Гаитилік банда Кариб теңізінде орналасқан мемлекет астанасындағы түрмеге баса көктеп кірген. Оқиға сенбі күні кешке, мемлекеттің премьер-министрі бандитизммен күресу үшін Гаитиде халықаралық контингентті орнату туралы келіссөздер жүргізу үшін Кенияға барғаннан кейін болған. Осыдан кейін “Барбекю” лақап аты бар қарулы топтың жетекшісі премьер-министрге соғыс жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: dknews

Түрмеге шабуыл жасалғаны белгілі болған соң жексенбі күні оқиға орнына халықаралық агенттіктердің жергілікті тілшілері келді. AFP агенттігінің мәліметінше, түрме қақпалары ашық, ал олардың жанында оннан астам мәйіт жатыр. Алайда Reuter басылымы аулада тек үш тұтқынның денесі жатқанын жазды.

Банда түрмеге баса көктеп кірген күні Круа-де-Буке қаласындағы абақтыға да шабуыл жасалған. Круа-де-Букедегі түрмеден қанша адамның қашып кеткені әзірге белгісіз. Гаитидегі абақтыда 3800 тұтқын отырған. Reuters агенттігінің мәліметінше, олардың 99-ы камераларда қалған. Айтуынша, оққа ұшпас үшін олар түрмеде қалуды жөн көрген. Олардың арасында 2021 жылы шілдеде Гаити президенті Джовенел Моисенің өліміне қатысы бар деген айыппен сотталған бұрынғы колумбиялық сарбаздар да бар. 

Президенттің өлімінен кейін Гаитиді бандитизм мен анархия жайлады. Ел астанасы Порт-о-Пренстің 80% қарулы бандалар басқарып отыр. Былтыр 11 миллион халқы бар мемлекетте 8500-ге жуық адам қаза тапты.

Өткен жылы Кения гаитилік бандаларды басып-жаншып үшін 1000 полиция қызметкерін жіберіп, халықаралық әскери күштерді басқаруға келіскен еді. Жақында Африкалық мемлекет Бенин тағы екі мың әскер жіберуге уәде берді. Ал АҚШ осы операцияны қаржыландырады.

Кенияның Жоғарғы соты атқарушы биліктің Гаитиге қатысты шешім шығаруды кейінге қалдырды. Ал Гаити премьер-министрі Ариэль Анри бейсенбіде келісімді сақтап қалу үшін Найробиге барды.

Дәл сол күні бандалардың жетекшісі, бұрынғы полицей, Барбекю лақап аты бар Джимми Шеризье ел астанасындағы және провинциядағы барлық бандалар Анриді қызметінен түсіру үшін бірігіп жатқанын айтты.

“Елді ешкім басқармайды, басшы жоқ, халық аш, адамдар көшеге шығуға қорқады.Халық шаршады және бұдан былай шыдай алмайды”, – дейді Джимми Шеризье. 

Бұған дейін түрмеге жасалған бірнеше шабуыл кезінде төрт полиция қызметкері қаза тауып, бесеуі зардап шеккен еді. Қарақшылар әуежайға шабуыл жасап, көптеген рейстерді тоқтатып тастады. Бірнеше студент қысқа уақытқа кепілге алынып, оның біреуі жарақат алды.

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.