БастыБалабақша жайында ақпаратҰстаздар ұжымыБайланыс ақпараты



Дата04.12.2018
өлшемі40.5 Kb.
#56138






Тренинг

"Достық бірлікте"
Психолог: Токсеитова Ж.А.
2016-2017 оқу жыл
Мақсаты:Балалардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру,ұсақ қол моторикасын дамыту.Балалардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату,бір-бірін сыйлауға,адал дос болуға үйрету.

Қажетті құралдар:Екіге бөлінген суреттер,жапырақтар,доптар,желім
Тренингтің  жүрісі:
Психолог:Балалар,бүгінгі тренингіміздің шаттық шеңберін амандасумен бастайық.Ортада тұрған қорапша ішінде екіге бөлінген суреттер бар,сол суреттерді бір-бірден алып,өзіміздің суретіміздің сыңары бар баламен амандасамыз.

Психолог:Сәлем дос!(қол алысып)

Қал қалай?(иық қағысып)

Қайда болдың?(қол сілкіп)

Сағындым!(қолдарын жүрек тұсына қойып)

Сен келдің!(құшағын ашады)

Жарайсың!(құшақтайды)

(Балалар орындайды)



Психолог:Балалар,бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Достық бірлікте» деп аталады.Дос деген бір-бірімен қамқор болу,бірге ойнау ,кешірімді болу.                     Достар бір-бірімен тату болуы тиіс.Дос ақылщы ,сырлас,жақын ,қайырымды ,мейірімді ,адал болуы керек.Осы қасиеттер бойларыңнан табылғанда ғана достықтарың берік болады.
Психолог:Олай болса достық туралы « Досыңа адал бол» атты  ертегі тыңдап көрейік.

Ертегі оқытылады.


Ертегі желісі бойынша балаларға сұрақ қойылып,балалар жауап береді.

Психолог:

-Балалар енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын «Досыңды дауысынан таны»



Ойын жүрісі: Бір бала ортаға шығарылып көзі байланады.Артынан бір бала келіп «Досым мен кіммін?» деп айтады.Оның кім екенін дауысынан табуы керек.
Шығармашылық жұмыс «Достық ағашы»
Психолог:

Олай болса мына үстел үстінде  тұрған  жапырақтары жоқ ағаш бұтақтарына ,өздеріңде қанша дос болса сонша жапырақты жабыстырасыңдар.


Ойын «Шулағыштар мен тынышталғыштар»

Ойын жүрісі:Қызыл белгі көрсетілгенде балалар шулап,айналып,айқайлайды,ал жасыл белгі көрсетілгенде балалар тынышталып отыра қалады.


Жаттығу «Түсті доптар»

Балалар отырып алақандарын  бұжыр доппен уқалайды,сосын бір-бірінің арқасын уқалайды,сосын аяқтарын уқалайды.

Қорытынды:



Психолог: -Балалар сендер әрқашан да бір-біріңмен дос тату болыңдар,достарың көп болсын деген тілекпен тренингімізді аяқтаймыз.







МҚКК «Құлыншақ балалар бақшасы»

Тренинг

"Достық бірлікте"

Өткізген:Токсеитова Ж.А.

Жаңа –Қима 2016-2017 жыл


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет