Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық


Қосымша: Білім беру саласы: Таным



жүктеу 0.57 Mb.
бет3/3
Дата19.09.2017
өлшемі0.57 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3

Қосымша:
Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекет түрі: Компьютерлік сауаттылыққа үйрету, қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Қыс қызығы

Мақсаты

  • Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінде қармен не істейтіндерін естеріне түсіріп айтқызу. Компьютердегі тапсырмаларды, дидактикалық ойындарды орындай білу мүмкіндіктерін жетілдіру.

  • Қыс мезгілі туралы берілген тапсырмаларын орындату. Электрондық оқулықтағы тапсырма бойынша «Лелик» атты баланы қыс мезгіліне байланысты дұрыс киіндіре білу. Аққала құрастыруда қолданған заттарын атай білу арқылы сөздік қорларын дамыту.

  • Қойылған сұрақтарға толық жауап беру, құрбыларымен қатынас жасап, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру. Жан – жақтылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Балалардың логикалық ойлау қиялдарын дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте қолданылатын педагогикалық технологиялар:АКТ, ойын технологиясы.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі : Білімді тиянақтау

Әдіс -тәсілдері: Ой қозғау, түсіндіру, бақылау, компьютермен жұмыс, электронды оқулық «Лелик» қыс мезгілі, логикалық ойындар.

Оқыту құралы: Компьютерлер, интерактивтік тақта, үлестірмелі дидактикалық ойындар

Билингвальдық компонент: Аққала-снеговик- snow, қар-снег- man, қыс-зима-winter.

Іс-әрекет кезеңдері


Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғаушылық

Сәлематсыздарма балалар!

Здравствуете дети!

Goodmorning!

Шаттық шеңбері

Қолымды мен бұлғайын

Қасымда тұрған көршімнің

Маңдайынан сипайын

Күлімдеп бір қарайын

Амандасып алайын



Сәлематсыздарма

Здравствуете

Good morning!

Балалар сөздерді мұғаліммен қайталау арқылы амандасады.




Іздену ұйымдастырушы

Балалар бүгінгі «Таным» саласы бойынша оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы не туралы екенін бірге табайық.

-Балалар енді мына интерактивтік тақтаның экранындағы суреттерге назар аударайық.

-Суреттегі балалар не істеп жатыр?

-Балалар жылдың қай мезгіліне байланысты киінген?

-Жарайсыңдар балалар, сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.

- Сонымен біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы жылдың қай мезгіліне арналады деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс таптыңдар балалар, жарайсыңдар.

-Бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы «Қыс қызығы» деп аталады.
-Енді әрі қарай оқу іс - әрекетімізді жалғастыру үшін, мына электрондық почтамызды қарайық. Біздерге Санта клаус хат жолдаған.

Хаттың мазмұны



Құрметті балалар !

Жаңа жылда сендер маған хат жолдайсыңдар. Енді мен сендерге хат жазып сол хатыммен бірге тапсырма беріп жібердім. Осы тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар мен сендерге жаңа жылдық сыйлықтар алып келемін. .

Сәлеммен Санта клаус.
1 тапсырма. Санта клаустың тапсырмасын орындаймыз ба?
-Бірінші тапсырма қыс мезгіліне байланысты жұмбақтың шешімін табу.

Жұмбақ (видео бейне арқылы жасырылады)

1.Түсі ақ, секерде емес, мақтада емес.Ол не?


-Дұрыс
2. Қыс мезгілінде болады, алақанға түссе еріп кетеді. Ол не?

-Дұрыс


3. Айнала аппақ қар, балалар қызықтап аққала жасауда. Ол жылдың қай мезгілі?

4. Бұл мереке жылына бір рет болады,өзі бізге қуанышын алып кеште келеді.Ол қандай мейрам?

-Жарайсыңдар. Барлық жұмбаққа дұрыс жауап бердіңдер. Келесі орындайтын тапсырмаларың
2-тапсырма. Дидактикалық ойын «Аяз атаға жол көрсету»

Бұл ойынның шарты қалам арқылы 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қосып үш тілде санау.



3-тапсырма. Дидактикалық ойын «Смайликтер» Бұл ойында өзге көптеген суреттердің арсынан тек қана қыс мезгіліне байланысты суреттерді тауып смайликтерді орналастыру керек.
4-тапсырма. Электронды оқулық бойынша компьютерде дамыту ойыны «Лелик» қыс мезгілі
-Балалар сендер Леликпен жылдың әр мезгілінде кездесіп тұрасыңдар. Енді қыс мезгіліне байланысты Леликті жылы киіндіріп аққаланы үлгіге қарап құрастырасыңдар.
- Ойын кезінде компьютердің қай құрылғысымен жұмыс жасадыңдар?
-Леликке қандай киімдер кигіздіңдер?
-Аққаланың мұрнына не қондырдыңдар?
-Жарайсыңдар берілген тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Енді шаршаған боларсыңдар сергіту жаттығуын жасап демалып алайық.

Сергіту сәті: «Шырша»
5-тапсырма.

Интерактивтік тақтамен жұмыс:

Қыс мезгіліне байланысты суретке қарап әңгіме құрастыру




-Балалар суреттерге назар аударады.

-Балалар аққала жасап жатыр, кішкентай балаларды шанамен сүйреп жүр,біреулері шаңғы теуіп,коньки теуіп қыс мезгілін қызықтап таза ауада ойнауда.

-Қыс мезгіліне байланысты киінген
-Қыс мезгіліне
Санта клаус балаларға өз құттықтауын интерактивтік тақта арқылы оқиды.

-Хаттың мәтінін балалар тыңдап қуанады.


-Иә




Қар


Мұз таяқшасы
Жылдың қыс мезгілі

Жаңа жыл мейрамы

-Тапсырманы орындаған балалар 1-ден 5-ке дейін үш тілде санайды

- Әр баланың қолына 10 данадан смайликтер және түрлі суретті лото қағаздары беріледі. Балалар тапсырманы орындап смайликтерді қыс мезгілі суреттеріне орналастырады.


-Компьютерді іске қосып балалар Лелик ойнын ойнауға дайындалады.
-Леликті қыс мезгіліне байланысты жылы киіндіріп аққаланы үлгіге қарап құрастырады.

-Компьютердің тінтуірімен жұмыстандық

-Жылы киімдер кигіздік

-Аққаланың мұрнына сәбіз қондырдық

-Балалар сегіту жаттығуын видео роликтегі шыршаның қимылдарына қарап жасайды
-Балалар суретке қарап әңгіме құрастырып айтады.




Рефлексивті

коррекциялаушы

-Есік қағылады.

-Балалар біздерге Санта клаус келіп қалған сияқты.Есікті ашайық.

- Қолында балаларға сыйлықтар салынған қоржыны бар Санта клаус кіреді.

-Санта клоус сөзі: Менің тапсырмаларым бойынша бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбын қаншалықты меңгергендерді сұрақтар қою арқылы білгім келіп тұр. Балалар менің сұрақтарыма жауап беруге дайынсыңдар ма?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Компьютерде қандай тапсырмалар орындадыңдар?

-Лелик ойыны ұнады ма?

-Қыс мезгілінде ойналатын қандай ойын түрлерін білесіңдер?

-Жарайсыңдар балаларым барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

-Мынау менің сендерге арнаған сыйлығым деп сыйлығын табыстап балалармен қоштасып кетеді.

Сау болыңыздар!


-Балалар Санта клоустың келгеніне қуанады
-Дайынбыз
-Қазір жылдың қыс мезгілі

-Леликті қыс мезгіліне байланысты киіндіріп, аққала құрастырдық.

-Ұнады.

-Аққала жасау, мұзға сырғанау, шаңғы тебу т.б.



-Балалар Санта клоустың әкелген сыйлықтарына қуанып,шынайы махаббатқа толы бала жүректерімен алғыстарын жаудырды.

-Сау болыңыз!




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды үш тілде санауды біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсініктерді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз беттерімен логикалық, дидактикалық тапсырмаларды компьютердің, интерактивті тақта көмегімен орындай білуді.
Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастрылған оқу іс-әрекеті: компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәні

Тақырыбы: Пернелік тақтаның қызметі.

Мақсат-міндеттері:

  • Пернелік тақтайшаның сандық бөлімін көрсетіп таныстыру 0-саны мен цифры.1-саны мен цифры.

  • Балаларды пернелік тақтайша қызметімен таныстыру.

  • Компьютерде ойын ойнаған кезде тәртіп сақтау ережелерін сақтай

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: компьютердің құрамды бөлігінің бір түрі пернелік тақтайшамен танысамыз.

Билингвальдық компонент: Клавиатура-клавиатура, клавиатура-keyboard


Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалім әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

-Балалар,қане,амандасайық!



Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой, Ал, қанеки бәріміз, Сәлем дейміз үлкенге Сәлеметсіз бе!


Іздену ұйымдастырушы


Балалар мен сендермен тағы да кездескеніме қуанып тұрмын .

-Олай болса экранға назар аударыңыздар.Слайд арқылы түсіндіріледі.

-Кәне, балалар бірге

қайталап отырайық пернелік тақтайша.Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.

-Пернелік тақтайша жазу машинкасіне ұқсайды.Оның көптеген пернесі бар. Тақтайшаның оң жағында орналасқан кішкене бөлігінде сандар пернесі.Сол жағында әріптер пернесі тіл сызықтар

пернесі, енгізу пернесі (ENTER).

«Бос орын» пернесі, «Shift»-пернесін басу арқылы БАС ӘРІПТЕР жазылады. «CAPS LOCK»-арқылы БАС ӘРІПТЕРДІ жазуға болады.

-Сонымен,пернелік тақтаның негізгі қызметі мәтін мен цифрларды енгізу.Пернелік тақтайшаның көмегімен 0-1 цифрларын енгізіп үйренейік.



Сергіту сәті:

Қарылғаштай болайық,

Тұрып қанат қағайық.Аяқ басып,қозғалып,

Тез жаттығып алайық.

Бір ,екі,үш,бір,екі,үш,

Орнымызға қонайық.

Компьютер бөліктерін өздеріне сәйкес түстермен боя.

Компьютерде 5-10 минут ТРАМПЛИН ойынын ойнау. Балалардың есте сақтау қабілеттерін жаттықтыру.


Балаларда қуаныштарын білдіреді.

Экранға назар аударып пернелік тақтайша деп қайталайды.

Балалардың жауабы тыңдалады.


Балалар пернелік тақтайшаға қарап назар аудару арқылы қайтлап жаттап отырады.

Балалар жауабы цифлар мен әріптер деп қайталайды.


0-1цифрларын енгізіп үйренеді.

.

Қимылдары арқылы сергіту жаттығуын жасайды.


Балалар дәптермен жұмысқа кіріседі.
Пернелік тақтайшаның тіл сызықтарын пайдалана отырып баланы жол тауып жолбарыстар қасына апарып жеңіске жету.


Рефлексивті

коррекциялаушы

-Компьютердің қай құрамды бөлігімен таныстыңдар?

-Тіл сызықтары қалай бағытталады?

-Сандар пернесі неге ұқсайды?

-Ойын ойнағанда тіл сызықтарды не үшін қолдандыңдар?



-Пернелік тақтайшамен таныстық. Тіл сызықтары оңға,солға,төменге, жоғарға бағытталады.

Баланы әр түрлі бағытқа бұру арқылы керек жерге жеткізу үшін тіл сызықтарын қолдандық.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Перне атауларын біледі

Қандай түсініктерді игерді: Перенелік тақтайшадағы пернелердің атқаратын қызметін түсінеді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Перне тақтамен жұмыс дағдылары қалыптасады

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық, денсаулық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрлері: Компьютерлік сауаттылыққа үйрету, Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, музыка, дене шынықтыру.

Тақырыбы: Пішіндер еліне саяхат

Мақсат-міндеттері:

  • Компьютердің мүмкіндіктерін пайдаланып, әр түрлі геометриялық пішіндерден түрлі фигуралар құрастыру арқылы балалардың танымдық деңгейлерін анықтау.

  • Бүлдіршіндердің компьютермен жұмыс жасау қызығушылықтарын ояту, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

  • Геометриялық фигураларды дұрыс сәйкестендіру және орынды орналастыру әрекеттері арқылы балалардың логикалық,шығармашылық, жылдам ойлау қабілеттерін дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің оқыту технологиясы:

Ақпараттық коммуникациялық технология, ойын



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің оқыту құралдары: Интерактивті тақта, компьютерлер, пішіндердің шаблондары.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті, бақылау, практикалық , білім сапасын мониторингісін автоматтандыру.

Билингвальдық компонент: Компьютер-компьютер-komputer, тінтуір-мышь- mouse

Іс-әрекет кезеңдері


Мұғалімнің іс- әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық


«Шаттық шеңбер»:Балалар қолдарын ұстап бір-біріне ізгі сөздер айтып көңілдерін көтереді

(Әдепті, ақылды, мейірімді, сабыр,әдепті ,білімді,самақты)


Іздену ұйымдастырушы

Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз өте ғажап боладыдеп ойлаймын. Себебі, біз бүгін компьютердегі ойындар арқылы пішіндер әлеміне саяхатқа барамыз. Ендеше, балақайлар пішіндер әлеміне қош келдіңдер!

Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

-Жақсы, жарайсыңдар!

- Отырғыштың пішіні қандай геометриялық пішінге ұқсайды?



-Бауырсақтың 1-ші терезесі қандай геометрилық пішінге ұқсайды?




-Ойын алаңынан неше дөңгелек көріп отырсыңдар?


Балалар,жарайсыңдар.Сендер пішіндерді дұрыс таптыңдар

Сергіту сәті

-Компьютер бөліктерін атаңдар.

-Енді алдымыздағы мониторға назар аударайық. Компьютердің тышқанының сол жақ батырмасын пайдалана отырып

”Мұз құпиясы” атты ойынын

Ойнайық.

-Ойынның шарты бойынша қаншалықты дұрыс құрастырсаңдар,түстерін ажырата білсеңдер.Компьютер сендерге автоматты түрде балл қойып отырады.



Көзге арналған жаттығу

Балалар, оқу іс-әрекетіне қызығушылық танытып, пішіндер әлеміне саяхатқа дайындалады.



autoshape 9autoshape 11rectangle 10oval 12rectangle 14oval 13

-Отырғыштың пішіні тіктөртбұрышқа ұқсайды.

-Бауырсақтың бірінші терезесі үшбұрышқа ұқсайды

-Ойын алаңынан үш дөңгелек көріп отырмыз

Сергіту жаттығуын музыкамен интерактивтік тақтаның экранына қарап отырып жасайды

-монитор,пернелік тақтайша,тышқан

-Мониторға назар аударады.
«Мұз құпиясы» атты ойынды ойнауға дайындалады.
-Ойынның шартын түсініп алғасын іске кіріседі.

Балалар музыкамен жаттығуды ережеге сай мұғаліммен бірге жасайды.



Рефлексивті жинақтау кезеңі


-Ойынның шартында ненің суретін құрастырдыңдар?

-Өздеріңе таныс қандай геометриялық пішіндерді пайдаландыңдар?

-Пішіндерді реттеу кезінде тышқанның қай батырмасын пайдаландыңдар?

-Өте жақсы, балалар. Сендер геометриялық пішіндерді жақсы біледі екенсіңдер.Балықты,ұлуды,

бақаны тез құрастырдыңдар. Жақсы ұпай жинадыңдар.

Пішіндерді жақсы ажырату арқылы ойындардың шарттарын тез әрі дұрыс орындадыңдар.

Саяхатымыз тамаша болды. Талаптарың таудай болсын!

Балалар мадақталады.




-Балық,ұлу,бақа суреттерін құрастырдық.

-Үшбұрыш,дөңгелек,тіктөртбұрыш және т.б.

-Пішіндерді реттеу кезінде тышқанның сол жақ батырмасын пайдаландық.

Саяхаттан алған әсерлерін айтып,қызықтарымен бөліседі.





Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Геометриялық пішіндерді, түстерді ажырата біледі.Компьютердегі ойынның атауларын атай алады.

Қандай түсініктерді игерді:Пішіндердің әртүрлі ал,заттардың пішіндерге ұқсас болатынын
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз беттерімен іс-әрекет жасауды.Компьютермен дұрыс жұмыс істеуді.

Компьютердің қайда қолдануы туралы суретке қарап әңгімелеу.


Сурет бойынша компьютер сыныбында не істеуге болмайды?






Сурет бойынша компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережесін түсіндір.




Суретке қарап көзге арналған жаттығуды қайтала




Көздің көмегімен біз нені көреміз?




Үлгіге қарап геометриялық фигураларды пайдаланып суретті құрастыр





Пернетақтамен танысу.Кеңістікті бағдарлау





Қатты және жұмсақ дискілер



Бірдей екі пішінді боя


Ауыр. Ең ауыр.

Жеңіл. Ең жеңіл.

Күні бойы аралар гүл алаңында ұшып жүрді. Олар одан бал жасайтын нәр жинап жүр. Аралар шаршағандарына қарамастан өте риза, себебі әрқайсысында шелектері толы нәр. Сен қалай ойлайсың, қайсысының жүгі ауыр, қайсысынікі – жеңіл? Ең ауыр шелекке қызыл гүл, ең жеңіл шелекке – сары гүл сал.




Үлгіге қарап боя, ұқсас денелерді жалға, сана




Үйректерді үлкеннен кішіге қарай орналастыр












Ішінде. Сыртында.

Аңдардың балалары тығылмақ ойнап жүр. Бұл олардың жақсы көретін ойыны. Олар ауланың ішінде жүгіреді және тығылу үшін әртүрлі орындар табады. Енді олардың қай жерде тығылатындығын көрсет. Кәрзеңкенің ішінде тығылған мысықтың баласын сұр түспен, кәрзеңкенің сыртында отырған мысықтың баласын қоңыр түспен боя.






Шеңбер. Доға. Үшбұрыш.

Төртбұрыш. Тікбұрыш.
Қарғаның балалары геометриялық фигураларды үйреніп отыр. Әрқайсысының тұмсықтарында ұстап тұрған фигураларға ұқсас заттарды табуға арналған тапсырмасы бар. Заттарды табу үшін қарғаларға көмектес. Әр түрлі түстердегі фигураларды заттармен байланыстырып жалғастыр. Әрбір фигуралардың атын ата және боя. Геометриялық фигураларға ұқсас тағы қандай заттарды білесің?




Биік. Ең биік.

Аласа. Ең аласа.

Қанқоңыз үйіне ұшып барады. Ол өте асығыс. Қанқоңыз өзінің балаларына тәттілер апара жатыр. Оның үйі өте ыңғайлы, биік те, аласа да емес. Оның үйінің шатыры қызыл түсті емес. Қанқоңыз тұратын үйді боя. Ол қай үйге баратынын сызықпен көрсет. Ең биік және ең аласа үйдің шатырлары қандай?






Біркелкі. Әртүрлі. Сол сияқты
Мысықтың баласы балықтарға қарағанды жақсы көреді. Ол өте байқампаз. Мысықтың баласы бір аквариумда барлығы бірдей балықтар жүзіп жүргендігін байқады. Ал басқасында әртүрлі. Бірақ бірінші аквариумда дәл сол сияқты бір балық бар. Ал, сен біркелкі балықтарды көрсете аласың ба? Оларды сары түспен боя.

Қорытынды


Қосымша 2. Информатика оқу іс әрекетінде қолданылатын көзге арналған жаттығулар
Көздің шаршағанын басады және қырағылығына әсер етеді. Әр қимылды бұлшық етті қатайтпай, көзді сығырайтпай, еркін, 5-6 реттен рахаттана орындаймыз.

Көзімді жәймен жұмамын

Жұмып қатты қысамын

Көзімді ашып, жыпылық қағып

Қабақты түйіп тұрамын

8 санын көзіңмен бірнеше рет жүргіз

Қолымды қатты ысумен

Қыздырып бір аламын

Жәй жұмылған көзімді

Алақанмен басамын

1,2,3,4 деп

Көзімді ашып аламын

Көзімізді қимылдата отырып айтамыз.

Оң құлағым қайдасың,

Сол құлағым қайдасың

Көре алмай сендерді

Қараймын алға мен енді

Көзді жыпылықтату.Тез-тез кірпік қағамыз.


Үлкен шеңбер. Сағаттағы цифрларды сағат тілі бойынша, одан кейін қарсы бағытта қарап шығамыз. (2 рет)
Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз
Монитордан теріс қараңыз да, көзіңізді жұмып, ашпай тұрып 10 рет жылдам көзіңізді қысыңыз.
Әдемі бір суретке немесе терезе сыртындағы көрініске байыппен назар аударыңыз. Көзіңізді 10-20 секундқа жабыңыз. Денеңізді еркін ұстап, жақсы тыныққаныңызды сезініңіз!
Қосымша 3: Информатика оқу іс әрекетінде қолданылатын қол саусақтарына арналған жаттығулар
1.Не қажеттің бәрін аламыз. Қолды алға созып, қатайтпай бос ұстаймыз. Жұдырықты тез жұм, алақанды аш.
2.Білезікті ию. Қолды алға созып, қатайтпай, бос ұстаймыз. Білекке жетуге тырысамыз: алақанмен, алақанның сыртымен, шынашақпен, бас бармақпен.
3.Саусақтың бірінші жаттығуы. Алақаныңды үстелдің үстіне қой. Әр саусағыңды кезекпен көтер, түсір.
4.Саусақтың екінші жаттығуы. Шынтақты бүгіп, алақанды бір-біріне қарсы көтеріп, қолдарыңды солға қой. Саусақты кезекпен бүк, жаз.
5.Саусақтың үшінші жаттығуы. Шынтақты бүгіп, қолдарыңды үстелге қой. Саусақтарыңды алақаныңа баяу «сырғанатып» төмен жылжыт, дәл осылай саусақтарыңды жоғары жылжыт. (алақанды жаз).
6.Саусақпен шерту. Қолды алға созып , қатайтпай бос ұстаймыз. Әрбір саусақты сілкеміз.
7. Екі алақанды столдың үстіне жартылай бүгіп қоямыз. Саусақтарды кезекпен-кезек тырсылдатамыз.




Каталог: storage
storage -> Перспективы развития угольной промышленности
storage -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің
storage -> Техникалыќ жјне кјсіптік білім беретін кјсіптік оќу баєдарламаларын жїзеге асыратын білім беру ўйымдарына оќуєа
storage -> Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі
storage -> Қазақстан республикасының Қосымша білім беру педагогикалық Қызметкерлерінің секциясы «Қосымша білім беру саласын жаңҒырту арқылы білім алушылардың ҚОҒамдық санасын қалыптастыру»
storage -> Бағдарламасы өткізу орны: Астана қ., ҚР инвестициялар және даму министрлігі Өткізу мерзімі: 2016 жылғы 18 қараша
storage -> Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру 12 сәуір 2017 ж
storage -> Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған
storage -> «Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №123 Қаулысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет