Баспасөз хабарламасы тақырыбы: 9-10 қазан күні Алматы қаласында сүт бездерінің қатерлі ісігі мәселелеріне қатысты халықаралық конференция өтеді



Дата03.05.2019
өлшемі119 Kb.
#131898



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ: 9-10 қазан күні Алматы қаласында сүт бездерінің қатерлі ісігі мәселелеріне қатысты халықаралық конференция өтеді.

2014 жылдың 9-10 қазанында Алматыда сүт бездерінің қатерлі ісігі мәселелеріне қатысты EURAMA Халықаралық конференциясы өтеді.



Конференция жұмысында: сүт бездерінің қатерлі ісігінің алдын алу, сүт бездерінің қатерлі ісігін хирургиялық емдеудің инновациялық әдістері, онкопластиканың жаңа мүмкіндіктері, сүт бездерінің қатерлі ісігі кезінде таргеттік терапия, интраоперациялық радиологияны қоса алғанда радиологиялық емдеу, оңалтудың тәжірибелік мәселелері, терминалды емделушілерге паллиативті көмек көрсету. Конференция аясында беделді әлемдік мамандардың қатысуымен сүт бездерінің қатерлі ісігінің нақты жағдайына тәжірибелік талдау жүргізілетін болады. Конференция онколог-дәрігерлер, хирург-маммологтар, пластикалық хирургтар, сәулелі және химиотерапия саласының мамандарына, резиденттерге арналады. Паллиативті көмек көрсету мамандары – аудандық онкологтар, медбикелер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің Конференцияға қатысудың тәжірибелік пайдасы зор. Конференция жұмысына Италия, Испания, Ресей, Түркия елдерінің алдыңғы қатарлы сарапшылары қатысады, оның ішінде профессор Умберто Веронези басқаратын Онкология Еуропалық институтының (Милан, Италия) танымал профессорлары бар. Одан басқа, шара барысында тақырыптық көрме ұйымдастырылатын болады.

Жыл сайын Қазақстанда 4 мыңға жуық сүт бездерінің қатерлі ісігі анықталады, ол әйелдер қатерлі ауруларының арасында бірінші орынды алады. Бірақ, Ұлттық скринингтік бағдарлама арқасында Қазақстанда бұл ауруды ерте басынан анықтау және дер кезінде емдеу мүмкіндігі артып отыр. Атап айтқанда, осы жылдан бастап, Алматы онкологиялық орталығында сүт бездерінің қатерлі ісігін жаңа заманауи технологияны колданып емдеуде. Сүт бездерінің қатерлі ісігін ерте кезеңінде анықтауда аурудан 98 % жазылу мүмкіндігінің бар екенін айта кету керек.

Алматыда өтетін халықаралық конференция сүт бездерінің қатерлі ісігімен күресудің Дүниежүзілік Күні қарсаңында, сонымен қатар Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы казан айын сүт безінің қатерлі ісігі туралы хабарландыруларды арттыруға арнады.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Сүт бездері қатерлі ісігінің Евро-Азиаттық қоғамы (EURAMA), Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қорының қолдауымен, Алматы онкологиялық орталығы (АОО), «Қатерлі ісікпен күресейік» ҚҚ және Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы.
Өтетін орны: Алматы қ., Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қорының ғимараты, М. Ганди көш., 10. Басталуы сағ. 09.30-да.
Конференцияның алдын ала бағдарламасымен танысу үшін мына сілтемені қараңыз: http://www.oncology.kz/news/285-9-10-oktyabrya-2014-g-sostoitsya-mezhdunarodnaya-konferenciya-po-problemam-raka-molochnoy-zhelezy.html

БАҚ үшін тіркелусұрақтары бойынша: 8 701 705 78 76 Айна.
Каталог: about managing -> press service
press service -> 7 Қалалық клиникалық ауруханада алғаш бауыр трансплатанциясын жасау туралы Баспасөз-релизі Өткізілетін күні
press service -> Ашық есік күнін өткізу туралы Баспасөз-релизі Өтетін мерзімі
press service -> Созылмалы вирустық гепатит бойынша дөҢгелек үстелді жүргізу тәртібі басталуы
press service -> Өткізілу уақыты: 09. 00 Өткізілу орны: Қалқаман ы а, №7 қалалық клиникалық аурухана Ұйымдастырушылар
press service -> Өткізілетін күні: 015 жылғы ақпан Өткізілетін уақыты: 11. 00 Өткізілетін орны
press service -> Оңтүстік Кореядан келген жетекші мамандардың қатысуымен болатын Ашық есік күнін өткізу туралы баспасөз-релизі


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет