Бейнеуде 36 адам “Али-Ман” дәмханасының тамағынан уланған.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay

2024 жылдың 19 ақпанынан бері Бейнеу аудандық орталық аудандық ауруханасына 36 адам уланып жүгінсе, оның 28-і ауруханаға жатқызылды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккен сегіз адам амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Дәрігерлер ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауыр екенін айтты.

"Науқастарды облыс орталығына жеткізудің қажеті жоқ.Телемедицина арқылы облыстың бас инфекционистінің қатысуымен консультациялар өтіп, емдеу тағайындалып үлгерді. Дәрі-дәрмек жеткілікті және тағы 20 орынмен қамтамасыз етуге дайын. Амбулаторлық ем қабылдап жатқан науқастар дәрігерлердің бақылауында, қажетті бактерияға қарсы және симптоматикалық ем тағайындайды. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда, ақпарат сағат сайын жаңартылып отырады", –  деп мәлімдеді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Уланғандардың барлығы фастфуд дайындайтын "Али-Ман" қоғамдық тамақтану орнынан тамаққа тапсырыс берген. 22 ақпаннан бастап мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды.

Жаппай тамақтан улану фактісі бойынша Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатыр.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.