Сербиялық Numbeo желісі әлемнің түрлі қаласындағы өмір сүру құны туралы жаңа индексті ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Рейтинг тұтынушылық баға, жылжымайтын мүлік құны және өмір сапасы көрсеткіштері бойынша жасалған. 

Бағалау үшін 100 балдық базалық деңгей берілген Нью-Йорктегі бағалар негізге алынды. Қаланың өзі 10-орында тұр. 

Әлемдегі ең қымбат 10 қаланың тізімі мынадай:  

  • Гамильтон, Бермуд аралдары;
  • Цюрих, Швейцария;
  • Базель, Швейцария;
  • Лозанна, Швейцария;
  • Сан-Хосе, АҚШ;
  • Женева, Швейцария;
  • Сан-Франциско, АҚШ;
  • Берн, Швейцария;
  • Вашингтон, АҚШ;
  • Нью-Йорк, АҚШ.
  • Алматы рейтингте 270-орында, ал Қазақстан астанасы 289-орында тұр. Орталық Азияның басқа қалалары ішінде Бішкек 332-ші, Ташкент 330-орын иеленген.

    Дубайға желі 142-ші, Стамбулға 267-ші, Мәскеуге 268-ші қатарды берді.

    Бұған дейін ТМД елдерінің ішінде ең қымбат такси Қазақстанда екенін жазған едік. 


    Автор: Жанара Кенжебекова

    Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.