Бауыржанова А. З., Асенова Б. К., Тері және былғары өнімдерін өңдеу технологиясы Оқу құралы мазмұНЫ


Былғарының, үлбірдің дәне тондық қой терісінің физикалық- механикалық қасиеттері



жүктеу 1.35 Mb.
бет20/20
Дата02.12.2017
өлшемі1.35 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

1. Былғарының, үлбірдің дәне тондық қой терісінің физикалық- механикалық қасиеттері


Былғары, үлбір және тондық қой терісінен жасалған өнімдердің, гигиеналығын және комфорттылығын қамтамасыз ететін қасиеттерін қарастырамыз.

Бу өткізгіштігі мен бу сіңіргіштігі. Былғары және тері өзеңі мен тондық қой терісінің су буын өткізе алатын бу өткізгіштік (паропроницаемость) және жұта алатын су сіңіргіштік (пароемкость) қабілеті болуы керек. Бір сағатта адам табаны 3-15 мл-ге дейін ылғал шығарады, бұл аяқ киімді киген кезде ішіндегі ылғалдылықты 70-80% көтеруі мүмкін. Егер ылғалдылық 90%-дан асатын болса, адам табаны дискомфорттылықты сезінеді, сондықтан былғары мен тері өзеңі 50-70%-ға дейін ылғалдылықты өткізіп, оның сіңіре де алуы қажет. Былғарының бу өткізгіштігі - оның гигиеналық қасиеттерінің негізгілерінің бірі. Киілген аяқ киімді әртүрлі креммен майлағаннан кейін оның бу өткізгіштігі өзгереді ал, бу сіңіргіштігі өзгермейді. Көп жағдайда былғары мен тері өзеңі әрлеу үрдістерінен кейін бу өткізгіштігін сақтайды, жасанды материалдармен салыстырғанда олардың артықшылығы осында. Мысалы, лакталған былғары көп жағдайда бу өткізе алмайды, бірақ бу сіңіргіштігі жасанды, синтетиқалық лакталған материалдарға қарағанда 5 еседей көп болады.

Бу өткізгіштік. Былғарының, тері өзеңінің су буын өткізе алатын қабілеттілігімен сипатталады. Бұл кезде ылғалдылығы жоғары ортадан, ылғалдылығы аз ортада бу тез өтеді. Бу өткізгіштігін анықтау әдісі, диффузиялық процестерге негізделген. Оларға қысымды өлшеу әдісі мен салмақты өлшеу әдістері жатады. Әртүрлі былғарының бұл өткізгіштігі 0,5-11,6 мг/см сағ аралығында, бұл массаның өзгеруін есептеу әдісіндегі көрсеткіш, ал қысымды өлшеу әдісімен анықтағанда бу өткізгіштік 20-70%-ға тең болады.

Бу сіңіргіштік. Белгілі бір шартты жағдайда арнайы уақытта былғары мен тері өзеңінің су буын сіңіру қабілетін айтады, ол граммен белгіленеді. Су сіңіргіштік адсорбциялы әдіс арқылы анықталады. Су сіңіргіштік пен су өткізгіштікке көп факторлар әсер етеді, соның ішінде былғары мен тері езеңінің бойындағы капиллярлар, олардың диаметрі мен өзең талшықтарының пішіні, гидрофилді қасиеттері, оларға қосылған заттар және бетті жабатын қабыршақ пленкалардың табиғатының әсері көбірек.

Тығыздық, кеуектік, тығыздық және кішірею коэффициеттері. Былғары мен тері өзеңінің гигиеналық қасиеттері оның тығыздығы мен кеуектігіне байланысты болады. Тері өзеңінің тығыздығы былғарының белгілі бір дәрежеде кеуектігін және толықтырылу көрсеткішін сипаттайды. Өзең талшықтарының кеуектік сипаты мен дәрежесін білу қажетті қасиеттері бар былғары алу үшін технологиялық үрдістерді реттеуге мүмкіңдік береді. Тығыздық салыстырмалы және шын тығыздық деп ажыратылады. Салыстырмалы тығыздық былғары массасының оның толық көлеміне (кеуектік көлемін есептегендегі) қатынасына тең болады. Шын тығыздық - былғары массасының оның көлеміне қатьшасын көрсетеді (кеуектік көлемі есепке алынбайды).

Салыстырмалы тығыздық, былғары мен тері өзеңінің кеуектігі мен шын тығыздығының функциясы болып табылады. Тері құрылымыңдағы кеуектер әртүрлі типте мысалы, тұйық, тәріздес, өн бойындағы қуыстар және басқа түрде болады. Олар терінің ішкі бет кеңістігін құрайды, кейде кеңістіктің аумағы 50 м2/г-ға дейін жетеді. Кеуектердің көлденең қимасының өлшемі бойынша оларды макро, микроскопиялы және ультра кеңістіктер деп бөледі. Былғары мен тері өзеңіндегі кеуектердің мөлшері, олардың өлшемі мен орналасуы, өнімнің ауа, су өткізгіштігі, жылу өткізгіштігі және сулануы сияқты қасиеттеріне әсер етеді.

Салыстырмалы тығыздық осы қасиеттерді жанама түрде сипаттайды. Былғары мен тері өзеңінің кеуектігі, салыстырмалы және шын тығыздығы шикізаттың тығыздығына және өндірістік үрдістердің жүргізілу тәсіліне байланысты.

Өнімнің шығыны К/бО кг жарғақтап шыққан былғары мөлшерін (кг) көрсетеді:

К = 100 ∙100/БЗ.


мұндағы БЗ - былғарыдағы белокты заттың мөлшері, %.

Барлық көрсеткіштердің қосындысы 100кг белокты затты құрайды. Теориялық тұрғыдан қарағанда былғарының көлемі, оның барлық құрамдас бөлшектерінің, тығыздығын ескере отырып, көлемін қосқанға тең болады. Былғарының құрамдас бөлшектерінің тығыздығы шамамен алғанда төменгідей мөлшерде болады, кг/м3.

БЗ - белокты заттар (абсолютті құрғақ күйдегі) - 1,43;

Ы – ылғалдылық- 1; К - күл - 2,5;

МЗ - майлы заттар (май тектес заттар) - 0,9;

ШЗ - шайылатын органикалық заттар - 1,6;

И - шайылмайтын заттар, илегіштер - 1,6.

Егер былғары сынағының теориялық жағдайдағы көлемін V, массасын Р деп өрнектесе, оның теориялық шын тығыздығы, кг/м3 мынадай болады, бірақ бұл әдіспен табылған шын тығыздық тура болмайды, себебі өндіріс барысында былғары құрамына енетін заттар тығыздалады. Мысалы, былғарыдағы гидратациялық судың тығыздығы 1 емес, 1,1-1,2 кг/м3 аралығында.

Сондықтан тығыз былғарының тура шығу көлемі:


Уф = К ∙ V,
мұндағы: К - тығыздық коэффициенті, өндіріс үрдістерінің сипаттамасы;

р - былғарының шын тығыздығы (тәжірибе арқылы анықталады);

К - көлемінің шығуы (химиялық талдаудың нәтижесінен адынады);

Қ-тығыздық коэффициенті;

V - теориялық көлем (аддитив ережесімен есептеледі).

Тығыздық коэффициентіне илеу ұзақтығы әсер етеді, аяқ киімнің төменгі бөлігі үшін Кі = 0,77 - 0,88, хроммен және хромтаннидпен иленген былғары үшін К = 0,98.

Былғары өндірісі үрдістерінің сипаттамасының біріне жартылай фабрикаттың көлемдік шығымы (обьемный выход) жатады. Ол көлемде 100кг жарғақ заттары болуы шарт. Оны әртүрлі үрдістерден кейін белгілейді: мысалы V, - күлдеуден кейін; У- илеуден кейін; V - майлаудан кейін және т.б. көлемінің шығуы.

Оны көп жағдайда кішірею коэффициентімен өрнектейді. Хроммен иленген былғары сынағының кішірею коэффициенті - 0,586, хромтаннидтікі - 0,526.



Өзең көлемінің қалыптасу көрсеткіштері. Былғарыны сипаттау үшін, оның көлемінің шығуы Ук есепке альшады. Ол көлем, құрамына 100г белокты заты бар былғары көлемімен бірдей, Ук тг мұңдағы: К - шығу саны: К - салыстырмалы тығыздық. Бұл көрсеткіш шикізатты консервілеу түріне, дайыңдық үрдістерінің және әрлеу операциясының режиміне, илегіштің түріне байланысты болады. Хроммен иленген былғарының көлемінің шығуы = 150-200 см3, таннидпен иленгенде ол 200-400 см3-ге тең болады. Кептіру кезіндегі былғарының кішірею қабілеті өзең көлемінің қалыптасуы деп аталады да, ол қалыптасу коэффициентімен Кф сипатталады. Ол коэффициент былай өрнектеледі:
Кф = 100 ∙ Укикж
мұндағы: Ук - иленген жартылай фабрикаттың көлемінің шығуы,

Укж - жарғақтың көлемінің шығуы.

Ылғалды күйден кепкен күйге ауыстырғанда өзең көлемінің қалыптасу коэффициенті - 15-42%, әртүрлі илегіштермен иленген жартылай фабрикат үшін ол коэффициент - 50-115% болады. Таннидтер үшін өзең көлемінің қалыптасу қабілеттілігін екі көрсеткішпен көрсетеді: олар былғарының салыстырмалы көлемінің үлкею коэффициенті - Ку және илегіштің қалыптасу формасының коэффициенті - Кк.

Мұндағы: ДКи — 100 г белокты затқа есептегендегі былғары көлемінің өсімі, см ; Д - 100 г белокты заттағы илегіш заттың мөлшері, г.

Кк∙С = Кг/Уд - бұл мәннің мөлшері, илегіш коллагенмен берік байланысқа түскенде артады.

Былғарының, тондық қой терісінің және тері өзеңінің суға төзімділігі. Былғары, үлбірді және тондық қой терісін пайдалану кезінде бұл өнімдердің сулануы адам организміне ыңғайсыз әсер етеді. Қайта-қайта су тиіп кепкен былғары мен тері өзеңі тез тозады. Суға төзімділікті сипаттау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:

Су тартқыштығы. Былғарыда пайда болған бірінші су тамшысының уақытын көрсетеді. Бұл кезде былғары мен судың арасында байланыс жоқ. Ал, су өткізгіштік бір сағат ішінде 1 см былғарыдан өткен судың мөлшерін (мл) көрсетеді.

Суланғыштығы. Былғарыны суға батырғанда оның суды сіңіру нәтижесінде салмағының ұлғаюын көрсетеді. Белгілі бір уақытта суға батырылған былғарының су сіңіру нәтижесі пайызбен белгіленеді. Былғары мен үлбірдің суға төзімділігі статикалық және динамикалық жағдайда, механиқалық әсер ету арқылы зерттеледі. Былғарының сапасын анықтаған кезде, динамиқалық жағдайдағы суға төзімділік көп ескеріледі. Бұл көрсеткішке былғарының құрылымы, илеу тәсілі, тығыздығы мен қалыңдығы, майлы және толықтыру заттары да, әрлеу түрі де әсер етеді.

Ылғал беруі және гигроскопиялылығы. Былғары мен тері өзеңінің қоршаған ортадан су буын сіңіруі олардың гигроскопиялылық қасиетіне байланысты. Бұл көрсеткіш 16 сағат уақытта былғары салмағының өскенін керсетеді, ол пайызбен белгіленеді. Ылғал берілуі 8 сағат ішінде қалыпты жағдайда берілген ылғал мөлшерімен анықталады.

Жылу өткізгіштігі. Бұл көрсеткіш былғары мен үлбірдің тондық қой терісінің және олардан жасалған бұйымдардың жылу сақтағыштық қасиетін көрсетеді. Егер былғары құрылымы бос, тығыздығы төмен және кеңістіктері көп болатын болса, жылу өткізгіштігі жоғары болады. Былғары мен мех құрамыңдағы ылғалдылық жоғарылаған сайын, олардың жылу өткізгштігі ұлғая түседі. Майлау мен толықтырудан кейін құрғақ былғарының жылу өткізгішігі жоғарылайды. Жылу өткізгіштік коэффициенті аяқ киімнің жоғары бөлігінің хроммен иленген былғарысы үшін 0,051-0,156 Вт (м°,С), хромтаннидпен иленген юфть үшін 0,121-0,164, күдері (замша) үшін - 0,053 Вт (м,С).

Термотөзімділік. Жиырылу температурасы былғары мен үлбір құрылымының жылу мен ылғал әсеріне төзімділігінің сандық сипатын көрсетеді. Жиырылу - белгілі бір температураға дейін қыздырғанда, үлгінің ұзындығының қысқарғанын көрсетеді. Жиырылу температурасына былғары мен тері өзеңінің микроқұрылымының жіктелуі әсер етеді. Олар неғүрлым көп жіктелсе, солғұрлым жиырылу температурасы төмен болады. Былғары мен үлбірде қышқылдың болуы жиырылу температурасын төмендетеді.

Коллаген құрылымының илегіш хром қосылыстарымен "тігілу" дәрежесімен жиырылу температурасы арасында тура заңдылық, сондай-ақ былғарының механикалық әсерге беріктігі мен жиырылу температурасы арасында да тура заңдылық бар.

Кератиннің термошыдамдылығы, оның құрылым жағдайына байланысты. Мысалы, жүн талшығын ОО-110°С қыздырғанда, оның түсі, қасиеті өзгере бастайды. Жүнді кептіргенде, температураның 70°С-нан асып кетпеуі керек, ал шайған кезде 40-50°С-тан аспауы керек. Себебі сулы жүнді қыздырғанда сапасы төмендейді.

Гигротермиялық тұрақтылық. Суланған былғарының тері өзеңінің, жоғары температурада беріктік қасиетін өзгертуін оның гигротермиялық тұрақтылығы сипаттайды. Ол 5-95% аралығында ауытқиды. Бұл көрсеткішке илеу әдісі әсер етеді. Қышқылдың болуы гигротермиялық тұрақтылыққа кері әсер етеді. Жақсы майланған және тығыз былғарының гигротермиялық тұрақтылығы жоғары болады.

Аяқ киімнің төменгі бөлігі мен юфть былғарысы үшін бұл көрсеткіш стандарт бойынша белгіленген.



Беріктік қасиеттері. Былғары мен мехтың беріктік қасиеттерін анықтайтын көп тараған әдістердің бірі - бір осы тарту сынағы. Бір осы тарту сынағын негізінен маятникті динамометрлерде анықтайды. Соңғы кезде бұл мақсатта күш өлшегіш машиналар қолданылып жүр, онда деформация серпімділігі арнайы электронды аппараттарда есептеледі. Бір осьте тарту сынағын жүргізгенде мына көрсеткіштерді анықтайды: беріктік шегі, Па, созылғыштығы (жалпы, серпімді, қалдықты), беткі қабаттың беріктігі, Н/м2 шартты түрдегі модуль, серпімділігі, Н/м2 және қаттылығы. Былғарының, үлбірдің және тондық қой терісі сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі созылғыштығы болып табылады. Жүн талшығы үшін бұл көрсеткіштің онша мәні жоқ, сондықтан ол МЕСТ-да есептелмейді. Былғарыны, тері өзеңін және тондық қой терісін созғанда жалпы, серпімді және қалдық созылғыштығын анықтайды. Жалпы созылғыштығы серпімді және қалдық созылғыштығының қосындысына тең болады. Ол процентпен белгіленеді, оның мәні үлгінің созғаннан кейінгі ұзындығынан созылғанға дейінгі ұзындығының айырмасын үлгінің бастапқы ұзындығына бөлгенге тең болады. Серпімді және қалдық созылғыштығы шартты шамалар, олар уақытқа тәуелді болып келеді.

Әртүрлі үлгілердің созылғыштығын анықтау үшін, олардың бірдей аумақтағы көлденең қимасына бірдей күш салып созып байқау керек. Былғарының тері өзеңінің жалын созылғыштығын сипаттау үшін стаңдарт бойынша ортақ көрсеткіш алынған. Онда жонарқа бойымен және оған көлденең үлгілерді белгілі бір күш жұмсай отырып, созу қаралған. Былғары үшін күш мөлшерінің шамасы 1 Н/м2, мех және тон терілері үшін 0,5 Н/м2 алу көзделген. Аяқ киім өндірісіңде, былғары, әсіресе аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары көбірек керіліп, созылады.

Мүйізді ірі малдың терісінен дайындалған, хроммен иленген аяқ киімнің бас былғарысының созылғыштығы 20—30%-тей болуы керек. Егер созылғыштығы 20%-тен кем болса, былғарының беті созған кернеуді кетере алмай сынуы мүмкін.

Ұлтандық былғарының жалпы және серпімді созылғыштығы, нығыздаудан кейін азаяды, ал, аяқ киімнің бас былғарысы үшін, престеуден соң созылғыштығы төмендейді. Былғарының талшықты құрылымын жіктейтін процестер, мысалы, созу, қыртысын жазу былғарының жалпы, серпімді және қалдық созылтыштығын ұлғайтады.

Тондық қой терісі мен тері өзеңі ұзаққа бойына және көлденеңінен тартқан кезде созылмалы болуы керек. Терінің созылмалы болуы, өнімнің сыртқы түрін сақтап, эксплуатациялық қасиеттерін жақсартады. Созылмалылық пластикалық қасиеттеріне байланысты. Үлбір мен тондық кой терісінің пластикалық қасиеттерін қалдық созылғыштығы көрсетеді. Оны терінің бүтін күйінде және үлгілерінде бүлдірмей таба береді. Сынақты белгілі бір (4,9 немесе 9,8 МПа) күш салып анықтайды.

Созылу кезіндегі беріктік шегі. Бұл сапалық көрсеткіш былғарыны тері өзеңін немесе жүн талшығын созғанда, үзілу кезіндегі пайда болатын күшті сипаттайды. Ол үлгінің үзілу кезіндегі жұмсалған күштің, сынақ үлгісінің көлденең қимасының ауданының қатынасына тең. О - созған кездегі беріктік шегі, Па; Р - үлгіге үзілу кезіндегі тұсірілген салмақ күші, Н; Ғ - үлгінің көлденең қимасының ауданы, м2. Бұл көрсеткіш талшықтар тобының мықтылығы мен деформация түріне байланысты. Егер жұмсалған күштің бағыты талшықтар тобымен бағыттас болса, онда олар тек созылып қана қояды. Оның мәніне терінің құрылымдық элементтерінің ориентациялық қабілеті әсер етеді.

Созылу кезіндегі беріктік шегіне тек талшықтар тобының мықтылығы ғана емес, сонымен бірге олардың шиеленісу сипаты да әсер етеді. Жүн талшығының созылу кезіндегі беріктік шегіне, негізінен талшықтың қабыршақ қабатының өсу дәрежесі мен құрылысы әсер етеді, ал қабықты кабатының әсері бостау және борпылдақ болып келгендіктен бәсеңдеу болады.



Жыртылу кезіндегі беріктігі. Жыртылу кезіндегі беріктікті сынау үшін қиылған үлгіні жұлып алуға кететін күштің мөлшерін анықтайды. Ол үшін динамометр қолданылады.

Былғарының беріктік шегі мен жыртылу кезіндегі беріктігін сынаудың арасында корреляциялық байланыс бар, корреляция коэффициентінің мәні 0,72-0,85 тең болады.

Жыртылу кезіндегі күш рН, үзілу кезіндегі тұсірілген салмақ күшінен рН аз болады. Бұл екі күштің айырмасы былғары мен үлбірдің серпімділік қасиеттеріне байланысты. Егер майысқақтық аз болса, онда айырмасы көп болады.

Серпімділік модулі мен қаттылығы. Созылуға жұмсалған күштің күш бірлігіне қатынасы серпімділік модулі деп аталады. Ол былғарының созылуға икемділігін сипаттайды. Металдардың серпімділік модулімен салыстырғанда, бірен саран жағдайларда ғана серпімділік модулі күшке тәуелді болмайды, оны суреттен көруге болады.

Релаксация. Релаксациялық құбылыстарға серпімділіктің қалпына келуі, тұрақсыздық және релаксация жатады.

Серпімділіктің қалпына келуі - деформацияның релаксациясы, жоғары эластикалық деформация - деформацияның уақыт өткеннен соң азаюын көрсетеді.

Тұрақсыздық былғарыға үнемі күш тұскеннен, деформацияның релаксациясы - күш түскенде деформацияның уақыт өткен сайын өсуі немесе форманың қайта қалпына келуі т.б.

Релаксация (киімнің релаксациясы) -деформацияланған материалдың уақыт өткен сайын кішіреюін көрсетеді.

Релаксациялық құбылыстардың былғары мен үлбірді сақтауда, тасымалдауда, дайындауда және қолдануда үлкен маңызы бар. Былғарыда серпімділіктің қайтуы немесе азаюы анық байқалады, оның дұрыс және бұрыс жақтары бар.

Бұрыс қасиеттеріне мысал ретінде өнімді тасымалдауда және сақтауда ауданының кішіреюі мен жалпы созылғыштығының өсуін келтіруге болады және уақыт өткен сайын көннің қаттылығы азаюы мүмкін.

Ал дұрыс қасиеттеріне эксплуатациядан кейін, тыныштықта тұрған киімнің өз формасына келуі мысал бола алады. Былғары мен үлбірдің деформациясы талшық және талшықтар тобының орналасуына байланысты.

ХV тарау
Былғары сапасын бағалау әдісі

Дайын былғары белгіленуіне байланысты сапалы талаптар қатарын қанағаттандыру керек. Оның өзінің сыртқы түрі болуы керек, санитарлы- гигиеналық қасиеті анықталған (ылғалөткізгіштік, ауаөткізгіштік және т/б.), уақыт өткен сайын өзінің формасын жоғалтпау қасиетінің болуы, айтарлықтай ұзақ эксплоатацияға шыдауы керек және қойылған уақыт ішінде өзінің қасиетін жоғалтпау керек.

Былғары сапасын бағалау кезінде органолептикалық және химиялық әдістер, микроскопиялық анализ және физико механикалық зерттеулер қолданылады. Оның қасиетін анықтауда көрсетілген әдістерді қолдану кезінде былғары сапасы туралы дұрыс айту үшін былғары өндірісінің нұсқауы – технологиялық процестердің сипаттамасында білу қажет.


  1. Органолептикалық әдіс

Мұндай әдіс көру және сезу түйсігі мүшелері көмегімен былғары қасиетін анықтау үшін қолданылады. Сонымен қатар мына талаптар қойылады: былғары конфигурациясы, оның өлшемі, қалыңдығы, түсі, өңдеу сапасы, техникалық қасиеті (майысқақ, тұрақты, жұмсақ, иілгіш және басқалары.), шикізаттық және өндірістік ақаулардың болуы.


  1. Микроскопиялық әдіс

Микроскопиялық әдіс былғары сапасын былғарыны кесу кезінде қылшық коллагендерінің орналасуын және сипаттамасын білу негізінде бағалауға мүмкіндік береді.


  1. Былғарының химиялық анализі

Химиялық анализдің мақсаты былғарының химиялық құрамын мөлшерлі анықтау болып табылады, яғни көңдік заттар құрамын, күлді, майды, майды, сумен шайылғанды, илегішпен байланысты және басқаларын.

Былғарыдағы ылғал ауысып тұрғандықтан, салыстырмалы қортынды алу үшін берілген анализді шартты ылғалдылыққа санайды (әдетте 18%) немесе абсалютті құрғақ былғарыға санайды.



Көңді зат – тері арқылы өтетін былғары ақуыздары. Көң заттарының құрамы басқа бірдей жағдайда былғары сапасын сипаттайды: берілген әдісте көң заттарының өңделуінің берілген түрі былғарыда көп болса, оның сапасы сондық көп болады. Бұл дұрыс иленген және қандайда бір мөлшерде жуылмайтын илегіш заттар құрайтын былғарыларда ғана болады.

Көң заттарының ауысып отратын жағдайы: қатты былғары үшін 28-50% шамада, жоғарғы үшін 50-70% шамасында.



Ылғал. Былғарыдағы ылғал құрамы әдетте былғары салмағынан пайызбен анықталған оның ылғалдылығының қатынасының көрсеткішімен анықталады, және ауа ылғалдылығы мен былғары табиғатының қатынысынан тәуелді. Ауа ылғалдылығының өсуіне байланысты былғарыдағы ылғал құрамы да өседі, және керсінше ауа ылғалдылығының төмендеуімен былғары ылғалдылығы да төмендейді. Әдетте өндірістен шығарылған былғары ылғалының құрамы 18 %-дан аспауы керек.

Былғарыдағы ылғал құрамына байланысты оның кейбір физико-механикалық қасиеттері өзгереді: ауданы, қалыңдығы, созу кезіндегі беріктігі және басқалары. Сонымен ылғалдың жоғарлауымен былғары ауданы ұлғаяды және жыртылуға қарсылығы жоғарлайды.



Май. Былғарыда майдың болуымен өндіріс процесінде кіргізілген майлағыш заттар мөлшері және былғары құрамына кіретін майлар түсіндіріледі.

Май мөлшері ең алдымен белгіленуімен және былғары түріне байланысты анықталады. Сонымен юфть майы 22%- дан кем болмауы керек, аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромды былғарыда 3-8%, аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғарыда 3-5% және басқалары.

Былғарыда май мөлшерінің ұлғаюымен оның ылғалөткізгіштігі мен ауаөткізгіштігі төмендейді, ауырлап және жыртылуға қарсылығы жоғарлайды. Былғары құрамында май көп болған сайын, ылғалөткізгіштігі сондық аз болады.

Күлдеу. Былғары құрамындағы минералды заттар жағу кезінде күлге айналады. Минералды заттар былғарыға теріден келедіжәне ең бастысы оған өңдеу процесі кезінде келеді: күлдеу кезінде, илеу, толықтыру және т.б. күлдің көптеген мөлшері өсімдікпен иленген былғарыда, аз мөлшері хромды иленген былғарыда болады. Өсімдкпен иленген кезде күл мөлшері былғарыға сульфитирленген сығындыларды және толықтырғыштарды қолданған кезде жоғарлайды.

Өсімдікпен иленген былғарыда 2% - ға дейін күл болады, хромды-өсімдіктіде 3%-ға дейін болады; аралас иленген кезде өсімдік емес илегіштерді қолданғанда (сульфитцеллюлозды сығындылар, синтандар) күл мөлшері 6%-ға дейін жетеді және кейде одан жоғары; хромды иленген былғарыда күл құрамы 4 пен 12% арасында болады; замшта күл 4-8% болады; лайкада 10-12% болады.



Былғары қышқылдығы - өсімдікпен немесе аралас иленген былғарыдағы бос қышқыл құрамының көрсеткіші.

Былғары қышқылдығы оның кейбір қасиеттерімен байланысы бар, әсіресе оған жылу мен ылғал әсері кезінде пайда болатын. Былғары қышқылы (рН) оны көп сақтау кезінде үлкен маңызы бар. Қатты былғарыда рН 3,5 төмен болмау керек, юфть үшін 4 – тен төмен болмауы керек.




  1. Физико-механикалық сынау

Бұл әдіспен былғарының созу кезіндегі шыдамдылығының шегін, созылуын, беттік қабатының беріктігін, ылғал сіңгіштігін, ылғалөткізгіштігін, гигротермиялық беріктігін және басқалары сияқты көрсеткіштерін анықтайды. Бұл көрсеткіштердің кейбіреулері былғарының сапасын сипаттайды, мысалы шпилканы ұстау беріктігін және тарту кезінде созылуын; қалған көрсеткіштер былғарының эксплоатациондық қасиетін сипаттамайтын жанама және тікелей болып саналады.

Жанама көрсеткіштерді егер былғарыны өңдеу әдісі белгілі болса қолдануға болады.

Былғарының физико-механикалық көрсеткіштерінің қолданыстағы көрсеткіштерін қарастырайық.

Керу кезіндегі беріктік шегі (жыртылуға қарсыластығы) сыналатын үлгінің көлденең қимасының квадрат миллиметрін килограммен анықтайды (кг/мм2). Жыртылу мен созылуға сынама арнайы прибор-динамометрда жүргізіледі.

Былғары үлгісінің жыртылуға қарсыластығы қышқыл коллагендерінің беріктігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар оның орналасуына да байланысты.

Әр түрлі шикізаттан алынған былғарының әр түрі үшін созу кезіндегі беріктікке минималды талаптар мынандай: аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромды былғарылар партия бойынша – 1,4-2,5 кг/мм2 кем емес, жеке былғары бойынша жеке былғары бойынша 1-1,5 кг/мм2 ; былғары бойынша тана юфті 1,6 кг/мм2 ; қара мал терісінен алынған аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғары партия бойынша – 2кг/мм2 кем емес; қара мал терісінен шикізат жеке былғары бойынша – 6кг/мм2 кем емес.

Созу кезіндегі беріктікпен қатар партия бойынша хромды былғары үшін 1-2 кг/мм2 кем емес, тана юфті үшін 1,75 кг/мм2 кем емес болатын беттік қабатының беріктігін де анықтайды.

Аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромды былғарының беттік қабатының беріктігі былғарының бахтарма жағына шет жағына 45о –қа басатын арнайы сынамамен анықтайды; юфтті бетін сыртқа қаратып төртке бүктеп бүктеген сызығынан 17 мм қашықтықтан саусақпен басып сынайды.

Ылғалсыйымдылық (салиақтық ылғалдау) – бұл былғарыны суға салған кезде оның суды сіңіру қасиеті. Ылғалсыйымдылық үлпілдекқұрғақ былғары салмағына процентпен көрсетілген, берілген уақыт ішінде үлпілдекқұрғақ былғарының сіңірген су мөлшерін көрсетеді. Ылғалсыйымдылық көрсеткіші кию кезінде суға көп тиетін аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғарыны сипаттау үшін қажет. Ылғалсыйымдылық былғары үлгісін суда 2 және 24 сағат болғаннан кейін өлшеу арқылы анықтайды.

Ылғалсыйымдылықтың көрсеткіш шамасы ұлтандық былғарыны жатқызудағы дұрыстығы мен дәрежесіне байланысты; Жатқызу былғарының анықталған ылғалдылығында жүргізіледі. Ылғалсыйымдылықтың көрсеткіш шамасына суға салынбағандардың мөлшеріде жатады: аз суға салынған болса, соғұрлым былғарының ылғалсыйымдылығы аз болады.

Гигротермиялық беріктік дымқыл былғарының анықталған уақыт ішінде жоғары температураның әсері кезінде, анықталған жағдайда беріктігін сақтаудың қабілеттілігін сипаттайды.

Ылғал буланбаған жағдайда былғарыны ұзақ қыздыратын болса, оның толықтай бұзылуына әкеліп соғатыны белгілі. Осыған байланысты ылғалды жағдайда қыздыру кезінде былғары беріктігінің жоғарлауы маңызды болады.

Былғарыны ұзақ сақтаған кезде оның қышқылдығына байланысты болады: егер рН 3-тен төмен болатын болса, ол тез бүлінеді. Сондықтан мұндай төмен рН-тағы былғарыны ұзақ сақтамау керек.


  1. Былғарыға МЕМСТ

Былғары фабрикаттарының сапасына , типтік сипаттамалары мен былғары түрлеріне талаптар мемлекеттік жалпысоюздық стандарттармен белгіленелі (МЕМСТ).

Стандарт атауы әдетте стандарттаушы объекттерге сәйкес келеді, мысалы: МЕМСТ 939-41 «аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромдық былғары». Санның бірінші тобы МЕМСТ –тың қатарлық нөмірін көрсетеді, екіншісі бекіту жылы.

МЕМСТ құрамы мына бөліктерден тұрады: 1) анықтау, 2) классификация, 3) техникалық шарттар, 4) сұрыптау, 5) қабылдау шарттары мен сынамалар, 6)маркілеу, буып-түю, сақтау және тасымалдау. Былғары фабрикатының кейбір бөліктері 4, 5 және 6 шыларына жеке МЕМСТ бөлінген (қатты былғары, аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромды, ұлтанды былғарылар).

«Анықтамасында» былғары фабрикатының жалпы сипаттамасы көрсетіледі. «Классификациясында» былғарының жалпы сипаттамасы көрсетіледі, шикізат түрі, конфигурациясы, илеу әдісі, бояу, әрлеу, ауданының өлшеміне, қалыңдығына және басқа белгілеріне байланысты бөлінуі көрсетіледі.

«Техникалық шартында» сыртқы түрі және былғарының сапасы сипатталады, сонымен қатар органолептикалық қасиеттері қарастырылады: иленгендігі, қаттылығы, иілгіштігі, біртекті бөлінуі.

Осы бөлімде химиялық анализдері мен физико-механикалық зерттеулерінің нормалаушы көрсеткіштерін соңғы жіберілетін шектеуін құратын «химиялық құрамының нормасы және физико-механикалық қасиеттері» жүргізіледі, мысалы: ылғал мөлшері, май, хром тотығы, рН, гигротермиялық тұрақтылығы, илегіш коэфициенті, созу кезіндегі беріктік шегі.

Былғарыны ұзақ сақтау кезінде жылына екі рет қарастырып, қайта салу керек. Көгерген былғарыны шығарып, жақсылап тазалап ауада кептіреді.

Тасымалдау щарты бойынша буып түю талаптарын орындап және былғарыны ылғал мен желденуден қорғайды.

БЫЛҒАРЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ ҚОСЫМША ӨНІМ

Жүнсіздендіру процесінен алынған зауыттық жүн мен шошқа терісінен сыпырылған қылы өте құнды болып табылады және әр түрлі өндірістер үшін шикізат ретінде табылады.

Сонымен қатар, бұл өнімнің қосымша түрлерін дұрыс пайдалану былғарының негізгі өнімінің өзіндік құнын төмендетуге көмектеседі және былғары өндірісінің рентабельдігін жоғарлатады.


  1. Жүннің біріншілік өңделуі

Зауыттан алынған жүн былғары өндірісінен алынған және киіз дайындау үшін, пима және тоқыма алу үшін бірден бір құнды жанама өнім болып табылады. Зауыт жүні келесі негізгі түрлерге бөлінеді: 1) сиыр жүні, ірі қара терілерінен алынған; 2) бұзау түгі; 3) жылқы түгі; 4) қой жүні; 5) ешкі жүні.

Жүнсіздендіруден кейін жүн өте кір болады, кір теріден тазаланып алынған тері 30% құрайды. Жүн сапасын төмендетпеу үшін оны тез тазалап алу керек. Зауыт жүнінің бірінші өңделуі, 1,5-3% тұз қышқылы қосылған (30%), көп мөлшердегі суда шайылады (20-30 с/к).

Жүнді жүн жуатын темір немесе ағаш чандарда жүнді қалақшалы білікпен немесе иілген тістері бар білікпен түте отырып шайады. Чанның түбінде 2-3мм саңылау бар, одан шайылған кір шығып отырады. Ш-1 және «Дельта» өндірісі бір сағатта 15-40 кг жүн шаяды . шайылған жүнді центрифугада 40-50% ылғалдылыққа дейін сығады, одан кейін арнайы кептіргіштерде 600 температурада кептіреді. Буып түю алдында жүннің ылғалының біртекті таралуы үшін құрғақ бөлмеде екі күндей ұсталады.


  1. Қылшықтың біріншілік өңделуі

Қылшықтар майлы кистілер мен щеткалар дайындауда қолданылады. Қылшықтың қалыңдығы мен қаттылығы бағаланады. Шаштан қылшықтың негізгі айырмашылығы жэалауша деп аталатын сыртқы ұшы бірнеше жіңішке жұмсақ қылшыққа бөлінеді, ол бояуды жақсы ұстайды.

Қылшықтарды жонды және қырынды болып бөлінеді. Жонды қылшық ұзын, қатты тығызболады. Ондай қылшықтан әр түрлі өндіріс саласына арналған щеткалар дайындалады. Қырынды қылшық қысқа, жұмсақ ұшы аз таралған болады. Бұндай қылшықтан үй шаруашылығына қажетті щеткалар мен кистілер және сылағыш кистілері дайындалады.

Қылшықтарды машина арқылы жұлады немесе қолмен орындалады.

Жұлған кезде міндетті түрде түбі сақталады. Жұлынған қылшықтарды жәшікке салып отырады, түбінде сеткасы болады соған әр түрлі ұзындықта бөліп салып отырады.

Жәшіктегі жағылған қылшықтар 15 минутқа 300 температурада 3% тұз қышқылы ертіндісі бар баркаға шайылуға салынады. Одан кейін қылшықтарды 2 мин ағын суда шайып және 15 минут жуғыш барабанда 45-500 температурада кальцирленген 2-3% соды ертіндісінде шайылады (майсыздандырылады). Ары қарай қылшықты ағын суда 2 мин тағы шайып, 300 температурада 15 мин баркада шайады. Шаю кезінде қылшықтарды жәшікке қою жүйесін бұзбай қойып отырады, әр шаюдан кейін қолмен сығып отырады.

Шаюдан кейін қылшықтарды бір күнге қойып –қояды, одан кейін оларды жоғарыда айтылған салу әдісіндегі ұзындықтарына байланысты әр қайсысын 200-300г салмақпен бумаға байлайды.




ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР





  1. Мәдиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т. Былғары және тері технологиясы - Астана: Фолиант, 2010 - 216бет.

  2. Мәдиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т.. Орысша-қазақша сөздік. Былғары және мех технологиясы.- Алматы: Білім, 1996. - 104б.

  3. Фирсова Н.М. Выделка меха, овчин и кожи / Н.М.Фирсова.- Изд.2-е, перераб идоп. - Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 346с.

  4. Лошкарева О. Технология сборки изделий из кожи: Учебник/О.Лошкарева. - Астана: Фолиант, 2010. - 640с.

  5. Обработка и выделка шкур / Ростов н/Д: Владис; М.: РИПОЛ классик, 2011. - 192с.

  6. Линь В.В. Обработка и выделка шкур / ООО "Аделант", 2006. 384с.

  7. Шепелев А.Ф., Печенежская И.А., Мхитарян К.Р. Товароведение и экспертиза пушно-меховых и кожевенно-обувных товаров / Серия "Учебники, учебные пособия". - Ростов н/Д: Феникс, 2002. - 288с.

  8. Рахметбай А., Дильдабек Д., Рахметбайулы К. Технология кожи и меха. - Тараз. - ТарГУ, 2003. - 180с.

  9. Бурмистров А.Г. Машины и аппараты производства кожи и меха -М.: КолосС, 2006. - 384с.

  10. Бейсеуов К. Новое в минеральном дублении кож: Моногр. - М.: Легпромбытиздат, 1993. - 123с.

  11. Н. В. Булгаков. Меховое производство. - Екатеринбург: Каменный пояс, 2007. - 280 с.

  12. Туменова Г.Т. Методическое указание к выполнению лабораторных работ по дисциплине "Технология кожи и меха". - Семипалатинск, 2005.-50 с.

  13. Павлов С.А. Химия и физика высокомолекулярных соединений в производстве искусственной кожи, кожи и меха: учебник для студентов вузов легкой промышленности / Шестакова И.С, Касьянова А.А. - М., "Легкая индустрия", 2009. - 528 с.

  14. Ғайдар Л.П. Технология кожи: учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая иидустрия", 2010. - 168 с.

  15. Страхов И.П. Химия технология кожи и меха: учебник для вузов. - М., Легпромбытиздат, 2003. - 496 с.

  16. Справочник кожевника (сырье и материалы) / под ред. проф.К.М.Зурабяна. - М.: Легкая и пищевая промышленность, 1984. - 384 с.

  17. Справочник кожевника (технология) / Н.А.Балберова, А.Н.Михайлов, Е.И.Шуленкова, В.А.Кутьин; Под ред.канд.техн.наук Н.А.Балберовой - М.: Легпромбытиздат, 1986. - 272 с.

Каталог: ebook -> umm
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе Дәріс мазмұны
umm -> Пән бойынша глоссарий анимизм
umm -> Шұжық және консерві өндірісі
umm -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті
umm -> Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Ќазаќстан республикасы
umm -> Адам құқықтары туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады
umm -> Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді
umm -> Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет