Ббк 5. 118. C-85 Рецензенттер



жүктеу 1.31 Mb.
бет6/6
Дата19.09.2017
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қорытынды сұрақтар:

  1. Саябақты күтуде санитарлы профилактикалық жұмыстардың мазмұны қандай?

  2. Өсімдіктерді күтуде қандай тәсілдерді білесіздер?

  3. Рекреациялық жасыл аймақта топырақтың жағдайын қалай анықтауға болады?

  4. Топырақтағы артық қышқылды қалай бейтараптандыруға болады?

  5. Рекреациялық жасыл аймақта топырақтың жағдайын қалай көтеруге болады?


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Агальцова В. А. Горки Ленинские. Сохранение и восстановление ланд-шафтов. М.: Агропромиздат, 1987.

  2. Зонн С.В. Влияние леса на почву. М.,ИЗД-во АН СССР,1954.160с.

  3. Николаевская 3. А. Садово-парковый ландшафт. М.: Стройиздат, 1989.

  4. Пронин М. И. Лесопарковое хозяйство: Учебник для техникумов. М.: Аг-ропромиздат, 1990. 175 с.



Тақырып 15. Өртке қарсы профилактикалық шаралары

Мақсаты: орман өрттерінің пайда болу жолдарына қарсы іс шараларды ұйымдастыру және орман өрттерінің таралу жолдарын жайында білім беру

Тапсырма:

  1. Қостанай қаласындағы қала жағажайы маңындағы орманпарктің жағдайына анализ жасаңыз.

  2. Өртке қарсы профилактикалық шараларды ұйымдастырудың жоспарын құрыңыз.

  3. Өртке қарсы насихаттауға үндеудің суретін салу.


Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Егер өрт сөндіргіш адамдар мен өрт сөндіргіш құралдар көп болса, онда өртті қоршау әдісі қолданылады. Бұл әдіс өрт өршіген кезінде пайда болады, ол біркелкі барлық шеткі аудандарына қарсы бағытталады. Мандайшөптен қамту- бұл ормандағы өртті сөндірудің ең нәтижелі әдісі, оның тактикалық жиектердің бөліктері ең көп орташа жылдамдықпен қозғалатын маңдайшөпке қарсы бағытталған шабуыл ретінде жүргізіледі.

Өрт сөндірушілер өрттің маңдайшөбінің ортасына жақындап, оны 2 бөлікке бөледі және ортасынан қапталдарға қарай тақайды. Қапталдан қамту (тактикалық жиектердің бөліктері, маңдайшөппен орташа перпендикулярлы бағытпен қозғалатын және осы бағытқа параллельді қозғалу) дегеніміз- өрттің маңдайшөбіне бағытталған қаптал шабуылы. Тыл жағынан қамту (өрттің тактикалық жиектерінің бөліктері, орташа бір жаққа қарай және маңдайшөп қозғалысына қарсы қозғалады) өрттің тылына қарсы шабуыл ретінде жүргізіледі. Бұл әдіс өте күшті төменнен кеткен өртте және маңдайшөптен шабуыл жасауға болмайтын жағдайда, сонымен қатар өрт сөндірушілер аз болғанда қолданылады. Жұмысшылар өртті сөндіргенде оны сынға қарай жақындатуға тырысады. Бұл әдіс кезінде жанған аудан өседі және ол тиімді болу үшін өрт сөндіргіштердің жылдамдығы өрттің қозғалу жылдамдығынан жоғары болуы керек.

Өрт сөндіру техникасы өрттпен күресу шараларын да қарастырады. Орман өрттерін сөндіру дегеніміз оны жою үрдісі, ол келесі кезеңдерден тұрады: өртті тоқтату немесе өрттің таралуын оқшаулау (өртпен қамтылған, бірақ әлі жанбаған территорияны оқшаулау), қайта сөндіру (өрттің негізгі пайда болу жерлерін жою), бақылау (қайтадан өрт басталмауы үшін). Төменнен тарайтын өртті сөндірудегі ең көп тараған әдіс ол өрт жиектерін жабу, яғни өрттің жиектеріне топырақ лақтыру, сумен және өрт сөндіретін химикаттармен сөндіру, өрт қозғалысының алдына қоятын өртке қарсы тұратын жасалатын тосқауылдар.

Төменнен өртенетін өрттің жиектерін сыпырғышпен немесе жасыл бұтақшалардан тұратын сыпырғышпен сөндіреді. Бұл сөндірудің нәтижесі басқа жанып жатқан жерден әлі жанып үлгермеген жерді бөледі. Жалынды өрттің ішіне қарай сыпыру арқылы оны сөндіреді. Бұл әдіс қолайлы, себебі қолында тиімді еш өрт сөндіретін құрамы болмаған адам осы әдіспен сөндіре алады.

Өрттің жиектеріне топырақ лақтыру әлсіз және орташа өрттерінде қолданылады. Топырақпен өртті сөндіруде жанып жатқан материалдың жалыны механикалы түрде басылады, ол судың және оттегінің жанып жатқан жердің ауасына кіруін шектейді. Құмды желпеуіш тәсілімен өрт жиегінің ұзынынан лақтыру арқылы оның жалынын басады, содан кейін қалыңдығы 6-8 см тегістей жолақпен құм салады. Топырақты шұңқырдан алады, оны 10-20 м тереңдіктен қазып алады.

Орманды өрттерді топырақпен сөндірген кезде механизацияланған құралдарды қолданады: лақтырушы трактор ГТ-3 және жолақ салушы ПФ-1, ол тек қана кең қорғауыш жолақ салушы ғана емес, сонымен қатар ол өртті мүлдем жоюға да арналған. Топырақ лақтырушы трактор ГТ-3 топырақты 40м дейін лақтырады, тиімді минералды кеңдігі 15-18 м жолақ құрады.

Төменнен өртенетін өртті сумен немесе өрт сөндіретін химикаттармен сөндіру, орман шаруашылық тәжірибесінде көп тараған әдіс. Су жанып жатқан жердің ортасына суытуға және жанып жатқан материалдардың құрылысын бұзуға арналған. Сумен өртті сөндіру үшін арнайы мотолампалар қолданылады: өртке қарсы мотолампа ПМП-Л1, орман мотолампасы МЛ-100, орманды жүзетін мотолампа МЛП-0,2. Өрт былайша сөндіріледі. Ең бірінші өрт басталған жергілікті қарап шығарады, содан кейін мотолампаны су шығатын жерге құрады да, магистральды сызық (жолақ) салады.

Мұндай өрт сөндіруде орманшылар суды өртке қарай бағыттап тұрады. Өрт сөндіретін химикаттар сумен сөндіруге қарағанда өте көп қолданылады, себебі химикаттар құрамына бейорганикалық заттардың тұздары, активті үстіртін заттар қоюлатқыштар мен түтін шығаратын сұйықтар кіреді. Өрт сөндіретін химикаттар жанып жатқан жерді суытып, жанып жатқан материалды ауадағы оттектен оқшаулайды, олардың үстінде қатты және сұйық қабыршық құрайды, олар оны жанып жатқан кезеңнен үзеді.

Өрт сөндіретін сұйықтықты және өрт сөндіретін жұмысшыларды өртеніп жатқан жерге өрт сөндіру машинасымен әкеледі, оның ішінде ең көп қолданылатын бүкіл жермен жүретін орманды өртке қарсы машина ВПЛ-14а, орман өртіне арналған тракторлы агрегат ТЛП-55, орман өртіне арналған автоцистерна АЦП-147. Барлық жермен жүре алатын орман өртіне қарсы машина ВПЛ-149 бензинді моторлы арамен, 4 аспалы бүріккіш РЛО-М, 2 мотолампамен, өртке қарсы қолғаптармен, қосылатын аппаратпен А3, қол құрал (балта, күрек және т.б.) мен қамтылған. Орман өртіне қарсы агрегатқа ТЛП-55 бензинді-ара, мотолампа МЛ-100, аспалы бүріккіш, өртке қарсы қол мүлік, сорғыш қондырғы және т.б. жатады. Орман өртіне қарсы автоцистернаға АЦП-147 сорғыш агрегат, мотолампа ПМЛ-Л1, 6 бүріккіш РЛО-М, радиостанция, өртке қарсы қолғап, күрек, балта және т.б. жатады.

Орман өртіне қарсы жабдықталған комплект ЦОС 600л/мин өндіргішті мотолампамен, бак – цистернамен көлемі 1 м3 өртке қарсы қол құралмен жабдықталған. Комплекті жүк көтеруші 2 т асатын әр түрлі машина ернеуіне орнатып, тастауға болады. Өртке қарсы агрегат АЛП-10 трактор базасындағыдай Т-150К бульдозерлі қайырма ені 2,6м, тракторда цистерна көлемі 1200 л, тіркелетін цистерна суға көлемі 820 л, өртке қарсы сорғыш және т.б. болады.

Төменнен өртенетін өртті сумен немесе химикат ертінділерімен сөндіру үшін, қарсы шыққан отқа тіреуіш ретінде аспалы бүріккіштер қолданады: орман аспалы бүріккіші РЛО-М, аспалы өрт сөндіргіші ОРМ-1, аспалы бүріккіші ОР, химиялық аспалы бүріккіші ОРХ-З. Аспалы бүріккіштер, шағын және оларда қол сорғышы болады, ол брандспойттың ұшымен байланысқан.

Өрттің қозғалуына бөгеуіш жолақтар салынады және олар күрекпен, соқамен, фрезермен, топырақ лақтырғышпен, бульдозермен және жарылатын заттармен жүргізіледі. Өрт жиегінің алдына 30 м арақашықтықта одан топырақ жамылғысы және төсеніші ені орташа 1м алынады. Қатты желдерде және шашылғандықтан минералды жолақтың ені жанып жатқан материалдың 10 еселі биіктігіне жетеді. Оларды ені 30-40 см, тереңдігі 20-30 см етіп қазады.

Жару тәсілі, қиын, жасыл жолақтары жоқ аудандарда шлангілі зарядтар қолданады. Ені 2 ден 3,5 м дейін және тереңдігі 8 ден 20 м дейін минералды жолақ пайда болады.

Қыздырып босаңдату және өртті тәсіл дегеніміз келе жатқан өртке маңдайшөптің алдынан жанатын материал өртейді, оның ені 10 м дейін, ал жоғарыдағы өртпен күресу кезінде ені, 100-200 м дейін болу керек. Жоғарыдан өрттенетін өртпен төменнен өртенетін өртке қарағанда күресу өте қиын. Жоғарыдан өртенетін өрт сөндірудің тәсілдерінің бір элементі ол тіремесе бөгелетін жолақ құру. Мұны істеу үшін табиғи (бұлақ, өзен) және алдын ала дайындалған өртке қарсы тосқауылдарды қолданады. Жоғарыдан өрттенетін өртті сөндірудің техникалық негізгі әдістері ол қыздырып босаңдату, қарсы от шығару және сумен сөндіру. Авиация маңызды рөл атқарады, біріншіден ол қосалқы күш немесе өртті сөндіру үшін жабдықтарды, сұйықтықты лақтыру және жасанды жаңбырлармен өртті сөндіреді. Сібірдегідей және Қиыр Шығыстағыдай булы бұлттар көп болса, оларға арнайы жабдықталған пиропатронды ұшқыштармен енгізеді, пиропатронның құрамында йодты қорғасын болады. Оларды енгізгеннен кейін 10-20 мин кейін ақ жауын ретінде жаңбыр жауады, содан кейін өртте сөнеді.

Шымтезектегі өртті минералды топыраққа дейін қазу арқылы, сумен және өрт сөндіретін сұйықтықты шайқап оның жанып жатқан жерге шымтезекті оқпанын ТС-1 1,2м дейінгі тереңдікке мотолампаның МЛ-100 көмегімен сөндіреді.

Орманның өрттерінің жағымсыз нәтижелерін жою

Орман өрттерінің нәтижелері әр түрлі. Жоғарыдан өртенген өрттен кейін күйік қалады, барлық ағаштар жанып кетеді, ал көшетін өрттерден кейін – қу ағаштар қалады. Өрт кезінде бұтақтар жанып кетеді және барлық ағаштар өлмейді. Төменнен және шымтезекті өрттерден құлаған, сынған ағаш бұтақтары пайда болады және ағаштардың тамырлары зақымдалады. Мұндай жанулардың нәтижелерін шыршалы ормандарда көруге болады.

Орман өрті болған жерлердің ағаштарға тигізген орынсыз әсерлерін бірінші шаралармен қалпына келтіру керек. Күйген ағаштар ең қауіпті өрт туындауының факторы болып табылады, себебі қурап сынған ағаштар, қураған ағаштар, шайырланған ағаштар өте көп болады. Іскерлік ағаш сүректерінің техникалық қасиеттерін жоғалтады, отынға айналады, зиянкестермен саңырауқұлақ ауруларының таралу аймағы болып табылады. Сондықтан ағаш сүректерін уақытында қолданып, орманды емдеп, орман қайта қалпына келтірілу керек.

Бірінші кезекте қурап, сынған ағаштар, күйіктер өңделеді, өйткені құлаған ағаштар жермен әрекеттесіп, тез шіриді. Мұнда орман дақылдарын егу керек. Содан кейін қураған ағаштар игеріледі. Егер оларда табиғи жаңартулар ақырын өтіп жатса, онда мұнда да орман дақылдары егіледі.

Ағаш діңдерінде, яғни өлген ағаштарда (10% жуық) таңдаулы санитарлы кесулер немесе ормандағы күтімдік кесу жұмыстары жүргізіледі.
Қорытынды сұрақтар:


  1. Орман өрттерінің пайда болуын алдын ала ескертетін іс шараларды атаңыз?

  2. Орман өрттерінің жайылуна қарсы жүргізетін іс шараларды атаңыз

  3. Орманда демалыс кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін атаңыз?

  4. Өрт сөндіру құралдарын сипаттаңыз.

  5. Орманда өрттерді сөндірудің жолдарын атаңыз.


Пайдалануға болатын әдебиеттер

  1. Строительство и реконструкция лесопарковых зон на примере Ленингра-да / В. С. Моисеев, Л. Н. Яновский, В. А. Максимов и др. М.: Стройиздат, Ле-нингр. отд., 1990. 288 с.

  2. Справочник лесничего Казахстана.Астана, 2010.156 с.

  3. Тюльпанов Н. М. Лесопарковое хозяйство. Учебное пособие для техникумов. Изд. 2-е, перераб. Л., Стройиздат, Ленннгр. отд-ние, 1975, 160

Қолданған әдебиеттер тізімі




  1. Атрохин В. Г., Курамшин В. Я. Ландшафтное лесоводство. М.: Экология, 1991. 176 с.

  2. Агальцова В. А. Горки Ленинские. Сохранение и восстановление ланд-шафтов. М.: Агропромиздат, 1987.

  3. Боговая И. О., Фурсова Л. Н. Ландшафтное искусство: Учебник для вузов. М.: Агропромиздат, 1988. 233 с.

  4. Николаевская 3. А. Садово-парковый ландшафт. М.: Стройиздат, 1989.

  5. Пронин М. И. Лесопарковое хозяйство: Учебник для техникумов. М.: Аг-ропромиздат, 1990. 175 с.

  6. Рекомендации по изысканию и проектированию лесопарков. М.: ВГПИИ «Союзгипролесхоз», 1984.

  7. Строительство и реконструкция лесопарковых зон на примере Ленингра-да / В. С. Моисеев, Л. Н. Яновский, В. А. Максимов и др. М.: Стройиздат, Ле-нингр. отд., 1990. 288 с.

  8. Справочник лесничего Казахстана.Астана, 2010.156 с.

  9. Тюльпанов Н. М. Лесопарковое хозяйство. Учебное пособие для техникумов. Изд. 2-е, перераб. Л., Стройиздат, Ленннгр. отд-ние, 1975, 160 с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет