4 мың тұрғыны бар Түркісіб ауылындағы жалғыз спорт мектебі қирап тұр. Ғимарат алдағы уақытта сүрілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан кадр

Ауылдағы нысанның тек 40%-ы ғана қолдануға жарамды. Қалған бөлігінің қабырғалары жарылып, опырылып құлағалы тұр. Спорт мектебінде жарық та, жылу да жоқ. Су құбыры істен шығып, жылу жүйелерін де ұрлап кеткен. Мектептің ескі едендері де опырылып түскен. 

Спорт мектебі 50 жыл бұрын балаларды 10-ға жуық спорт түріне баулитын. Бүгінде тек 400 бала бокс пен күреске ғана қатысады. Әкімдік күрделі жөндеуіне жарты миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалатын болған соң нысанды сүруге жатқызыпты. Сондықтан жуырда спорт мектебінің ұжымы көрші ауылдағы мектепке көшірілген. Ал нысанның нақты қашан салынатыны әзірге белгісіз.

“Былтырдан бастап күрделі жұмыстарын жүргізу туралы құжатпен біз айналыстық. Тиімдісі, жаңадан спорт кешенін салу керек деп ойлаймыз. Жамбыл ауданында бірнеше спорт мектебі соғылды. Олардың сметалық құны 380, 350, 400 миллионға барады”, – дейді №13 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мұхтар Иманалиев.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.