Барлығы – 180 сағат



жүктеу 2.34 Mb.
бет8/14
Дата13.09.2017
өлшемі2.34 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Әдебиеттер:

  1. Француз ағартушылығының сатылы жолдары.

  2. Дидро драматургиясы «Актер парадоксы».

  3. Бомарше триллогиясы.

  4. ХҮІІІ ғасырдағы француз актер шеберлігінің дамуы.

19 апта

Тақырып: Ағартушылық дәуіріндегі Италия театры

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Италияның ұлы драматургі К.Гольдони жаңа мінез комедиясының негізін салушы.

2. К.Гоцци – Гольдони реформаларына қарсы шығып, маска комедиясы үлгісімен көрермендерді өмір болмысынан алшақтататын спектакльдер қоюшы.



Мақсаты: Ағартушылық дәуіріндегі Италия театрының өзіндік өзгешілігі.

Мазмұны: Бұл тақырыпты талдағанда Италиядағы ағартушылық қозғалып еуропаның басқа мемлекеттеріне қарағанда өзіндік өзгешелігін баса айтқанды қалайды. Әсіресе Италияның ағартушылықты театр төңірегінде қалай шешеілгенін ашу қажет. Осы тақырыптың негізі комедияның жеке ашуында екені студенттерге түсіндіріледі. Сондықтан бар көңілін К.Гольдони (1707-1793) шығармашылығын оқып үйренуге аударған жөн. Себебі, ол Италияның ұлттық әдеби комедиясының атасы. Гольдени реформасымен Ағартушылық дәуіріндегі алдыңғы қатарлы идеяның ара қатынасын ашу керек. Бұл тақырыпты толыққанды түсіну үшін К.Гоцциды (1720-1806) Гольдони реформасына қарсы күресінің түп төркінін білуге талпынамыз. Екеуінің идеялық шығармашылық қайшылықтарын терең білу үшін дель арте комедияларының дәстүріне принципті түрде қарсылық туғанын байқаймыз. К.Гоцци шығармашылығын талдай отырып, фьяб театрландырылған ертегілердің ену себебін оның өзіндік жан-жақтылығын студенттердің түсінуіне көмектесеміз. Қорыта келгенде Италияның ХҮІІІ ғасырдағы актерлік өнеріне мінездеме береміз. Актерлік өнерге Гольдонидің драмалық жаңалығының тигізген әсерін ашып айту қажет. Алдыңғы қатарлы актерлердің шығармашылығы талданады.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1. К.Гольдонидің ірі комедиялары.

2. К.Гоццидің ірі комедияларының бірін талдау.

Әдебиет:

  1. Ступников И. Англиский театр. В конец ХVII - начало XVIII вв. 1986.

  2. Симонас В. Вступит.статья в кн. «Тирсо де Молина. Комедии» в 2-х т. М., 1969.

  3. Томашевский Н.В. Вступит. статья в кн. «Кальдерон. Пьесы» в 2-х т. М., 1961.

  4. Тронский И.М. История античной литературы. М., 1988. Античные свидетельства о жизни и творчестве Менандра. Маски средней и новой комедии в кн. Менандр. Комедии. Фрагменты. М., 1982. Хрестоматия по истории западноевропейского театра. Т.1. М., 1953.

20 апта

Тақырып: Ағартушылық дәуіріндегі неміс театры

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. ХVIII ғасырдағы әлем мәдениетіне неміс театрының әсері.

  2. Германиядағы ағартушылықтың ең басты өкілдері.

Мақсаты: Ағартушылық дәуіріндегі неміс театрындағы жаңалықтарды ашу.

Мазмұны: Бұл тақырыпты оқып үйренуде неміс театрындағы жаңалықтан басталғаны дұрыс. Драматург И.Готтед пен актриса К.Нейбер француз классицизмнің жүріп өткен үлгісін негіз етіп неміс сахнасына әкеліп ұлттық театр жасауға талпынғандықтарын олардың театр шығармашылығындағы қайраткерлігі ашылып көрсетіледі. К.Нейбер шығармашылығы мен оның труппасына көп көңіл аударуға тұрарлық. Оның шығармашылық тәжірибесіндегі қарам-қайшылықтардың себебін студенттерге түсіндіру қажет. Т.Э.Лессингтің (1729-1781) немістің көрнекті ағартушы-қайраткері болғаны баса айтылады. Оның Гамбург драматургиясы түсіндірілген театр эстетикалық көзқарасын студенттердің терең оқып үйренуіне көмектесеміз. Француз классицизміне деген сынға және ұлттық реалистік өнерге деген күреске көңіл аударылады. Т.Э.Лессинг идеясы өзінің драматургиясында көрініс алатынын айтамыз. Одан әрі «дауылдар мен қысымшылық» қозғалысы өкілдерінің идеялық шығармашылық көзқарасына тоқталамыз. Штюрмдер драматургиясының негізін, оның алатын рөлі мен мағынасын ашып көрсетеміз. Шиллердің (1759-1805) шығармашылығын оқып үйрену осы тақырыпты толық ашады. Алдымен оның шығармашылығының әрбір кезеңін саралап түсіндіреміз. Оның бірінші кезеңіндегі идеясын бойымызға сіңіріп барып, «дауылдар мен қысымшылық» қозғалысымен ара-қатынасының байланысын ашамыз. Шиллердің драмалық әдістерінің ерекшеліктерін тауып көрсетеміз. Қорытындысында Шиллер драматургиясының неміс сахна өнеріне тигізген әсерін ашамыз.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  1. Неміс ағартушылығы қалай дамыды?

  2. Ағартушылық дәуіріндегі неміс театрының негізін салушылар.

Әдебиет:

  1. Западноевропейский театр на рубеже ХІХ-ХХ столетий. Л-М.,1939.

  2. Гилгуд Д. На сцене и за кулисами. М., 1965.

  3. Глумова – Глухарева Э. Западный театр сегодня. М., 1966.

  4. Симонас В. Вступит.статья в кн. «Тирсо де Молина. Комедии» в 2-х т. М., 1969.

  5. Томашевский Н.В. Вступит. статья в кн. «Кальдерон. Пьесы» в 2-х т. М., 1961.

21 апта

Тақырып: Ұлы Француз буржуазиялық революциясы кезіндегі Француз театры

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Революция кезіндегі драматургияға енгенжанрлар

  2. Мелодрама жанрының ерекшелігі

Мақсаты: Революциялық классицизм, оның француз театрындағы өткен кезеңдегі үлгісімен ара-қатынасын ашу.

Мазмұны: Алдымен сол кезеңдегі Францияның тарихи жағдайларына тоқталамыз. Буржуазиялық революция күресінің театрдың жаңаруына тигізген рөлі мен мағынасын студенттреге ашып көрсетеміз. Театрдың жаңа жаңғыруын ұйымдастырудың жолын талдауын талап етеміз. Сол кездегі театр Саясатына тоқталамыз. Ең басты көңіл бөлетініміз революциялық классицизм, оның француз театрындағы өткен кезеңдегі үлгісімен ара-қатынасын ашамыз. М.Ж.Шеньенің «Карл ІХ» трагедиясын талдап студенттердің Ұлы Француз буржуазиялық революциясы кезіндегі драматургтың идеялық шығармашылық өрлеуін түсінуіне көмектесу қажет. Революция кезіндегі драматургияға жаңа жанрдың ене бастауын түсіндіру осы тақырыпқа жатады. Бұл кездерде мелодрама, водевиль, үгіттеу пьесаларының бой ала бастағанына көбірек көңіл қойылады. Әсіресе революция кезіндегі Париж театр өміріне көп мағына беріп көңіл аударамыз.

Революцияның сахна өміріне тигізген әсері молдығын тілге тиек етеміз. Осыған байланысты актер Тальманың шығармашылығының мәнін түсіндіреміз. Оның актерлік шеберлігінің жаңашылдығына оның тапқырлық қайраткерлігін атап өтеміз.



Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  1. Якобиндік кезеңнің үгіттік пьесалары

  2. Ф.Ж.Тальманың актерлік өнері революция кезеңінде

Әдебиет:

  1. Западноевропейский театр на рубеже ХІХ-ХХ столетий. Л-М.,1939.

  2. Гилгуд Д. На сцене и за кулисами. М., 1965.

  3. Глумова – Глухарева Э. Западный театр сегодня. М., 1966.

22 апта

Тақырып: ХІХ ғасырдағы (1871 жылға дейінгі) Француз театры

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. ХІХ ғасырдың І жартысындағы француз театрындағы романтизм.

  2. В.Гюго драматургиясы.

Мақсаты: ХІХ ғасырдағы (1871 жылға дейінгі) Француз театрындағы әдеби ағымды анықтау.

Мазмұны: Бұл тақырыптағы француз романтизмінің театрда орын ала бастағаны ашып көрсетілді. Алдымен романтизмнің әдеби ағым екендігін анықтап барып оның француз театрына ену себебін ашып көрсетеміз. Бұл кезеңде романтизм Францияда реакцияшыл прогресшіл бағыт алғанын студенттерге түсіндірген жөн.

Прогрестік романтизм өкілдерінің шығармашылығын оқып үйренгенде әсіресе көңіл бөлетініміз В.Гюго драматургиясы. Оның романтикалық театрдағы эстетикасының басты алатын орнын және оның драмаларында қалай көрсетіледі соны түсіндіреміз. Одан әрі драматургтер А.Ди Вини және А.Де Мюссе шығармашылығына тоқтап талдаймыз.



Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

В.Гюго «Эранани», «Марион», «Делори», «Рюи Блаз», «Король забавляется» пьесаларының біреуін талдау.



Әдебиет:

  1. Западноевропейский театр на рубеже ХІХ-ХХ столетий. Л-М.,1939.

  2. Гилгуд Д. На сцене и за кулисами. М., 1965.

  3. Глумова – Глухарева Э. Западный театр сегодня. М., 1966.

23 апта

Тақырып: ХІХ ғасырдағы (1871 жылға дейінгі) Француз театры

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. В.Гюгоның романтикалық театрындағы эстетика және драматургиясындағы көрінісі.

  2. П.Бокаж, М.Дорваль және Ф.Леметр сынды актерлердің шеберліктері.

Мақсаты: Француз театрындағы актерлердің өнеріне назар аудару.

Мазмұны: Осы тақырыптың ішінде П.Бокаж, М.Дорваль және Ф.Леметр сынды актерлердің өнеріне көп көңіл бөлінеді. Олардың ойнау шеберліктерін талдағанда жеке мінез ашудағы ізденістеріне образ сомдаудағы жаңа қырларына көз жеткіземіз.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  1. ХІХ ғасырдағы Француз театрының маңызы.

  2. В.Гюгоның р В.Гюгоның романтикалық пьесалары.

Әдебиет:

    1. Западноевропейский театр на рубеже ХІХ-ХХ столетий. Л-М.,1939.

    2. Гилгуд Д. На сцене и за кулисами. М., 1965.

    3. Глумова – Глухарева Э. Западный театр сегодня. М., 1966.

24 апта

Тақырып: ХVIII – XIX ғасырлар аралығындағы Неміс театры

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Үш кезеңді анықтау.

  2. Неміс романтик драматургтерінің шығармашылығы.

Мақсаты: ХVIII – XIX ғасырлар аралығындағы Неміс театрына жалпы мінездеме.

Мазмұны: Бұл тақырыпты оқып үйренер алдында неміс романтизміне жалпы мінездеме беріледі, оның ерекшелігі атап өтіледі және дамуындағы үш кезеңді ерекше бөліп аламыз. 1-ші кезең (1790 жылдар) прогрестік, ол Ұлы Француз буржуазиялық революциясы идеясыныңы Германияға сыналып енгісі келгенімен аталып өтілді. 2-ші кезең (1800-1806) буржуазия революциясымен романистердің шығармашылығы арасындағы қайшылықпен белгілі болады. 3-ші кезең (1806-1815) ұлттық құтқару қозғалысымен байланысты.

Неміс романтик драматургтерінің шығармашылыған қарасаң театр жанрының өзіндік ерекшелігін аңғарамыз (Л.Тик), рок трагедиясы (З.Вернер).

Неміс романтикалық драматургиясының ірі тұлғасы Г.Фон Клейстің (1777-1811) шығармаларын сонымен қоса Г.Бюхнер (1813-1837) және К.Гуцковтың (1811-1878) драматургияларын талдаудың маңызы өте зор.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:


  1. «Жас Германияның» драматургиясы

  2. К.Гуцков «Уриель Акоста» танысу

Әдебиет:

  1. Западноевропейский театр на рубеже ХІХ-ХХ столетий. Л-М.,1939.

  2. Гилгуд Д. На сцене и за кулисами. М., 1965.

  3. Глумова – Глухарева Э. Западный театр сегодня. М., 1966.

  4. Симонас В. Вступит.статья в кн. «Тирсо де Молина. Комедии» в 2-х т. М., 1969.

  5. Томашевский Н.В. Вступит. статья в кн. «Кальдерон. Пьесы» в 2-х т. М., 1961.

25 апта

Тақырып: ХVIII – XIX ғасырлар аралығындағы Неміс театры

Мақсаты: ХVIII – XIX ғасырлар аралығындағы Неміс театрына жалпы мінездеме.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Гуцковтың алғашқы пьесаларындағы романтикалық мінез – құлық

  2. Г.Бюхнер драматургиясы.

Мазмұны: Неміс романтик драматургтерінің шығармашылыған қарасаң театр жанрының өзіндік ерекшелігін аңғарамыз (Л.Тик), рок трагедиясы (З.Вернер).

Неміс романтикалық драматургиясының ірі тұлғасы Г.Фон Клейстің (1777-1811) шығармаларын сонымен қоса Г.Бюхнер (1813-1837) және К.Гуцковтың (1811-1878) драматургияларын талдаудың маңызы өте зор.



Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  1. «Жас Германияның» драматургиясы

  2. К.Гуцков «Уриель Акоста» танысу

Әдебиет:

    1. Западноевропейский театр на рубеже ХІХ-ХХ столетий. Л-М.,1939.

    2. Гилгуд Д. На сцене и за кулисами. М., 1965.

    3. Глумова – Глухарева Э. Западный театр сегодня. М., 1966.

    4. Симонас В. Вступит.статья в кн. «Тирсо де Молина. Комедии» в 2-х т. М., 1969.

    5. Томашевский Н.В. Вступит. статья в кн. «Кальдерон. Пьесы» в 2-х т. М., 1961.

26 апта

Тақырып: ХVIII – XIX ғасырлар аралығындағы Ағылшын театры

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Ағылшын театрының романтизм ерекшеліктерінің туу себептері.

  2. К.С.Станиславскийдің Росси мен Сальвани өнеріне берген бағасы.

Мақсаты: ХVIII – XIX ғасырлар аралығындағы Ағылшын театрының романтизм ерекшеліктері

Мазмұны: Бұл тақырып арқылы ағылшын романтизмнің өзіндік ерекшелігін байқаймыз және оның туу себебін аңғарамыз.

Оның шығармашылықтары туралы айтқанда, олардың шығармашылық жолдарының кезеңдерін анықтап, орындаушылық стильдерінің өзіндік әр қырлылығын, шеберліктері салыстыра талданады. Қорытындысында олардың Ресейге гастрольдерінің маңызын анықтап көрсетеміз. К.С.Станиславскийдің Росси мен Сальвани өнеріне берген бағасына жекелеп тоқталынады.



Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  1. Ағылшын театрының шығармашылық жолдарының кезеңдері.

  2. Ағылшын театрының стилі және шеберліктері.

Әдебиет:

  1. Западноевропейский театр на рубеже ХІХ-ХХ столетий. Л-М.,1939.

  2. Гилгуд Д. На сцене и за кулисами. М., 1965.

  3. Глумова – Глухарева Э. Западный театр сегодня. М., 1966.

  4. Симонас В. Вступит.статья в кн. «Тирсо де Молина. Комедии» в 2-х т. М., 1969.

  5. Томашевский Н.В. Вступит. статья в кн. «Кальдерон. Пьесы» в 2-х т. М., 1961.

27 апта

Тақырып: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Италияның актерлік өнері

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Италияның актерлік өнерінің ерекшеліктері

  2. Опералық драматургияның жетекші ролі.

Мақсаты: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Италияның актерлік өнерінің ерекшеліктерін анықтау

Мазмұны: Италия романтизмнің ұлт-азаттық қозғалыстарымен тығыз байланысы. Опералық драматургияның жетекші ролі. Италия опера мектебінің негізін қалаушы – Джоакино Россини. Оның ізбасарлары В.Беллини, Г.Доницетти. «Италия төңкерісінің маэстросы» Джузеппе Верди. ХІХ ғасырда Италияда опералық театрлардың қалыптасуы. «Ла Скала» театрының ролі. ХІХ ғасырда Италияда тұрақты драма театрларының болмауы. Жаңа типтегі актерлер. Италия сахнасының ең көрнекті өкілдері А.Ристори, Э.Росс, Т.Сальвини. Россиядағы олардың гастролінің маңызы. К.С.Станиславскийдің Э.Росс пен Сальвини өнерлеріне көзқарасы. 40-шы жылдардағы Италиядағы А.Сен-Леонның көңіл көтеретін балеті.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Италия опера мектебінің негізін қалаушы – Джоакино Россинидің шығармашылығы.

  2. ХІХ ғасырда Италияда опералық театрлардың қалыптасуы. «Ла Скала» театрының ролі.

Әдебиет:

  1. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

  2. Минц Н. Дэвид Гаррик и театр его времени. М., 1977.

  3. Западноевропейский театр на рубеже ХІХ-ХХ столетий. Л-М.,1939.

  4. Гилгуд Д. На сцене и за кулисами. М., 1965.

  5. Глумова – Глухарева Э. Западный театр сегодня. М., 1966.

28 апта

Тақырып: ХІХ ғасырдың екінші жарсындағы Италияның актерлік өнері

Қарастырылатынсұрақтар:

  1. Италияның актерлік өнерінің ерекшеліктері

  2. Опералық драматургияның жетекші ролі.

Мақсаты: ХІХ ғасырдың екінші жарсындағы Италияның актерлік өнерін анықтау

Мазмұны: ХІХ ғасырда Италияда опералық театрлардың қалыптасуы. «Ла Скала» театрының ролі. ХІХ ғасырда Италияда тұрақты драма театрларының болмауы. Жаңа типтегі актерлер. Италия сахнасының ең көрнекті өкілдері А.Ристори, Э.Росс, Т.Сальвини. Россиядағы олардың гастролінің маңызы. К.С.Станиславскийдің Э.Росс пен Сальвини өнерлеріне көзқарасы. 40-шы жылдардағы Италиядағы А.Сен-Леонның көңіл көтеретін балеті.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Италия опера мектебінің негізін қалаушы – Джоакино Россинидің шығармашылығы.

  2. ХІХ ғасырда Италияда опералық театрлардың қалыптасуы. «Ла Скала» театрының ролі.

Әдебиет:

  1. Западноевропейский театр на рубеже ХІХ-ХХ столетий. Л-М.,1939.

  2. Гилгуд Д. На сцене и за кулисами. М., 1965.

  3. Глумова – Глухарева Э. Западный театр сегодня. М., 1966.

  4. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

29 апта

Тақырып: ХІХ-ХХ ғасырлар аралығындағы театр. Париж коммунасынан кейінгі театр

Мақсаты: ХІХ-ХХ ғасырлар аралығындағы театр. Париж коммунасынан кейінгі театр жағдайын анықтау

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Символизмнің тууы.

  2. Қаһармандық комедияда ХІХ ғасырдың І жартысындағы француз романтизмнің идеялық тенденциясының жалғасуы.

Мазмұны: Эмиль Золяның театрға деген көзқарасы. «Театрдағы натурализм», «Біздің драматургтер». «Тереза Ракен» драмасы. Актерлік өнер, Сара Бернар, Коклен – үлкен, Андре Антуан.

Эдмон ростан (1868-1919) Франциядағы неореализмнің ірі өкілі Ростанның театрдағы «Сирано де Бержерак» пьесасының қойылымы. Бұл қаһармандық комедияда ХІХ ғасырдың І жартысындағы француз романтизмнің идеялық тенденциясының жалғасуы. Қайырымды жарымжанның образы. Сарайдағы аксүйектер турасында жауынгер мен ақынның тартысуы.

Символизмнің тууы. Морис Метерлинк (1862-1949) белгиялық драматург-символист. Оның ертедегі («Соқырлар», «шақырылмаған қыз», «Оның ішінде») атты пьесаларындағы мистикалық (жұмбақ) түйінді мәселелер. Жазмыш мотиві. Таусылмас трагедиялық тақырыптарда поэтикалық шындыққа келудегі Метерлинктің эволюциясы («Көк құс», «Қасиетті Антонияның ғажабы», «Монна ванна»).

ХІХ ғасырдың соңғы үшінші ширегі мен ХХ ғасырдың басындағы опералық өнер. ХІХ ғасырдың соңындағы лирикалық опера. Жюль Массн Камилл Сэн-Санс. ХІХ-ХХ ғасырлардың аралығындағы француз операсындағы импрессионализм: Клод Дебюсси, Морис Равель, Поль Дюк.

ХХ ғасырдың басында Батыстағы хореографиялық өнердің құлдырауы. Ритмопластикалық билердің келуі. Хореографиядағы бұл бағыттың ең жарқын өкілдері: Айседора Дункан, Франсуа Дельсарт, Эмиль Жак Далькроз.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:


  1. ХІХ ғасырдың соңғы үшінші ширегі мен ХХ ғасырдың басындағы опералық өнер қандай жағдайда болды?

  2. Ритмопластикалық билер қандай бағытта пайда болды?

Әдебиет:

  1. Западноевропейский театр на рубеже ХІХ-ХХ столетий. Л-М.,1939.

  2. Гилгуд Д. На сцене и за кулисами. М., 1965.

  3. Глумова – Глухарева Э. Западный театр сегодня. М., 1966.

  4. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

30 апта

Тақырып: ХІХ-ХХ ғасырлар аралығындағы театр. Париж коммунасынан кейінгі театр

Қарастырылатын сұрақтар:

    1. Символизмнің тууы.

    2. Қаһармандық комедияда ХІХ ғасырдың І жартысындағы француз романтизмнің идеялық тенденциясының жалғасуы.

Мақсаты: ХІХ-ХХ ғасырлар аралығындағы театр. Париж коммунасынан кейінгі театр жағдайын анықтау

Мазмұны: Символизмнің тууы. Морис Метерлинк (1862-1949) белгиялық драматург-символист. Оның ертедегі («Соқырлар», «шақырылмаған қыз», «Оның ішінде») атты пьесаларындағы мистикалық (жұмбақ) түйінді мәселелер. Жазмыш мотиві. Таусылмас трагедиялық тақырыптарда поэтикалық шындыққа келудегі Метерлинктің эволюциясы («Көк құс», «Қасиетті Антонияның ғажабы», «Монна ванна»).

ХІХ ғасырдың соңғы үшінші ширегі мен ХХ ғасырдың басындағы опералық өнер. ХІХ ғасырдың соңындағы лирикалық опера. Жюль Массн Камилл Сэн-Санс. ХІХ-ХХ ғасырлардың аралығындағы француз операсындағы импрессионализм: Клод Дебюсси, Морис Равель, Поль Дюк.

ХХ ғасырдың басында Батыстағы хореографиялық өнердің құлдырауы. Ритмопластикалық билердің келуі. Хореографиядағы бұл бағыттың ең жарқын өкілдері: Айседора Дункан, Франсуа Дельсарт, Эмиль Жак Далькроз.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:


  1. ХІХ ғасырдың соңғы үшінші ширегі мен ХХ ғасырдың басындағы опералық өнер қандай жағдайда болды?

  2. Ритмопластикалық билер қандай бағытта пайда болды?

Әдебиет:

  1. Западноевропейский театр на рубеже ХІХ-ХХ столетий. Л-М.,1939.

  2. Гилгуд Д. На сцене и за кулисами. М., 1965.

  3. Глумова – Глухарева Э. Западный театр сегодня. М., 1966.

  4. Мокульский С.С. Расин. Л., 1940. Вступит. Статья в кн.: Гоции К. Сказки для театра История западноевропейского театра. История зарубежного театра. Ч.1. Под общей редакцией Г.Н.Бояджиева. М., 1972.

3-4 семестр

1 апта

31 кредит сағат

Дәріс №31

Тақырып: Скандинавия театры

Қарастырылатын сұрақтар: Скандинавия театрының тарихы

Мақсаты: Скандинавия театрының құрылымын анықтау.

Дәрістің мазмұны: Жаңа драмалардың жалпы құрылымы-буржуазияға қарсылық. Оның негізгі себебі, жаңа мазмұнды көрсетудегі жаңа сахналық формаларды іздеу.

Генрих Ибсен (1828-1906). Әлеуметтік драмалар Ибсен шығармаларының шоқтығы. Норвения театрының құрылуындағы Ибсеннің рөлі.

Август Стриндберг (1894-1912) шведтік жазушы-драматург.Стриндберг драматургиясының өзгешілігі ашық түрдегі авто өмірбаян. Өзі негізі қалаған театрлардағы Стриндбергтің режиссерлік жұмыстары.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:


  1. Жаңа драмалардың жалпы құрылымы қандай болды?

  2. Генрих Ибсеннің шығармаларының шоқтығы қандай драмалар?

  3. Стриндберг драматургиясының өзгешілігі қандай?

Әдебиет:

  1. Абуш А. Шиллер. Величие и трагедия немецкого гения. М., 1964.

  2. Акимова А.А. Дидро. М., 1963. Вольтер. М., 1970.

  3. Аникст А.А. Театр эпохи Шекспира. М., 1965. Шекспир. Ремесло драматурга.

  4. Артамонов С. Бомарше: очерки жизни и творчества. М., 1960.

  5. Балашов Н.И. Религиозно-философская драма Кальдерона и идейные основы барокко в Испании – в кн.ХVII век в мировом литературном развитии. М., 1969.

2 апта

32 кредит сағат

Дәріс №32

Тақырып: Ағылшын театры. Бернард Шоу

Қарастырылатын сұрақтар: Ағылшын театрының тарихы. Бернард Шоудың шығармашылығы

Мақсаты: Ағылшын театрын анықтау. Бернард Шоудың шығармашылығы.

Дәрістің мазмұны: Ағылшын драматургиясындағы түрлі идеологиялық тенденциялардың күресі.

О.Уайльд прозашы, драматург. Ақсүйектер қоғамның тұрмысы мен әдет-ғұрпын келекелеп суреттеуі. Комедиограф О.Уайльд шығармашылығындағы әлеуметтік сындарының элементтері.

Бернард Шоу (1856-1950) ағылшын драматургиясындағы сыншылдық реализмнің өкілі. Идеялар театры деп аталатын жаңа типтегі театрдың негізін қалаушы. Реалистік ойшыл әлеуметтік пьесалар үшін оның күресі. Бернард Шоу шығармаларындағы буржуазиялық қоғамның екі жүзділігіне қатаң шабуыл. Бернард Шоудың «Жағымсыз пьесалары», «Жесірлер үйі», «Мисс Уореннің мамандығы», Шоудың тарихи драмалары. Шоудың драмалық мұраларындағы гуманизм мен демократизм мәселелері. «Пигмалион». Оның театрының түйінді эстетикалық негізгі белгілері. «Ағылшын тақырыптарына орыс мәнерінде қиялдау», «Жүректер талқандалып жатқан үй» зиялылардың рухани дағдарысы туралы эпикалық шығарма.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Барлығы – 72 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет