Ббк63. 3 (5Каз) «тарих-и рашиди» ЖӘне абжад есебі



жүктеу 76.67 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі76.67 Kb.
    Навигация по данной странице:
  • АБЖАД

УДК 940 (574) ББК63. 3 (5Каз)

«ТАРИХ-И РАШИДИ» ЖӘНЕ АБЖАД ЕСЕБІ
Бекболатов С.

Алматы қ.
Есімі әлемге әйгілі ғұлама ғалым Мырза Мұхаммед Хайдардың атақты «Тарих-и Рашиди» атты еңбегі жөнінде, онда айтылған мәселелер мен көтерген ойлар туралы біз әлі де тереңдеп талдап аша алмай келе жатқанымыз жасырын емес. «Тарих-и Рашиди» тарихи мұра ғана емес, ол көптеген ғылым салаларын бойына жинақтаған тегі бөлек туынды да. Бұл еңбекті оқыған әр түрлі ғылым салаларының өкілдері одан өз саласына қатысты өте құнды деректерге ұшырасады, оны басқа еңбектерден және де кезіктіре алмас та едіңіз.

Кітап авторы 1540 жылы Кашмирге екінші рет келіп, дипломатиялық жолмен, ата-бабаларымыздың керемет мәмігерлік саясатын қолданып бір оқ шығармай-ақ қадірлі таққа отырғаны мәлім. «Тарих-и Рашидиді» ұлы Дулати міне осы әсем де жердің көркі Кашмирде жазып, өзі тақта отырған кезде, яғни 1546 жылға дейінгі кезеңді сипаттап көрсетеді. Ал жалпы бұл еңбегінде тарихшы ХІV-ХVI ғасырлардағы қазіргі Орталық Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістанның, Қырғызстанның, Ауғанстанның, Үндістанның оның ішінде Кашмирдің тарихын қамти отырып, өз ғұмырының кезеңдерін оқиға барысын баяндау үстінде ашып береді. Автор екі ғасырдан астам кезеңді қамтиды, бұл өте күрделі уақыт еді.

Жарты әлемге билік жүргізген Алтын Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ-ұсақ хандыққа бөлініп, Еке Моғол ұлысы біржола тарих сахынасынан ысырылды. Шағатай ұлысы да Мауаранаһр және Моғолстанға бөлінді. Тарихтан белгілі Моғолстан жерінде алғаш рет Қазақ хандығы құрылды. Моғолстан моғолдар мекені, Дулатидің ата-бабалары билік құрған мемлекет. Бұл жерде дулаттар билік тізгінін қолдарында ұстады. Әмір Темірдің өзі осы Моғолстанды біржола тыныштандырып, өзіне қарату үшін Шамсадин, Камараддинге қарсы бес рет жорыққа шыққан екен. Камараддин бәрі бір жауына ұстатпай ізін жасырып кетеді. Бұлардың бәрі Дулатидің бабалары болатын. Ата-бабалары Моғолстан жерінде билік құрған Мұхаммед Хайдардың өскен-өнген ортасы тарихта аты да, заты да қалған тұлғалар болатын. Ал туған нағашы атасы Моғолстанның ханы болды. Ол жетпіс екі жыл ғұмыр кешкен көптеген кітаптар жазып қалдырған, бүгінде зираты Ташкенттегі Төле бидің кесенесінің батыс жағында жатқан Жүніс хан болатын. Жүніс ханның інісі Есенбұға хан болып тұрған кезде Қазақ ордасын құрған Жәнібек хан мен Керей ханға Шу алқабынан қоныс берді. Мұның бәрі төл тарихымызға тікелей қатысты аса мәнді оқиғалар. Қазақ деген сөзді Мұхаммед Хайдар дүние жүзіне «Тарих-и Рашиди» арқылы паш етті. Қазақ деген сөзді шет елге таныстырған да Дулати болды. Сондықтан да мен бұл сөздің жіктелуін (расшифровкасына) алда тоқталамын. Қазақ халқы «Тарих-и Рашидиді» 1895 жылы ағылшын тіліне аударып, жариялаған Е.Д.Россқа алғыс айтуға тиіс. Оның бұл аудармасы кейін 1898, 1972, одан кейінгі жылдарда да Ұлыбританияда, Үндістанда бірнеше рет басылым көрді.

Ағылшын тілі дүние жүзіндегі ең ұлы тіл, Үнді елінің ресми тілі де ағылшын тілі болып келе жатқан жоқ па? Одан кейін, орыс, қытай, түрік, қазақ, ұйғыр, жапон тілдеріне аударылып басылыпты. Қарап отырсақ әр ел өз тараптарынан, өз инициативасы – бастамасымен аударып отырған. «Тарих-и Рашидидің» дүниенің ең ұлы тілдерінің бәріне тегіс аударылуы – бұл еңбекке деген зор құрмет, оның ғылыми, әдеби маңызына деген ерекше ылтипат десе де болады. Бағасыз, құнсыз нәрсенің ешкімге де қажеті жоқ, ал асыл қай ғасырда да тот шалмай жарқыраған, саф қалпын сақтап қалады. «Тарих-и Рашиди» шын мәнінде саф алтын, нағыз адамзат мәдениетінің асыл мұрасы. Оның әлем тілдеріне аударылуы – бұл мұраның дүние жүзілік асыл мұраға айналғанын айқын көрсетеді. Қазақ әрісі түркі халықтарынан шыққан бірде бір ойшылдың мұрасы дәл «Тарих-и Рашиди» сияқты ең ұлы тілдерге аударылып, ұлы халықтардың рухани мұрасына айнала алған жоқ. Әлемнің ұлы ойшылдарын өзінің еңбегі арқылы тәнті еткен ғұламаның біз сөз еткелі отырған ерекше бір қырына арнайы тоқталмақпыз. Бұл бір кездері ата-бабамыз Ер Түрік ойлап тапқан Көне түркі (Орхон – Енесей) жазуын тарихи кездердің қатпарында қалдырып ұмытып, жатсынып қалып, кейін қайта ашқанымыз сияқты, Адам Атадан бастап қолданған АБЖАД есебін де кейін оның мәнін ұмытып, сырынан бейхабар, беймағлұм қалып, ұмытқан жағдайымыз бар. АБЖАД есебі Тәңірдің адамзат баласына берген ғажайып сыйы десе де болады. Ал оны бүгінде араб әлемінен шыққан оқымыстылар да, бірен-сараны болмаса, біліп, өмірде қолдана білмейді. Бұл кемсіту емес, кемшілікті айту, асылдан ажырау еді.

АБЖАД дегеніміз не нәрсе, оның Мұхаммед Хайдарға қандай қатысы бар? Өздеріңізге мәлім «цифр әлемді билейді» деген қанатты сөз бар. Барлық нәрсе есепке, санға келіп тіреледі. Әлемде санға қатыссыз ешнәрсе жоқ, тіпті қозғалыс та жоқ деуге болар. Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрінің де анықталған атомдық салмағы бар. Дәл сол сияқты араб әліпбиінің де әр әрпінің цифрлық мәні бар. Арап әліпбиінде 28 әріп бар, оның әрқайсысының өзіне тән сандық мәні бар: Алиф-тің – А – әрпінің сандық мәні – 1. Араб әріптерінің түсінікті болу үшін сандық мәндерін келтіре кетейік: Б – 2, Ж – 3, Д – 4, Һ – 5, У – 6, З – 7, Х – 8, Т – 9, И – 10; К – 20, Л – 30, М – 40, Н – 50; С – 60, Ғ – 70, Ф – 80, С – 90; Қ – 100, Р – 200, Ш – 300, Т – 400, С – 500, Х – 600, З – 700, Д – 800; З – 900; Ғ – 1000 (мұнда мәселен С әрпі үшеу, үш түрлі дыбысталады, цифрлары қайталанатын әріптерде дәл осылай, бұл араб әріптерінің сандық мәні).

Араб әрпінің барлығы 29 әріп, бірінші әріп пен соңғы әріптің қосындысы бір әріп болып есептеледі. Сонда барлығы 28 әріп болып шығады. Ал Айдың нолдік нүктеден бастап, орнына келгенге дейінгі уақыты 29 тәулікті құрайды екен. Расында 28 әріптің болуының өзі Айдың бетіндегі тілімдердің (фазалардың) 28 санға тең болуымен бірдей келіп отырады. Кездейсоқтық сияқты, бірақ бұл заңдылық. Мұның сырын ядролық физиканың жетістіктерімен түсіндіруге болады. Уран-235 әрбір секунд сайын 28 нуклонды аспанға атқылап отырады. Күн мен Түннің алмасып отыруы альфа бөлшектер нәтижесінде жүреді екен. Құранға үңілейікші: «таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен айды есеп үшін жаратқан. Осылар: аса үстем, толық билеуші Алланың өлшеуі», делінген. (6-сүре, 96-аят). Альфа-бөлшек – екі протон (жарығы бар) мен екі нейтрон (жарығы жоқ). Айдың фазалары мұнымен тікелей байланысты. Мұны әзір зерттеген ғалым жоқ. Бұл нұр шашып тұрған Алланың элементі. Құранның әрбір аяты, әрпі – нұр. Араб әліпбиіндегі 28 әріп, айдың 14 күнде толып, 14 күнде солуымен, яғни 28 күнмен, яғни 28 санымен тікелей байланысты. Қазақ календарындағы әрбір айдың 28 күн болып белгіленуі (наурыз 29 күн) осы заңдылық негізіне келіп тіреледі. Әріп санының (28), Айдың көріну санының (28), Альфа-бөлшектің секунд сайын 28 нуклонды бөліп отыруы кездейсоқтық деуге келмейді, мұнда Жаратушының заңдылығы жатыр. Табиғи элементтің саны – 92, қалғаны жасанды элементтер. Мұхаммед пайғамбардың (араб тілінде төрт әріп қана) сандық мәні де 92 екен. Бұл сан Алланың жер бетіне жіберген соңғы пайғамбар екенінің де дәлелі болады.

Осы АБЖАД санының сыры арқылы Құранда мұның сыры беймәлім деген нәрселерді ашуға болатынын, біз соған ұмтылыс жасағанымызды айтқым келеді. Ал Құран бүкіл ғылым салалары тоғысатын, сол тоғыста талай жаңалықтардың заңдылықтары ашылатын Қасиетті кітап қой. Ғалымдар Киелі кітапты ысырып қойып, біржақтылыққа ұрынып келе жатқанына үнсіз қалуға болмас.

АБЖАД сандары ежелден Адам атамен бірге келе жатқан дүние. Оның саны – араб әрпінің 28 санына нақты бекітілген, бірақ араб әріптері 29 деп айтылады, оның себебі бастапқы «Аліф» әрпі мен соңғы «Ләм» әріптерінің қосылып − Аліф Ләм − әрпі болып аталуына байланысты.

Құрандағы 2-ші Бақара сүресінде «Ұғымын Алла біледі» деген сөзбен басталған жеке әріптер − Аліф Ләм Мим, сол сияқты басқа да жеке әріптер сандарын есептегенде − 29-ға тең болады. Сол сияқты Айдың алғашқы жаңасынан келесі жаңасына дейін − 29 тәулікке тең. Құранда «Қол жету, мақсатына ұласу» деген сөз − 29 жерде бар. Мұның бәрі әрине кездейсоқ емес, заңдылық екенін түсіндім. Құрандағы жеке әріптер Құран аяттарымен анықталады. 13-сүренің 1-аятында: «Ұғымын Алла біледі. Бұлар Құран аяттары (Мұхаммед с.ғ.с.) саған Раббың тарапынан түсірілген хақиқат. Бірақ адамдардың көбі сенбейді»,– делінген. Ал 20-сүренің 114-аятында: «(Мұхаммед с.ғ.с.) саған етілген уақыт бітуден бұрын Құранды оқуға асықпа да: Раббым, білімімді арттыр»,– дейді. Әр нәрсенің мезгілі, уақыты болады.

Ал жалпы сандық мән қайдан шыққан деген сұрақ тумай ма? Ол сандық мән қайдан алынған, оған жауап беретін адамды бүгінде табу қиын, себебі бүгінгі күні онымен айналысып жүрген ғалымдар жоқтың қасы. Соның салдарынан анығын айтқанда Алланың сөзі – Құран Кәрімді біз, дүние жүзі ғалымдары ғылыми тұрғыдан зерттей алмай келеміз. Ал Құран 114 сүреден, орташа − 6236 аяттан, 77439 сөзден тұрады. Бәрі цифр, сан. Бұл жай нәрсе емес, мұнда құпия, ашылмай тұрған сыр бар, ал оны теология ғылымымен айналысып жүргендер де аша алмайды, себебі оның заңдылығын білмейді, АБЖАД есебін игермеген. Ал ғалымдар ілімнің, ғылымның кілті Құранда тұрғанына мән бермейді, әңгіме осында. АБЖАД есебі дәл бүгінде ядролық физика, генетика және т.б. ғылым салалары жетістіктерін қолданған жағдайда ғана көп нәрсені ашуға себеп болады. Бұл өте кең ауқымды әңгіме болғандықтан біз қысқартып қана айтуға мәжбүрміз. Орта ғасыр ойшылдары АБЖАД есебін білді, соның ішінде М.Х.Дулати де бұл есептің құпия сырын игерген. Ол Нақшбанд жолын ұстанды, Иассаудің тарихатымен жүрді, Құран Кәрімді жатқа біліп, оның кез келген сүресін еркін игеріп оқыды. Ол нағыз Хафиз болды. «Тарих-и Рашидиде» Дулати 100-ден аса Құран Кәрімнің сүрелерін оқиғаға орай келтіріп, айтар ойын күшейте, нақтылай түседі. Демек ол Құран Кәрімнен аяттарды жайдан жай келтіріп отырмағанын оны тереңірек дайындығы бар оқыған адам ғана түсіне алады.

Қазақстанда АБЖАД-ты белгілі ғалым Ақжан Машанов қана өз еңбектерінде қолданған. Оның «Әл Фараби» (1970), «Табу», (1988) «Әл-Фараби және Абай» (1993) атты еңбектерінде АБЖАД-қа қатысты жақсы ойлар айтылады, бірақ ол кісі де мұны тереңірек зерттеп, сырын аша түсуді мақсат еткен сияқты, Құранды жақсы білетін ағамыз көп нәрсенің сырын ашып кетуде үлкен үлесін қосқан ғалым.

«Тарих-и Рашидиде» Дулати 20 жуық АБЖАД есебін-хронограмманы келтіреді. Негізінен «Тарих-и Рашидиде» АБЖАД белгілі бір тарихи оқиғаны, болмаса белгілі бір датаны, мерзімді, күнді белгілеуде қолданылған. АБЖАД-ты ғұламалар, оқымыстылар қолданған, Дулатидің өзі де оны құрастырып белгілеген. 81а - бетте Рашид сұлтан хан тағаны отыра салысымен Мұхаммед Хайдардың немере ағасы ұлысбегі Сейіт Мұхаммедті бауыры Әлі Саййдты қоса арандатумен өлтіреді. Бұл қасіретті оқиға «Катала фи-л-Мухаррам» – «Мұхаррам [айында] екеуі өлтірілді» деген сөзбен белгіленді. Оның сандық мәні – абжад есебі – 1533 ж. 1 тамызы болады. Болмаса 87а - бетте Мұхаммед Хайдардың туған мерзімін мына сөздермен белгіленіпті: «Шаһ-и шарк» («Шығыс патшасы») оның Абжадтық есебі 1499-1500 жыл болып шығады, яғни сандық мәні осылай келтіріледі.

98 б. бетте Бабырдың туған күнінің АБЖАД есебін білдіретін «Шаш-и мухаррам» («Алтыншы мухаррам») сөзін ойлап тапқаны айтылады. Оның сандық мәні 1483 ж. 14 ақпаны болып шығады. Дулати АБЖАД есебін тарихи оқиғаны баяндау барысында белгілі оқиғаны есте сақтап қалу мақсатында, яғни ұмыт қалмас үшін саналы түрде қолданып отырады. Мұның өзі ғалымның баяндау тәсілін де аңдатады, сонымен қатар бұл бізге келіп жеткен қазақ авторының бұл деректері тарихи жадтың беріктігін де, дәстүрдің өлместігін де көрсетеді. АБЖАД-пен белгіленген ата мұра дәстүрі Дулати еңбегінде ғана сақталынып бізге жетіпті. Ал біз оны сабақтастыра отырып, тіршілігімізге ең алдымен ғылыми-зерттеуімізге қолданамыз. Ал оның бізге беретін сыйы мол да берекелі, тіпті адамды таң-тамаша, қайран қалдыратынына не дерсіз. Тап солай! Дулати қолданып отырған АБЖАД Құранның кілті сияқты, оның сырын ашуға мүмкіндік береді. Ал Құран 18 мың ғаламның сырын бойында сақтаған Қасиетті кітап. Ал оны осы АБЖАД есебі арқылы аша аласыз, сонан кейін барып қана ғылымның көзіне кезігесіз, яғни материалдық дүниеге жолығасыз. Қазіргі инновация деп жүрген жетістігіңізге сіз төте жолмен келіп жетесіз. Абайша айтқанда «дүние де өзі, мал да өзі» деген мәселені Құран сырына АБЖАД-ты қолдана отырып жетуге болатынын түсінесіз. Бұл аса зор ілім, өзінің дамытушыларын күтіп отырған сала. Әлемдегі қолданып келе жатқан бүкіл календарлардың бәрінің де қате екенін дәлелдеп, терістеп, Мәңгілік қазақ календарын жасап төрт жыл бойы арпалысып, жүріп патент алуыма негізгі тірек болған де осы ілім еді. Сондықтан мен бұған аса зор мән-мағына беремін. Ғылымдағы ең басты жаңалық осында жатыр. Нау-хау осында тұр, инновацияңыз да тап осы жерде.



Бүкіл елді көтерер қазына да осы бір ілімде ғана десем артық болмас.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty
Dulaty -> М. Х. Дулати мұраларын ұЛЫҚтау міндетіміз бақторазов С. У. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty -> Өмірбаяны байбатша Ә. Б
Dulaty -> Әож 80: 930. 24 МҰхаммед хайдар дулатидің Ұстазы бабыр және оның Өмір сүрген кезеңІ
Dulaty -> Әож 951/959(574) М. Х. Дулати «тарихи -и рашиди» ЕҢбегіндегі қазақстанның орта азия елдерімен қарым қатынасы
Dulaty -> Бауыржан Момышұлының «Жол үстінде» әңгімесі Баймұратова Ә. С. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty -> Әож 33. 1: 637. 146. ҚҰРҒАҚ компоненттер негізінде ұлттық сусын
Dulaty -> Әож 687 салтанатты дастарханды жобалау ерекшеліктері
Dulaty -> Ғалым а. ҚЫраубаева зерттеулеріндегі алтын орда кезеңі мен түркі тілді әдебиет
Dulaty -> Автономды күн энергетикалық қондырғысы және оның күнге бағыттау құрылғысы
Dulaty -> Тараз қаласының МӘдени тарихы көшербаева А. Ж., Иманбекова Г. М


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет