«Батыр мамандықты игерген жандар» тәрбие сағаты



Дата02.02.2022
өлшемі18.12 Kb.
#170293
Байланысты:
сценар Өрт


«Батыр мамандықты игерген жандар» тәрбие сағаты
Мақсаты: Балаларды өрттен сақтану жолдарына үйрете отырып, қауіпсіздік шараларын түсіндіріп меңгерту. Өрт сөндіруші мамандығын құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Ойындар арқылы өрттен сақтану, өзін, айналадағыларды қорғаудың алғашқы шараларын орындауды машықтандыру. Үйренуге, білуге қызығушылығын дамыту.
Залға балалар келіп, орындарына отырады.
Жүргізуші: Отпенен сен ойнама,

Өрт шалады айнала.

Ол-«тілсіз жау» біліп қой,

Қызық көрем деп ойнама. – деп, балалар бүгінгі шарамызда өрттің жаман екенін

түсініп, өрттен сақтану жолдарымен таныс боласыңдар. Өрттен сақтану жолдарын

қаламыздағы өрт сөндіру бекетінде қызмет атқаратын, батыр мамандықты игерген ....

ағамызды қошеметпен қарсы алайық

Өрт сөндіруші келеді, арнайы даярланған орынға отырады.



Жүргізуші: Қош келдіңіз,

Ересек адамдар «Өртті тілсіз жау» дейді. Балаларға батыр мамандықты игерген жан ретінде өрттің жамандығын түсіндіріп беріңізші.

Өрт сөндіруші өрт туралы түсіндіреді.

Жүргізуші: Рахмет сізге.

Балалар, экранға назар аударайық та, өрт сөндірушінің қызметімен таныс болайық.



Бейнефильм «Өрт сөндіру кезінде» көрсету.

Жүргізуші: Міне батырлық қайсарлық мінезімен өртті сөндіріп, адамды үйді табиғатты аман сақтап қалатын батыр ағаларымыздың еңбегін құрметтеп, сыйлаймыз

Тақпақтар

Асылхан

От жақпа! Күйерсің!

Өртеніп жүрерсің.

Сіріңкені ұстасаң.

Бәлеге сен түсерсің.

Өрт деген – тілсіз жау,


Міндет оны болдырмау.
Қауіпсіздік шарасын,
Қажет екен ұмытпау.

Айкөркем Н

Не күтерін білмейміз, бізді алдан?

Кім құтқарар біздерді «тілсіз жаудан»?

«101»-ге қоңырау соғып көмек сұра,

Өрт сөндіруші, жүректі, батыл жаннан.

Маулен

Қорғап өрттен даламды,


Қорғап өрттен қаламды
Аман сақтап қаламын,
Өрт сөндіруші боламын.

АйкөркемЖ

Қорықпайтын батырлар .

Өртті лезде сөндіріп,

Өрт сөндіруші батырлар

Өрттен бізді қорғайды  



Хор «Жас дәуірдің түлегіміз»
Жүргізуші: ...... балаларға өрттен сақтану әрекеттері туралы әңгімелеп берсеңіз
Ойын «Өрт сөндіруге не керек?» құралдарды атау
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар осындай құралдарды пайдаланып өртті сөндіреді екен.

Ойын: «Не істейсің? Егер....» жағдаяттар айтылады, балалар түсінігін айтып береді,

ал өрт сөндіруші дұрыс-бұрыс жауабын талқылайды



тақпақтар:

Томирис
Өрт пен түтін айнала.

Қарап тұрма жай ғана.

Тез хабар бер 101-ге.

Уақытты сен байлама.

Ару

Үтікпен киім басарда,



Сақтық керек саған да.

Мұқият бол қашанда.

Үйде жалғыз қалғанда.


Ойын «Болама – болмайма»
Жүргізуші: Балалар «Өрт – тілсіз жау» деп бекер айтылмаған. Өрт өте қауіпті. Одан әрдайымда

сақтанып жүруіміз керек. Өрт жолындағы тұрған ештеңені қалдырмайды, бәрін өртеп

күлге айналдырып жібереді. Өрт сөндіруші ағамыздың үйреткен өрттен сақ болу

жолдарын ұмытпаймыз. Өзімізді, туыстарымызды, достарымызды өрттен қорғауды

үйрендік.
Ән «Болайықшы осындай»
Жүргізуші өрт сөндірушіге ризашылығын білдіріп, жақсы тілек айтады



Қорықпайтын батырлар .

Өртті лезде сөндірер,

Бізді өрттен қорғайтын  

Өрт сөндіруші батырлар


От жақпа - пісерсің,
Ор қазба – түсерсің.
Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – күйерсің.

От пен су – тілсіз жау.





Балалар

1) Ең бірінші 101 құтқару қызметіне қоңырау шаламыз.

2) Үйімізде құм, су, күрек, киіз, жалын сөндіргіш , противогаз т.б. заттар болғаны жөн.

3) От, сіріңке жаққанда абай бол!

4) Электр желісін дұрыс пайдаланбасаң да өрт шығуы мүмкін.

Ойын «Не істейсің? Егер ...»

1.Өрт шықса ... (101-ге хабар беремін)

2.Бөлме түтінге толған жағдайда ... (есікке қарай еңбектеу керек)

3.Теледидардан түтін шықса (оны өшіріп, киізбен жабу керек)

4.Мал қорада шөп жанса ... (топырақ шашу, су құю керек)


ОЙЫН Сұрақтар
Өрт болғанда 101-ге қоңырау шалуға болады ма?
Өрт кезінде төсектің астына, шкафка тығылуға болады ма?
Үлкендерді айғайлап шақыруға болады ма?
Өрт шыққан жерде қалуға болады ма?
Өрт кезінде терезе, есікті ашуға болады ма?
Өрт кезінде су немесе құм, топырақ шашуға болады ма?
Жанып тұрған сіріңкені жерге тастауға болады ма?
Басымызды, бет аузымызды ылғалды сүлгімен орауға болады ма?
Өрт кезінде электр жүйесін пайдалануға болады ма?
Көршілерді көмекке шақыруға болады ма?


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет