Барлығы – 180 сағат


ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ



жүктеу 2.34 Mb.
бет6/14
Дата13.09.2017
өлшемі2.34 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ






Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

«Көне Грециядағы театр қойылымдарының ұйымдастырылуы. Театр құрылымы. Актерлік өнер.» атты баяндама.

Кітапханадағы көне Греция театрының тарихымен танысу.

1.4 бөлімді қараңыз.

( 1-2 апта)

2 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Сұраққа жауап.

2

«Б.Брехт және театр» атты реферат.

Тақырып бойынша баяндама.

1.4 бөлімді қараңыз

5-6 апта.

5-6 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Ауызша айту.

3

"Облыстық қазақ драма театрының репертуары» атты реферат.

Тақырып бойынша баяндама.

1.4 бөлімді қараңыз

( 7-9 апта)

7-9 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Ауызша айту.

4

"ХХ ғасырдағы опералық және балет театры» атты реферат.

Тақырып бойынша баяндама.

1.4 бөлімді қараңыз

( 15 апта)

15 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Сұраққа жауап.

5

Тапсырмаларды орындау және СӨЖ бойынша есеп беру.

Аналитикалық және білімпаздық қасиеттерін дамыту

1.4 бөлімді қараңыз

ОЖСӨЖ- ді орындау үшін берілген уақыт графигіне сәйкес.

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Тапсырманы тексеру, сұраққа жауап беру.


6

ХҮІІІ Орыс театры


Аналитикалық және білімпаздық қасиеттерін дамыту.

1.4 бөлімді қараңыз

1-7 апта

8-15 апта

7 апта

15 апта

9% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)


Тест немесе әңгімелесу.

7

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







40 %

Тест




4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ





Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

История западноевропейского театра. Т.1. М., 1956.

1




5,5%

-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана; Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер кітапханасы

2

История зарубежного театра. Т.І. ч.1. Ред. Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

1





5,5%

-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана; Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер кітапханасы

3

Головня В.В. История античного театра М., 1972.

1




5,5%

-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана; Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер кітапханасы

4


История Западноеврейского театра. Т.3,4,5.



1



5,5%

-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана; Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер кітапханасы

5

Коллистов Д.П. Античный театр. Л., «Искусство». 1970.



1



5,5%

-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана; Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер кітапханасы

6

Иллюстрированная история мирового театра. Под.ред. Джона Рассела Брауна. М., 1999.

1





5,5%

-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана; Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер кітапханасы

7

Асеев Б. Русский драматический театр ХҮІІ-ХҮІІІ веков. М.,1958.


1




5,5%

-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана; Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер кітапханасы

8

Қазақ театрының тарихы. 1-2 т. Алматы. 1975, 1978.

1



5,5%


-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана;

9

Құндақбаев Б. Уақыт және театр. А., 1981.


1




5,5%

-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана;

10

Бел-белестер. /Құрастырған Құндақбаев Б. Алма-Ата. 1987.

1




5,5%


-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана;

11

Хрестоматия по истории западного театра на рубеже ХІХ-ХХ веков. Л.,

1939.


1



5,5%


-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана;

12

История западно-европейского театра. Т.4. М., 1964.

1



5,5%


-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана; Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер кітапханасы

13

История западно-европейского театра. Т.3. М., 1964.


1




5,5%

-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана; Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер кітапханасы

14

Станиславский К.С. Моя жизнь в искусстве. (Мейнингенцтер туралы бөлім).


1




5,5%

-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана; Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер кітапханасы

15

Станиславский К.С. Моя жизнь в искусстве. –Собр.соч.т.1.


1




5,5%

-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана; Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер кітапханасы

16

Данилов С.С. Русский драматический театр ХІХ века. М., 1970.


1




5,5%

-

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана; Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер кітапханасы


5. Пән бойынша дәрістер кешені

1 апта

Тақырып: Ежелгі театр. Грецияның классикалық театры (біздің дәуірге дейінгі V – IV ғасыр)

Қарастыралатын сұрақтар:

  1. Грек мифологиясының көне грек театр өнерінің дамуына тигізген әсерін, рөлін, мәнін түсіну.

  2. Студенттердің оқып үйренуіндегі мақсаты ертедегі грек трагедиясындағы ерекшелігі мен Эсхил театрының ерекшелігі.

Мақсаты: Ертедегі гректердің драматургиялық жанрының пайда болу жолдарын зерттейді. Олар трагедия, комедия, сатирлік драма.

Мазмұны: Бұл тақырып бойынша алдымен студенттер ертедегі гректердің драматургиялық жанрының пайда болу жолдарын зерттейді. Олар трагедия, комедия, сатирлік драма.

Тақырыпты меңгеру үшін әсіресе грек мифологиясының көне грек театр өнерінің дамуына тигізген әсерін, рөлін, мәнін түсіну шарт. Әсіресе көне театр дамуында кездесетін драмалық кейбір элементтер грек салт-дәстүрінен алынғанын мойындаймыз.

Одан әрі ежелгі трагедияның пайда болып қалыптасу дәуірін аудиторияға түсіндіру шарт.

Студенттердің оқып үйренуіндегі мақсаты ертедегі грек трагедиясындағы ерекшелігі мен Эсхил театрының ерекшелігін айыра білу. Грек трагедиясының көш басында Эсхил шығармашылығы тұрғанын оның рөлі мен маңыздылығын айыра білу, драматургиясының ерекшелігін түсіну міндеттелуі керек.

Софокл шығармашылығындағы трагедия жанрының қалыптасып енуіне көңіл бөліп, әсіресек Софоклдың театрландырылған реформасын ерекше атап айтамыз.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:


  1. Ежелгі Грекия театры ненің негізінде пайда болды?

  2. Грек театрының басты элементтері қандай?

Әдебиет:

  1. Головня В.В. История античного театра. М., 1972.

  2. Гончарова Т. Еврипид. М., 1984.

  3. Каллистов Д.П. Античный театр. Л., 1970.

  4. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

  5. Преображенский Г.Ф. Теренций и его время в кн.: В мире античных идей и образов. М.,1965.



2 апта

Тақырып: Ежелгі театр. Грецияның классикалық театры (біздің дәуірге дейінгі V – IV ғасыр)

Қарастыралатын сұрақтар:

Көне грек театр ойынының қойылу жүйесі.

Театр құрылымы, актер шеберлігінің ерекшелігі.

Мақсаты: Ертедегі гректердің драматургиялық жанрының пайда болу жолдарын зерттейді. Олар трагедия, комедия, сатирлік драма.

Мазмұны: Бұл тақырыпты зерделей отыра көне грек трагедиясының Эсхилдан Еврипидқа дейінгі даму жолы назарда болғаны дұрыс. Аристотельдің «Поэтика» трактаты осы жөніндегі дұрыс бағыт береді.

Тақырыпты студенттер кеңірек түсіну үшін ертедегі грек комедиясының шығуын, өсуін білгені дұрыс, әсіресе Аристофанның шығармашылығына тереңірек көңіл бөліп, оның комедиясының саяси – мазақ, күлкі әдісін байыптап сезінген дұрыс. Қысқасы көне типтік құрылымын анықтау қажет.

Қорыта келгенде, аудиторияға көне грек театр ойынының қойылу жүйесі, театр құрылымы, актер шеберлігінің ерекшелігі түсіндіріледі.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:


  1. Эсхилдің театрға енгізген жаңалығы.

  2. Софокол қанша трагедия жазды?

Әдебиет

  1. Головня В.В. История античного театра. М., 1972.

  2. Гончарова Т. Еврипид. М., 1984.

  3. Каллистов Д.П. Античный театр. Л., 1970.

  4. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

  5. Преображенский Г.Ф. Теренций и его время в кн.: В мире античных идей и образов. М.,1965.


3 апта

Тақырып: Эллинизм дәуіріндегі театр (біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырлар)

Қарастыралатын сұрақтар:

  1. Эллинизм дәуіріндегі театрдың ерекшелігі.

  2. Эллинизм дәуіріндегі жаңа театр жанрлары

Мақсаты: Эллинизм дәуіріндегі театрға сипаттама беріп, анықтау.

Мазмұны: Эллинизм мәдениеті механизімін Александр Македонский жауынгерлерінің елді бағындырған тұсымен астастыра қараған дұрыс. Соған байланысты сол дәуірдегі ежелгі грек мәдениетіне оның ішінде драмамен театрға енген өзгешіліктерді айтамыз.

Жаңа аттикалық комедия жанрының пайда болу процесіне студенттердің назарын барынша аударамыз. Оның тақырыбына, құрылысына, мазмұны мен мағынасына атап-атап тоқталу керек. Еврипид драматургиясынан басталған ауқымды мәселелерден ауытқып күнделікті тұрмыс тақырыбына жеке өмірге көбірек көңіл бөліне бастағаны ерекше түсіндіріледі. Соған байланысты аманат есебіндегі жетістік мәселесін жаңа аттикалық комедиядан көрінуі шұқшия зерттеудің өте көрінетін тұсы Менандр (342-292) шығармашалығында ашыла түсті.

Студенттерге мұқият түсіндіретін жәй, ол жайлы толыққанды мінездеме, еркін сөз қағыс, адами филантропалық – жөн сілтеу Менандр драматургиясына тән екендігі болуға тиіс.

Эллинистік театр сахна техникасының өзгеруіне, оның құрылысы ерекшелігіне сонымен қоса актерлік шеберліктің және сол кезеңдегі жаңа театр жанрларының пайда болуына көңіл бөлу керек.



Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  1. Менандр шығармашылығы.

  2. Менандр драматургиясы («Күңкілдек», «Аралық сот»).

Әдебиет:

  1. Головня В.В. История античного театра. М., 1972.

  2. Гончарова Т. Еврипид. М., 1984.

  3. Каллистов Д.П. Античный театр. Л., 1970.

  4. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

  5. Преображенский Г.Ф. Теренций и его время в кн.: В мире античных идей и образов. М.,1965.


4 апта

Тақырып: Ертедегі Рим театры

Қарастыралатын сұрақтар:

  1. Рим театрындағы тұңғыш спектакль.

  2. Рим театрындағы хордың рөлі.

Мақсаты: Ежелгі Грекия мен Ежелгі Рим театрларының айырмашылығын атап көрсету.

Мазмұны: Бұл тақырыпты меңгеру үшін Рим театры мен драмасының қайнар көзінен бастаған жөн. Әсіресе олардың шығу тегі бай. Карнавалды ойын сауықтардан басталатыны баса айтылады. Тақырыптың негізі ертедегі грек мәдениетімен дауымен салыстыра қаралады, себебі римдіктер театрдың дайын формасын (қаңқасын) жасауды гректерден қабылдаған. Плавт пен Теренциийдей ертедегі рим театры жарқын қайраткерлерінің шығармашылыған студенттердің көңілін аударған дұрыс. Біздің ғасырымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырдағы ертедегі рим драматургиясының даму деңгейін комедияда анықтайды. Әсіресе байқайтынымыз Плавтың комедиясында жасанды жол динамикасына көп жол берілсе, ал Терецияда көбінесе психологиялық мінездемеге терең көңіл бөлінеді.

Ертедегі рим театры жанрлары мұқият қаралады. Студенттерге, гректерден өзара ықпал еткен жаңа аттикалық комедиядан сүзгіден өткен паллит жанры өзіндік римдік жанры пайда болғанын түсіндіру керек олар – тогата комедиясы, ателлана әдебиеті және басқалар.

Сенека шығармашылығын қарастырғанда оның драматургиясын тереңірек түсіну үшін, пьесаларын грек трагедиясымен салыстыра қараған абзал. Құрылымы жөнінен бірінен-бірін айыра да алмаймыз, хор партиясы бас кейіпкерлер партиясымен алма-кезек ауысып отырады да және де олар сахнада бір мізгелде үш актерден ойнайды. Бірақ, Сенека үшін ең бастысы аса ыждаһатты іңкәрлік сом – мінез, оны «Федра» мен «Медея» трагедияларынан байқаймыз.

Түптеп келгенде ертедегі грек және ертедегі рим театрларының даму өсу процесін салыстыра отырып олардың өзгешелігі мен ұқсастығын табу.



Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  1. Рим театрының актерлік ойыны қандай болды?

  2. Теренцийдің өмірі және комедиясы.

Әдебиет:

  1. Головня В.В. История античного театра. М., 1972.

  2. Гончарова Т. Еврипид. М., 1984.

  3. Каллистов Д.П. Античный театр. Л., 1970.

  4. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

  5. Преображенский Г.Ф. Теренций и его время в кн.: В мире античных идей и образов. М.,1965.


5 апта

Тақырып: Орта ғасыр театры

Қарастыралатын сұрақтар:

  1. Орта ғасырлар ұғымын түсіну. Орта ғасыр жанрларына мінездеме беру.

  2. Орта ғасыр халық театрының ерекшеліктеріне тоқталу.

Мақсаты: Орта ғасырлар – бүкіл дүние жүзі тарихының ежелгі дүние мен жаңа тарих аралығындағы кезеңі.

Мазмұны: Еуропалық орта ғасыр теары дамуының логикалық бастапқы тармағы тарихи жағдайлармен дамуын және орта ғасырлық қазығын анықтаумен шешіледі. Жалпы орта ғасыр театрының даму тенденциясын – діни көзқарастан ақсүйектікке бейімделе бастағанына студенттердің көңілін аудару қажет.

Орта ғасыр жанрын үйрене отырып, миракль, мистерия, моралите, фарстардың еуропа сахна өнеріндегі рөлін студенттерге түсіндіру.

Фарстың туындау ерекшелігі оның қайнар көзі халықтан шыққандығында. Ренессанс комедиясының қалыптасуына фарс әсерінің болғанын байқаймыз.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:


  1. Жонгерлер, гистриондардың өнеріне сипаттама.

  2. Литургиялық драма.

Әдебиет:

  1. Закс Г. «Жұмақтағы Школяр».

  2. Орта ғасырдағы Француз фарсы. М., 1981.

  3. Батыс еуропа театры тарихының хрестоматиясы. Ред. Мокульский Т. М., 1953.

6 апта

Тақырып: Қайта өрлеу дәуіріндегі Еуропа театры

Қарастыралатын сұрақтар:

  1. Ренессанс дәуірі.

  2. Қайта өрлеу дәуіріндегі театрдың негізгі ерекшелігіне тоқталу.

Мақсаты: Ренессанс өнегесінің логикалық тууын тану және қайта өрлеу өнерінің заңды бағыт – бағдарын дөп басу.

Мазмұны: Қайта өрлеу дәуіріндегі Еуропалық театр мен бұрын болған театр жанрларының байланысын студенттерге түсіндіру керек. Оның ішінде жоғарғы топтың адами қалыптасқан мәдениетінің өзгешелігін дөп басу шарт ежелгі мәдениеттің өзгешелігімен салыстыру шарт. Ежелгі мәдениеттегі алғашқы бағыт – бағдарының орнына, қайраткерлер, жаңа идеялар ұсына бастағанын студенттерге қадап айтқан жөн. Әсіресе, адамның іс-әрекеті мен ой-бостандығы үшін болған күрестің алға шықпағандығына мәне беру керек.

Адами ренессанстың даму процесін үйренуге көп көңіл бөлінеді. Ренессанс дүниетанымының қалыптасуы мен оған лайық эстетикалық жүйені қайта өрлеудің алғашқы кезеңіндегі даму процесін әлемнің үйлесімді тұжырымдамасын және жоғары қайта өрлеу мәдениетіндегі адамның тұлғасы есебінде табиғи жетілу идеясын студенттерге айғақтаймыз. Қайта өрлеудің соңғы өнерінде ренессанс елесі қамалы алынып, дүниемен және өз-өзімен тартысқа түскен трагедиялық тұлға концепциясы айғақталады. Студенттерге ең керегі ренессанс өнегесінің логикалық тууын тану және қайта өрлеу өнерінің заңды бағыт – бағдарын дөп басу.



Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  1. Жаңа театр эстетикасы драматург алдына қандай талаптар қойды?

  2. Ренессанс дүниетанымының қалыптасуы.

Әдебиет:

  1. Бахтин М.М. Творчество Француа Рабле и народная культура средневековья и Ренессанса. 1965. История западноевропейского театра. Т.1. М., 1956. Мольер. М., 1957. Мольер. Исторические пути формирования жанра. Высокой комедии. М., 1976. Вечно прекрасный театр эпохи Возрождения. М., 1973. Гений Мольера. Выступ.статья к собр.соч. Мольера в 4-х т. Т.1. М., 1965.

  2. Добролюбов Н.А. О Плавте и его значении для изучения римской жизни. Соб.соч.т.1. М., 1961.

  3. Державин К. Вступит.статья в кн. «Лопе де Вега. Избранные драматические произведения» в 2-х т. М., 1955.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Барлығы – 72 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет