Баспасөз релизі 2016 жыл 21 қараша Өскемен қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлімі жаңа ғимаратқа көшті



Дата27.04.2019
өлшемі33.5 Kb.
#118955

Баспасөз - релизі
2016 жыл 21 қараша Өскемен қаласы
Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлімі жаңа ғимаратқа көшті
Өскемен қаласының Жібек маталар комбинаты шағын ауданы тұрғындары үшін жағымды жаңалық - Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлімі жаңа ғимаратқа көшуде. Ашылу салтанатына арнайы сапармен келген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов, басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев және аппарат басшысы Қайратғали Хайрулла қатысты.

«Мемлекеттік корпорация адамдарға көмек көрсету үшін құрылған. Сонымен қатар, біз шығындарды оңтайландыру жолдарын ойлауымыз керек. Жалға алынған ғимараттар үшін үлкен қаражат төлеп қайтеміз, оның үстіне ол адамдар үшін қолайсыз болса. Сондықтан біз өз ғимаратымызда жөндеу жұмыстарын жасадық, көріп тұрағандарыңыздай ол бұрынғыдан да жарық, жылы, үйлесімді. Біздің ең басты мақсатымыз – адамдардың өмірін жақсарту. Бұл бүгін көрнекі түрде көрсетілді, - деді ашылу кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ашылып отырған жаңа да ыңғайлы ғимарат тұрғындар үшін ерекше сыйлық болып отыр. Жаңа ғимарат барынша кең және мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынға барлық жағдайлар жасалған. Реттеу залында 44 жұмыс орны және электрондық үкімет порталы арқылы өз беттерімен қызмет алуға орталық мамандары көмектесетін «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, мүмкіндіктері шектеулі жандарға қызмет ұсынатын арнайы жұмыс орны бар, сонымен қатар азаматтарды тіркеу және құжаттандыру бағыты бойынша мемлекеттік қызмет ұсынатын көші-қон полициясы мамандары да осы жерде орналасқан. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін автотұрақ та қарастырылған.

Айта кетеріміз, аталған бөлім осы уақытқа дейін көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында, дүкенмен бірге, бір алаңда орналасқан еді. Ал енді, бөлек тұрған жаңа ғимараттың бірінші қабатында Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің фронт-офисі орналасса, екінші қабатында Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті мамандары орналасқан. Бұл оңтайландыру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынң сәуір айында құрылғандығынан мүмкін болды, себебі екі департамент те мемлекеттік корпорация құрамына енген. Көшіру жұмыстарының арқасында мемлекеттік корпорация 6 млн теңге үнемдемек, себебі бұл қаражат бұрын жалға алу үшін жылына төлетін. Ғимаратты жөндеу жұмыстарын өз қаражатымызға істедік.



Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынатын мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін Өскемен қаласы тұрғындары мына мекенжайдан алуларына болады: Сатпаев даңғылы 34/2. Фронт-офистің жұмыс кестесі өзгерген жоқ: дүйсенбі мен сенбі күндері аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, үзіліссіз жұмыс істейді. Айта кетер болсақ, бүгінде мемлекеттік корпорация арқылы 530 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Анықтама үшін: Күніне №1 қалалық бөлімге 500-600 қызметалушы келеді, соның 250 азаматы - ЫАЖ ХҚКО ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін дәстүрлі қызметтер үшін келсе, 200-ден астам азамат ҚҚП арқылы электронды қызмет алушылар. Әрқашан өзіне - өзі қызмет көрсету секторына үлкен жүк артылатын. Оған 100 қызмет алушы келеді. Көші- қон полициясы бөліміне күніне 100 қызметалушы келеді, оның 40-тан астамы құжаттандыру қызметі бойынша болса, 60-тан астамы тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуге келеді.
Каталог: rightmenu
rightmenu -> Лисаков қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы
rightmenu -> Карта развития предпринимательства
rightmenu -> Лисаков қаласының ҮЕҰ тізімі
rightmenu -> Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы
rightmenu -> Бағдарламасы лисаков, 2016 жыл мазмұны паспорт
rightmenu -> «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір
rightmenu -> «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары
rightmenu -> Бағдарламасы лисаков, 2016 жыл мазмұны паспорт


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет