Ббк 5. 118. C-85 Рецензенттер


Қырқудың негзігі әдістері



жүктеу 1.31 Mb.
бет4/6
Дата19.09.2017
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қырқудың негзігі әдістері


1. Сирету (прореживание)

Ағаш діңіндегі артық бұталарды жою, нәтижесінде жарық режимі жақсарады. Діңнің көлемі аздап қана азаяады, алайда бұтақтар бостау жайғасады. Жеміс беретін өсуші бұталардың ұзақ мерзімде өмір сүруіне себеп болады, осындай жағдайда нашар жарықтандырудан гөрі, олар 2-3 есе ұзағырақ өмір сүреді.



2. Қысқарту

Бұл әдіс бүршіктердің атуы мен өсімдіктің бүршіктүзілуін көтереді, нәтижесінде бүйір бұтақтардың ұзындық бірлігіне саны көбейеді, қалған бұталар өседі.

Егер қысқартуды жүргізбесе, бүйір бүршіктер көп бөлігі өспейді сондықтан үстіңгі бүршіктерден мықты өркендер түзіле бастайды.

Қысқартудың дәрежесі жылдық өсудің ұзындығымен анықталады, яғни жыл бойы өскен өркеннің ұзындығымен.Егер өскін кем дегенде 40 см болса, онда әдетте оларды қысқартпайды, егер 40-60 см болса, нашар қысқарту жасалады( жылдық өсуден 1/4 ), егер 60 см аса болса, онда 1/3 ге қысқартады.



Сурет 4 – Ағашты кескен кездегі әрекеттер


Таңдаған ағашта ережеге сай қырқуды орындаңыз.

Дұрыс қырқу жүргізу үшін келесі кезең бойынша жүргізуді ұсынады:

1. Ағашты жақсылап қарау қажет.

2. Ауру, сынған, бүлінген, кепкен бұтақтарды кеседі.

3. Үшкір бұрышты айырылған бұтақтарды кеседі.

4. Мықты вертикальді өсетін бұталарды яғни негізгі өркенге конкурентті жояды.

5. Бұтаның ішінен өсетін бұталар

6. Бір- бірінің үстіне орналасқан, айқасатын параллельді бұталар жойылады.


Қорытынды сұрақтар:

  1. Ағаштар мен бұталарды не үшін кеседі?

  2. Қысқартудың қандай түрлері бар?

  3. Бақтарды күту үшін қолданатын құралдармен қалай жұмыс жасау қажет?

  4. Жастандыратын кесулерді жасаған кезде қандай әдістерді қолданады?


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Николаевская 3. А. Садово-парковый ландшафт. М.: Стройиздат, 1989.

  2. Пронин М. И. Лесопарковое хозяйство: Учебник для техникумов. М.: Аг-ропромиздат, 1990. 175 с.



Тақырып 10. Бақты-саябақтағы жемісті және декоротивті ағаштарды отырғызудағы шаруашылық жұмыстар.

Мақсаты: студенттер бақтар мен саябақтарда ағаштарды отырғызу тәсілдерін, дұрыс жер таңдау мен күту жұмыстары жайында білім беру.

Тапсырма:

1. ҚМУ- ға жататын бақтағы жемісті ағаштардың, декоротивті ағаштардың отырғызу ерекшеліктеріне, топырақ қасиеттеріне, желден қорғану қорғаныштарының орналасуына талдау жасаңыздар.

Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Бақты салу барысында жіберілген кемшіліктер, әдетте, бірнеше жылдардан кейін байқалады. Олардың кері әсерін түзету немесе баяулату мүмкін болмағандықтан, бақтың мерзімінен бұрын жойылуына, олардың өнімділігінің төмендеуіне, үлкен шығындарға әкеледі және жұмсалған қаржы өтелмейді. Сондықтан өндірістік бақтарды салуды, арнаулы мекемелер (Қазақстанда-Қазбақжоба) дайындаған жоба негізінде ғана жүргізеді. Жобада өзара байланыстағы маңызды міндеттерді шешу қарастырылады: климат жағдайын талдау, топырақты зерттеу, бақ орнын таңдау, тұқымдық-сұрыптық құрамды негіздеу, жемістік және бақ қорғау ағаштарының құрылғысы, жеміс өсімдіктерін өсірудің ең жетілген технологиясын негіздеу, суландыру жүйесін жобалау және салу, жолдарды және шаруашылықішілік көлік жүйесін, инженерлік құрылғылар (газ, жарық, су, құбыр, тазалау нысандары, байланыс, т.т.), жәшік-бөшке шаруашылығы, тоңазытқыш-тар, өндірістік және тұрмыстық бөлімдер, ағаш отырғызу және оны пайдалану есептері, жобаны толық игеру кезеңінде шаруашылықтың экономикалық тиімділігін анықтау және т.б. 


Жобалауды техникалық-экономикалық негіздеуден бастайды, сосын техникалық және жұмыс жобасын әзірлейді. Әр саты төрт кезеңнен тұрады: жобалауға дайындалу, жобыны әзірлеу, оны бекіту және жүзеге асыру. 
Бақты салу негізінен рет-ретімен орындалатын үш кезеңді қарастырады: бақтың орнын таңдау және аумағын ұйымдастыру; топырақты ағаш отырғызу алдында дайындау және бақ салу. Бойшаң өсетін телітушілердегі бақ (тұқымдық және клондық телітушілерде). Бойшаң өсетін клонды телітушілер өндірістік жеміс шаруашылығында іс-жүзінде қолданылмайды. Тұқымдық телітушілер ретінде жабайы орман алмасының сеппесі немесе нақты жағдайда өсірілетін, кейбір белгілері бойынша ең төзімді сұрыптары қолданылады. Мұндай бақтарда ағаштардың мұғдарлары (габариттері) айтарлықтай болады– биіктігі 5-6 м және одан да биік, ағаштардың бөрікбастарының ені – 4-5 м. Осыған орай бақтардағы ағаштарды 7-8х3-4 м қоректік алаңмен отырғызады. Мұндай бақтар жеміс салуға отырғызғаннан 7-8 жыл өткен соң кіріседі, оларды 35 жылдан кейін (тозу мерзімі) тамырымен қопарады. Жеміс беретін 1 га бақтың орташа өнімділігі 10-12 т алма.   Аласа өсетін телітушілердегі бақ. Мұндай бақ түртегін ергежейлі, жартылай ергежейлі және орташа биіктіктегі ағаштар қалыптастыратын, өсінді жолымен көбейтілген телітушілер есебінен салады. Мұнда отырғызудың едәуір тығыз сұлбасын (4-6х1,5-4 м) қолданады. Аласа өсетін телітушілер ағаштардың жеміс салуына ертерек кірісуін қамтамасыздандырады (отырғызғаннан 3-5 жыл өткен соң). Ергежейлі телітушілердегі бақтардың амортизациясы 18 жылда өтеледі, жартылай ергежейлілердікі және орташа биіктіктегілердікі – 25 жыл. 
         Аласа өсетін телітушілердегі бақтардың тиімділігі бойшаң өсімдіктермен салыстырғанда жоғарырақ. Бұлар – бақ шаруашылығын қарқындатудың негізі.  Ағаштарының бөрікбастары ұршық тәрізді ықшам бақтар. Ұршық тәрізді бөрікбасты  кез келген телітушілердегі ағаштарда қалыптастыруға болады. Оның мәні бұтақтарды діңге көлденең таратып орналастыруда және сол жағдайда ұстауда (кесумен, байлаумен, т.т.). Негізгі кемшілігі – көп еңбек тілейтіні және көп шығын шығарылатыны. Мұндай бақтарды қалыптастыру, жұмыс күші жеткілікті болғанда ғана мүмкін. Жеміс беретін бақтың әр гектарының өнімділігі – 23-25 т.   Өте қарқынды бақ. Ағаштардың отырғызу сұлбасы 2,5-3х0,5-1 м (жидек дақылдарынікі сияқты) және тығызырақ. Телітушісі – ергежейлі, сұрыптары – жедел жеміс салғыштар, кіші мұғдарлы (габаритті). Амортизация мерзімі 10-12 жыл. Өнімділігі – 20-25 т/га.
         «Спуралы бақ». Өркендерінің буынаралықтары қысқалығымен сипатталынатын, арнаулы «спуралы түртекті» сұрыптардан қалыптастырады. Олардың тұқымдық телітушілеріндегісін 5-6х3-4 м сұлбасымен және тығыздау отырғызады. Алғашқы 10-12 жыл бойы «спуралы» бақтар әр гектардан орташа есеппен 15-25 т және одан да жоғары өнім береді. 
         «Шалғындық» бақ екпе көшеттерінің өте тығыз, тұқымбақ түртектес – 70-90х20-30 см сұлбасымен отырғызылуымен ерекшеленеді. Телітушісі – ергежейлі, телінушісі, бір жылдық өсіндісінде бүршік салуға қабілетті – сұрып. Өсу барасында телінген сұрыптың өркендерін ретарданттармен өңдеу, олардың өсуін тоқтатады және жемістік бүршіктердің байлануына ықпал етеді. Келесі жылы өсімдіктер жеміс береді және олардың санының молдығынан әр гектардан 50-80 т және одан да мол өнім жиналады. Жемісі жиналғаннан кейін өркендері кесіледі. Келесі жылы олардың өсуі және ретарданттармен өңделуі қайталанады, бір жыл өткеннен соң кезекті жеміс байлауы жүреді. 
         Баған тәрізді бақ. Сеппе көшеттерінің отырғызу тығыздығы, «шалғындық» бақтікіндей, тек оны кеспейді, бірнеше жыл бойы үздіксіз жемістенеді. Телітушісі – ергежейлі немесе өте ергежейлі, сұрпы – өсінді өркендер бермейтін, арнаулы, өте ергежейлі түртектес. 7-8 жылдық ағаштарының биіктігі 1,5 м, өнімділігі 400 т/га және одан да жоғары.

Бақ салғанда ең жылу сүйгіш жеміс тұқымдықтарын оңтүстік беткейге орналастыру керек. Жемістердің реңі қаныққан болады, әрі ертерек піседі. Бірақ оңтүстік беткейлерде, күндізгі және түнгі температуралардың күрт өзгерістеріне байланысты, ағаштар күн көзінен жарақаттанады. 


         Бақ салуға тұйық аңғарлар, шұңқырлар жарамсыз, себебі бұл жерлер суық ауаның жиналуына қолайлы келеді ойпаңдау жерлерде қыста гүл бүршіктерінің зақымдануы жиі байқалады, ал көктемде – жеміс ағаштарының гүлдері. Батыс беткейлер, шығыстықпен салыстырғанда қашанда ылғалды, себебі кейінгі құрғатқыш желдердің әсеріне жиі ұшырайды. Беткей неғұрлым тік келсе, соғұрлым ол құрғақ. Беткейдің әр алуан бөлігінің ылғалдануы да әртүрлі. Жоғары бөлігі ең құрғағы, төменгісі – ең ылғалдысы. Ойысты тегістікте ылғал молырақ болады. Жеміс ағаштары беткейлерде жақсырақ дамиды, өміршеңдігі ұзағырақ, ең сапалы өнім береді және аурулардан аздап зардап шегеді. Өсімдіктердің беткейлерде жақсы дамуы ең алдымен ауа және су керіздерінің болуымен түсіндіріледі (қамтамасыздандырылуымен). Еңістілігі 5-10о беткейлер ең қолайлы саналады. Құрғақшылыққа төзімдірек тұқымдықтар (өрік, шие) тіктеу беткейлерде өсе алады. Көлбеулеу немесе кішігірім беткейлер әртүрлі аймақтағы жеміс бақтарының жер бедерінің жақсы элементі іспеттес. 
         Қазақстанның солтүстігінде бақ үшін, жеміс ағаштарының қабығы күйіп жарақаттанбайтын, көктемгі қардың еруі кеш жүретін, өсінді әсіресе гүлдеу кезеңі кешеуілдейтін, көктемгі үскіріктерден гүлдердің опат болуы азырақ байқалатын, әсіресе ерте гүлдейтін тұқымдықтар (уссурий алмұрты, уссурий алхорысы, қарақат, қарлыға, алманың ұсақ жемісті сұрыптары) үшін, солтүстік және солтүстік батыс беткейлерді таңдайды (А.А.Гудзенко, 1969). Бақ салуға батыс беткейлер жарамсыз, бірақ батыс және оңтүстік батыс желдерден жақсы қорғанышы болса, ол жерді бақ салуға пайдалануға болады. Бақ салуға шығыс беткейлер өте жарамсыз. Оңтүстік беткейлерге кеш гүлдейтін тұқымдықтарды - бүлдірген, болмаса, таңқурай отырғызуға болады. 
         Беткей бойынша телімнің жоғарғы жағына алма мен алмұртты, ортасына – алхоры мен шиені және соңына жидектерді орналастырады. Ертіс өзенінің алқабы сияқты, еш жағынан да суық ауа келмейтін, сол жағалаудағы кең ойпаңға, сондай-ақ оң жағалау бойына ағаштар отырғызуға болады. Жидектер үшін жеміс ағаштарына қарағанда жағдай жақсырақ. 
         Қазақстанның солтүстігінде жеміс ағаштарына қатты желдердің зиянды әсерін ескерген жөн. Желдермен күресудің ең жақсы шарасы – бақ қорғау жолақтарын құрастыру.  Жеміс тұқымдықтары топырақтың көптеген түрлеріне бейімделінуі мүмкін. Бірақ әртүрлі тұқымдықтардың топыраққа талаптарында өзгешеліктері барын, бақ салғанда ескеру керек. 
         Алма топырақтың барлық түрлерінде өседі және жеміс байлайды, бірақ ылғал жеткілікті болғанда, орташа саздақ, жеңіл қара топырақтарда жақсырақ өседі. Алмұрттың алмаға қарағанда талабы жоғарырақ. Тыңайтқыш жеткілікті енгізілген, міндетті түрде суландырылатын, саздақ борпаң топырақта жақсы өседі. Құрғақ топырақтарда алмұрттың жемісінің сапасы төмендейді және олар нашар сақталады. Алхоры ылғалды терең сазды топырақта жақсы өсіп-дамиды және жеміс салады. Венгерка түртектес алхорының ренклодқа қарағанда, топыраққа талабы жоғарырақ. Ренклодтар құмдақ топырақта жақсы дамиды, егер  тыңайтқыш енгізілсе және төменгі қабатта саздақ топырақ болса. Тым құрғақ, ойпаң, салқын, өте дымқыл топырақтарда алхоры нашар өседі. Шомыртқа немесе алшаға ұластырылған алхоры, алхоры сеппе көшетіне ұластырғанмен салыстырғанда, салыстырмалы құрғақ жерлерде өсіруге жарамды. Тәттішие салыстырмалы жеңіл және құмды, ірі құмды топырақта, тіпті қабыршақты саздақтарда да жақсы өседі. Шие, тәттішиеге қарағанда біршама ауыр топырақтар болуын тілейді. Өрік ауаланатын, құнарлы топырақты тілейді. Ойпаң жерлерде және ауыр топырақтарды ғана бүршіктері қатты зақымданады. Топырақтың бақ отырғызуға жарамдылығын сол жерде өскен өсімдіктер бойынша жорамалдауға болады. Жеміс ағаштарын олардың «серіктері» - емен, үйеңкі, жөке, шаған, ақ қайың, шетен, мойыл, шаттауық, жабайы жеміс өсімдіктері, бұршақты және астық тұқымдастарының өсетін жерлерде жақсы өсетіні белгілі. Топырақтың құнарлылығының жоғарылығының куәсі сол жерде өскен кәдімгі қалақай, тобылғы, алабота, тамырлы аюбадам бола алады. 
         Топырақтың артық ылғалдылығын сол жерде өскен қамыс, өлең, көк терек, қандыағаш, кейде тал білдіреді; өте құнарсыз топырақтарды – қарағай, аққылтан, қына және т.б. Топырақтың сортаңдығын және баққа жарамсыздығын – бұзаубас, сорлық ақкекіре, голостахис, кермек және сор жердің басқа да өсімдіктері білдіреді.
         Топырақтың бақ өсіруге жарамдылығын ең дұрысы жақын жердегі топырақта өсіп тұрған жеміс ағаштарының тамыр жүйелерінің даму сипаты бойынша (өсу, қуаты, ұзақ өміршеңдігі, дертсіздігі, өнімділігі бойынша) жорамалдауға болады. Баққа жер таңдағанда, тамыр жүйесінің өсуіне және өсімдіктің өнімділігіне әсер ететін, тамыр жайылатын қабаттың тереңдігін және механикалық құрамын ескеру қажет. Жеміс ағаштары топырақты ғана игермейді, сонымен бірге топырақастын да, тамырдың үлкен бөлігі 180-200 см бойлайды, алма мен алмұрттың тамыры қолайлы жағдайда 10-15 м дейін жетеді. 
Демек, топырақты ғана бағаламай, топырақастын да бағалау керек. Топырақтың жоғарғы жиегін көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптерді сеуіп, тыңайтқыш енгізіп, терең өңдеп жақсартуға болады. Топырақастына, оны түбегейлі жақсарту мақсатында әсер ету қиын және кейде мүмкін де емес. 
Өсімдіктердің тамыр жүйесі тығыз саздық топырақтарда нашар дамиды, жеңіл-құмдақ және құмбалшықты топырақтармен салыстырғанда. Өсінді кезеңнің бір бөлігінде судың іркілуі тамыр жүйесін бүлдіреді, ағаштардың құрғақбастылығы байқалады. Бақ отырғызылатын жердегі  150 см дейінгі тереңдіктегі  топырақтың көлемдік массасы мына көрсеткіштерден аспағаны жөн (г/см3), жақша ішінде – ауыр құмбалшықты және сазды топырақтардың шектеулі көлемдік массасы: тәттішие мен өрікке – 1,35 (1,45); алма, алмұрт, беже және шабдалыға – 1,42-1,45 (1,50); алхоры мен шиеге – 1,40-1,50 (1,55). Алманың, алмұрттың, алхорының және соғды алхорысының бірқалыпты дамуы үшін топырақта оның көлемінің 8 %-нан кем емес ауа болуға тиіс; тәттішие, өрік, шие үшін, топырақтың дымқылдығы ЕТСС-да –         10 %-дан кем емес. 
Жеміс өсімдіктерінің қалыпты өсуі және дамуы үшін ең жақсы топырақастылық топырақтың жеткілікті дымқылдықта, сонымен бірге артық суды өткізетін құмбалшықты болғаны дұрыс. Топырақастылық топырағы құмды немесе малтатасты қабаты бар телімдер бақ салуға жарамсыз; мұндай топырақтарда жеміс ағаштары су тапшылығынан зардап шегеді және тіршілігі ұзақ болмайды. Топырақастылық топырағы борлы телімдер де бақ үшін жарамсыз. Мұндай телімдердегі ағаштар әдетте сарғылтаннудан (хлороздап) зардапшегеді. 
Бақтың орнын таңдағанда жеміс ағаштарының тұзға шыдамдылығын (сорланғанда тіршілік ету) және тұзға төзімділігін (өсуге және жеміс салуға қабілеттілігі) ескеру керек. Мысалы, алманың тұзға шыдамдылығы хлордың 0,2 % тең, алмұртта – 0,14-0,17 %, тәттішие (алша) – 0,1-0,3 %, тұзға төзімділігі сәйкес – 0,0-0,05%; 0,05-0,06; 0,02-0,04%, абсолютті құрғақ топыраққа есептегенде. 
Сонымен, шекілдеуікті дақылдарда ең төзімдісі алма, ал алмұрт – шамалы. Сүйектілерде хлордың жоғары болуына төзімдірек өрік, алхоры, нашар – шие, өте нашар-тәттішие. 
Ыза суын және оның минералдануын зерттейді. Жеміс ағаштары, егер ыза суы метрден жоғары, ал минералдануы 1 литрге 10 г артық болса немесе бір литрдегі хлордың мөлшері 3 г асса, өсе алмайды. 
Ыза суы 1 м жоғары, 1 литрге минералдануы 5-7 г немесе 1 литрге 0,6-1,6 г хлор болғанда қанағаттанарлықтай алма, салыстырмалы түрде шие өсе алады. Егер ыза суы 1 м тереңірек болса алма мен алмұрт хлор мен тұздардың жоғарырақ мөлшерінде де өсе алуы мүмкін. Айталық, ыза суы 150 см тереңдікке дейін болғанда минералдануы 5-7 г және хлордың мөлшері 1 л суға 2,8 г болуы мүмкін. Жеміс ағаштары топырақтың сортаңдануына сезімтал келеді. Сортаңдануға алма, шабдалы, шие, тәттішие төзімдірек. Бақ үшін сортаңы жоқ телімдерді таңдаған жөн. Сортаңдығы 4-5%-ды топырақтарда бұған шыдамды, бежеге телінген алмұртты өсіруге болады. Тұздардың зиянды әсері тұзды қабаттың қандай тереңдікте жатуына да байланысты. Егер ол 140 см жоғары жатса шекілдеуікті дақылдарды отырғызуға жарамсыз, ал 120 см жоғары болса – сүйекті дақылдар үшін. 
Топырақта сілтілі тұздардың бар-жоғын да ескеру керек. 
Қазақстанның солтүстігінде жеміс және жидек өсімдіктері үшін қара топырақтар, қызыл қоңыр топырақтар, әсіресе күңгірт қызыл топырақтар ең жақсы саналады. Шамалы қышқылды және бейтарап реакциялы топырақтар да жақсы. 
Шекілдеуікті тұқымдықтар үшін ыза суының топырақ бетіне 2-3 м жақын болуы жөн емес, сүйектілерге – 1,5-2, жидектілерге – 1-1,5 м. Басым желден табиғи қорғанышқа жақын телімдерді таңдау керек. Баққа үлкен су алабының жақын болуы температураны басыңқылайды, климатты жұмсартады.

Бақ аумағын дұрыс ұйымдастыру жерді, машиналарды, құралдарды, көліктерді, жұмысшы күшін тиімді пайдалануды қамтамасыздандыра отрып, соңында өсімдіктің және еңбек өнімділігінің артуына әкеледі. 


         Бақ аумағын ұйымдастыруға: орамдарға бөлу және оларда тұқымдықтар мен сұрыптарды орналастыру; жолдарға (торапты, орамаралық, орамішілік, т.т.), суландыру жүйесіне, орман қорғайтын жолақтарға, өндірістік құрылыстарға орын бөлу; су шаюға қарсы шаралар жатады. 
         Жеміс бақтарының аумағын ұйымдастыруда бастаушы элемент болып орам (квартал) саналады – бақ қорғайтын жолақтармен және жолдармен шектелетін, жердің белгілі бір алаңы. Бақ орамдарын, мүмкіндігінше бірдей көлемде, негізгі жел бағытына көлденең орналастыратындай, тік бұрышты пішінде бөледі. Қазақстанның солтүстігінде орамдар оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай бағытталуы керек. Орамның ені бақ қорғайтын жолақтың қандай қашықтыққа әсер ете алуына байланысты. Айталық, ағаштың биіктігі 10 м болғанда орамның ені 100-150 м аспауы керек. Олардың ұзындығы енінен 4-5 есе артық болуы мүмкін, ал жіңішке орамдарда бүлдірген, таңқурай, қара қарақат үшін (70-80 м) – 4-5 есе. Орамның оңтайлы алаңы 5-7 га, ал жүзімдіктер үшін – 2-3 га (В.К.Путий, 1984). Беткейлі жерлерде орамның ұзын жағы, оған көлденең орналасады. Мұндайда құнарлы топырақтың шайылуы азаяды. 
         Су таратқыш арналарға орамдарды ені жағынан келтіреді (қарама-қарсы жағы су қашырту арнасымен шектеседі), ал суландырғыш арналарға және орам қатарымен орамдар ұзын боймен келтіргенде шықпа атыздар  орамдар және ағаштар бойымен бағытталатындай болуы керек. 
         Орамдарды ағаштардың қатар бойымен бағыттайды, яғни топырақты механикаландырып өңдеу бағытында. 
         Егер бір дақылға бірнеше орам бөлінсе, оларды бір мезгілде пісетін сұрыптар тобына және өсіру тәсілі бойынша бөледі. Мысалы, жазда пісетін көлбей өсетін алмалар орамы, екі немесе төрт – еркін пішінде өсетін алмалар. 
         Бүлдіргенге арналған орамға шөп танаптары немесе бүлдірген – көкөніс ауыспалы егістері енгізіледі. Мұндайда бұл орам, ішінен ауыспалы егістің танаптарының санына сай бөлінеді. 
         Бақ қорғау ағаштары. Жеміс өсімдіктері ежелден ашық жерде емес, орман жағдайында қалыптасатындықтан, олар орман қорғанысында жақсы өседі. Жеміс ағаштары желден жасанды немесе табиғи қорғансыз, қатты тоңазиды, нашар өседі және жеміс салуы әлсізденеді. Жазда желдер жапырақтарды зақымдайды және жемістерін шашады; көктемде гүлдеу кезінде гүлжапырақшаларының аналықтарының ауызын құрғатады. Жемістердің байлану үлесін кемітеді және аурулармен, зиянкестермен  күресуді қиындатады. Қорғаныс ағаштары жоқ бақтың өміршеңдігі қысқа. Қорғағыш жолақтар бақтағы желдің жылдамдығын баяулата түсіп, жолақ арасындағы булануды 25%-дан 45%-ға дейін кемітеді; салыстырмалы және абсолютті дымқылдықты 5-12 % жоғарылатады; күннің алғашқы бөлігінде ауаның температурасын (1%-ға) көтереді және екінші бөлігінде төмендетеді; қардың жиналуына және оның ұшырылып әкетпеуіне жағдай жасайды, сөйтіп топырақты терең тоңданудан қорғайды. 
         Қорғағыш жолақтар бақтың микроклиматын күрт жақсартады. Бақ қорғағыш ағаштарды бақты айналдыра және оның ішінде отырғызумен орман жағдайында болатын жағдайды жасанды жасайды. Қорғағыш ағаштары дұрыс отырғызылғанда жеміс ағаштары «тонда, бірақ жалаңбас» өседі.  Қорғаулы бақтан көң шірігенде пайда болатын және жеміс ағаштарының ауадан қоректенуінің көзі саналатын көмір қышқыл газы ұшырылмайды. Бақ қорғағыш орман жолақтары болғанда қатты желді күндердің өзінде аралар ағаштар мен жидектерді тозаңдандыра алады. Қорғағыш жолақтардың пайдалы әсері орташа есеппен 200-метрден 500 м  дейін жетеді. 
         Бақтың сыртынан орман жолақтарын, бақ ішінде орамдардың шеттерінен жел бағытын өзгертетін жергілікті орман тұқымдықтарын отырғызады. 
Қорғағыш жолақтардың үш түртегін ажыратады: торлы, жел өткізетін, жел өткізбейтін. Торлы – ұсақ саңылаулы құрылым. Ауа ағымы жолында торлы түртектес отырғызылатын ағаштар жолағына кезіккенде, жоғары ауытқымай, ағаштардың арасындағы саңылаулардан баяулап өтеді.
Мұндайда жел бағыты өзгермейді, бірақ күші мен жылдамдығы күрт төмендейді. Жел өткізетін құрылым, бұталарсыз биік сүңгекті ағаштардан  тұрады.  Ағаш  қатарларының  төменгі  бөлігінде  үлкен,  ал жоғары бөлігінде

орташа саңылаулары болатындығымен сипатталынады. Жел өткізбейтін құрылым – саңылаусыз, жиі отырғызылған ағаштардан тұрады. Жел ағымы жолында тығыз, жел өткізбейтін қорғанға кездеседі де, ағымын күшейтіп жоғары көтеріледі және ағаштардың үстімен жылжып кетеді. Жел өткізбейтін түртектестер, тығыз жымдасатын, сүңгегі аласа ағаштар мен бұталарды отырғызғанда қалыптасады. Орман шетін құрғанда ағаш отырғызудын торлы құрылымын пайдалану тиімді. Жел  өткізетін құрылғыларды орамдардың шекараларында жел бағытын өзгертетін жолақтарды салғанда қолданады. Қазақстанның солтүстігінде бақтан қардың ұшырылып әкетілуі болмас үшін, орамның жел жағынан, жел өткізбейтін құрылым жасалынады. 


Орман шеті құрылғысында басты немесе негізгі тұқымдықтарды (бірінші қат-қабаттың ағаштары) ажыратады; ілеспелі тұқымдықтарды (екінші шамадағы, көлеңкеге шыдамды ағаштар) және тірі қоршау жасауға пайдаланылатын бұталарды. Қазақстанның солтүстігінде негізгі тұқымдықтар ретінде қарағайды, бал қарағайды, жөкені, талды, қотыр қайыңды, канада терегін отырғызады. Жеңіл қызыл қоңыр топырақтарда және құрғақ аудандарда ұсақ жапырақты шегіршін және шағанжапрақты үйеңкіні ойдағыдай табысты өседі. Мұнда ілеспелі тұқымдықтар – қытай терегі және сүйір жапырақты үйеңкі; бұталар - сары қараған, қара қарақат.

Сурет-5 Орам арасындағы жел бағытын өзгертетін теректен жасалынған жолағы қатараралықтары 3 м, қатардағы аралықтары 1 м ағаштардың биіктігі 7



Теректің бір жылдық немесе екі жылдық жасындағысын отырғызады, қарағайды - қабығы әлі ағара қоймаған екі-үш жылдық тікпе көшеттерімен. Солтүстік Қазақстан тәжірибе стансасында қарағайдың төрт-бес жылдық екпе көшеттерін отырғызып, оң нәтижесін байқаған. Теректі көктемде және күзде отырғызады, қайыңды – тек көктемде бүршігі ашылғанша. 
Жел бағытын өзгертетін жолақтар үшін қотыр қайыңды пайдалану дұрыс, ал суландырылатын телімдерде – ағаш тәрізді талды. Орман шеттеріндегі қатарлардың саны – үш-төрт, ал жел бағытын өзгертетін жолақтарда – бір-екі қатар. Жеміс ағаштарының бірінші қатарын қорғағыш қатардың көлеңкесі басыңқыламау үшін, одан 10-12 метр алшақ орналастырады.
Тірі қоршауға долананы, итмұрынды, ирганы, сары қарағанды, шырғанақты, шетенді және басқа да бұталарды пайдаланады.
Бақ қорғағыш жолақтардың барлығында да қатараралықтардың ені 2,5-3 метр, қатардағы ағаштардың бір-бірінен алшақтығы – 1,5-2 м, бұталардың арасы – 0,75-1 м. Отырғызуды жүргізгенде бір қатардың ағаштары қарсы қатардағы ағаштардың аралығына келетіндей етіп жүргізеді.
Орман шетіндегі отырғызылатын және жел бағытын өзгертетін жолақтардағы ағаш тұқымдықтарының орындарынан ығыстырылу сипаттары әр алуан болуы мүмкін. Қазақстанның солтүстігінде орман шетіндегі тұқымдықтардың үлгілік орналасу сұлбасы мынадай болуы мүмкін: бірінші және төртінші қатарларға сары қараған (немесе қарақат) отырғызылады, екінші және үшіншісінде қайың, шаған жапырақты үйеңкімен кезектеседі. 
Бақ қорғағыш жолақтарда топрақты қопсыту, суландыру, ағаштарды зиянкестерден және аурулардан қорғау жүргізіледі. Орман  шетіндегі ағаштардың діңгектерінде, топырақ бетінен 2 м биіктікке дейін төменгі бұтақтарын тұрақты түрде кесіп отырады, ал бұтақты өсімдіктерді орман шетінің сырт жағынан топырақ бетінен 1 м дейінгі биіктікте тұрақты түрде кеседі. Жел өткізетін жолақтарда орман тұқымдықтарының сүңгектен 2 м биіктікке дейін барлық бұталарынан тұрақты түрде тазалайды.
Қорғағыш жолақтарды бақты отырғызудан 3-4 жыл бұрын отырғызу керек. Ағаштарды отырғызудан бұрын топырақты жырту қабатына дейін аударады және төменгі қабатын топырақ тереңдеткішпен, 10-12 см тереңдікке жыртады.
Отырғызуды алдын ала дайындалынған шұңқырларға қолмен немесе шұңқырқазғышпен отырғызады, сондай-ақ ауыр тракторға тіркелінген МПС-1 машинасымен механикалық тәсілмен де. 
Жол торабы. Бақтардағы жүктерді тасымалдау үшін торапты, айналмалы, орамаралық және тақтааралық жолдар салады. Тораптық жолдар әдетте бақ алабының ортасымен өтеді және шаруашылық орталығымен және сыртқа шығатын жолдармен байланыстырады. Оның ені 7-9 м, ал үсті қатты жабындалады. Айналма қара жол бақты айнала, жеміс ағаштарының арасымен және бақ шетінің іш жағынан салынады: ені 5-6 м. Орамаралық жолдар орамдардың барлық жағындағы бұрылыстардан және олардың ортасынан енін 4-5 м етіп салады. Тақтааралық жолдарды (ені 4-5м) жидектік плантацияларда (қарақат, таңқурай, бүлдірген), сондай-ақ қатарларда тығыз орналастырылған (1,5-2 м) бойшаң емес  телітушілердегі ағаштар орамында, оның ұзын жағына көлденең бірінен-бірін 80-150 м қашықтықта салады. 
Өндрісітік құрылыстар. Бақ аумағында бригаданың орнын, ерітінді торабын, омартаны, кеңсені орналастырады. Бригада орнын тораптық жолға жақын орналастырады және алаңы 0,2 га-дан аспайды. 2-3 ара ұясы бақтың 1 га толығымен тозаңдандырады.

Өндірістік бақтар үшін тұқымдарды және сұрыптарды таңдау республикалық тұқымдар және сұрыптар сынау комиссиясының ұсынысы бойынша жүргізіледі. Тұқымдарды және сұрыптарды таңдауға жемістік және жидектік дақылдардың жеміс салуға кірісу мерзімі және өнімнің деңгейі мен экономикалық тиімділігі, оның өңдеуге жарамдылығы, жұмыс күшіне, техникаға, суландыру суына деген қажеттілік, т.т. тәуелді. Отырғызуға өсіруге рұқсат етілген сұрыптарды ғана пайдаланады. 


Қазақстанның солтүстігіне тұқымдардың мынадай арақатынасы ұсынылады (%):
 Шекілдеуіктілерге – 25-30  Сүйектілерге – 15-20    Жидектілерге – 50-65
        оның шініде:                       оның шініде:               оның шініде:                 
       алма – 20-30                 шие – 10-12              қарақат – 25-30
       алмұрт – 3-4               алхоры – 3-4              қарлыға – 10-12
       арония – 2-3                  шырғанақ – 2-4        таңқурай – 6-9
                                                                                              бүлдірген – 6-8
                                                                                              ұшқат – 3-6   
         Бақтың жартысы және жартысынан артық алаңы жидек дақылдарына бөлінеді, олар ертерек жеміс салады: бүлдірген маусымның ортасында піседі, қарақат – шілдеде, таңқурай – тамызда. Жидектер, сөйтіп, жаз бойы ұзақ уақыт бойы – жаздың басынан күзге дейін өніммен қамтамасыздандырады. Сонымен бірге Қазақстанның солтүстігіндегі жидектілер басқа өңірлерде кең тараған аурулардан және зиянкестерден түкте зиян шекпейді. 
         Орамды қалыптастырудың басты шарты – оны бір тұқымдықпен отырғызу. Орамда сұрыптарды орналастырғанда бір қатарға бір сұрып қана отырғызады. 
         Әр орамда биологиялық өзара   жақын сұрыптарды отырғызу тиімді: бір мезгілде гүлдейтін және жемістенуге бірдей шақта кірісетін, өнімді кезеңдерінің ұзақтығы ұқсас, бір уақытта пісетін және жемістері жиналатын. Жаздық, күздік және қыстық сұрыптарды жеке орамдарда және алапта орналастыру орынды. Бір орамда жазғы және күзгі немесе күзгі және қысқы сұрыптарды отырғызуға  рұқсат етіледі. Сұрыптарды осылай орналастыру күтіп-баптаудың шығындарын едәуір кемітеді және агротехникалық шараларды сұрып топтарының биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жүргізуге мүмкіндік береді. 
         Алма мен алмұрттың дерлік барлық сұрыптары өздік ұрықсыздар, яғни бір сұрыптық ағаштар плантациясы жеміс беруге қабілетсіз келеді. Тәттішиенің барлық сұрыптары өздік ұрықсыз, сондықтан бірнеше сұрыптарды орналастырып отырғызуды тілейді. Шие мен алхорының кейбір сұрыптары өздік ұрықтана алады, ал олардың басым бөлігі өздік ұрықсыз. Өріктің сұрыптарының басым бөлігі өздік ұрықтанады. Шабдалының негізгі сұрыптарының барлығы өздік ұрықтанады.  
         Өздік ұрықтана алатындығына қарамай, айқас тозаңдану бұл сұрыптардың да өнімділігін арттырады. Жақсы тозаңдану үшін, стандартты сұрыптардан таңдалынған тозаңдатқыш – сұрыптар отырғызылады. Олардың ең басты міндеті – негізгі сұрыптардың жақсы тозаңдануын қамтамасыздандыру.   
         Тозаңдатқыш – сұрыптарға қойылатын талаптар: негізгі сұрыптармен бір уақытта гүлдеуі; оларда жоғары сапалы тозаңдардың мол пайда болуы; отырғызылған негізгі сұрып пен тозаңдатқыш – сұрыпта өзара ұрықсыздандырудың болмауы; негізгі фазалардың (гүлдеу, пісу, т.т.) үйлесуі; негізгі сұрыппен жеміс салуға бір кезеңде кірісуі; ғұмырлылығы негізгі сұрыппен бірдей болуы. 
         Тозаңдатқыш – сұрыптарды отырғызғанда бір сұрыптың тозаңы екіншісіне ауысатындай болуын ескереді. Бақта аралардың жұмысын бақылау барысында негізгі сұрып пен тозаңдатушы – сұрыптардың қашықтығы 50-60 м аспағаны дұрыс екені анықталды. 
         Орамда негізгі сұрыпты 8-16 қатармен отырғызады, тозаңдатқыштарды осы жолақтардың жанында 2-4х8-16 м сұлбасымен –   2-4 қатармен. Алманың сұрыптарының қатарларда өзара тозаңдануын ескеріп орналасу сұлбасы мынадай болуы мүмкін: Уральское наливное –  1-4; 7-14; 17-20 қатарлар; Исилькульское тозаңдатқыш-сұрып ретінде –       5-6, 15-16 қатарлар. 
         Әр мерзімде пісетін сұрыптардың (жазғы, күзгі, қысқы) әр орамында жетекші бір-екі негізгі сұрыптарды белгілейді де, қалғандарын тозаңдатқыштар ретінде пайдаланады. Өнеркәсіптік бақтарда дұрысы алманың және алмұрттың 2-3-тен жазғы және күздік  сұрыптарын және 3-4 қысқы сұрыптарын отырғызу тиімді. Бұл өсіруге рұқсат етілген сұрыптарды нақты жағдайға бейімділерін таңдап алуға және агротехниканы үйлестіруге, аса қиналмай-ақ өнімді жинауға және тез жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жеміс бағын – бірімен-бірі өзара байланыстағы өсімдіктер бірлестігі ретінде қарау керек. Тектер мен сұрыптардың биологиялық ерекшеліктері, ауданның топырақ-климат жағдайы және бақты баптауды механикаландырудың ең жоғары талаптары бақтағы өсімдіктердің орналасу жүйесін анықтайды. Өндіріс жағдайында жеміс ағаштарын орналастырудың мынадай жүйесін пайдаланады: тікбұрышты, шаршылы, шахматты (үшбұрышты) және пішінді (контурлы). 


         Қазақстанның солтүстігінде бақтарда ағаштарды тікбұрышты  ең қолайлысы жүйемен орналастыру. Оңтайлы жағдай ағаштардың қатарының аса жиі болмай, ағаштардың арасындағы қашықтық қатарарлықтың енінің жартысына жуықтағанда қалыптасады. 
Сегізінші кестеде жеміс ағаштарының ең тиімді орналасу сұлбалары келтірілген. 

Алаңды бақ отырғызуға бөлу

Бақты, оның жобасын бекіткеннен кейін, белгіленген жерге орналастырады. Бақ салуға таңдалып алынған жерді орамдарға (кварталдарға) бөледі, суландыру жүйелерін, жол торабын жүргізеді, бақ қорғағыш жолақтарды салады. Бақтың көлемі үлкен болса бұл жұмыстарды геодезиялық аспаптардың (теодолит, эккер) көмегімен атқарады, жерөлшегіш таспаларды, қадаларды пайдаланады.



Орамішілік бөлулерді, яғни ағаштардың отырғызылатын орындарын белгілеуді қолмен немесе механизм күшімен жүзеге асырады. Қолмен бөлгенде алдын ала белгі қойылған жіптерді, сымдарды, сондай-ақ өлшегіш таспаларды қолданады немесе көздеу әдісімен орындайды (6 – А, Б, В – суреттері).
Кесте 8 - Қазақстанның солтүстігінде жеміс ағаштарын өнеркәсіптік бақтарда отырғызу сұлбалары


Тектер

Қатараралық, м

Бір қатардағы ара - қашықтық, м

1 га өсімдіктер саны, дана

1

2

3

4

Алма

5

3-4

500-667

Алмұрт

5

4

500

Алхоры

4

2-3

833-1250

Шие

3-4

1-1,5

1667-3333

Қарақат

3

1

3333

Қарлыға

3

1,5

2222

Таңқурай

2,5-3

0,6

5556-6667

Бүлдірген

0,8

0,2

62500

Үшқат

1,5

0,5

13333

Шетен

2,5

1,5

2667




Сурет 6- Телімді орамішілік бөлу (қолмен) тәсілдері:

А – көздеп бөлу: 1,2 – көздеуіштер, 3 – қада (сызықтардың түйісу нүктесінде); Б – жіпті ауыстырып отырып бөлу: 4,5,6 – қатар бойымен тартылған жіптер (ең қолайлы ұзындық 104 м); Х – жіптегі белгілер, ағаштардың қатар бойымен отырғызу орындарын білдіреді. Сілтемелер белгілеуші – жұмыскерлердің қозғалу сұлбасын көрсетеді (ирелеңдеп); В - өсімдіктерді орларға отырғызу үшін телімді араластырып бөлу. Дөңгелектер – бөлгіш қадалардың орны, жұлдызшалар-өсімдіктердің отырғызылатын орындары.
Орамішілік бөлуді жіптің көмегімен жүргізгенде оны қатар бойымен түзу тартады. Қадаларды жіпте белгіленген орындарға қадайды. Қадалардың арақашықтығы өсімдіктердің қатар бойындағы арақашықтығына тең болуға тиіс. Жұмысты жеделдету үшін белгінің орнына бір уыс ақ  затты (суперфосфат, әк, бор) төгіп, кейін қадаларды қағуға болады. Белгілеуші-жұмыскерлер телімде, 17 Б-сурет көрсетілгендей, ирелеңдеп қозғалады.
Көздеп бөлу әдісін үш адам жүргізеді: біреуі көлденеңін көздейді, екіншісі – орамның үлестік жағын, үшіншісі – көлденең түзу мен үлестік сызықтың, түйісетін нүктесіне екпе көшеттің отырғызылатын орнына қада қағады. Көздеу «маған» тәсілімен жүзеге асырылады. 
Орамішілік бөлуді механикаландыру үшін КРН-4,2 немесе КРН-5,6 культиваторлары ілінген МТЗ-80/82 тракторларын түптегішпен жабдықтап пайдаланады. Алдын ала орамның сыртынан өлшегіш таспаның көмегімен көздеп, қатарлардың арақашықтығын (әдетте, орамның көлденең жағы) және қатардағы өсімдіктердің арасын (үлестік жағы) білдіретін қадалар қағылады. Алдымен көлденеңін, сосын бойлық жағын таңбалайды. Көлденең (қысқа) таңбалы сызық қатардағы өсімдіктердің арақашықтығына тең болуы тиіс, көлденеңі (ұзыны) – қатараралықтардың қашықтығына. Көлденең және үлестік сызықтардың түйіскен орны отырғызатын шұңқырдың ортасы болады (
7-сурет).

Жеміс ағаштарын орларға отырғызу үшін бөлуді таңбаланған жіппен жүргізеді. Кейін, орларды трактор соқасымен қазу үшін қадаларды ағаш отырғызылатын орынға емес, одан 1 метрдей алшақ қадайды. Бұл трактордың ор қазуына, тыңайтқыш енгізуіне кедергі жасамайды. Осылай бөлуді жылжытып бөлу деп атайды (6,В-сурет). 


Беткейлерде бөлуді екі қаданың түйіскен жерінде тегістік білдіргіші ағаш циркульдің (ұштарының арақашықтығы 2-2,5 м) көмегімен жүргізеді. 
Алаңды бақ салу үшін бөлудің алдында топырақты өңдейді, бетін тегістейді, тыңайтқыш енгізеді (топырақтың қасиетіне, құнарлылығына, жеміс ағаштарының талабына қарай), қажет болса жақсартқыш материалдарды (ізбестеу – қышқыл топырақтарды, ғаныштау – сілтілі топырақтарды) қолданады, топырақты терең (плантажды) өңдейді. Көң, шымтезек, қорда болмаған жағдайда болашақ бақ салынатын телімде 1-2 жыл бойы бір жылдық шөптер өсіріледі және олардың өсімдік массасын жасыл тыңайтқыш ретінде (сидерат) топыраққа араластырып, жыртады.

Отырғызуға жақсы дамыған тамыр жүйесі бар және топырақ үстілік бөлігі зақымданбаған екпе көшеттер жарамды. Шіріген, жаншылған тамырлардың барлығы зақымданбаған бөлігіне дейін өткір қайшымен немесе өткір пышақпен кесіледі. Кесік тегіс, көлемі кішкентай және тамыр жүйесінің ішіне қарай бағытталуы тиіс. Егер тамырда шор не беріш (каллюс) болса, кесуді жаңғыртудың қажеті болмайды. 




Сурет 7-Телімді орамішілік бөлуді КРН-4,2 көмегімен атқару сұлбасы; АБВГ – негізгі сызықтар, а – биіктігі 1,5-1,8 м қада, әр 50-60 м сайын қойылады; б – түптегіш.

 Қабықта механикалық зақым немесе шірігендей болса, ондайда сол орын жарақаттанбаған ұлпаға дейін тазаланады да, бақ нұмы, петролатум, тіпті болмағанда саз жағылады және синтетикалық жарғақпен немесе кенеппен оралады. 


         Тамырды құрғаудан қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Отырғызар алдында тамыр жүйесін арнаулы дайындалған топырақ быламығына батырып алады. Екпелерді отырғызу шұңқырларына бөлгенде, құрғамау үшін шұңқырларға көме тұрады. Егер отырғызылатын екпелер біраз уақыт ашық қалып, құрғағандай болса, олардың тургорын қалпына келтіру үшін, бір-екі тәулік суға салып қояды. Жақсы көндігуі және тамыры пәрменді өсу үшін суға өсу үдеткішін (0,1 % гетероауксин ерітіндісі) қосу керек. 
         Отырғызылатын орнына тасымалдау кезінде құрғамас үшін тамырды дымқыл қапшықпен жабады. Қаңқалы бұтақтардың және тамырлардың сынбауына ерекше көңіл бөлген жөн.

Қазақстанның солтүстігінде жеміс ағаштары мен жидек бұталарын, олардың тектеріне, телімнің дайын болуына шаруашылықта күзгі және көктемгі кезеңдердегі жұмыстардың қаурыттылығына байланысты көктемде де, күзде де отырғызуға болады дейді профессор А.А. Гудзенко (1969). Көктем мұнда, әсіресе далалық аймақтарда, қысқа. Қар кетісімен іле, өсімдіктердің көндігуіне қолайсыз ыстық және құрғақ кезеңдер басталады. Осыған байланысты шыдамды ағаш тұқымдықтары мен сұрыптары, сондай-ақ көктемде өсуін ерте бастайтындарды (далалық және құмдық шиелер, еркін түрде өсірілетін алма мен алмұрттың сібірлік сұрыптары) күзде отырғызуды жоспарлаған жөн. Алманың, алмұрттың және төселе өсетін қышқыл шиенің нәзік сұрыптарын дұрысы көктемде отырғызу. Уссурийлік және канадалық алхорыны көктемде  және күзде де отырғызуға болады. Шешуші жағдай маусым емес, күзгі және көктемгі отырғызуларды уақытында жүргізу саналады. Күзгі отырғызулардың тұрақты аяздар басталудан 2-3 апта бұрын, 15-20 қазаннан кешікпегені дұрыс, ал көктемде отырғызылатын барлық екпелерді танаптық жұмыстардың басталуының бірінші аптасында, бүршіктердің бөртуі басталғанша отырғызып болу керек. Күзгі отырғызуды кешеуілдету, көктемдіктілерде тіпті, екпелердің көндікпеуіне және сақталғандырының нашар өсуіне әкелуі мүмкін. Бұрынғы Қарағанды ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының көп жылдық тәжірибелерінде күзде отырғызуды уақытында, жақсы суландырып және дің айналасын жабындау жүргізу 99,5-100 % көндігуді көрсетсе, көктемдік отырғызуды кешеуілдету отырғызылған өсімдіктердің 40%-на дейінгілерінің көндікпеуіне әкелген. 


         Жеміс ағаштарын отырғызудың 5 тәсілі бар: алдын ала дайындалған шұңқырларға қолмен немесе шұңқырқазғышпен отырғызу; шұңқырды алдын ала қазбай отырғызу; орларға отырғызу; экскаваторлық тәсіл және механикаландыру тәсілімен. Алдын ала дайындалған шұңқырларға отырғызу . 
Шұңқырды қолмен қазғанда ағаштың отырғызылатын орнын ағаш тақтайдағы белгі бойынша анықтайды. Тақтайдың ұзындығы 1,5-2 м, ені 10-12 см, қалыңдығы 3-4 см. Тақтайдың ортасында және екі шетінде ені және тереңдігі 3-4 см етіп жартылай домалақ кесік тіледі. Орды қазар алдында тақтайды қатар бойына ортаңғы кесігін қадаға бағыттап, ал бүйірлік кесігіне биіктігі 25-30 см қада қағады да, тақтайды шетке алып қояды. Қаданы айналдыра қазылатын шұңқыр қандай тұқымдыққа арналғанына байланысты, ортаңғы қадаға ілмекпен бекітілген сымның екінші ұшына үшкірленген таяқшамен ордың нышанынсызады (жасанды циркульмен). 
Алма мен алмұрт үшін шұңқырдың оңтайлы көлемі: ені 85-100 см және тереңдігі 60 см, алхорыға – 75-85 х 50 см, шиеге – 50х40 см.Шұңқырдан алынған топырақты екі жерге үйеді: жоғарғы құнарлы қабатты шұңқырдың бір жағына, төменгісін – екінші жағына. Шұңқырды топырақпен толтырмас бұрын, оның ортасына биіктігі    125-135 см қада қағады. Қаданың ұшы бөрікбастың бірінші бұталарының ұшымен бір деңгейде болуы керек. Қаданы шұңқырдың ішіне 15-20 см тереңдікке қағады. Сосын жоғарғы көкжиектің құнарлы топырағын шұңқырдың түбіне түсіреді. Шымын күрекпен ұсатады. Шұңқырға тасталған топырақты ептеп таптайды. Ағаш жақсы көндігуі және өсу үшін отырғызу кезінде тыңайтқыш енгізіледі. Ол үшін шұңқырға салынатын топырақты қордамен немесе жақсы шіріген көңмен араластырады.  Шұңқырдың  түбінен  шыққан  топырақты  құнарсыз деп есептеп, оны топырақ

бетіне шашып тастайды да, оның орнын қатараралықтардан алынған топырақпен толықтырады. Әр шұңқырға  10-20 кг қорда немесе қарашірінді араластырылып енгізіледі. Әр шұңқырға 2 кг суперфосфат енгізу де пайдалы.


         Шұңқыр жартылай толтырылғанда қазық маңайына топырақты шошақ пішіндес етіп салады. Осы шошақтың төбесіне өсімдікті орналастырады. Мұндайда тамырларын тарамдайды, олар бірімен-бірі түйіспейтіндей болуы керек. 
        Отырғызуды әдетте екі жұмысшы жүргізеді (9-сурет). 
Біреуі ағашты ұстайды және тамырын тарамдайды, екіншісі осы кезде топырақты шұңқырға салады. Шұңқырды толтыруды шеттерінен бастайды, әрі таптап отырады, мұндайда адамның аяғының ұшы ағашқа бағытталады, сонда сүңгекке және тамырға зақым келмейді.   


Сурет 8- Жеміс ағашын отырғызу техникасының сұлбасы:
1 – отырғызғыш тақтайды қадаға жақындату; 2 – шұңқырдың шетін белгілеу;   3 – шұңқырды дайындау; 4 – қаданы шұңқырдың ортасына қадау; 5 – шошақ төбешік жасау; 6 – екпені шұңқырға орналастыру; 7 – шұңқырды толтыру, шұқыршық жасау, суландырғаннан кейін жабындау және қадаға байлау.

Отырғызушы тамырларға кесектің түспеуін, әрі тамырлардың арасында қуыс жер қалмауын қадағалайды. Ол үшін топырақ тастау барысында әлсін-әлсін ағашты сәл әрлі-берлі ырғайды. Ағаш толық көмілгенде, оның тамыр мойыны топырақ бетінен 5-7 см жоғары тұруы керек, себебі топырақпен бірге ағаш та шөгетінін ескерген жөн. Терең отырғызылғанда ағаш өсуін және жеміс салуын кідіртеді. Одан әрі ағаш есейген шағында терең отырғызылғандарында бұталарының ұшы қурай бастайды.

Саяз отырғызылған ағаштар да нашар өсіп-дамиды, мерзімінен бұрын сола бастайды. Жеңіл топырақтарда екпелердің тамыр мойнын топырақ бетінен 3-4 см тереңірек отырғызады. Өйтпесе жеңіл топырақты жер үрлеп әкетеді де, тамырлар ашылып қалады. Егерде екпелер өсінді жолымен көбейтілген телітушілерге (алма парадизкеге немесе дусенге) телінген болса, оларды топыраққа телінген жеріне дейін тереңдетуге болады, себебі мұндай телітушілерде тамыр  мойны жалған, шартты, сондықтан тереңдеткенде ағаш күйзелмейді, тіпті телітушінің тереңдетілген бөлігі қосымша тамырланады да ағашты қосымша қорекпен қамтамасыздандырады.


Сурет 9- Алманы отырғызу.

        


Отырғызғаннан кейін ағашты қадаға екі жерден байлайды: екпенің бірінші қаңқалы бұтасынан 10-15 см төменірек және төменде, сүңгектің төменгі бөлігінің үштен біріне. Сегіздік тәріздендіріп байлайды, сонда жіп қада мен екпе діңінің арасында болады да оны қажамайды. Таңғыштың ілмегін екпенің діңіне жоғарырақ, ал қадада төменірек байлайды, сонда топырақ шөккенде онымен бірге екпе де отырады, бірақ қадаға асылып қалмайды және тамырлары ашылмайды. Діңнің жарақаттанбауы үшін таңғыштың түйінін қада жағында қалдырады. 

Таңғыш бос болуы тиіс, өйтпесе топырақ шөккенде қысып байланған таңғыш ағаштың шөгуін кідіртеді. Ұзын қадаларды екпенің төменгі бүйірлік қаңқалы бұтақтарына дейін қысқартады. Таңғыш материал ретінде жіпті, жөкені немесе талдың бір жылдық иілгіш шыбығын пайдалануға болады. 


Шұңқырды тамырының деңгейінде толтырғаннан кейін, ағашты айналдыра, 70 см қашықтықта биіктігін 20 см етіп топырақтан дөңгелетіп үйінді жасайды және ортасын сәл шұқанақтайды, бұл құйылған судың жан-жаққа ағып кетуіне кедергі жасайды. Шұқанақтың шеттерін су құйған кезде шайылып кетпеуі үшін күрекпен ұрғылап тығыздайды. Отырғызғаннан кейін екпені көктемде ме, әлде күзде ме, топырақ құрғақ па немесе ылғалды ма, оны ескермей, міндетті түрде суландырады. Суландыру топырақты ылғалдандыру үшін ғана емес, сонымен бірге топырақтың жақсы шөгуі және тамырларға жанасуы үшін де қажет. Топырақ тамырларға жақсы жанасқанда сорғыш тамырлар тезірек пайда болады. Егер тамырдың маңайында қуыс қалса, міндетті түрде зең пайда болады, мұндай тамырлар солады және опат болады. Әр ағаш түбіне екі кезекте 30-40 л су құяды, себебі су топыраққа бірден сіңбейді. Отырғызу мен суландырудың алшақтығы 1-2 тәуліктен аспауы керек. 
         Суландыруды тек қолмен ғана емес, сондай-ақ су тасуға автоцистернаны және басқа да ыдыстарды пайдаланады. Ағынды суды пайдаланатындай мүмкіндік болса суландыруды атызға және ағаш түбі айналасындағы шеңберге су жіберіп жүргізеді. Суландырғаннан кейін ағаш түбі шеңберін, құрғақ топырақпен жабындайды. Жабындау топырақты құрғаудан қорғайды және екпенің көндігуін елеулі арттырады. 
         Көшіріп отырғызылған екпелердің көндігу үдерісі күйзеліспен өтеді, себебі отырғызу барысында сеппелер қаңқалы бұтақтарының ұсақ тамыршаларының бөліктерін, өсетін және сорушы тамырларын толығымен жоғалтады. Көшіріп отырғызылған екпелердің тамырлары көктемде отырғызғаннан 2-3 апта өткеннен соң пайда болады, ал оған дейін өркендердің және тамырлардың дамуы өсімдіктердің ұлпасындағы қоректік заттардың есебінен жүреді. Жаңадан көшіріліп отырғызылған екпелерге келетін су мен қоректік заттар мөлшері шамалы болады. Тамырлардан қосымша су ала алмағандықтан, біраздан соң жапырақтар сола бастайды және екпе опат болады. Топырақ үстілік бөлік пен тамыр жүйесінің арасындағы өзара байланыстылық тепе-теңдігі бұзылады. Бұзылған өзара байланыстылықтың орнын екпелерді отырғызғаннан кейін топырақ үстілік бөлігін шырпумен қалпына келтіреді. Көктемде отырғызғанда шырпуды отырғызған күні жүргізеді, ал күзде отырғызғанда – оны көктемде. Шырпуды күзде жүргізуге болады, тек мұндайда, жарақат арқылы булану жүрмес үшін ол жерді бақ нұмымен, петролатуммен, бояумен бояу қажет. 
         Егер тамыр жүйесі тым қысқартылса, онда бүкіл бүйірлік өркендер және ұластырушы өркеннің жартысын қысқартады. Егер де тамыр жүйесі жақсы сақталмаса, өркендердің ұзындығының үштен бірін немесе төрттен бірін қияды және оларды біріне-бірін бағынқылайды. Бүйірлік өркендерді сыртқы бүршікке шырпиды, сонда пайда болған өркен бұтақтың бағытында өсетін болады, ал орталық өткізгішті кесілген тікенге қарсы бүршікке шырпиды. Шырпығаннан кейін барлық бұтақтар жуықтап бірдей деңгейде болуы тиіс. Өткізгіш сабақ бұтақшаны, ол бүйірлік бұтақтардан 15-30 см биіктеу болатындай етіп шырпиды. 
         Шұңқырды шұңқырқазғышпен (КЯУ-100 және КПЯШ-60) қазғанда еңбек өнімділігі 20 есеге артады, ал қаражат шығыны, қолмен қазғанмен салыстырғанда, 3 есе кемиді. МТЗ-50/52 тракторларымен агрегатталған КЯУ-100 шұңқырқазғышында диаметрлері 30,40,60,100 см бұрғылары бар және тереңдігі 80 см болатын шұңқыр қаза алады. КПЯШ-60 шұңқырқазғышы Т-54В тракторына тіркеледі немесе өздігінен қозғалатын Т-16 М шассиіне ілінеді. Мұның диаметрлері 40 және 60 см бұрғысы бар және терең жыртылған жерлерде аса терең емес шұңқырларды қаза алады. 
         Шұңқырды алдын ала қазбай отырғызу. Мұндай отырғызуларды, отырғызу кезінде екпенің тамыр жүйесінің мөлшері бойынша (шұңқырдың диаметрі 30-60 см, тереңдігі 40-60 см), терең жыртылған жерлерде жасалынатын кішігірім шұңқырларға жүргізеді. Осылай отырғызу жалпы шығынды 1,5-2 есе кемітеді. 
         Орларға (траншеяларға) отырғызу. Бұл тәсіл шұңқырға отырғызумен салыстырғанда қол еңбегін 2-3 есе азайтады. Орға отырғызудың тағы бір артықшылығы – қатар бойындағы топырақты терең қопсыту. Нәтижесінде жеміс өсімдіктерінің кейін өсуі және дамуы үшін жақсы жағдай қалыптасады. Бұл тәсілде болашақ қатарлар үшін тереңдігі 50-55 см атыздар жасалынады және оларды тыңайтқыш араластырылған топырақпен толтырады. 
         Экскаваторлық тәсіл. Болашақ ағаштар қатары үшін тереңдігі 1 м дейін болатын экскаваторлық орлар қазылып, оларды органикалық және минералды тыңайтқыштармен, мелиорациялаушы және кәріздендіргіш (дренаждаушы) материалдармен, борпаң топырақпен толтырады. Бұл тәсіл топырақтың сумен шайылуының алдын алады. 
         Механикаландырылған тәсіл –Т-100 типтес тракторларға тіркелетін сериялы шығарылатын МПС-1 бақ машинасын пайдалану. Машинаның ауысымдық өнімділігі – 7-10 га. Жүрісін баяулатқышы бар, ДТ-75, Дт-75 М немесе Т-74 тракторларына тіркелетін ағашотырғызғыш – СЛК-2 машинасын да қолдануға болады.

Отырғызғаннан кейін екпелерді түзету (көлбеуленгенін тіктеу, топырақты тығыздау), шұқанақтар жасау, суландыру, қадаға байлау, бұтақтарды біріне-бірін бағыңқылау үшін шырпу, екпелерді кеміргіштерден қыста қорғау (бірнеше жылға жарайтын ұялы полимерлі торларды қолдану) жұмыстарын мұқият жүргізеді. 


         Бақ салу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау қажет: қадаларды дайындау, тасымалдау және белгіленген орындарына қадау, кескіш құралдарды абайлап пайдалану, материалдарды тиеу, тасымалдау және түсіру ережелерін сақтау; бақ салу кезінде бөтен адамдардың сол жерде болуына жол бермеу; жұмыс істейтіндер механикаландырушы құралдарға тым жақын тұрмауы қажет, екпе көшеттермен, машиналармен жұмыс істегенде қолқаптары болуы тиіс. Отырғызуды механикаландырғанда трактористің, отырғызушының, әперіп тұрушының алаңдауына, машинаның қозғалысы кезінде түсіп-шығуына рұқсат етілмейді, әперіп тұрушы мен тракторист арасында берік дабыл (сигнал) болуға тиіс. 
         Бақ отырғызу аяқталғаннан соң акт жасалынып, соның негізінде көп жылдық ағаш екпелеріне төлқұжат толтырылады. Бұл құжатқа отырғызу, қосымша отырғызу, күтіп-баптау, тыңайтқыш енгізу және әр тұқымдас, сұрып, орам бойынша жылдағы өнім жинау туралы мәліметтер жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет