Ббк 5. 118. C-85 Рецензенттер



жүктеу 1.31 Mb.
бет5/6
Дата19.09.2017
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қорытынды сұрақтар:


  1. Ағаш екпелін отырғызу үшін қандай жағдайлар қажет?

  2. Бақтардың қанша түрі бар?

  3. Ағаш отырғызуда желдің, топырақтың маңыздылықтарын сипаттап атаңыз.

  4. Ағаш көшеттерін қандай әдістерді қолданады?

  5. Бақ отырғызуда қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Ванин А.И. Определитель деревьев и кустарников. М.,Лесная промышленность. 1967.234с.

  2. Зонн С.В. Влияние леса на почву. М.,ИЗД-во АН СССР,1954.160с.



Тақырып 11. Бақ – саябақтың отырғызылған көшеттердің төлқұжаттарын жасау

Мақсаты: студенттерге отырғызылған көшеттердің төлқұжаттың маңыздылығын, оның көрсеткіштерін білуге үйрету.

Тапсырма:

  1. ҚМУ- дің маңындағы көрсетілген бақ - парктік участоктеріндегі жасыл көшеттіктердің жағдайын бағалаңыз.

  2. Бақ - парктік участоктеріндегі ағаштар мен бұталар көшеттерінің тығыздығын анықтаңыз.

  3. ҚМУ маңындағы бақ-парктік участоктік көшеттерінің төлқұжатын жасаңыз.


Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Бірінші тапсырманы орындаған кезде көшеттердің жағдайын бағалаңыз.

Территорияларда ландшафты инвентаризацияны жүргізу мақсаты - ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктердің, гүлдердің жалпы жағдайын анықтауға, ағаштар мен бұталардан негізгі және қосымша түрлерін анықтауға, олардың жасы мен өсімдіктердің бір бірінен көрсететін қысымының дәрежесін және оларға қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз факторларын анықтау болып табылады.

Отырғызылған көшеттерді бағалаған кезде есепке алу қажет:



  • сүрекдіңдердің қалыңдығының дәрежесі, жеке өсімдіктердің діңдері өзінің бұтақтарымен бір-біріне 1/3 дейін енуі; сүрекдіңді өсімдіктерде құрғақ бұталары мен бөрікбасының төменгі ярусындағы бұташықтарының болуы;

  • Біртүрлік құрамды топтағы ағаштардың бұтақтары мен діңдерінің деформациялау дәрежесі;

  • жасы- физиологиялық кәрі ағаштар, құрғақ бұталары мен зақымдалған сүрегі, аурулармен зиянкестермен бүлінгендер;

  • топтағы -түрлердің үйлесуі(совместимость) ; бір-бірімен діңдерінің, жемісі мен жапырағының түстері бойынша, діңдерінің архитектоникасы бойынша дисгармониядағы биологиялық тұрғыдан үйлесімсіз өсімдіктер.

Отырғызылған жасыл желектердің жағдайы, ережеге сай үшбалды шкала бойынша – «жақсы», «қанағаттандырарлық» және «қанағатсыздандырарлық» деп бағаланады.

«Жақсы»


Сүректі өсімдіктер сау, жақсы дамыған діңі мен бұтақтарында айтарлықтай байқалмайтын зақымдалулары жоқ, қалыпты жапырақтанған, яғни ірі қанық жасыл түсті жапырақтары бар ағаштар.

Көгал – қалың шөптесіннен құралатын, тұрақты түрде қырқылатын, жалпақжапырақты арамшөптері жоқ, астықты түрлерден тұратын шөп қабаты;

«Қанағаттандырарлық»

Сүректі өсімдіктер көзге сау болып көрінетін, бірақ дұрыс емес дамыған діңі бар, өміріне қауіп туғызбайтын зақымдалулар мен бүлінулері бар, жеңілдеу қисайған бұталары, бұташықтары мен құрғақ өркендері( 10-15%дейін) ие ағаштар жатады.

Көгал- шөп қабаты астықты шөптерден тұратын және кейбір участоктерінде шөптесіні сиректеу (дейін 40%), қажетсіз жалпақжарырақты өсімдіктері бар(дейін 15%);

«Қанағатсыздандырарлық»

Өзінің атқаратын қызметіне жауап бермейтін, діңі деформацияланған, кепкен өркені мен бұтақтарының болуы, ұсақ және қанық емес жасыл түске ие жапырақтар, қисайған бұталары мен саңырауқұлақты зиянкестермен зақымдалған сүректі ағаштар. Бұталары өсіп кеткен, ұсақ жапырақтары бар, түрі нашарлау.

Көгалы- шөпті жабындысы қатты деградацияланған, көп мөлшерде жалпақжапырақты өсімдіктері бар, проекциялық жабыны 80% жоқ.

Объектіге біткен көрініс беретін, жеке және құнды өсімдік топтары – ағаш пен бұта топтары, тірі қоршаулар, аллеялар ( яғни бақты-парктік көшеттер) рим цифрларымен белгіленеді (I, II, III...).Топ ішіндегі әр өсімдік араб цифрларымен белгіленеді(1, 2, 3...).

Ағаштан құрылған аллеялар түр құрамымен, биіктігі, жасы, қатардың саны мен ескеріледі.

Тірі тосқауылдар мен шалабұталардан құралғанбордюрлер түр құрамымен, қатар санымен, жерүсті бөлігі типінің қалыптасуымен ескеріледі.

Алынған мәліметтер участок паспортына жазылады.

Ағаш бұталы өсімдіктер тұқымдастарына санағының нәтижесін пайдалана отырып, объект территориясындағы отырғызылған көшеттердің тығыздығын анықтауға болады. Жалпы соммаға сақтауға, жойылуға және қайта отырғызуға ұсынылған өсімдіктер кіреді.

Ағаштар мен бұталардың жалпы санын біле отырып, территориядағы көшеттердің тығыздығын формула арқылы есептеуге болады:

Pd=Qo/So и Pk=Qo',/So',,

Pd – ағаштардың тығызздығы; Pk – бұталардың тығыздығы; Qo – ағаштардың мөлшері ;

Qo', - бұталардың саны; So', - көгалдандырылған территорияның ауданы.

Бірлік аудан аумақтарына(га, м2) орналастырылатын өсімдіктер тығыздығының мәндерін нормативтік көрсеткіш(100-125 шт./га) мәндерімен салыстыру отырғызу реконструкциясы бойынша жұмыстар жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс береді.



ҚМУ-дің маңындағы бақ-парк участоктерінде отырғызылған жасыл желектерге паспортизациясын келесі көрсеткіштер бойынша орындаңыз:

  • Бақ-парктік көшеттердің типі- массив, куртина, группа( простая, сложная), қатарлы екпелер(посадка), тірі тосқауыл, аллея.

  • Топтоғы өсімдіктердің мөлшері;

  • Бақ-парктік көшеттердің атқаратын функциясы- қорғаныс жолақтар(полоса), акцент, кулиса, ғимаратты, құрылысты декоритивтендіру,

  • Өсімдіктердің түрлері және олардың тіршілік формасы (ағаш, бұта);

  • Жасы, өсімдіктің жалпы биіктігі, діңінің ұзындығы, жерден 1,3 м биіктіктегі діңнің диаметрі;

  • Ағаш бөрікбасының тығыздығы(сирек немесе жарықтың түсуінің проценті бойынша),астыңғы жағының ені, бөрікбасының мөлшері;

  • Топтағы және жеке өсімдіктің декоративті сапасы, зиянкестермен аурулармен зақымданудың дәрежесі, механикалық зақымдану;

  • Көшеттердің жағдайы;

  • Екпелердің тығыздығы;

  • Өсімдіктерді алдын ала күту үшін арналған ұсыныстар: өсімдіктерді таңдауға және бұзылған өсімдіктерді таңдауға арналған көрсеткіштер.

Бұталарды формасы, түрі және биіктігі бойынша ескереді: 1 м дейінгі бұталар – төмен, 1м-ден 1,5м дейінгілер – орташа, 1,6м-ден 2,5 м дейінгілер –биік.
Қорытынды сұрақтар:

  1. Участоктердегі отырғызылған жасыл көшеттердің қандай көрсеткіштерімен төлқұжат құрылады?

  2. Отырғызылған жасыл желектердің жағдайы «жақсы» деп қандай белгілерімен бағаланады?

  3. Отырғызылған жасыл желектердің жағдайы «қанағаттандыралық» деп қандай белгілерімен бағаланады?


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное

  2. хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-244 с.

  3. Белов С.В. Лесоводство. – М.: 1983. – 321 с.

  4. Мелехов И.С. Лесоведение. – М.: 1980. – 133 с.


Тақырып 12.Гүлбақтардың эскизін жобалау

Мақсаты: студенттерге бірінші кезеңдегі жобалаудың мазмұнын, гүлбақты сәндеудің стилін, жол және жаяужол тораптарының нормативтерін үйрету.

Тапсырма:

  1. Рекрециялық жасыл аймақтың эскизіне анықтама жазбаны құру

  2. Рекреациялық жасыл аймақтың эскизін орындаңыз


Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Жоба жұмыстарының кезеңдерiн төмендегiше таныстыруға болады:

  1. Рекреациялық жасыл аймақтардың типтері

  2. Тұрғындардың сипаттамасы

  3. Рекреациялық жасыл аймақтың тағайындауы

  4. Жобаланатын объектiнi тұрған орыны.

  5. Участоктің өлшемдері

  6. Участоктің рельфі

  7. Участоктің конфигурациясы,оның ориентациясы

  8. Кіру және жол торабы

  9. Участокті аудандастыру

  10. Территорияның архитекторлы-жобалаудың қорытындысы

  11. Ғимарат,құрылыс,кішігірім архитекторлы формалар

12.Эскиздің орындалуы

11-ші кезеңге дейін мазмұн эскизге анықтауыш жазбаны құрайды.

Гүлбақтың эскизін жобалау – студенттің жеке шығармашылығы, онда ол өзінің қиялын, әдеби көрінісін, кәсіби білімімен ебтілігін орындай алады.

Студент бәрінен бұрын жасыл рекреациялық аймақтың типін таңдап анықтап алып, осыдан жобаның басқа компоненттерін жобалай алады.

Жобамен жұмыс жасаған кезде, эскизді жобалау бірінші кезең болып табылады.Оны орындамас бұрын басқа мәліметтерді білу керек: тұрғындардың мінездемелері, жобаланған объектінің орналасуы, участоктің мөлшері, участоктің рельфі, - рекреационды аймақтың басқа сипаттамаларын анықтайды.

Гүлбақтың функционалдық қызметін анықтау.

Гүлбақ(сквер) – көше мен алаңқайлардағы көгалдандырылған кішігірім территория (0,25-2,00га),жаяу жолаушылардың жүруіне және дем алуына, қоғамдық және администрациялық ғимараттарды художественно- декоротивті сәндендіруіне арналған. Гүлбақтардың қызметі әртүрлі болуы мүмкін:

1.Қалалық және аудандық алаңдарда жасалынған гүлбақтар, негізінен жаяу жүргіншілердің транзиттік қозғалысына және олардың қысқауақыттық демалуына арналған.

2. Тұрғын және шағын аудандардың алаңдарында орналасқан гүлбақтар балалардың дем алуына және ойнауына арналған орындар болып, олардың ұзағырақ тынығуына пайдаланады.

3. Жеке ғимараттардың алдында арнайы бағытталған гүлбақтар сол ғимараттардың қызметіне байданысты жасалынады. Мысалы, кинотеатрлардың алдындағы гүлбақтар жазда өзіндік ерекше фойе ретінде пайдаланады, онда көрермендер сеанстың басталуын тосады.

Кейде гүлбақтар архитекторлы-декоративті мақсатта құрылады. Олар кішігірім мөлшердегі участоктар болып орналасады. Жиі онда ескерткіштермен скульптураларды орналастырады, фонтарды құрады. Осындай гүлбақтар балалармен ересектердің ұзағынан дем алуына арналмаған, тек декоротивті мақсаттар үшін пайдаланады.

Гүлбақтардың конфигурацияларын таңдау.

Тәжірибеде әртүрлі конфигурациялы гүлбақтар кездеседі. Гүлбақтардың формасын анықтайтын факторлардың бірі, ол участоктардің формалары болып табылады, онда ол орналасады. Төртбұрышты ауданда, шеңбер немесе төртбұрышты формалы гүлбақтарды жобалауға болады. Мұнда қоршаған құрылыстардың сипаттамалары роль ойнайды. Егер келтірілген алаңда тек бір ғимарат доминант болса, онда ол жерге төртбұрышты формалы гүлбақ жарайды. Егер алаң периметр бойынша бірдей ғимараттармен салынса, онда шеңберлі формалы гүлбақ дұрыс болады.

Гүлбақтардың формаларын таңдаған кезде троанспорттық ағыстар маңызды орын алады. Гүлбақтың маңындағы транспорттық қозғалыс интенсивті жоғары болса, онда оған үшкір немес тік бұрыштарды жеңілдететін ағысты форманы беру қажет.

Сонымен гүлбақтардың жоспары транспорттық, функционалдық және архитекторлы – композициялық сұрақтардың жауаптарының қорытындысының нәтижесінде құрылады.

Тәжірибеде жиі төртбұрышты, тікбұрышты, шеңберлі және үшбұрышты формалы гүлбақтар кездеседі. Осы аталған дұрыс геометриялық формалардан басқа, жиі дұрыс емес, ал кейде күрделі конфигурациялы гүлбақтар кездеседі.



Гүлбақтың безендіру стилін анықтау.

Ландшафтық өнерде екі негізгі регулярлы және пейзаждық бағыт қалыптасқан.

Тұрақты стильді бағытқа геометриялық симметрия тән, композицияның орталығының басымдылғын көрсету, ағаштар мен бұталарды қатар бойынша отырғызу, оларды қырқу.

Пейзаждық стиьдік бағыт, тұрақтыдан айырмашылығы табиғаттың шынайы сұлулығын көрсетеді.

Қалардың орталық алаңдарында немесе ірі қоғамдық ғимараттардың алдындағы гүлбақтарды жоспарлаған кезде, жиі тұрақты әдістерді қолданады, алайда мұндай гүлбақтардың композициялық құрылымы неегізгі ғимараттың архитектурасына бағынышты болады. Себебі гүлбақтардың жазықтығы ғимараттардан биік өсімдіктермен оқшаланбайды, тек оның кіреберісін сәндендіреді. Көріктілігін күшейту үшін, гүлбақтың бүйірлерінен ағаштармен бұталардан биік және тығыз қабырғаларды тұрғызады.

Кейде осындай гүлбақтар толықтай партер түрінде шешіледі.


Қорытынды сұрақтар:

  1. Қызметіне қарай гүлбақтардың қанша түрі болады?

  2. Көлемі бойынша рекреациялық жасыл аймақтар қалай бөлінеді?

  3. Рекреациялық жасыл аймақтарды сәндеуде қандай стильдер қолданады?

  4. Гүлбақтардың қандай конфигугурациялары бар?


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Николаевская 3. А. Садово-парковый ландшафт. М.: Стройиздат, 1989.

  2. Пронин М. И. Лесопарковое хозяйство: Учебник для техникумов. М.: Аг-ропромиздат, 1990. 175 с.

  3. Рекомендации по изысканию и проектированию лесопарков. М.: ВГПИИ «Союзгипролесхоз», 1984.



Тақырып 13. Жасыл рекрециялық аймақтың дендрожоспарын құру.

Мақсаты: студенттерге қала саябақтарын көгалдырғанда сүректі ағаш түрлерінің ассортименттерін, олардың бір бірімен үйлесуін үйрету қажет.

Тапсырма:

  1. Тәжірибелік гүлбақтағы негізгі және қосымша сүректі өсімдіктердің ассортименттерін құру.

  2. Жасыл рекреационды аймақтың дендрожоспарының эскизін құру.


Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Дендрологиялық жоспар (дендрожоспар) - көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының және сол сияқтылардың ашық учаскелерімен үйлесімде өсіп тұрған жасыл желектердің және отырғызуға жоспарланған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің түрлік және сандық құрамы көрсетілген қала аудандарының шегінде жасыл желектерді отырғызу жоспары.

Сүректі өсімдіктердің ассортименттерін таңдаған кезде, олардың декоротивті, экологиядық қасиеттері мен сыртқы физиологиялық көрінісін еске алу қажет. Қала жылыжайлары мен қала маңындағы көшеттіктерде өсірілген, антропогендік орта факторларының әсеріне тұрақты көшеттерді өсіру үшін, жергілікті немесе жақсы жерсіндірілген ағаш түрлерін немесе бұталарды пайдалану керек. Ағаш бақ парктік ландшафтың ұзақ тіршілік ететін негізгі элементі болып табылады;композициялық қатынаста осы немесе басқа участоктерді айқындаушы компоненті болып табылатын декоротивті бұталар бағынышты роль атқарады.

Қала обьектілерін көгалдандыру үшін сүректі ағаш түрлерін шартты түрде келесі категорияларға бөлуге болады:

Негізгі ( немесе ландшафты парктүзуші), бақты- парктік ландшафтың фитоценологиялық құрылымын құрушы; түр құрамы тұрақты, өзін жергілікті өсімдіктер түрлерімен көгалдандыру кезінде жақсы ұсынғандар. Негізгі ассортимент: үшкіржапырақты үйеңкі, ақ тал, ұсақжапырақты және іріжапырақты жөкеағаш, Сібір және Европа балқарағайы, жылтыр қарағаш, шаған, терек, кәдімгі емен, арша; негізгі ассортименттерге жақсы аудандастырылған түрлерді жатқызуға болады, оларға қызыл емен, аткаштан, маньчжур жаңғақтары, тікенді шырша, арша ( виргинский).

Қосымша ассортимент түрлері, өзінің кіші көлеміне байланысты өзбетінше роль атқармайтындар, олар бақ парктік композицияны толықтырады; қосымша ассортименттерге жататындар: кәдімгі шетен, долана, мойыл, пенсильван шиесі, алма, алмұрт және бұталардың көптеген түрлері.

Жеке категорияға бақтық декорортивті өсімдіктер ассортименттерін жатқызуға болады. Мұндай ассортимент микроландшафты құрған кезде, жеке тұрғынүй территориялары участоктерін безендіру кезінде қолданады. (придомовые полосы; площадки отдыха, пересечения дорожек и т.п.).

Көшет объектілерінің негізін өсімдіктердің негізгі ассортимент түрлері құрылымдық компоненті ретінде құруы қажет;осылдардан территория композициясының жалпы көрінісі мен қасиеті тәуелді болып келеді.

Көшеттердің негізін 6-10 жергілікті ағаш түрлерінен тұруы керек, оларға: ұсақ жапырақты жөке ағашы, үшкіржапырақты үйеңкі, кәдімгі шетен, қотыр қайың, жылтыр қарағаш, шаған, терек, ақ тал, қылқандылардан – арша, батыс туясы. Қазақстан жағдайында жақсы жерсіндірілген аса тұрақты бұталар түрлеріне: венгер және кәдімгі сирень, қараған, жылтыр ырғай, бөріқарақат, долана, тобылғы және тағы басқалары аязға жоғары дәрежеде тұрақты.

Ұсынылған өсімдіктер түрлерін пайдалану жыл бойы декоротивті эффектісін сақтайды. Қысқы уақыт кезінде декоративтілігін қылқанды ағаш түрлері, күзгі уақыт кезінде жапырақтардың түстерінің ерекшеліктері ұстайды; көктем жаз уақыттарында жөке ағаштарының, жапондық тобылғының гүлдеуі, бөріқарақаттың жапырақтарын жатқызуға болады.

Көшеттерді жобалау гүлбақтарды көгалдандырғанда негізгі мақсат болып табылады.

Ағаштар мен бұталарды, ашық газон участоктіктері мен гүлзарларды отырғызу, алаңқайдың орналасуымен, олардың мөлшерлерімен конфигурацияларымен байланысты болуы қажет.

Гүлбағында көшеттерді жобалау үшін олардың орналасуымен функционалдық қызметін ескеру қажет. Егер жобаланатын гүлбақ тұрғын шағынауданда болса және келушiлердi ұзақ демалыс үшiн арналса, онда оның периметрi бойымен ағаштар мен бұталардан тығыз жасыл қабырға жасауға керек. Егер әкiмдiк ғимараттың алдында саябақ орналасқан болса, онда үш жағынан бұталар мен ағаштардан жасыл қабырғаны құрайды, ал ғимараттың алдыңғы бетін жаппау үшін, алдына биік емес бұталарды өсіреді.
Қорытынды сұрақтар:


  1. Жобаланған гүлбақтағы ағаш ассортименттерінің негізгілерін сипаттаңыз.

  2. Жобаланған гүлбақтағы ағаш ассортименттерінің қосымшаларын сипаттаңыз.

  3. Нысанның негізгі көшеттерін қандай өсімдіктер құрайды?


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Ванин А.И. Определитель деревьев и кустарников. М.,Лесная промышленность. 1967.234с.

  2. Зонн С.В. Влияние леса на почву. М.,ИЗД-во АН СССР,1954.160с.

  3. Николаевская 3. А. Садово-парковый ландшафт. М.: Стройиздат, 1989.

  4. Пронин М. И. Лесопарковое хозяйство: Учебник для техникумов. М.: Аг-ропромиздат, 1990. 175 с.



Тақырып 14. Саябақтың күту жұмыстарын жүргізудің жоспарын құру

Мақсаты: саябақты күтудегі санитарлы-профилактикалық жұмыстардың мазмұны, оларды орындаудың әдістемелерін студенттерге үйрету

Тапсырма:

  1. ҚМУ маңындағы бақты-парктік участоктеріндегі отырғызылған жасыл желектерді тексеру

  2. Саябақты күтудегі санитарлы-профилактикалық жұмыстардың жоспарын құру

  3. Топырақ-грунттарды жағдайларды жақсартудың жоспарын құру


Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Тәжірибелік жұмыстарды реконструкция бойынша кезең - кезеңмен атқаады және паркті күту жұмыстары ұйымдастырудың жобасына сәйкес жүргізіледі.

Бірінші кезең - санитарлы-профилактикалық – келесі операцияларды өткізуден тұрады:


  • Территорияны қалдықтар мен кірлерден, құрылыс материал қалдықтарынан, кеуіп қалған және ауру мен зиянкестермен залалданған ағаштар мен бұталардан тазалау;

  • Жер астындағы коммуникацияға, ғимараттар мен құрылыстарға жақын өсетін аймақтардағы ағаштарды жою;

Екінші кезең – көшеттерді қалыптастыру және атқаратын қызметін қайта қалпына келтіру, олардың тіршілік процесстерін активизациялау, эстетикалық әдемілігін жоғарлату. Негізігі іс-шараға жатады: бөрікбасын жасартатын кесулер, қоюланған өсімдік топтарын сиректендіру, жеке экземпляр мен өсімдіктер топтарын жарықтандыру, қажетсіз жеке өсімдік түрлерін жою, өсімдіктерді қайта отырғызу, топырақтың құнарлығын көтеру.

Қартайып келе жатқан өсімдіктердің тіршілік ету қабілеттілігін жоғарлату үшін бөрікбасты кеседі. Осындай кесулер, бөрікбасындағы ұйқыдағы бүршіктерді атуына демейді, жаңа өркендердің дамуына, жаңа бөрікбас пен бұтақтарды қалыптастырады. Жасаратын кесулерді тал, терек, қарағаштар, үйеңкілер, шағандар, ал қарағайлардан –тікенді шырша көтереді.

Бөрікбасындағы бұтақтарды кесуді тамырды қысқартумен бірге жүргізу керек. Ені 30-40 см және тереңдігі 40-60 см болатын топырақта шұқырды қазғаннан кейін тамырды қысқартуға болады. Тамырды жыл сайын тамыр жүйесінің 1/3-1/2 бөлігін ақырындап қысқартқан жөн. Тамыр жүйесінің бөліктерін тазалағаннан кейін шұңқырды қоректік заттармен қоректіндіріп, суарады. Осындай өсімдіктерді 2-3 рет биологиялық активті ерітіндімен қоектендірген жөн.

Қаңқа бұталары бар бұталар( қарақат, сирень, сары қараған) сабақтық және тамырлы өскін түзеді. Ұзақ тіршілік ететін бұталар( бадам, түкті шие, ырға) ылғида тамыр өскінін түзеді және кесуді ескі сабақтан түбіне дейін жүргізеді. Осындай кесу жұмыстарын бір, екі жылдан кейін қайталайды. Ергежейлі формаларда( бадам, шие) кесулер бір рет болуы қажет және сабақты түбіне дейін жою тиімдірек болады.кесіндінен кейін бірінші вегетациялық кезеңде одан әрі даму үшін 3-5-7 мықты жас бұтақтарды қалдырады.

Көптеген бұталарды жасарту жұмыстарын көктем кезінде жүргізген жөн, ұшқатты гүлдегеннге кейін қырқуға болады. Әдемі гүлдейтін бұталарды жасарту жұмыстарын қартайып келе жатқан бұтақтарды таңдап алып кесу жолымен әр екі үш жылда жүргізген жөн.

Егілген өсімдіктерді қайта құраған кезде жеке өсімдіктерді ғана емес, сонымен бірге толықтай отырғызылған көшеттерді жасартуға болады. Бұл картайған парктiң массивтеріне жатады. Өз уақытында ескі, құлап жатқан ағаштар мен бұталарды жою, қалған өсімдіктер үшін жарық, қоректік және су режимдерін жақсартуға мүмкіндік береді. Одан басқа олардың аурулар мен зиянкестермен залалалдануын қаупін азайтады. Бұл процесс жас өсімдіктерді отырғызумен сүйемелдейді.

Кейбір жағдайларда әсіресе парктік массивтер мен куртиналарда, жеке ағаш топтары мен жеке экземплярларда сиректендіру және жарықтандыру іс шарасын жүргізеді.

Сирету жұмыстары құны аз ағаштар мен бұталарды жою, болашақ композицияның негізін құрайтын жоғарыдекоротивті экземплярларды табу болып табылады.

Парк массивтерінде отырғызылған желектерді, оның жамылғысы толықтай қабыспаған немесе қабыстыра бастағаннан бастап жарықтандыруға ыңғайлы кезең. Осы уақытта отырғызылған әрбір өсімдіктің жағдайы жақсы , декоротивті, бөрікбасы болады, діңгегі бірқалыпты дамыған және жеткілікті төменнен басталады.

Топырақ грунтты жағдайларды жақсарту

Отырғызуларды реконструкцияланған кезде қаладағы нысандарды көгалдандыратын жасыл өсімдіктер табиғи немесе жасанды үйілген топырақта өсетінін ескеру қажет. Үйілген топырақ нейтральды немесе сілтілі реакциялы ортаға (рН 7,1-7,9) және жоғары тығыздыққа ие.

Қалалардағы отырғызылған өсімдіктер, ұзақ тіршлік етуінен, күту жұмысы жеткіліксіз болғандықтан, қала жағдайларының әсері бір қатар өзгерістерге ұшыратады. Олардың негiзгiлерi болып табылады:тапталу мен шымдалудың нәтижесінде топырақтың тығыздалуы, физикалық қасиеттері мен оның тотығуы. Қала, магистраль алдындағы участоктердегі көшеттердің топырақтары ерекше тығыздалғанын байқауға болады.

Тығыздалған топырақтар ылғалды нашар сіңдіреді және тез оны буландырып жібереді. Тығыздалған топырақта өсетін өсімдіктер жиі су тапшылығына ұшырайды. Тығыздалған топырақта ауа режимі нашарлайды, оттегінің мөлшерін төмендетеді.

Таптаудың нәтижесінде топырақтың қарашірік бетінің қуаты азайады, топырақтың түйіртпекті құрылымы ыдырайды, топырақ бетінде «топырақ қабығы» түзіледі.

Өсімдіктердің көпшiлiгi сiлтiлi ортаны қалайды. Артық қышқылды ( рН=5,5) бейтараптандыру үшін әкті, доломитті ұнды, борды, ағаш күлін тиісті дозаларда топырақтың механикалық құрамына байланысты қолдануға баолады.

Бейтараптандыратын материалдарды топыраққа 5-8 см тереңдікке бітейді, немесе скважинаға ендіреді.

Кальцефильді өсімдіктерге қайың, кәдімгі емен, үйеңкі, балқарағай, итшомырт, шаған жатады. Сілтісі мол топырақтарды сумен шаяады және күкiрт қышқылды амтемоний тыңайтқышымен қоректендіреді.

Көшедегі транспортты магистральдар бойындағы топырақтарды мезгіл сайын жуу қажет, себебі қыс мезгілінде көк тайғаққа қарсы тұздарды көп себеді де, топырақта тұздың мөлшері көп жинақталады. Жуу әдісі 1 м2 топыраққа 100-110 л суды құю арқылы жүргізіледі.

Ағашты және бұталы өсімдіктер топырақтың құнарлығына қарай жеміс береді. Құрамында 100 г 4% қарашірік, 6 мг оңайгидролизденетін азот және өсімдік сіңіретін 10 мг двуокиси фосфора (Р2О5) мен окиси калия (К2О) бар топырақ қамтамасыз етілген құнарлы топырақ болып саналады.

Топырақтардың қамтамасыз ету дәрежесі ең төмен болады егер оның құрамында 1% қарашірігі, 3 мг Р2О5 мен 4 мг К2О және азоты бар болған кезде.

Минералды тыңайтқыштарды себудің нормасы топырақтың типімен және құнарлығына қарай шашады. Кiргiзiлетiн минералдық тыңайтқыштар топырақтың құрамымен баланыста болу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет