Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін жұмысының мәні



Дата13.05.2022
өлшемі16.99 Kb.
#173846
Байланысты:
Мақала


Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін жұмысының мәні

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде:Патриозммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе- мемлекеттік тәл мәселесі.Мемлекеттік тіл- бұл Отан бастау алатын Ту,Елтаңба,Әнұран секілді дәл сондай нышан. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс»,- деп оның қоғамдағы орнымен рөлін, қадір-қасиетін атап көрсетті.Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың сөйлеу мәдениетін көтеру,сауатты жаза алатын,өз ойын айқын жеткізе алатын азамат айқыни тәрбиелеу. Сондай-ақ Елбасы мемлекеттік тілдің біріктіруші факторға айналуы жөнінде нақты талаптар қояды: «Өсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз», - деген міндеттер қояды.

«Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты былайша анықталған: «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін меңгерген, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу», - деп есептелген. Ал оқытудың басты міндеттері екі бағыт бойынша анықталады, біріншісі, танымдық бағыт бойынша «оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдірумен» бірге «оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру» деп белгілесе, екіншісі тәжірибелік бағыт бойынша, «оқушыларға әдеби тіл нормаларын меңгерту мен тілдік жағдаяттарға лайық дұрыс қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету» деп есептелген.

Барлығымызға мәлім болғандай, адам барлық нәрсені алдағы қажеттілігіне жарату үшін үйренеді. Сол сияқты игерген икемділігі мен дағдысын өзінің шығармашылықпен қолдануына жаттығады. Сондықтан оқытудың негізгі шарттарының бірі - игертілген білім, икемділік пен дағдыларды, яғни тілді өз тәжірибесіне пайдалану. Ал тілді тәжірибеде пайдалану - сөйлеу, яғни қарым-қатынас жасау.Ауызша сөйлеу әрекеті жазумен байланысты игертіледі, сондықтан оқушылар ауызша, жазбаша тілдің ерекшеліктерімен, стилімен, жанрларымен таныстырылады. Сабақтарда оқушылардың сөздік қоры толықтырылып, жаңа сөздерді, сөз тіркестерін игеру арқылы белсеңді сөздіктері дамиды - мәтінді түсініп оқу және оның мазмұнын шығармашылықпен айтуға дағдыландыру арқылы тіл мәдениеті қалыптастырылады.Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Қазіргі заманның талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңғырту,өмір талабына орай дамыта оқыту,оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерді қоладанып заман ағымына жауап беруі мұғалімдерге жауапты істерді жүктейді.


Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,К.Аханов,Қ,Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде «тіл» ұғымының сан қырлы жағына тоқталады.Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілу – ғалым А.Байтұрсыновтан бастау алып, Қ. Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан.Бастауышта сынып оқушылары үшін сөйлеу тілі- білім алудың көзі болып табылады.Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдер баланың сөйлеуін жетілдірудің маңызын түсінуі тиіс. Оқушының сөйлеу тілінің дамуы жоғары болса, ол оның сыныптастарымен қарым-қатынасына, сонымен қатар мектепте нәтиежелі оқуына әсер етеді.

Бүгінгі таңда қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы, педагогика ғылымының докторы И.Нұғыманов пен 3.Қашқынбаева «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады» - дейді.

Ал А.А.Монтьевтің айтуынша, сөйлеу әрекеті, теориясына сай, барлық тілдік әрекет сияқты белгілі бір динамикалық құрылымда болады екен.

Психолог Т.Тәжібаев: Ауызша сөз бен жазбаша сөздің арасындағы үлкен айырмашылықтар бар, ол айырмашылықтар балалар тілінде айқын көрінеді – дей келіп, бұл айырмашылықтардың себебі жазбаша сөздің өзгешелігінде, оның механикалық құрылысының күрделілігінде дегенді айтады. Жазып сөйлегенде логикалық байланыс күшті сақталады. Ауызша сөздің бағыты да, мазмұны да әңгімелесуші оқушылардың пікіріне байланысты өзгеріп отырады.Ауызша сөйлеу – кезінде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күн сайын жиі қолданылатын сөздер болғандықтан деңгейлік тапсырмалардың барлық түрлерінде кездеседі. Пассив сөздер сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен күн сайын қолданылмайтын сөздер болғандықтан, ол шығармашылық деңгей тапсырмаларында ғана кездеседі. Мәселен, ғылыми-техникалық атаулар, лингвистикалық, фонетикалық т.б. атаулар. Сөйлеудің ерекше бір түрі жазбаша сөз. Бұл арнаулы әдістер арқылы мектеп қабырғасына келгеннен кейін меңгеріледі. Жазбаша сөйлеу адамның сөйлеуінің біршама дамыған кезінде ғана пайда болады. Қолға қалам-қағаз ұстап жазып үйренгеннен кейін басталады.

еу мақсатына жете алады.

Қазіргі кезеңде бұрынғы дәстүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-уақыт талабы.Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесінде де, сабақтың жүргізілу барысына да, жаңа талап, жаңа міндет әкелді. Бұл талап оқушының сөйлеу әрекетін жетілдіру болып отыр. Тіл үйрету үдерісіндегі ең белсенді заманауи әдістемелік тәсілдердің бірі-ақпаратты, инновациялық коммуникативті оқыту технологиясы. Осы технологияны тиімді қолдана білген ұстаз өз шәкірттеріне білім, тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы олардың бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, екеуара қарым – қатынас негізіндегі сөйлеу дағдысын жетілдіруге ықпал ете алады. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде білім беру-оқушыны ауызша (тыңдау, түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу, жазу) тарту яғни, оқылып жатқан тілде қарым-қатынас қалыптастыру деген сөз. Коммуникативті оқыту технлогиясы қазақ тілін оқытудағы оқу-тәрбие үдерісінің барлық мақсат міндеттерін қамтиды. Коммуникативті оқыту технологиясы оқыту процесінде маңызды рөлге ие. Әртүрлі әдіс тәслдерді оқушыларға тың мәлімет, қызықты тапсырмалар беріп отыру мұғалімнің ұйымдастыру қабілетіне тиесілі. Қазіргі заман талабы қазақ тілін білу болса оқушыларға қалайда жақсы меңгертем деген ұстаз оқытудың түрлі тәсілдерін қолданады. Қандайда бір әдіс болмасын, оның өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде ақпаратты инновация технологияларды қолдану барысында көптеген артықшылықтарға көз жеткізілді. Заман талабына сай қазіргі мектептерде білім мазмұнын оның құрылымдық жүйесін жаңарту білім реформасының басты талабы. Талапқа сәйкес оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы, олардың сөйлеу дағдысын дамыту, қажетті жағдайларда шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, білім беру жолдарын қарастыру әр ұстаздың міндеті.



Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту біздің алдымыздағы басты міндетіміз. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістікке жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық д тиімді қолдану қазіргі заман талабы.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет