АҚШ-тың Алабама штатында 1988 жылы кісі өлтіргені үшін сотталған Кеннет Юджин Смитке мемлекет таза азотпен улау өлім жазасына кесті. Штатта мұндай жаза алғаш қолданылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұтқын өлім жазасына кесілгеннен бастап бар ойы – өлімінде, ол қаншалықты азапталатынын ойлап, маза-құты қашқан.

Кеннет Юджин Смит – Америка Құрама Штаттарындағы өлім жазасына кесілген санаулы адамдардың бірі. Бұған дейін де Смитті өлім жазасына кеспек болып, кейін ол қабылданбаған. Олар сотталушыны Уильям Холман түрмесіндегі өлім камерасына отырғызып, денесінн байлап, химиялық зиянды қоспаны екпек болған.

Алайда мамандар тамырын таппай, қолдарын тесіп тастаған. Содан кейін өлім жазасы кейінге қалды.

Бұл жолы мемлекеттік органдар сотталушыны тұншықтырып өлтіруге рұқсат берді. Жазалаушылар оған ауа өткізбейтін маска кигізеді де, оған таза азот беріледі. Азот – бұл инертті газ, ол денеге мүлдем әсер етпейді, бірақ  оттегін сұйылтады. Ресми тілде мұны азот гипоксиясы деп атайды.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі өкілі Равина Шамдасани сынақтан өтпеген өлім жазасына кесу әдісі адамды азаптайтынын , АҚШ халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді бұзғанын мәлімдеді.

"Америкалық ветеринарлық медицина қауымдастығы жануарлардың өзіне ауырсынуды басатын және седативті дәрілер беруді ұсынады, ал Алабама штатының хаттамалары адамдарға өлім алдындағы тыныштандыру дәрілерін беру мәселесі айтылмайды", – деп атап өтті ол.

Сот бұған дейін Смиттің адвокаттарының азотпен тұншықтыру арқылы өлім жазасына кесуді тыйым салу туралы өтінішін қабылдамады. Үкім 25 қаңтарда орындалуы керек.

Смит Джон Паркермен бірге 1989 жылы Элизабет Сеннетті өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. Элизабеттің күйеуі екі қаскүнемді жалдап, әрқайсысына 1000 доллар төлеген. Өйткені ол қарызға белшесінен батып, әйелінің өлімінен кейін сақтандыру қорының ақшасын алғысы келген. 

Сеннеттің осыдан кейін өзі-өзін атып тастады, ал Паркер 2010 жылы өлім жазасына кесілді. Билік азотты газдан адам тез есінен танып қалады деп мәлімдеді. Яғни ауырсынып, азап шекпейтінін түсіндіреді.

Ал егер Смит өлімі кезінде маскасына құса бастаса, ешкім ешқандай шара қолданбайды. 

Алабама, Оклахома және Миссисипи штатында азот гипоксиясы өлім жазасының бір түріне кірді, бірақ олардың ешқайсысы осы уақытқа дейін бұл әдісті қолданбаған.

Медициналық сарапшылардың айтуынша, азотпен тұншықтырған кезде Смитта құрысулар болуы мүмкін. Әрі қандай да бір қателіктермен маска толығымен жабылмаса, онда азот сотталған адамның ғана емес, сонымен бірге кезекшілікте болатындардың, басқа сотталушылардың өліміне әкелуі мүмкін.

"Ол өлімнен қорықпайтынын білемін, ол мұны анық айтты. Бірақ менің ойымша, ол өзін күтіп тұрған азаптан қорқады", – деді Доктор Джефф Гуд.

Алабамада өлім жазасы кеңінен қолданылады. Қазір өлім жазасына кесілген 165 адам кезегін күтіп отыр.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.