Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан ұлын қырқынан шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жұлдызды жұп Ерке мен Raim ұлды болған еді. 

“Исламды қырқынан шығардық. Өзіміз үйде тып-тыныш қана. Әкесі артынан барлық қуанышымызды бөлісіп, бір той жасаймын деп отыр. Бәрінен бұрын 40 күндік міндетімнен құтылдым. Енді қыдырамын”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ әнші жаңа жылды төркінімен бірге қарсы алғанын айтты. “12 ден кейін үлкендерді құттықтап шықтық”, – деп жазып, анасының үйінен видео жүктеді.  

Еске салайық, әнші жарын халық алдында еркелетіп, ән арнағанын жазған болатынбыз. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.