Батыс ќазаќстан облысыныѕ МЈдениет, МЎраєаттар жјне ќЎжаттама басќармасы



жүктеу 0.95 Mb.
бет2/5
Дата18.09.2017
өлшемі0.95 Mb.
1   2   3   4   5

ҚАЗАН

1 қазан А.С. Пушкин (қазіргі М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ)

атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік

университетінің ашылғанына 85 жыл (1932).(Қараңыз:

«2002 жылғы БҚО бойынша...»)



2 қазан* Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры

Мәметова Мәншүктің туғанына 95 жыл, Бөкей Орда

ауданының тумасы (1922-1943)
6 қазан* Ұшқыш, подполковник, Кеңес Одағының Батыры Гринько

Иван Устиновичтің туғанына 95 жыл (1922-1989)
9 қазан Композитор, термеші Қажымов Донеділ

Ізмағамбетұлының туғанына 65 жыл, Сырым ауданының

тумасы (1952). (Қараңыз: «2012 жылғы БҚО бойынша...»)
17 қазан Ғалым, геология-минерология ғылымының докторы

Ерғалиев Ғаппар Хасенұлының туғанына 85 жыл,

Жәнібек ауданының тумасы (1932)
25 қазан* Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы,

профессор Тайманов Асан Дабысұлының туғанына 100

жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1917-1990)
25 қазан Ақын Бузунов Валентиннің туғанына 80 жыл (1932)
ҚАРАША

5 қараша Орыс саяхатшысы, ғалым, Жайық алабының географиясын

зерттеуші Северцов Николай Алексеевичтің туғанына

190 жыл (1827-1885)
5 қараша Спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы

Жәрдемов Жұбанышқали Садырұлының туғанына 65

жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1952)
10 қараша Ақын Шұғаев Исламғали Шұғайыпұлының туғанына

85 жыл, Теректі ауданының тумасы (1932-2001)
12 қараша Қоғам қайраткері Иманғалиев Бижан Тілешұлының

туғанына 90 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы

(1927-2014)
15 қараша Ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор

Дауылбаев Файзи Ахметұлының туғанына 90 жыл,

Сырым ауданының тумасы (1927-1982)
20 қараша* Ақын, әдебиетші, филология ғылымының кандидаты

Сейітов Сағынғалидің туғанына 100 жыл, Ақжайық

ауданының тумасы (1917- 2007)
20 қараша Ғалым, ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор

Бәсібеков БаянСабырғалиұлының туғанына 80 жыл,

Ақжайық ауданының тумасы (1937-1988)
23 қараша Ғалым, биология ғылымының докторы, профессор

Егізбаева Қадиша Елеусінқызының туғанына 90 жыл,

Казталов ауданының тумасы (1927)
24 қараша Ғалым, экономика ғылымының кандидаты, профессор

Ғұмаров Біләштің туғанына 85 жыл (1932-2003)
24 қараша Әуесқой композитор Хибашев Ғұбайдолланың туғанына

75 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1942)
ЖЕЛТОҚСАН

2 желтоқсан* Өлкетанушы, ақын, журналист Хасанов Қайыржанның

туғанына 75 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1942)
3 желтоқсан Күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет

қызметкері Қазиев Ермектің туғанына 70 жыл, Бөкей Орда

ауданының тумасы (1947)
12 желтоқсан Актриса, Қазақстанның Халық артисі Жақыпова Гүлнәр

Хабиқызының туғанына 60 жыл, Орал қаласының тумасы

(1957). (Қараңыз: «2007 жылғы БҚО бойынша....»)
15 желтоқсан* Ғалым, филология ғылымының докторы, профессор

Тілеужанов Мәтжан Мақсымұлының туғанына 90 жыл

(1927-1995)
15 желтоқсан Орда тарихи музейінің ашылғанына 55 жыл (1962)
17 желтоқсан Ғалым, тарих ғылымының докторы, Батыс Қазақстан

облысы аумағындағы халықтық архитектура және

мемориалды эпиграфика ескерткіштерін зерттеу ісінде

маңызды нәтижелерге қол жеткізген Әжіғалиев Серік

Ескендірұлының туғанына 65 жыл (1952)
18 желтоқсан Еңбек ардагері Нұрғалиев Әділғазы Нұрғазыұлының

туғанына 80 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1937)
20 желтоқсан* Жазушы, журналист Корсунов Николай Федоровичтің

туғанына 90 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1927-

2009)
20 желтоқсан Айтыскер ақын Қауенов Александрдың туғанына 65 жыл,

Қаратөбе ауданының тумасы (1952-2003)
22 желтоқсан* Белгілі журналист, еңбек және соғыс ардагері Жұмағалиев

Бисеннің туғанына 95 жыл, Ақжайық ауданының тумасы

(1922-2015)
22 желтоқсан Алғашқы шығыстанушы, І, ІІ мемлекеттік Дума мүшесі,

Алашорда үкіметінің мүшесі Құлманов Бақтыгерей

Ахметұлының туғанына 160 жыл (1857-1919)
22 желтоқсан Қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының, Батыс

Алашорданың белсенді мүшелерінің бірі Кенжин

Аспандиярдың туғанына 130 жыл (1887-1938)
24 желтоқсан Орал облысы атқару комитетінің 1-шітөрағасы, Қазан

төңкерісінің мүшесі Колостов Даниил Богдановичтің

туғанына 135 жыл (1882-1918)
25 желтоқсан Ғалым, химия ғылымының докторы Нығметова Роза

Шүкірғалиқызының туғанына 85 жыл, Тасқала

ауданының тумасы (1932)
27 желтоқсан* Күйші, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы

туғанына 90 жыл, Бөкей Қазиев Еселдің Орда ауданының

тумасы (1927-1985)
28 желтоқсан* Жазушы, ғалым, филология ғылымының докторы,

профессор Жұмалиев Қажымның туғанына 110 жыл,

Қаратөбе ауданының тумасы (1907-1968
АЙЫ МЕН КҮНІ БЕЛГІСІЗ 2017 ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТЕТІН ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН КҮНДЕР


  • Батыр, XVII-XVIII ғ.ғ. Батыс Қазақстан аймағын сырт жаулардан азат етуге қатысқан қолбасшылардың бірі Есет Көкіұлының туғанына 350 жыл (1667-1757)




  • Тәуке ханның кеңесшісі, Кіші жүздің биі Әйтеке бидің туғанына 335 жыл (1682-1766)




  • Батыр, қолбасшы Құттыбай Сатыпалдыұлының туғанына 315 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1702-1773)




  • Ұлт-азаттық қозғалысының басшысы, қолбасшы, батыр Сырым Датұлының туғанына 275 жыл, Сырым ауданының тумасы (1742-1802)




  • Ресейдегі 1773-75 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшысы Пугачев Емельян Ивановичтің туғанына 275 жыл (1742-1775)




  • Орыс жазушысы Иван Андреевич Крыловтың балалық шағын Оралда өткізгеніне 245 жыл (1772)




  • Батыр, Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліске қатысқан Есенаман Боранбайұлының туғанына 235 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1782-ө.ж.б)




  • Этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы Бабажанов Мұхамед-Салықтың туғанына 185 жыл, Бөкей Орда ауданының тумасы (1832-1871). (Қараңыз: «2002 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...»)




  • Қазақ композиторы, күйші Түркеш Қалқаұлының туғанына 185 жыл (1832-1872). (Қараңыз: «2002 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...»)

  • *Ақын Бөкеев Шәңгерей Сейіткерейұлының туғанына 170 жыл, Бөкей Орда ауданының тумасы (1847-1920)




  • Белгілі жазушы-очеркші, этнограф, саяхатшы Максимов Сергей Васильевичтің Орал қаласында болғанына 155 жыл (1862)




  • Жырау, ақын Мұқан Қонажанұлының туғанына 155 жыл (1862-1937)




  • Орал қаласында тұңғыш типография ашылғанына 155 жыл (қазіргі «Дастан» баспа-полиграфия өнімдерін шығаратын корпорация) (1862). (Қараңыз: «2012 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...»)




  • Суретші Бөкеева Зәуреш Мұхамедкерейқызының туғанына 150 жыл, Бөкей Орда ауданының тумасы (1867-1956)




  • Алғашқы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі Генке Александр Васильевичтің туғанына 150 жыл (1867-1943)




  • *Орал қаласында облыстық аурухана ашылғанына 150 жыл (1867)




  • Оралдағы ауа-райы бақылау станциясының құрылғанына 150 жыл (1867)




  • Мемлекет қайраткері Әлібеков Ғұбайдолланың туғанына 145 жыл, Сырым ауданының тумасы (1872-1923)




  • Социалистік Еңбек Ері Лұқпанов Саламаттың туғанына 145 жыл, Казталов ауданының тумасы (1872-1958)




  • Алғашқы қазақ драматургы, мемлекет және қоғам қайраткері Меңдіханов Ишанғалидің туғанына 145 жыл, Бөкей Орда ауданының тумасы (1872-1919)




  • Дарынды әнші, композитор Арыстанов Өтеғалидың туғанына 135 жыл, Бөкей Орда ауданының тумасы (1882-1964)




  • Ағартушы-педагог, өлкетанушы, Бөкей орда музейін ұйымдастырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Тажетдинов Ахметфайыздың туғанына 135 жыл, Бөкей Орда ауданының тумасы (1882-1984)




  • Ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Бегалиев Ғалидің туғанына 130 жыл, Казталов ауданының тумасы (1887-1966)




  • Көрнекті мемлекет, ұлт қайраткері, жоғары білімді алғашқы қазақ заңгерлерінің бірі, саясаткер Жаһанша Досмұхамедовтің туғанына 130 жыл, Сырым ауданының тумасы (1887-1938)




  • Социалистік Еңбек Ері Есболаев Әубәкірдің туғанына 130 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1887-1962)




  • Алаш қозғалысына қатысушы, оқу-ағарту қайраткері, педагог-әдістемеші, қаламгер-журналист Жолдыбаев Молдағалидің туғанына 130 жыл, Батыс Қазақстан облысының тумасы (1887-1938)




  • Алаш партиясының, Батыс Алашорданың белсенді мүшесі, арнаулы білімді алғашқы қазақ агрономдарының бірі Қаратілеуов Сәлімгерейдің туғанына 130 жыл, Батыс Қазақстан облысының тумасы (1887-1938)




  • Ғалым, этнограф, география қоғамы Батыс Қазақстан бөлімінің негізін салушы Малеча Нестор Михайловичтің туғанына 130 жыл (1887-1979)




  • Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, А.Н. Островский атындағы орыс драма театрында еңбек еткен Протасов Леонид Николаевичтің туғанына 130 жыл (1887-1977)




  • Социалистік Еңбек Ері Сауанов Ыбырайдың туғанына 130 жыл, Казталов ауданының тумасы (1887-1951)




  • Социалистік Еңбек Ері Сембаев Әбудің туғанына 130 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1887-ө.ж.б)




  • Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, заңгер Танашев Уәлитхан Шарафиддинұлының туғанына 130 жыл, Бөкей Орда ауданының тумасы (1887-1968)




  • Орыс зерттеушісі, этнограф Харузин Алексей Николаевичтің Бөкей Ордасында болып, зерттеу жұмыстарын жүргізгеніне 130 жыл (1887)




  • Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы жоғары білімді экономистерінің бірі Асанов Қалдыбайдың туғанына 125 жыл, Сырым ауданының тумасы (1892-1937)




  • Жайық өңірінде баспасөз ісін ұйымдастырушылардың бірі, Азамат соғысына қатысушы Әлжанов Батырбектің туғанына 125 жыл, Батыс Қазақстан облысының тумасы (1892-ө.ж.б)




  • Саяси қайраткер, ағартушы, журналист Есенбаев Халел Мұхаметжанұлының туғанына 125 жыл, Казталов ауданының тумасы (1892-1938)




  • Қоғам қайраткері, Бөкей губерниясындағы революциялық қозғалысқа араласқан Жақыпов Серікқалидің туғанына 125 жыл (1892-1939)




  • Саяси қайраткер, ақын, Жайық өңірінде Кеңес өкіметін орнатуға қатысушы және оның алғашқы құрамының мүшесі Неусыпов Филипп Марковичтің туғанына 125 жыл (1892-1918)




  • Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың жоғарғы білімді тұңғыш мұнай барлаушы геолог Атшыбаев Беркінғали Мұқашұлының туғанына 120 жыл (1897-1937)




  • Батыс Алашорда офицері, Жайық өңірін кеңестендіру ісіне қатысушы Жалпақов Тәжмұхамбет Темірұлының туғанына 120 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1897-ө.ж.б)




  • Сыбызғышы, Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің негізін салушылардың бірі Уәлиев Ысқақтың туғанына 115 жыл, Казталов ауданының тумасы (1902-1944)

  • *Кеңес Одағының Батыры Масин Темір Жантекеұлының туғанына 110 жыл, Бөкей Орда ауданының тумасы (1907-1947)




  • Социалистік Еңбек Ері Миханова Қайшаның туғанына 110 жыл, Казталов ауданының тумасы (1907-1980)




  • Әнші, күйші Мұқатов Сабырдың туғанына 110 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1907-1978)




  • Социалистік Еңбек Ері Сариев Қарасайдың туғанына 110 жыл, Бөкей Орда ауданының тумасы (1907-1982)




  • Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі Шоланов Ғабдолланың туғанына 110 жыл, Казталов ауданының тумасы (1907-1966)




  • Соғыс және еңбек ардагері, Орал облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болған Оразалиев Ғайса Иманғазыұлының туғанына 100 жыл (1917-2000)




  • Социалистік Еңбек Ері Серғалиев Қабекестің туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1917-2002)




  • *Кеңес Одағының Батыры Чумаев Григорий Ивановичтің туғанына 100 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1917-1945)




  • Социалистік Еңбек Ері Мұқанов Құбайдың туғанына 95 жыл, Бөкей Орда ауданының тумасы (1922-1973)




  • Ғалым, техника ғылымының докторы, профессор Берқалиев Базылбек Түменұлының туғанына 90 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1927)




  • Ақын, журналист Қыдыров Хамидолланың туғанына 90 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1927-1989)




  • Күйші Шәуалиев Кәрімнің туғанына 90 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1927)




  • Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің ашылғанына 90 жыл (1927)




  • Батыс Қазақстан облыстық архивінің «Орал облысының мемлекеттік архиві» деп атала бастағанына 85 жыл (1932)




  • Қаратөбе ауданының құрылғанына 85 жыл (1932)




  • Депо – темір жол вагондарын, локомотивтерін жөндеп, техникалық күтім жасайтын кәсіпорнының құрылғанына 80 жыл (1937)




  • Орал қаласындағы жалпы білім беретін №6 мектептің құрылғанына 80 жыл (1937)




  • Ғалым, физика-математика ғылымының докторы, профессор Темірғалиев Нұрланның туғанына 70 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1947)




  • Орал қаласының №8 орта мектебінің ашылғанына 65 жыл (1952)




  • «Достық» - облыстық балалар-сауықтыру лагерінің ашылғанына 60 жыл (1957)




  • Жас натуралистер станциясының ұйымдастырылғанына 60 жыл (1957)







  • Облыста табиғатты қорғау қоғамының құрылғанына 55 жыл (1962)




  • Облыстық санитарлық - эпидемиологиялық стансасының құрылғанына 55 жыл (1962)




  • Кирсанов мемлекеттік қорықшасының құрылғанына 50 жыл (1967)




  • Орал қаласындағы «Зенит» зауытының мәдениет сарайының ашылғанына 45 жыл (1972)




  • «Альтаир» ЖШС – құрылыс фирмасының құрылғанына 25 жыл (1992)




  • Орал қаласында «Талап» АҚ-ның құрылғанына 25 жыл (1992)




  • «Шалқар» биогидрологиялық қорықшасының құрылғанына 25 жыл (1992)




  • Қалааралық және облысаралық маршрут бойынша жолаушылар тасымалдайтын «Автобус паркі №2» ААҚ ретінде құрылғанына 20 жыл (1997)




  • Орал қаласында «АИК» ЖШС – пластмасса құбырлар жасайтын кәсіпорынның құрылғанына 20 жыл (1997)




  • «Алтим» құрылыс фирмасының құрылғанына 20 жыл (1997)




  • «Батысгаз» ААҚ-ның құрылғанына 20 жыл (1997)


Ескерту: * белгісімен белгіленген күндерге қысқаша

анықтамалар мен әдебиеттер тізімі берілген
МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КҮНДЕРГЕ ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 қаңтар АЙМАНОВ КЕНЖАЛЫ

туғанына 100 жыл (1917-1974)
Кенжалы Айманов 1917 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Жәнібек деген ауылында дүниеге келген. Әкесі бай адам болғанымен, қуғын-сүргінге ұшырап, Кенжалы төрт жасында жетім қалып, әкесінің інісінің қолында өсіпті. Кейіннен әкесінің інісі Алматыға көшіп келгенде Кенжалы да бірге келеді, темір жолда жұмыс істеп жүріп оқиды, ер жетеді. Мектепті бітіргеннен кейін 1933 жылы сол кездегі ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне түсіп, 1937 жылы үздік бітіріп шығады. Институт бітіргеннен кейін Қазалыға жұмыс істеуге кетеді. Екі жылдан кейін, 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, одан ары соғысқа алынып, Брест қамалынан бір-ақ шығады…

Сталинград шайқасында жарақат алып, Волга өзенінде ағып бара жатқан жерінде ағаш бұтағынан ұстап қалып, жағаға шығып есінен танып құлайды. Содан кейін де әскерде жеті жыл жүреді. Оның үш жылында әскер сапындағы сарбаз болса, төрт жылын тікелей майдан даласында өткізеді. Соғыста зеңбірекшілер жасағында старшина болған екен. Өзі жоғары қолбасшының қолынан алған «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен ерекше мақтанатын көрінеді. Өз заманының жанкешті ұланының соғыстағы ғұмыры осымен аяқталады. Сөйтіп 1945 жылы Алматыға келеді…

Соғыстан кейінгі өмірін Кенжалы Айманов ұстаздыққа арнапты. Партияның қалалық комитетінің тапсырмасымен Алматы қалалық комсомол комитетін басқарған кезі де болыпты. Бірақ, табиғатынан табанды Кенжалының бір бүйрегі мұғалімдікке бұрады да тұрады. Сондықтан басшылықтан өзін физика пәнінің мұғалімі етіп жіберуді сұрайды. 1947 жылдан 1952 жылға дейін Алматыдағы №18 мектепте физика пәнінің мұғалімі әрі мектеп директоры болып қызмет істейді.

Сол жылдары Аймановтың тынысы ашылып сала береді. Педагогикалық таланты оянып, мұғалім мамандығының қыр-сырын меңгереді. Білім саласына мүлдем басқаша леп әкеледі. Осындай қасиеттері ескеріліп, 1952 жылы ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне сабақ беруге шақыртылады. Ұстаздық өмірдің бұл да бір биік белесі екенінде сөз жоқ.

Айманов ұстаздығымен бірге, ғалым ретінде де белгілі болған адам. Өзі физик-методист, физикадан сабақ беру методикасы, педагогика тарихы тақырыптарына жасаған зерттеу жұмыстарының авторы. 1950-60 жылдары мектептердегі білімді техникалық салаға бұру талабы қойылады. Соны бірінші болып іске асырған Кенжалы Айманов бұл салаға көп өзгеріс енгізеді. Институтта жүріп «Өндіріс негіздері және физикадан сабақ беру методикасы»  кафедрасының негізін салып, өзі сол кафедраға жетекшілік жасайды. Еңбегі бағаланып, кафедра меңгерушісі болып жүрген жерінен 1963 жылы бірден Қазақ КСР Оқу министрі болып шыға келеді.

Кенжалы Айманов министр болып тұрған тұста О.Жәутіков атындағы физика-математика мектеп-интернатының негізін салып, Пионерлер сарайының жанындағы оқушылардың кіші ғылым академиясын ашып беріпті. Оқушылар мен студенттер арасындағы республикалық пәндер бойынша олимпиаданы да алғаш осы Кенжалы Айманов ұйымдастырыпты. 1969 жылы Алматыда тұңғыш рет физикадан бүкілодақтық олимпиада өткізіп, өзі қазылар алқасына төрағалық етіпті. Ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдардың, семинарлардың талайы Аймановтың бастамасымен өтіп жатыпты сол кезде. Осындай тынымсыз еңбегінің арқасында 1971 жылы КСРО Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланыпты.

«1960 жылдардағы оқу жүйесіне енген өзгерістерге Кенжалының тікелей қатысы болды. Ол кезде реформаны жекелеген адамдар жасамайтын. Партияның атынан іске асыратын. Сондықтан жұмыс тиянақты атқарылатын. Бұның жасаған реформасы сол кездің талабына сәйкес болды. 1967 жылы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясы дейтін академия құрылды.

Кенжалы Айманов министрліктегі жұмыстарды былай қойғанда, қоғамдық жұмыстарға да көп араласқан. Бірнеше мәрте сол кездегі Абай атындағы ҚазПИ-дің партия комитетінің хатшысы болып сайланған, сосын партияның аудандық комитетінде бюро мүшесі, одан кейін қалалық және аудандық кеңестің депутаты, Жоғарғы кеңестің 7-8 шақырылымдарындағы депутаты болған. Делегацияны бастап Алжирге, Вьетнамға, Жапонияға, Моңғолияға барып қайтқан.

Кенжалы Айманов Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл ту орденімен, тағы да басқа медальдармен марапатталған.

Әдебиеттер:

  1. Айманов Кенжәлі: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы:

энциклопедия.-Алматы, 2010.-105 б.

  1. Ғұсманов Қ. Бөрліден шыққан министр // Орал өңірі.-2001.-17 қазан.

  2. Мұратқызы Б. Білім министрі Кенжалы Аймановты неге тез ұмыттық? // Ақ желкен.-2015.-№8.-15-19 б.


14 қаңтар ӘЗЕРБАЕВ ЕСЕТ

туғанына 75 жыл (1942)
Ғалым-маман, экономика ғылымының докторы, ҚР Жаратылыстану ҒА-ның корреспондент мүшесі Есет Роватұлы Әзербаев 1942 жылдың 14 қаңтарында Башқортостанның Федоров ауданы, Раевка ауылында дүниеге келген.

1964 жылы Уфа мұнай институтын бітірген соң «Бұқара-Орал» газ құбыры тас жолындағы Домбаров компрессор станциясында (1965–1968) жұмыс істеген. 1968-1974 жылдары «Орта Азия-Орталық» магистральды газ құбыры Мақат ауданы басқармасында жауапты қызметтер атқарды.

1974-1981 жылы салынып жатқан «Орынбор–Батыс шекара» газ құбыры Орал дирекциясында Закаспийсктрансгаз» өндірістік бірлестігінде, 1981–1987 жылы «Саратовтрансгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры, 1987-1989 жылы арнайы іссапармен Ливияда жұмыс істеді. 1987 жылы КСРО Газ өнеркәсібі министрлігінің үздігі атанды.

1989-1997 жылы «Югтрансгаз» (Саратов) бірлестігі бас директорының орынбасары, Орал облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Батыстрансгаз» АҚ-ның президенті болды. 1997 жылдан «Батысгаз» АҚ-ның президенті.

1974 жылы Еңбек Қызыл Ту, 1986 жылы Халықтар достығы ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:

  1. Аманқосқызы Г. Көгілдір отынның королі // Айна.-2010.-14 қаңтар.-7 б.

  2. Дүйсен Қ. Өнегелі тұлға: ғалым Есет Рауатұлы Әзірбаев

// Дарабоз. - 2010. - №2. - 21-30 б.

  1. Кереев Ә. Текті тұлға // Орал өңірі.-2012.-7 қаңтар.-7 б.

  2. Шүйіншәлиева М. Еңбегі елге еленген Есет // Жайық үні.-2012.-12 қаңтар.-6 б.

  3. Шүйіншәлиева М. «Көгілдір отынды көксеген елім үшін

мұнайшы болдым» // Жайық үні.-2009.-16 желтоқсан.-3 б.
Каталог: zkolib -> kaz
kaz -> Сы батыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014
kaz -> 2Естественные науки
zkolib -> 2 Естественные науки
zkolib -> Аудандық кітапхана шежіресі Кітапхана м
kaz -> Аудандыќ орталыќтандырылєан кітапхана жїйесі бойынша «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында О
kaz -> Ўмытылмас ўлаєатты тўлєа
kaz -> Аќўштап Баќтыгереева


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет