Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы



жүктеу 6.99 Mb.
бет71/117
Дата21.04.2019
өлшемі6.99 Mb.
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   117

163. Социолог

Лауазымдық міндеттері. Ұжымда қолайлы әлеуметтік- психологиялық жағдай жасауға бағытталған, жұмысшылардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін және олардың еңбек өндірімділігін арттыруға мүмкіндік туғызатын іс-шараларды әзірлеу және енгізу мақсатында социологиялық зерттеулер жүргізеді. Экономикалық және әлеуметтік дамудың келешекті және жылдық жоспарларының жобасын жасауға және әлеуметтік – мәдени іс-шараларға қаражат жоспарлауға қатысады. Социологиялық зерттеулер бағдарламасын жасайды және оның орындалуын бақылайды. Жүргізілген зерттеулер негізінде, еңбекті ұйымдастыру нысанын жетілдіру жөнінде, оның бөлінуі және кооперациясы, еңбек қызметінің жағдайын жақсартуға ұсыныс әзірлейді.


Білуге тиіс. Әлеуметтік - психологиялық мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, еңбек социологиясы, социологиялық зерттеулер өткізу әдісі, еңбек психологиясы, инженерлік және әлеуметтік психология негізі, жалақыны ұйымдастыру жүйесі және нысаны, ұжымның әлеуметтік дамуын жоспарлау әдісі, отандық және шетелдік социологтардың озық тәжірибесі, өндірістік технология негізі, экономика негізі, еңбек және басқаруды ұйымдастыру, кәсіптік бағдарлау және кәсіптік бейімделу жұмыстар негізі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігі ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санаттағы социолог: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және II санаттағы социолог лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

II санаттағы социолог: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санатсыз социолог лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.



Социолог: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды.


164. Автотехникалық сараптама жөніндегі маман

(сарапшы автотехник)



Лауазымдық міндеттері. Көлік құралдарының бұзылу және техникалық ақауларының себептерін және уақытын белгілейді. Жол көлік оқиғасы басталған сәтке дейін техникалық жарамсыздықты анықтау мүмкіндігін, көлік құралдарының анықталған жарамсыздығы (бұзылуы) және оқиға жағдайы арасындағы себептік байланысты, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйіне байланысты, жол көлік оқиғасының туындауына мүмкіндік туғызған немесе тудыруы мүмкін оқиғалар мен жағдайлар сәтінде көлік құралдарының техникалық жай-күйін анықтау кезінде жол көлік оқиғасының (басып кету, қақтығысу, аударылып қалу, жанып кету және тағы сондайлар) алдын алу мүмкіндіктерін талдайды. Көлік құралының жылдамдығы және қозғалысы бағытын, тежегенде тоқтайтын жолын, қақтығысқан көлік құралдарын арасындағы күштің әсерін ету бағытын, олардың жол көлік оқиғасының түрлі сәттеріндегі өзара жағдайын айқындау мақсатында жол көлік оқиғасының механизмін немесе оның жекелеген элементтерін (фазаларын) сипаттайтын жағдайларды зерттейді. Көлік құралдарының белгілі бір жол учаскелерін жүріп өту уақытын, қозғалыс үшін оқиғаның алдын алу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды талап ететін қауіп туындаған сәтті анықтайды. Жол оқиғасының қажетті есептерін, модельдеуді және эксперименттер (жүргізуші оқиғаның алдын алу мүмкіндігі болған кездегі көлік құралы мен кедергінің өзара жағдайына), сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізушілердің қалыптасқан жол ахуалындағы іс-қимыл ережесін белгілеу мақсатында жол көлік оқиғаларына қатысушыларының іс-әрекеттерін зерттеуді жүргізеді (жүргізушінің көлік құралын басқару жөніндегі қандай іс-қимылдары қозғалыс үшін қауіп туындаған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесінде көзделген талаптарға сәйкес жол көлік оқиғасының алдын алуы мүмкін екенін). Жүргізуші қозғалыс үшін қауіптің туындауын, жүргізушінің көлік құралын және жол көлік оқиғасының салдарын басқару жөніндегі іс-әрекеттері не әрекет жасамауы арасындағы себептік байланысты білуі тиіс және білген кезде жүргізушінің қозғалыс жылдамдығын төмендету арқылы оқиғаны болдырмау немесе алдын алу үшін қажетті іс-әрекеттер жасау мүмкіндігін белгілейді. Техникалық деректер және объективтік заңдылықтарды есепке алуды пайдалану негізінде көлік құралдарының және басқа объектілердің қозғалысын сипаттайтын параметрлер мен коэффициенттердің мәндерін (ілініс, бәсеңдеу, шайқалу кедергісінің коэффициенттері), жол көлік оқиғасы болған сәтте жүргізушінің орнынан көру және шолу жағдайларын (жол оқиғасы туралы деректер және жүргізілген шолу нәтижесі бойынша), жол оқиғасының туындауына себеп болған немесе болуы мүмкін жол көлік оқиғасының алдындағы жол оқиғасына қатысты жағдайларды анықтау үшін жол көлік оқиғасының орнындағы жағдайды зерттейді. Жол көлік оқиғасының алдын алудың техникалық мүмкіндігін тек сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) көрсеткен бастапқы деректер бойынша ғана емес, сонымен қатар есептеу арқылы алынған деректер бойынша, оның ішінде оқиға ахуалының ұсынылған материалдардан туындайтын бірнеше нұсқасы бойынша анықтайды. Жүргізілген сараптаманың ғылыми негізділігін, толықтығын және дәлелділігін, сондай-ақ көлік құралдарының (автомото көлік, қалалық электр көлігі және өзі жүретін өзге көлік) қозғалысының қауіпсіздігіне және пайдалануға байланысты басқа мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді. Отандық және шетелдік арнайы әдебиетті, сондай-ақ компьютерлік деректер базасын зерделеу негізінде зерттеу жүргізеді және шағым талаптың негізділігі, көлік құралдарын жөндеудің қалпына келтіру құнының есебінің дұрыстығы, жол көлік оқиғасында келтірілген мүліктік шығынның мөлшерін анықтау жөнінде ұсынымдар береді. Сараптама жүргізудің мәнін және мақсатын, меншік иесінің автотехникалық сараптама объектісіне құқықтардың тиесілігін белгілеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Құқықтық сараптама жүргізу үшін автотехникалық сараптама объектісі туралы ақпаратты талдайды. Автотехникалық сараптаманың нысандары мен әдістерін негіздейді.Іскерлік байланыстарды жүзеге асырады, клиенттермен келіссөздер жүргізеді, белгіленген тәртіпке сәйкес жасалған шарттарды ресімдейді, олардың орындалуын бақылайды. Клиенттерге автотехникалық сараптама жүргізуге қатысты материалдары дайындау кезінде басшылыққа алу үшін қажетті болатын қолданылып жүрген ережелер және нормативтік құқықтық актілердің талаптары бойынша кеңес береді.Заңдардың және өзге нормативтік құқықтық актілердің сақталуын, сондай-ақ автотехникалық сараптаманы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді, сараптамалық қорытындылар, актілер жасайды және жүргізілген жұмыс туралы белгіленген есептілік жасайды.Сараптама барысында пайдаланылатын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтайды.

Білуге тиіс: Автотехникалық сараптамаға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдары, автотехникалық сараптама жүргізудің нысандары мен әдістері, автотехникалық сараптама объектілерінің құнын белгілеу бойынша жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, автотехникалық құралдардың тораптары мен агрегаттарының құрылысы, олардың жұмыс қағидаттары, туындауы мүмкін ақаулықтар мен олардың себептері, қазіргі заманғы көлік құралдары конструкцияларының ерекшеліктері және олардың қосымша жабдықтары, автомобильдердің басқарылу және беріктілігінің негіздері, автомобиль құралдарының жарақтандырылуына қарай «Автомобиль - жүргізуші - жол - қозғалыс орталығы» жүйесінің ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесін, көлік ағындарын басқару жүйесі, жол оқиғаларын модельдеуге, тежеу және тоқтау жолының ұзындығын белгілеуге байланысты есептер жүргізу әдістері, сараптама объектілерін пайдаланудың бәсекелестік туғызатын факторларын белгілеу тәртібі, кеден ережелері, автотехникалық сараптама объектілерін сатып алу-сату шарттарын жасау және меншік құқықтарын өткізуді тіркеу тәртібі, автотехникалық сараптама объектілеріне байланысты құқықтық мәселелерді реттейтін халықаралық шарттар мен келісімдер, көлік құралдарын бағалау нысандары мен әдістері, экономика және бухгалтерлік есеп негіздері, іскерлік қарым-қатынас этикасы, клиенттермен келіссөздер жүргізу ережелері, автотехникалық сараптама және автотехникалық сараптама нәтижелерін пайдалану саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибесі,құқық негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігі ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

І санаттағы автотехникалық сараптама жөніндегі маман (сарапшы автотехник): тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және автотехникалық сараптама мәселелері бойынша сараптамалық зерттеулердің барлық түрін шектеусіз жүргізу құқығы бар «І санаттағы сарапшы автотехник» бағдарламасы бойынша қосымша даярлығы, ІІ санаттағы автотехникалық сараптама жөніндегі маман (сарапшы автотехник) лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

ІІ санаттағы автотехникалық сараптама жөніндегі маман (сарапшы автотехник): тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жол-көлік оқиғалары себептеріне сараптамалық зерттеулер және олардың туындауына (көлік-трассологиялық зерттеулер жүргізу құқығынсыз) математикалық талдау жүргізуге құқығы бар «ІІ санаттағы сарапшы автотехник» бағдарламасы бойынша қосымша даярлығы, санатсыз автотехникалық сараптама жөніндегі маман (сарапшы автотехник) лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Автотехникалық сараптама жөніндегі маман (сарапшы автотехник): тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және көлік құралдарына сараптама жүргізу құқығы бар (жол-көлік оқиғаларының және көлік-трассологиялық зерттеулер тетігі жөніндегі қорытындысы жасау құқығынсыз) маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   117


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет