Бастауыш мектеп математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды қолданудың



бет1/17
Дата09.04.2022
өлшемі0.53 Mb.
#172676
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
данилевский учебник, инклюзивті ашық сабақ2 (1), 1, docx1542873904, Exercise 4 Kinetics of dissolution of solid substances, 7 лекция аналитикалық геометрия, Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары, 1 блок қашық стат физика пәні , 1 сем (3)

Мазмұны




Кіріспе




1.

Бастауыш мектеп математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды қолданудың теориялық негіздері




1.1

Пәнаралық байланыс туралы түсінік




1.2

Бастауыш сынып оқушыларына математиканы үйретуде пәнаралық байланыстарды қолдану мүмкіндіктері




2.

Бастауыш сынып оқушыларына математиканы үйретуде ән-күй және дене шынықтыру элементтерін пайдалану ерекшеліктері




2.1

Бастауышта пәнаралық байланысты пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамыту мүмкіндіктері




2.2

Музыкалық дағдыларды қалыптастыру - баланың тұлғалық маңызды қасиеттерін көрсету







Қорытынды







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі














Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;. оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу" - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құрулар өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін көтеруге, оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру әдістемесіне А.С. Егізбаеваның, Б.А. Қадырбаеваның, есептерді шешу кезінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі А.Ө. Байдыбекованың, Ш.А. Бакмаевтың зерттеу жұмыстарында қарастырылған [2-5].

Қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейіне сай біртұтас педагогикалық процесс кезінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру көзделуде. Пәнаралық байланысқа аса көңіл бөлген мынадай ұлы педагогтарды Я.А.Коменский, Д.Локк, И.Г.Песталоций, Ж.Руссо, К.Д.Ушинский [6-10] т.б. атауға болады. Я.А.Коменскийдің пікіріне сүйенсек: "Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі сондай байланыс күйінде оқытылуы керек ",-деп жазды.

Шығыстың Омар Хайям, Әл Бируни, Әл Фараби сынды ойшылдарымызды жалғастырушылар қоғам қайраткерлері Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаев [11-13] сияқты ақын, жазушыларымыздың еңбектерінде пәнаралық байланыс бастау алды. Сонымен қатар пәнаралық байланыстың жүзеге асырудың кейбір қырлары А.Б.Бейсенбаева, Т.Қ.Оспанов еңбектерінде қарастырылады [14;15]. Жалпы айтқанда, оқушылардың өмірлік көзқарастарын қалыптастыруда қазіргі мектепте пәнаралық байланыс басты орын алады. Бүгінгі таңда пәнаралық байланыс мектепте оқыту процесінің негізгі мәселесіне айналып отыр.

Білім саласы пән бойынша күтілетін нәтижелер білім мазмұнының жетекші компоненттері және «білім», «түсіну», «қолдану», «жоғары сипаттағы біліктер» деп аталатын категориялар арқылы бейнеленген. Ал бұлар өз кезегінде, пәндерді оқыту барысында, соның ішінде пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуын көздейді.

Зерттеу мақсаты - Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үрдісінде ән-күй және дене шынықтыру злементтерін пайдалану арқылы оқыту сапасын арттыру мүмкіндіктерін айқындау.

Зерттеу нысаны - бастауыш сыныптарда оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні - бастауыш сыныптарда пәнаралық байланысты пайдалану.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет