедии. М., 1976. Вечно прекрасный театр эпохи Возрождения. М., 1973. Гений Мольера. Выступ.статья к собр.соч. Мольера в 4-х т. Т.1. М., 1965.

Әдебиет:

  1. Артамонов С. Бомарше: очерки жизни и творчества. М., 1960.

  2. Бахтин М.М. Творчество Француа Рабле и народная культура средневековья и Ренессанса. 1965. История западноевропейского театра. Т.1. М., 1956. Мольер. М., 1957. Мольер. Исторические пути формирования жанра. Высокой комедии. М., 1976. Вечно прекрасный театр эпохи Возрождения. М., 1973. Гений Мольера. Выступ.статья к собр.соч. Мольера в 4-х т. Т.1. М., 1965.

  3. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

  4. Державин К.Н. Театр французской революции. Л., 1932.

17 апта

17 кредит сағат

Дәріс №17

Тақырып: Ағартушылық дәуіріндегі Ағылшын театры

Дәрістің мазмұны:Ағартушылық дәуіріндегі еуропа театрында болып жатқан процестерді тереңірек түсіну үшін қайта өрлеу дәуірі мен екеуінің идеялық ара қатынасын табу керек. Ағартушылар оқуының мазмұнын әр мемлекет өзінің ағартушылық ерекшелігін ашу қажет. Ағартушылық дәуірінде Ағылшын театрын оқып білмес бұрын оның тарихи өсу жолын ашып ағылшын ағартушылығының эволюциялық мәнін білеміз. Ағылшын ағартушылық драматургиясы жанрларының синтементальді дидактикалық комедия, «мещандық драма», «балладалық опера», «пьеса - репетиция» т.с. қалыптасу процесін талдап ашу өте-мөте керек. Г.Фильдинг сияқты ағартушылық жолдың бір мүшесінің комедиясын студенттермен мұқият түсіндіріліп талданады. ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Ағылшын комедиясындағы әлеуметтік мәселенің саяси өткірлігінен ауытқуының себептерін студенттердің түсінгені абзал. Р.Шериданның шығармашылығын түсіндіргенімізде оның жарқын комедиялық шеберлігінің өзгешілігінтағы басу айту қажет. Қорыта келгенде ХҮІІІ ғасырдағы Ағылшын театры өміріне мінездеме береміз. ХҮІІІ ғасырдың бас кезіндегі актерлік өнердегі әртүрлі даму жолының күресін ашамыз. Ағартушылық дәуіріндегі алдыңғы қатарлы Ағылшын актері Девид Гарриктің (1717-1779) режиссурасындағы жаңаша шығармашылықтың түп төркінін студенттерге түсіндіреміз. Гаррик ағылшын сахнасында актерлік ансамбльді тудырады, репетициялық жұмыстың жаңа әдісін енгізді, костюмге жаңалық кіргізді, сахнаға реконструкция жасап, декорацияны қайта жаңғыртты. Гарриктің Шекспир драматургиясын еуропа сахнасына алып шығуы ғаламат мағынаға ие болды.

ОЖСӨЖ мазмұны: Тақырыпты шолу.

СӨЖ мазмұны: Тақырыпты сараптау.

Шығармалар:

Г.Фильдинг «Судья в собственной ловушке», «Дон Кихот в Англии».

Голдсмит О. «Ночь ошибок».

Шеридан «Соперник», «Дуэнья», «Школа злословья».



Әдебиет:

  1. Абуш А. Шиллер. Величие и трагедия немецкого гения. М., 1964.

  2. Акимова А.А. Дидро. М., 1963. Вольтер. М., 1970.

  3. Аникст А.А. Театр эпохи Шекспира. М., 1965. Шекспир. Ремесло драматурга.

  4. Артамонов С. Бомарше: очерки жизни и творчества. М., 1960.

  5. Балашов Н.И. Религиозно-философская драма Кальдерона и идейные основы барокко в Испании – в кн.ХVII век в мировом литературном развитии. М., 1969.

18 апта

18 кредит сағат

Дәріс №18

Тақырып: Ағартушылық дәуіріндегі Француз театры

Дәрістің мазмұны:Францияның Ағартушылық дәуіріне мінездеме бере тұра оның сатылы жолдарын түсіну қажет. Вольтер шығармашылығын (1694-1778) талданғанда оның ең соңды Ағартушылық 1 сатылы жолына, оның қарама-қайшылық саяси мәніне, философиялық эстетикалық көзқарасына, қарсы клерикалығын көріп, драматургиясының жауыздыққа қарсы бағытын студенттердің түсінуіне көмектесу керек. 2-ші сатыдағы алдыңғы қатарлы ағартушы Д.Дидро (1713-1784) қайраткерлігін тани отыра студенттер оның оқуының «қоғамдағы орнын», драматургиялық образының негізі екенін, Дидроның ағартушылық реализмдегі эстетикалық талданған принциптерін терең түсініп оқуы қажет. Дидро эстетикасының қайшылықтары оның драмаларынан орын алғанын студенттердің айырғаны дұрыс. «Актер парадоксын» терең меңгеріп оқу керек. Әсіресе Бомаршенің Фигаро туралы трилогиясына көп көңіл бөлінгені жөн. Франция драматургиясындағы жаңа кейіпкердің рөлі мен мағынасы әлеуметтік қайшылықтағы дәуірдің триллогиядағы басты бейнесін студенттерге түсіндіреміз. Тақырыптың тағы бір басты сауалы Францияның ХҮІІІ ғасырдағы актер шеберлігі дамуының процесіне көңіл аудару. Мари Дюмениль және Ипполит Киеронның актерлік шеберліктерін салыстыра анализ жасау қажет. Лекеннің шығармашылығын оқу міндетті түрде қажет және оның өнеріндегі ағартушылық бағыты мен жаңашыл шығармашылығы үйретіледі.

ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. Француз ағартушылығының сатылы жолдары.

  2. Дидро драматургиясы «Актер парадоксы».

  3. Бомарше триллогиясы.

  4. ХҮІІІ ғасырдағы француз актер шеберлігінің дамуы.

СӨЖ мазмұны:

Шығармалармен танысу:

Вольтер «Заира», «Магомет»

Д.Дидро «Отец семейства», «Парадокс об актере»

Бомарше «Севильский цирюльник», «Женитьба Фигаро», «Преступная мать».



Әдебиет:

  1. Бурхгардт Я. Культура Италии в эпоху Возрождения в 2-х т. Спб., 1905-1906.

  2. Булгаков М. Жизнь господина Мольера. М., 1962.

  3. Головня В.В. История античного театра. М., 1972.

  4. Гольдони К. Мемуары К.Голдони, сожержащие историю его жизни и его театра. В 2-х т. Л., 1933.

  5. Гончарова Т. Еврипид. М., 1984.

  6. Гликман И. Мольер. Критический биографический очерк. М., 1966.

19 апта

19 кредит сағат

Дәріс №19

Тақырып: Ағартушылық дәуіріндегі Италия театры

Дәрістің мазмұны: Бұл тақырыпты талдағанда Италиядағы ағартушылық қозғалып еуропаның басқа мемлекеттеріне қарағанда өзіндік өзгешелігін баса айтқанды қалайды. Әсіресе Италияның ағартушылықты театр төңірегінде қалай шешеілгенін ашу қажет. Осы тақырыптың негізі комедияның жеке ашуында екені студенттерге түсіндіріледі. Сондықтан бар көңілін К.Гольдони (1707-1793) шығармашылығын оқып үйренуге аударған жөн. Себебі, ол Италияның ұлттық әдеби комедиясының атасы. Гольдени реформасымен Ағартушылық дәуіріндегі алдыңғы қатарлы идеяның ара қатынасын ашу керек. Бұл тақырыпты толыққанды түсіну үшін К.Гоцциды (1720-1806) Гольдони реформасына қарсы күресінің түп төркінін білуге талпынамыз. Екеуінің идеялық шығармашылық қайшылықтарын терең білу үшін дель арте комедияларының дәстүріне принципті түрде қарсылық туғанын байқаймыз. К.Гоцци шығармашылығын талдай отырып, фьяб театрландырылған ертегілердің ену себебін оның өзіндік жан-жақтылығын студенттердің түсінуіне көмектесеміз. Қорыта келгенде Италияның ХҮІІІ ғасырдағы актерлік өнеріне мінездеме береміз. Актерлік өнерге Гольдонидің драмалық жаңалығының тигізген әсерін ашып айту қажет. Алдыңғы қатарлы актерлердің шығармашылығы талданады.

ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. Гольдони және дель арте комедияларының дәстүрі.

  2. Гольдони мен К.Гоцци екеуінің арасындағы идеялық шығармашылығы талас.

  3. К.Гоцци фьяблары.

  4. ХҮІІІ ғасырда Италияның актерлік өнері.

СӨЖ мазмұны:

Шығармалар:

Гольдони «Слуга двух господ», «Трактирщица», «Кьюджински перепалки».

К.Гоции «Любовь к трем апельсинам», «Ворон», «Принцесса Турандот», «Зеленая птичка».

Әдебиет:


  1. Ступников И. Англиский театр. В конец ХVII - начало XVIII вв. 1986.

  2. Симонас В. Вступит.статья в кн. «Тирсо де Молина. Комедии» в 2-х т. М., 1969.

  3. Томашевский Н.В. Вступит. статья в кн. «Кальдерон. Пьесы» в 2-х т. М., 1961.

  4. Тронский И.М. История античной литературы. М., 1988. Античные свидетельства о жизни и творчестве Менандра. Маски средней и новой комедии в кн. Менандр. Комедии. Фрагменты. М., 1982. Хрестоматия по истории западноевропейского театра. Т.1. М., 1953.

20 апта

20 кредит сағат

Дәріс №20

Тақырып: Ағартушылық дәуіріндегі неміс театры

Дәрістің мазмұны: Бұл тақырыпты оқып үйренуде неміс театрындағы жаңалықтан басталғаны дұрыс. Драматург И.Готтед пен актриса К.Нейбер француз классицизмнің жүріп өткен үлгісін негіз етіп неміс сахнасына әкеліп ұлттық театр жасауға талпынғандықтарын олардың театр шығармашылығындағы қайраткерлігі ашылып көрсетіледі. К.Нейбер шығармашылығы мен оның труппасына көп көңіл аударуға тұрарлық. Оның шығармашылық тәжірибесіндегі қарам-қайшылықтардың себебін студенттерге түсіндіру қажет. Т.Э.Лессингтің (1729-1781) немістің көрнекті ағартушы-қайраткері болғаны баса айтылады. Оның Гамбург драматургиясы түсіндірілген театр эстетикалық көзқарасын студенттердің терең оқып үйренуіне көмектесеміз. Француз классицизміне деген сынға және ұлттық реалистік өнерге деген күреске көңіл аударылады. Т.Э.Лессинг идеясы өзінің драматургиясында көрініс алатынын айтамыз. Одан әрі «дауылдар мен қысымшылық» қозғалысы өкілдерінің идеялық шығармашылық көзқарасына тоқталамыз. Штюрмдер драматургиясының негізін, оның алатын рөлі мен мағынасын ашып көрсетеміз. Шиллердің (1759-1805) шығармашылығын оқып үйрену осы тақырыпты толық ашады. Алдымен оның шығармашылығының әрбір кезеңін саралап түсіндіреміз. Оның бірінші кезеңіндегі идеясын бойымызға сіңіріп барып, «дауылдар мен қысымшылық» қозғалысымен ара-қатынасының байланысын ашамыз. Шиллердің драмалық әдістерінің ерекшеліктерін тауып көрсетеміз. Қорытындысында Шиллер драматургиясының неміс сахна өнеріне тигізген әсерін ашамыз.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Барлығы – 72 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет