Бассүйек-ми жарақаты себептерінің ішінде басым бөлігін көліктік



жүктеу 30.29 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі30.29 Kb.

Бассүйек – ми жарақаты
Уәлі С.Қ.
Бассүйек - ми жарақаты - бассүйектің және бассүйекішілік түзілістердің (бас миы, ми қабықшалары, тамырлары, бассүйек нервтері) механикалық зақымдалуы. Ол барлық жарақаттардың ішінде 25-30 %-на, ал жарақаттар кезіндегі өлімнің 50-60 %-на ие. Жас жағынан жас және орта жастағылардың арасында өлім себебі ретінде жүрек-қантамыр және онкологиялық аурулардың алдында тұрады. Бассүйек-ми жарақаттары жиілігі мен нәтижесінің ауырлығына байланысты үлкен әлеуметтік маңызға ие. Бассүйек-ми жарақатын көбінесе әлеуметтік және еңбектік жағынан неғұрлым белсенді және маңызды топ – 50 жасқа дейінгі тұлғалар алады. Сонымен қатар, ол жоғарғы өлімге, жиі мүгедектікке және уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкелуіне байланысты да үлкен экономикалық шығынға алып келеді.

Бассүйек-ми жарақаты себептерінің ішінде басым бөлігін көліктік

(басты орында – автокөліктік), сосын тұрмыстық және өндірістік жарақаттар құрайды. Бассүйек-ми жарақатын ауырлығына байланысты үш кезеңге бөледі: жеңіл, орташа және ауыр. Жеңіл бассүйек-ми жарақатына жеңіл дәрежедегі мидың шайқалуы және соғылуы; орташаға – орта дәрежедегі ми соғылуы; ауырға – ауыр дәрежедегі ми соғылуы, диффузды аксональді зақымдалу және мидың қысылуы жатады.

Сонымен қатар, жабық және ашық бассүйек-ми жарақатын ажыратады. Жабыққа бас жабындарының бүтіндігі бұзылмаған немесе апоневроздың зақымдалуынсыз жұмсақ тіндердің жарақаттануларын айтады. Ашық бассүйек-ми жарақатына бассүйек күмбезінің сүйектерінің сынуымен бірге қасындағы жұмсақ тіндердің жарақаттары, қан кету немесе ликворреямен (мұрыннан немесе құлақтан) бірге жүретін бассүйек негізінің сынуы, және апоневроз зақымдануымен бірге бастың жұмсақ тіндерінің жарақатын жатқызамыз.



Белгілері. Бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін естен тану, есін жинағаннан кейін аздап шатасу, ориентацияны жоғалту, ретро- және антероградты амнезия байқалады. Науқастар күшті бас ауруы, жалпы әлсіздік, бас айналуы, құлақтағы шу, көз алмасындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауыр жағдайларда ұзақ уақытқа естен тану, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесінің жұмыстарының бұзылуы болады. Тыныс алудың қиындауы, жүрек соғысының жиілеуі, артериялық қан қысымының жоғарылауы байқалады. Жарақаттан кейінгі алғашқы сағаттарда көз алмасының тұрақсыз қимылы, көз қарашықтарының екіжақты тарылуы немесе кеңеюі, терең рефлекстердің жойылуы көрініс алады. Кейбір науқастарда апоневрозастылық, емізік тәрізді өсінді аймағындағы, орбита (көз) аймағындағы көрнекті гематомалар байқалады, мұрыннан, құлақтан, жұтқыншақтың артқы қабырғасынан ми сұйықтығы аралас қан кетуі мүмкін.

Шұғыл көмек. Бірден оқиға болған жерде науқасты шалқасынан немесе бір бүйірінен жатқызу қажет. Тасымалдауды тек жатқызған күйде жасау керек. Медициналық шаралар негізінен өмірге маңызды бұзылыстарды қалпына келтіруге бағытталған, яғни ауа өткізгішті енгізу, трахеяны интубациялау, жасанды тыныс алдыру. Науқастарға ауруды басатын дәрілер (2 мл 50 % анальгин ерітіндісін бұлшықетке), ісікке қарсы препараттар (20-40 мг лазикс – бұлшықетке), 20 мл 40% глюкоза ерітіндісін көктамырға енгізеді. Жиі науқастар алкогольдік мастық жағдайында болып, клиникалық көріністері әжептеуір дәрежеде өзгереді. Мұндай жағдайда 5-10 мл 0,5 % бемегрид ерітіндісін көктамырға енгізу қажет. Клиникалық диагнозды қойғанша немесе науқасты невропатолог немесе нейрохирург қарағанша қозуды басуға тыныштандыратын препараттарды қолдануға болмайды, себебі бұл препараттар ошақтық және жалпымилық симптомдарға әсер етіп, диагностикалық қателіктерге алып келуі мүмкін. Науқастың басында жарасы болса жарасын өңдеп, қан кетуді тоқтатып, асептикалық таңғыш салу керек.

Науқастарды неврологиялық немесе нейрохирургиялық стационарға жеткізу керек.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Дралюк М.Г. Черепно-мозговая травма. Учебное пособие – Ростов-на-Дону: Феникс, 2006.

  2. Клиническое руководство по черепно-мозговой травме. Том 1/ Под ред. А.Н.Коновалова, Л.Б.Лихтермана, А.А.Потапова – М.: Медицина, 2002.

Директору ГУ «ЦМК»



МЧС РК

Е.С.Искакову



Филиал ГУ «ЦМК» МЧС РК по ЮКО согласно плану работы со СМИ направляет Вам статью фельдшера БЭР Уали С.К. на тему: Черепно-мозговая травма.


Руководитель филиала: П.К.Байдуйсенов


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет