Батыс Ќазаќстан облысы єкiмiнiњ аппараты єкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымыныњ бос орнын иеленуге



жүктеу 56.34 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі56.34 Kb.
түріКонкурс




№ исх: 04-010.290 от: 26.01.2017

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс) 8(7112) 51-18-99, Е-mail: zapkazakim@westkaz.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

(«Д-2» санаты, 1 бірлік)
«D-2» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 163233 (min) теңгеден 220698 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық мiндеттерi:

Облыс әкімі аппаратының ішкі мәселелері қызметін, облыс әкімінің қызметін ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды, облыс әкімі аппаратының орталық атқарушы органдармен ұйымдастыру-ақпараттық байланысын үйлестіру. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бойынша, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына мониторинг жүргізу және бағалау бойынша, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелері бойынша жарлықтарының, актілерінің, тапсырмаларының орындалуын бақылау, облыс әкімінің және оның аппаратының қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет ету жұмыстарын үйлестіру. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қызметін үйлестіру. Облыс әкімі аппаратының жергілікті өкілді және атқарушы органдармен жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Облыс әкіміне, облыс әкімдігінің отырыстарына және облыстық кеңестерге жұмыс материалдарын, жетекшілік ететін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, анықтамалар, жазбалар даярлау.



Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім.



Құзыреттер бойынша талаптар:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)  мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, В-3, С-2, С-О-2, D-3, D-O-2, E-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, В-3, С-2, С-О-2, D-3, D-O-2, E-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-2, В-3, С-2, С-О-2, D-3, D-O-2, E-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жлдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының аға басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында аға офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)  жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, В-3, С-2, С-О-2, D-3, D-O-2, E-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

     5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тапсыру сәтінде уәкілетті органдар жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі)

3), 4), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

     Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында өтеді.



Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі –Қағида), негізінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет