Бейсенова Айгуль Илиясовна Алғысөз Әдістемелік құралды құрастырған кезде Қайым, Р. Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева " Биология" пәніне арналған 7 сынып оқулық



жүктеу 0.68 Mb.
бет1/4
Дата30.12.2017
өлшемі0.68 Mb.
түріОқулық
  1   2   3   4

"Биология пәнінен дидактикалық тапсырмалар жинағы"

(сөзжұмбақтар мен тест тапсырмалары)

7сынып "Биология"

Биология пәнінің мұғалімі:

Бейсенова Айгуль Илиясовна


Алғысөз

Әдістемелік құралды құрастырған кезде Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева " Биология" пәніне арналған 7 сынып оқулық материалдары пайдаланылды. Биология пәнінің 7 сыныбына арналған сөзжұмбақтар мен тақырыптық тест материалдары жауаптарымен берілген. Тест тапсырмаларының мазмұны оқу бағдарламасы көлемінен аспайды. Тест тапсырмалары жабық түрде беріліп, 5 жауап нұсқасынан дұрыс бір ғана жауапты таңдауды ұсынады.

Бұл тапсырмаларды орындау арқылы мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеттері жетіледі және функционалдық сауаттылығын дамытады.

Бұл әдістемелік құрал қазақ тілінде жүретін сыныптардағы биология пәні мұғалімдері мен оқушыларына арналған.



Мазмұны:

I-бөлім. Тақырыптық сөзжұмбақтар

1.1. Біржасушалылар...................................................................................................4

1.2.Ішекқуыстылар типі..............................................................................................5

1.3.Гидратәріздестер класы........................................................................................6

1.4. Жалпақ құрт..........................................................................................................7

1.5.Жұмыр құрт............................................................................................................8

1.6.Буылтық құрт..........................................................................................................9

1.7. "Қошқармүйіз" (Ұлулар класы бойынша)........................................................10

1.8.Буынаяқтылар типі...............................................................................................11

1.9. "Шегіртке" (Бунақденелілер класы бойынша).................................................12

1.10. "Сауытбалық" (Балықтар класы бойынша)....................................................13

1.11. "Алабұға"(Балықтар класы бойынша).............................................................14

1.12. Даната (Қосмекенділер класы).........................................................................15

1.13. Жорғалаушылар класы......................................................................................16

1.14.Құстар класы.......................................................................................................17

1.15. "Саятшылық " (Құстарды топқа бөлу).............................................................18

1.16. "Баққунақ" (Құс шаруашылығы)......................................................................19

1.17. Сүтқоректілер класы..........................................................................................20

1.18. "Таутеке" (Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер)......................................21

1.19."Қамбар ата" (Жылқы шаруашылығы)..............................................................22

1.20. "Ойсыл қара" (Түйе шаруашылығы)................................................................23

1.21. "Қошқар ата" (Қой шаруашылығы)..................................................................24

1.22. Ірі қара шаруашылығы.......................................................................................25

II-бөлім. Тест тапсырмалары

2.1.Біржасушалы жануарлар.................................................................................26-28

2.2.Ішекқуыстылар типі.........................................................................................28-29

2.3.Гидратәріздестер класы...................................................................................30-31

2.4. Жалпақ құрттар.....................................................................................................31

2.5.Жұмыр құрттар......................................................................................................32

2.6.Буылтық құрттар...................................................................................................33

2.7. Ұлулар типі......................................................................................................34-35

2.8. Буынаяқтылар типі..........................................................................................36-37

2.9. Бунақденелілер класы.....................................................................................37-38

2.10. Балықтар.........................................................................................................39-40

2.11.Қосмекенділер класы.....................................................................................40-41

2.12.Жорғалаушылар класы..................................................................................41-42

2.13.Құстар класы...................................................................................................42-44



Әдебиеттер тізімі........................................................................................................45

I-бөлім. Тақырыптық сөзжұмбақтар

Сөзжұмбақ тақырыбы: "Біржасушалылар".



Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1. Біржасушалы қарапайымдардың негізгі қорегі? (Бактерия)

2. Біржасушалылардың көбею жолы? (Бөліну)

3.Денесінен жарық бөліп, түнге қарай теңізді нұрға бөлейтін талшықтылар өкілі? (Түншырақ)

4. Амебаның қозғалу мүшесі? (Жалғанаяқ)

5.Пішіні тұрақсыз біржасушалы қарапайым? (Амеба)

6. Біржасушалылардың қолайсыз жағдай туғанда қорғану үшін түзетін заты ? (Циста)

7. Кірпікшелі кебісшенің ядро саны? (Екеу)

8. Эвгленаның қозғалу мүшесі? (Талшық)

9. Бақа ішегінің артқы ұшында тіршілік ететін көп ядролы, біржасушалы қарапайым? (Опалина)

10. Шоғыр болып, тіршілік етуге бейімделген қарапайым ағза? (Вольвокс)

11. Кокцидоз ауруын таратын қарапайым ағза? (Құртамыш)

12. Амеба цитоплазмасының ішкі қабатының атауы? (Энтоплазма)

13. Көптеген қарапайымдардың денесін сыртынан қаптайтын өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабат? (Пеликулла)

14. Қарапайымдыларды зерттейтін ғылым саласы? (Протозология)

Сөзжұмбақ: "Ішекқуыстылар"


Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1.Гидраның жыныссыз жолмен көбею түрі? (Бүршіктену)

2. Гидра жемін не арқылы аузына апарып, жұтады? (Қармалауыштар)

3. Пішіні қолшатыр немесе қоңырауға ұқсас еркін жүзе алатын ішекқуыстыны ата? (Медуза)

4. "Теңіз гүлі" деп аталатын ішекқуыстылар? (Актиния)

5. Ішекқуыстыларда атпа жасушалар қорегін аулаудан басқа қандай қызмет атқарады? (Қорғаныш)

6. Ұрықтанған жұмыртқадан түзілген денесі кірпікшелермен қапталған дернәсілі қалай аталады? (Планула)

7. Медузалардың дыбыс тербелісін сезгіштігін зерттеу арқасында теңіз дауылын алдын ала болжайтын қандай аспапты ойлап шығарды? (Медуза құлағы)

8. Табақшатәрізділер класының басқаша аталуы? (Сцифоидтар)

9. Отырықшы ішекқуыстылардың белгілі бір затқа төменгі жағымен бекінетін бөлігі қалай аталады? (Табан)

10. Гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар қалай аталады? (Аралық)

11. Көп және аяқ сөздерінің қосындысын білдіретін термин сөз? (Полип)

12. Жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келуі қалай аталады? (Регенерация)

Сөзжұмбақ тақырыбы: "Гидратәріздестер класы".



Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1.Бірде табанымен, бірде қармалауыштарымен бір жерден екінші жерге адымдап, "тоңқаңдай" қозғалатын ішекқуыстылар типінің өкілі? (Гидра)

2. Гидраның зақымданған бөлігіндегі жойылып кеткен жасушалардың аралық жасушалардан қайтадан пайда болу құбылысы қалай аталады? (Регенерация)

3. Гидра денесінің сыртын қаптап жауып жататын қабат? (Эктодерма)

4. Гидраның ауыз тесігінің айналасында орналасқан қорегін ұстауға қатысатын өсінділерді ата? (Қармалауыш)

5.Гидра денесінің затқа бекінетін жағының атауы? (Табан)

6. Гидраның қорғануға, қорегін аулауға қолданылатын жасушаларының аты? (Атпа)

7. Гидраның денесі қандай симметриялы жәндіктерге жатады? (Сәулелі)

8.Гидраны ең алғаш тауып сипаттаған ғалым? (Трамбле)

9. Гидраның жыныссыз көбею жолы? (Бүршіктену)

10. Гидраның сыртқы және ішкі қабаттарының арасындағы қуысты толтырып тұратын желім тәрізді іркілдек зат? ( Мезоглея)

11. Гидраның асқорыту қуысын астарлап жатқан қабаты? (Энтодерма)

12. Гидраны алғаш туысқа жатқызған ғалым? (Линней)

13. Гидраның дене пішіні сақталатын орта? (Су)

Сөзжұмбақ тақырыбы: "Жалпақ құрт".

Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1.Адамның ішегінде, ал дернәсілдері мүйізді ірі қараның , яғни сиырдың денесінде дамитын таспа құрт өкілі ? (Жармасқақ)

2. Сиыр цепенінің екінші дернәсілі? (Финка)

3. Бауырсорғыш құртынан әсіресе қой және сиыр малында туындайтын аурудың ғылыми атауы? (Фациолез)

4. Ақ сұлама жұмыртқадан дамып, не түзеді? (Піллә)

5. Эктодерма мен энтодерма аралығындағы дененің үшінші аралық қабаты? (Мезодерма)

6. Еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт? (Ақсұлама)

7. Жалпақ құрттардағы қорғаныш және тірек қызметін атқаратын түзіліс? (Сірқабық)

8. Бауырсорғыштың кірпікшелі дернәсілінің аралық иесі? (Тоспаұлу)

9. Бұған дейін тірі ағзаларда болмаған, алғаш жалпақ құрттарда пайда болған жаңа жүйе? (Зәршығару)

10. Паразит құрттарды зерттейтін ғылым? (Гельминтология)

Сөзжұмбақ тақырыбы: "Жұмыр құрт".

Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1.Қант қызылшасына зиян келтіретін жұмыр құрт өкілі? (Жіпшеқұрт)

2. Жылқының құйрық қылына ұқсас шумақталған жіңішке (тұрқы 1 м) жұмырт құрт? (Қылқұрт)

3. Жұмыр құрттардың екінші ортаңғы қабаты? (Гиподерма)

4. Жұмыр құрттардың сыртқы қабаты? (Сірқабық)

5. Ішқұрттармен күрес шараларын зерттеген ғалым? (Скрябин)

6. Аналығының ұзындығы 150см, жуандығы -0,2 мм шамасында болатын жұмыр құрт өкілі? (Суыртқы)

7. Адамның бүйенінде тіршілік ететін жұмыр құрт? (Үшкірқұрт)

8. Үшкірқұрттың аналь тесігінен кейінгі өте үшкір дене бөлігі? (Құйрық)

9. Жұмыр құрттардың сірқабықты тастауы? (Түлеу)

Сөзжұмбақ тақырыбы: "Буылтық құрт".



Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1. Нағыз топырақ қопсытқыш буылтық құрттар? (Шұбалшаң)

2. Сүліктің сілекей безінен бөлінетін ерекше ақуызды зат? (Гирудин)

3. Нереиданың түсі қандай? (Жасыл)

4. Дәрілік мақсатта қолданылатын буылтық құрт? (Сүлік)

5. Буылтық құрттардың қантарату жүйесі? (Тұйық жүйе)

6. Буылтық құрттарда тұңғыш рет пайда болған тұйық жүйе? (Қанайналым)

7. Нереида аяғының қызметін атқаратын мүше? (Қылтан)

8. Нереида буылтық құрттардың қай класына жатады? (Көпқылтанды)

9. Көпқылтанды құрттардың өкілі? (Құмқазар)

10. Буылтық құрттардың айрықша қозғалыс мүшесі? (Параподия)

11. Денесінде кірпікшесі бар дернәсіл? (Трохофора)


Сөзжұмбақ тақырыбы: "Қошқармүйіз".

(Ұлулар типі бойынша)




Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1. Басы болмайтын ұлу? (Айқұлақ)

2. Даму барысында уақытша паразиттік тіршілік ететін ұлу? (Тоспұлу)

3. Қорегін түнгі салқында аулайтын ұлу? (Жалаңаш шырыш)

4. Шапаншаның үстіңгі бетінде қалыптасатын бөлігі? (Бақалшақ)

5. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайтын басаяқты ұлу өкілі? (Каракатица)

6. Ұлудың асқорыту жүйесінде шұбалшаңмен салыстырғанда пайда болған жаңа мүше? (Бауыр)

7. Ұлу денесіндегі тұлғаны қаптаушы бөлігі? (Мантия)

8. Көлдерде және тоғандарда өмір сүретін бауыраяқты ұлулар өкілі? (Жүзімұлу)

9. Үлкен тоспаұлудың зәршығару мүшесі? (Бүйрек)

10. Жүзімдіктен кездестіруге болатын бауыраяқты ұлулар өкілі? (Түйіртек)

11. Өте жылдам реактивті қозғалыс жасайтын басаяқты ұлулар өкілі? (Сегізаяқ)

Сөзжұмбақ тақырыбы: "Буынаяқтылар"




Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1.Шаянтәрізділердің тынысалу мүшесі? (Желбезек)

2. Шаянның жұмыртқалары қалай аталады? (Уылдырық)

3. Кененің дернәсілінің аяқ саны? (Алты)

4. Жасуныққа ұқсас ағзалық зат? (Хитин)

5. Шаянтәрізділердің сипап сезу және иіс сезу мүшесі? (Мұртша)

6. Өрмекшітектестердің аяғының бірінші жұбы қалай аталады? (Күйісаяқ)

7. Астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдыратын кене? (Қамба)

8. Жәндіктердің құрлықта өмір сүруге бейімделуінің нәтижесінде пайда болған жаңа түзіліс? (Демтүтік)

9.Құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе тауыққа) ауруын туғызатын кене? (Мамықкене)

10. Тайга кенесі арқылы адамға жұғатын қауіпті ауру? (Энцефалит)

11. Қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылар дернәсілі? (Нимфа)

12. Шаянның бунақталған жүретін аяқтары неше жұп? (Төрт)

Сөзжұмбақ тақырыбы: "Шегіртке"

(Бунақденелілер класы)



Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1. Үйірлі шегірткелер дернәсілінің тығыз топтасуы? (Жаушоғыл)

2. Буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, ғаламшардың кез келген түпкірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы? (Бунақдене)

3. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы? (Имаго)

4. Қимыл қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орналасқан бунақденелілер бөлімі? (Көкірек)

5. Үйірлі шегірткелердің ересектерінің топтасуы? (Үйір)

6. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым саласы? (Энтомология)

7. Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер? (Жаяушегітке)

8. Қабыршаққанаттылар отрядына жататын, ауыз мүшесі түтік тәрізді бунақденелілер? (Көбелек)

Сөзжұмбақ тақырыбы: "Сауытбалық".

(Балықтар класы)





Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1.Балықтардың жүзгіштігін реттейтін, кейбіреуінде дыбыс шығаратын мүше? (Торсылдақ)

2. Жұпбалықтардың ішіндегі ең ірісі, денесі көлдененінен 6 метрге дейін жететін балық? (Манта)

3. Сүйекті балықтарда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі? (Қуық)

4. Балықтардың болашақ ұрпағы? (Уылдырық)

5. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы? (Ихтология)

6. Дәмді еті, қара уылдырығы үшін қымбат бағаланатын балық? (Бекіре)

7. Аталық бездегі сүт тәрізді ақ сұйықтық қалай аталады? (Шоғал)

8.Балықтардың тынысалу мүшесі? (Желбезек)

9. Сазанның сипап сезі мүшесі? (Мұрты)

10. Албырт балығының уылдырығының түсі қандай? (Қызыл)
Сөзжұмбақ тақырыбы: "Алабұға"




Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1.Иіс сезу мүшесі өте жақсы дамыған балық? (Акула)

2.Балықтарды зерттейтін ғылым саласы? (Ихтология)

3.Еті өте дәмді болғандықтан, “патша балығы” деп аталған балық? (Бахтах)

4.Балық патшасы................ (Бекіре)

5.Балықтың дене бөлімінің бірі ? (Тұлға)

6.Аталық безден бөлінетін ақ сұйықтық? (Шоғал)

7.Тұлғасы жалпақ, екі көзі денесінің арқа жағында орналасқан балық? (Камбала)


Сөзжұмбақ тақырыбы: "Даната".

(Қосмекенділер класы)





Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі? (Саламандра)

2. Қосмекенділерді зерттейтін ғылым саласы? (Батрахология)

3. Алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар? (Қосмекенділер)

4. Қосмекенділердегі тік ішектің соңы бөлігі тік ішек кеңейіп, қандай мүшеге айналады? (Клоака)

5. Қосмекенділердің дернәсілі қалай аталады? (Итшабақ)

6. Балқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында ғана таралған қосмекендіні ата? (Қызылаяқ)
Сөзжұмбақ тақырыбы: "Жорғалаушы"



Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1.Мүшелік жыл санауға кірген жорғалаушылар өкілі ? (Жылан)

2. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым саласы? (Герпетология)

3. Жаңа Зеландияның ұсақ аралындарында ғана сақталған, өте ертеден келе жатқан жануар? (Гаттерия)

4. Жорғалаушылардың жоғары сатысында тұрған крокодилдер отрядының өкілі? (Азғы)

5. Халқымыз крокодилді басқаша қалай атайды? (Тәмсақ)

6. Жүрегі төрт қуысты жорғалаушы? (Крокодил)

7.Қазақстанда кездесетін денесі жіңішке, басы шағын, көзі үлкен әрі өте жылдам қозғалатын жорғалаушы? (Оқжылан)

8. Халқымыз аллигаторды не деп атайды? (Қолтырауын)

9. Денесін тығыз мүйізді қабыршақ қаптайтын жорғалаушылар отряды? (Қабыршақтылар)

10. Қабыршақтылар отрядына жататын денесінің түсі тез өзгеретін жорғалаушылар? (Құбылғы)


Сөзжұмбақ тақырыбы: "Құстар"



Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1.Құстардағы тынысалудың ерекше түрі ? (Қосарлы)

2. Тұтас мүйізді тақталармен қапталған құстардың жақсүйектерінің сырты қалай аталады? (Тұмсық)

3. 225 млн жыл бұрынғы жер қыртысынан табылған құстардың ең ежелгі арғы тегі? (Протоавис)

4. Құстарды зерттейтін ғылым саласы? (Орнитология)

5. Өңештің кеңейген жері қалай аталады? (Жемсау)

6. Бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі? (Археоптерикс)

Сөзжұмбақ тақырыбы: "Саятшылық".

(Құстарды топқа бөлу)




Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1. Аққудың қоразы? (Саһар)

2. Салмағы кейде 16 килограмға жететін ірі құс, кейде оны "тоқтыбалақ" немесе "қозыбалақ" деп атайды? (Дуадақ)

3. Қыран құстың мекиені? (Ұябасар)

4. Аяқтарында екі ғана саусақ болатын ең ірі түйеқұс? (Страус)

5. Құстар дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты қанша топқа бөлінеді? (Үш)

6. Күндізгі жыртқыш құстың бірі? (Жұртшы)

7. Тауықтектестер отрядына жататын құстардың бірі? (Қырғауыл)

8. Тұмсықтары мықты, үшкір, тікелей ағашта өрмелеп тіршілік етуге бейімделген пайдалы орман құсы? (Тоқылдақ)

9. Қорғалжын қорығын мекендейтін, Қазақстанда сирек кездесетін құстар бірі ? (Қоқиқаз)


Сөзжұмбақ тақырыбы: "Баққунақ"

(Құс шаруашылығы)


Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1.Жұмыртқасы да, еті де адам ағзасына шипалы болып келетін, Жапонияда қолдан өсірілетін үй құсының бірі ? (Бөдене)

2. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі-Азияның оңтүстік-шығыс аймағында кездесетін тауық қолтұқымы? (Банкив)

3. Ұзақ уақыт қолдан сұрыптау нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй хайуанаттарының тобы қалай аталады? (Қолтұқым)

4. Мүшелдік жыл санауда 10-жылды иеленген құстың бірі? (Тауық)

5. Қостанай өңіріндегі "Қарабатыр" шаруа қожалығында өсірілетін түйеқұстың түрі? (Страус)

6. Кептертектес құстар отрядының қолға үйретілгені? (Көгершін)

7. Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауықтес құстың бірі? (Цесарка)

8. Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі? (Күркетауық)


Сөзжұмбақ тақырыбы: "Сүтқоректі"


Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1.Қарны 4 бөлімнен тұратын күйіс қайыратын үй жануары?

2. Австралия аймақтарында кездесетін, жұмыртқа салу арқылы көбейетін сүтқоректілер?

3. Сүтқоректілердегі ұрық дамитын аналық жыныс мүшесі?

4. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасындағы арнайы мүше?

5. Ашық жерлерде мекендейтін сүтқоректілердің бірі?

6. Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет?

7. Көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа шығатын суда тіршілік ететін сүтқоректілер? (

8. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын бұлшықет?

9. Сүтқоректілерді зерттейтін маммалогия ғылымының басқаша атауы?

10. Бұта мен ағаш арасында өмір сүретін сүтқоректілердің бірі?


1.Қарны 4 бөлімнен тұратын күйіс қайыратын үй жануары? (Сиыр)

2. Австралия аймақтарында кездесетін, жұмыртқа салу арқылы көбейетін сүтқоректілер? (Үйректұмсық)

3. Сүтқоректілердегі ұрық дамитын аналық жыныс мүшесі? (Жатыр)

4. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасындағы арнайы мүше? (Ұрықжолдас)

5. Ашық жерлерде мекендейтін сүтқоректілердің бірі? (Қосаяқ)

6. Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет? (Ұрт)

7. Көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа шығатын суда тіршілік ететін сүтқоректілер? (Түлен)

8. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын бұлшықет? (Көкет)

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет