Әлеуметтік желіде жыртқыштар талап кеткен ер адамның мәйіті түсірілген сурет тарады. Бұл турады Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото әлеуметтік желіден алынған

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта ер адамды қасқырлардың талап кеткені, осылайша “қасқырлардың кек алғаны” туралы жазылған.

Ақмола полиция департаменті фотодағы мәйіттің Қазақстанға қатысы жоқ екенін хабарлады.

"Бұл дерек Ресей Федерациясының ресми БАҚ-тарында жазылған, оқиға Кубань аумағында болған. Краснодар өлкесінің Журавлевка қаласының 47 жастағы тұрғыны екені анықталған", – делінген Ақмола облысы полиция департаментінің хабарламасында.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.