Баспасөз хабарламасы 11 қараша сағ. 17. 00-да



Дата07.03.2018
өлшемі34.13 Kb.
#20337

Л.Н.Гумилев атындағы

Eуразия ұлттық университетінің

баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы

Астана қ.,Мирзоян көш. 2
тел: 8 (7172) 70-95-48


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
11 қараша сағ. 17.00-да Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында, Тұңғыш Президент дәрісханасында (208аудитория) белгілі ақын, «Дарын» жастар Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, екі мәрте Мемлекеттік стипендия иегері Дәулеткерей Кәпұлының «Балбал тастың жүрегі бүлк еткенде...» атты жыр кеші өтеді.

Дәулеткерей Кәпұлы 1977 жылы 9 тамызда туған. Әль-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін, (1995-1999) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистратурасын (2000-2002) бітірген.

Еуразия университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (1999-2005), Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қазақ филологиясы факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (2006-2008) қызметтерін атқарған. Астана қаласы әкімдігі, Мәдениет басқармасының қызметкері болып жұмыс істеген. «Алтын тамыр» әдеби-танымдық жұрналының шеф-редакторы, Астана қаласындағы «Фолиант» баспасы директорының орынбасары болып қызмет атқарды. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. Қазір осы университеттің PhD доктаранты.

Республикалық талай үлкен айтыстарда топ жарды.

И. Байзақовтың 100 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының 60-жылдық мерейтойына арналған халықаралық айтысы, Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған халықаралық айтысы, Дәулетбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтысы, Ш.Құдайбердіұлының 150 жылдығына арналған республикалық айтыстардың бас жүлдегері.

Мәскеу қаласында өткен қазақ ақындар айтысында көрсеткен үздік өнері үшін I орын, және Бішкек қаласында өткен Ұлы Жеңіжоқ ақынға арналған халықаралық айтыста 1 дәрежедегі «Ардақ» белгісі мен жүлделі I орын, Иассауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің 10 жылдығына арналған республикалық айтыста I орын, Көкшетауда өткен Кенесары Қасымұлының 200 жылдығына арналған республикалық айтыста I орын, Маңғыстауда өткен Қ. Күржіманұлы атындағы айтыста I орын, «Қазақ әдебиеті» газетінің 70 жылдығына арналған республикалық айтыстың I жүлдесін, Мәлік Ғабдуллиннің 90 жылдығына арналған республикалық айтыстың I жүлдесін иемденген.

2000 жылы «Жұлдыз» жұрналы жариялаған А.Ыбыраев атындағы республикалық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдесін, III-ші халықаралық Шығармашыл жастардың "Шабыт " фестивалінің поэзия номинациясы бойынша Гран-при, Аягөз ауданының 80 жылдық мерейтойына тойына арналған республикалық жазба ақындар сайысының бас жүлделерін иеленген.

Дәулеткерей Кәпұлының «Жыр тәңірі», «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Жас ақындар жырларының антологиясы», «Байбесік тұмалары», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», «Шабыт», «Жидебай», «Жанартау», «Азаттық таңындағы азат жыр» т.б. қазақ ақындарының біріккен жыр жинақтарында өлең-жырлары жарияланған. «Сүтті іңір» (2007), «Бүлдірген ағып түскенше» (2011) атты жеке жыр жинақтары жарық көрген.

Сегіз сері Баһрамұлының (Мұхаммед-Қанафия) өлең-дастандарын құрастырып, шығармашылығын саралап «Елорда» баспасынан «Гауһартас» деген атпен шығарған. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Оспан батыр Ісләмұлы туралы танымдық кітапты құрастырып, баспадан шығарушы.

Талантты ақын, драматург Е. Асқаровтың «Жүрекжарды», «Арманымның ақ құсы», «Шығыс жұлдыздары» (2 том), Ш. Әбеновтің «Шыңғыстау» атты кітаптарын құрастырған. Түркияның Адана (Тарсус) қаласында өткен түркітектес халықтардың Қаражолан атындағы сегізінші еларалық поэзия фестивалінің лауреаты.

Ол әдебиеттегі сыйлықтарынан бөлек Астана қаласының 10 жылдық мерекелік медалімен марапатталған. Моңғолия Демократиялық партиясының «Азаттық» орденінің иегері. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Автор айтыс өлеңдерін «Шертолғақ» атауымен жинақ қылып шығарды. Бұл кеш осы кітаптың тұсаукесері. Кешті халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан жүргізеді.

Кеш қонақтары: Тыныштықбек Әбдікәкімов, Ұлықбек Есдәулет, Жүрсін Ерман, Тұрсынғазы Рақимов, Жанарбек Әшімжан, Бауыржан Халиолла, Ринат Зайтов, Балғынбек Имашев, Әсем Ережеқызы, Жандарбек Бұлғақов, Мейірбек, Еркебұлан.

Белгілі өнер иелерінен Секен Тұрысбек, Жанғали Жүзбаев, Ербол Айтбаев, Гүлзира Бөкейханқызы, Айгүл Елшібаева, Зағипа Иманғажы өнер көрсетеді.


Ұйымдастарушы:

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Өткізу күні: 2013 жыл 11 желтоқсан, сағат 17.00

Өткізу орны: ЕҰУ, Бас ғимарат, 208 аудитория;


Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз-қызметіне хабарласыңыздар

+7 (7172) 709 -548

+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ляйля Рахманова

+7-701 366 35 99, zann_e22@mail.ru - Еркежан Садуақасова
Каталог: upload -> iblock -> a4c
iblock -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
iblock -> 2016 жыл. 19 шілде №395 Әділет департаменті 2016 ж. 22 шілде №3905
iblock -> 2016 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында дсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша комитеті жариялаған хабарламалар тізімі
iblock -> 7 қазан күні сағат 17: 00-де Қр тұңғыш Президент аудиториясында Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың шығармашылық кеші өтеді
iblock -> Құрметті студент! 2016 жылы «Гуманитарлық ғылымдар 2»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> Пресс-центр


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет