Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы


Күрделі құрылыс бойынша директордың



жүктеу 6.99 Mb.
бет16/117
Дата21.04.2019
өлшемі6.99 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   117

31. Күрделі құрылыс бойынша директордың

(директор, вице-президент) орынбасары



Лауазымдық міндеттері. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау мен үйлестіру бойынша, құрылыс саясатының қалыптасуы мен реттеуіне басшылықты жүзеге асырады, өз құзыреті шеңберінде әкімшілік мәселелерді шешеді, өзінің міндеттерін ұйымның бірінші басшысының жалпы басқаруымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыстылығында орындайды. Ұйымдағы күрделі құрылыс бойынша жұмыстардың орындалуын, ұйымның техникалық қайта жасақталуы мен реконструкцияға қаражатты бағыттай отырып, инвестициялық ресурстардың мақсатты және ұтымды пайдаланылуын, олардың іске қосу объектілерінде шоғырлануын, аяқталмаған құрылыс көлемінің қысқартылуын қамтамасыз етеді. Жобалық-зерттеу жұмыстарының жақсаруы және арзандауы бойынша, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру мен құрылыстың прогрессивті әдістерін енгізу, құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру мен сапасын арттыруға шығындарды қысқарту, сонымен қатар оларды жүргізу мерзімдерін қысқарту бойынша жұмысты басқарады. Күрделі құрылыстың келешектегі және ағымдағы жоспарын әзірлеуді, ұйымды реконструкциялау мен кеңейтуді, сонымен қатар негізгі өндіріс құралдарын, алаңдар мен қуатты, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді пайдалануға енгізу жоспарын, жаңадан қосылатын объектілер үшін құрылыс материалдары мен жабдықтарына өтінімді, құрылысқа титулдық тізімдерді құрастыруды басқарады, титулды тізімдерде қарастырылған жұмыстарды орындауды, капитал салымдары орнының жабылу мерзімінің қысқаруын қамтамасыз етеді. Өндірістің тиімділігін арттыру және техникалық қайта жасақталуы бөлігінде бизнес-жоспарларын құрастыруға, қажетті қаржылық құралдарды, соның ішінде құрылыс, жобалау және жабдықты сатып алу үшін инвесторлар қаражатын, сонымен қатар шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері жағдайларында күрделі құрылыс бойынша жұмыстарды орындау үшін мердігер ұйымның капитал салымдарын қаржыландыру көздерін анықтауға қатысады. Мердігер ұйымдармен жобалық-зерттеу жұмыстарына және құрылыс-монтаж жұмыстарына, басқа да ұйымдармен материалдар мен жабдықты сатып алуға шаруашылық және қаржылық шарттарды уақытылы жасауға шараларды қабылдайды. Жобалау және құрылыс ұйымдарымен шарттық міндеттемелерін орындауы үшін қадағалайды, қажет болған жағдайларда шартпен қарастырылған санкцияларды ұсынады, құрылыстың қымбаттауына әкеліп соқтыратын және стандарттар мен техникалық жағдайларға жауап бермейтін құрылыс материалдарын, бөлшектер мен бұйымдарды қолдануға жол бермейді. Құрылыс пен реконструкция объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін қажетті барлық материалдардың уақытылы берілуін қамтамасыз етеді. Жобалауға ғимаратты келіседі және оларды жоғары тұрған ұйымдардың бекітуі үшін дайындайды. Тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдармен жасалған шарттар бойынша банкілік операциялардың рәсімделуін ұйымдастырады, мердігерлік немесе шаруашылық тәсілмен орындалып жатқан құрылыс объектілері бойынша қажетті құжаттаманың белгіленген мерзімде ұсынылуын қамтамасыз етеді. Құрылыс жұмыстарын дайындау үшін жобалық-сметалық және өзге де техникалық құжаттаманың уақытылы берілуі үшін, инвестициялық қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, құрылыс ұзақтығының белгіленген нормалары мен өндірістік қуатты және негізгі қорларды іске қосу мерзімдерінің сақталуын, күрделі құрылыс бойынша тапсырмаларды уақытылы орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заң талаптарының сақталуын бақылауды, сонымен қатар барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу мерзімі мен сапасына және басқа да құрылыс жұмыстарының бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен ережелеріне, стандарттары мен техникалық жағдайына, техника қауіпсіздігі нормаларына, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі, еңбекті ұйымдастыру талаптарына сәйкестігі үшін бақылауды және техникалық қадағалауды қамтамасыз етеді. Құрылыс алаңдарында жабдықты орнату, сынақтау және тіркеумен байланысты мәселелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен келіседі. Жабдықты сатып алуға бөлінген қаражатты титулды тізімге сәйкес жұмсалуын, орнатылмаған жабдықтың сақталуы мен сақтап қою сапасы ережелерін сақтауды бақылайды. Аяқталған құрылыс объектілерін тапсыру, қабылдау мен пайдалануға беру бойынша жұмысты мердігерлік ұйымдармен бірлесіп жүргізеді. Құрылыстың құнын арзандататын және мерзімін қысқартатын, капиталды салым орнының жабылуы мерзімдерін (конструкцияның беріктігін төмендетпей және құрылыс жұмыстарының сапасын нашарлатпай) қысқартатын ұтымды ұсыныстар мен жетілдірулерді енгізуге ықпал етеді. Еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізуді, оған бағынысты бөлімшелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіптік біліктілік шамасын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді. Күрделі құрылыс бойынша есепті құрастыру мен есебін жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Күрделі құрылыс бөлімшелерінің (басқарманың) жұмысты басқарады және оған бағынысты басқа бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.

Білуге тиіс. Экономиканың тиісті түрінің даму бағытын анықтайтын Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер, күрделі құрылыс, сонымен қатар ұйым қызметіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімдері, ұйымның бағыты, мамандануы және құрылымдық ерекшеліктері, ұйымның техникалық және экономикалық даму перспективасы, ұйымның өндірістік қуаты, технология негіздері, ұйым өнімін өндіру негіздері, ұйым бизнес-жоспарының тармағы ретінде күрделі құрылыс жоспарын әзірлеу мен бекіту тәртібі, өндіріс технологиясы мен құрылыс жұмыстарын жүргізу тәсілдері, құрылыс объектілерін жобалау кезінде еңбек ұйымының талаптары, капитал салымдарын қаржыландыру мен инвесторларды тарту тәртібі, құрылыс нормалары мен ережелері, жобалау-сметалық және басқа да техникалық құжаттаманы әзірлеу мен рәсімдеу, күрделі құрылыс аясында ұйымның қызметі туралы есептерді құрастыру мен есебін жүргізу тәртібі, шаруашылық және қаржылық шарттарды жасасу мен орындау тәртібі, экономикалық қызметтің тиісті түрінде ғылыми-техникалық жетістіктерді және күрделі құрылыс аясында ұйымдардың алдынғы қатарлы тәжірибесі, экономика, өндірістің, еңбектің және басқарудың ұйымдастырылу негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және күрделі құрылыс саласындағы басшы лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   117


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет