«бекітемін» аатф деканы С. С. Табултаев



жүктеу 0.81 Mb.
бет1/4
Дата14.01.2018
өлшемі0.81 Mb.
  1   2   3   4


«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

КОМЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ




«БЕКІТЕМІН»

ААТФ деканы

____________С.С. Табултаев

«____»__________ 2017 ж.


2017 ЖЫЛЫ ТҮСКЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН

ТАҢДАУ БОЙЫНША ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

«5В070400 -

ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» мамандығы




АЛМАТЫ 2017 ж.
«5В070400 -ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ»
ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР

(таңдау бойынша)






Цикл

Пәннің

сандық


коды

Пән атауы




Семестр

Кредит

саны


1 курс

1

ЖБП




1107

Экологиялық тұрақтылық және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

1

3

1107

Экологиялық және техногендік қауіпсіздік

1

2

БП

1211

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

2

2

1211

Қолданбалы статистика

2

3

БП

1215

Ақпарат теориясы

2

2

1215

Ақпараттық жүйелер негіздері

2

4

БП

1217

Бағдарламалау технологиялары

2

3

1217

Бағдарламалық қамтама құру технологиялары

2


Экологиялық тұрақтылық және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Постреквизиттер: Еңбекті қорғау, Өндірістік қауіпсіздік.

Оқыту мақсаты: техносферадағы антропогендік және табиғи текті теріс әсерден адам қауіпсіздігі, жайлы тұрмыс жағдайына қол жеткізу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Экология ұғымы және анықтамасы. Газ тазарту және шаң коллекторлар түрлерінің әдістері. Ағынды суларды тазарту. Өндіріс қалдықтары. Тұрақты даму тұжырымдамасы. Экологиялық мониторинг.

Оқыту нәтижелері: халықаралық нормалар мен орнықты даму қағидаттарына сәйкес экологиялық стратегияны және экологиялық саясатты құру;

- білуі тиіс- еңбек жағдайларын және қауіпсіздігін арттыру жолдарын, төтенше жағдайларда өндірістік персоналды қорғау;

- істей алуы - жұмыс орнында қауіп жою әдістері мен құралдарын пайдалану;

- дағдылану - қауіптер себептерін талдау және техникалық жүйелерді істен шығу себептерін анықтау.

Құзыреттер: кәсіпорындарда еңбекті қорғау, өмір тіршілігі қауіпсіздігі және шектен тыс жағдайлардағы қорғанысты ұйымдастыру мәселелерін шешуді білу.

Кафедра: Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология.
Экологиялық және техногендік қауіпсіздік

Постреквизиттер: Еңбекті қорғау, Өндірістік қауіпсіздік.

Оқыту мақсаты: Техникалық жүйелердің жұмыс істеуін, экологиялық және техногендік қауіпті көзі ретінде табиғи процесстер мен құбылыстарды зерттеу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Негізгі қауіпсіздік ұғымдары, қауіпсіздік негізгі критерийлері және жіктелуі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық қауiпсiздiк. Төтенше жағдайлар жіктелуі және кодталуы. Техникалық жүйелердің сенімділігі теориясы. Қауіптер мен техникалық жүйелердің істен шығу анықтау әдістері.

Оқыту нәтижелері: техногендік және экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін кепілдіктер арттыру;

- білуі тиіс - техникалық жүйелерімен айналысатын кезде адам қателерін жүйелеу; техногендік табиғи, әлеуметтік-саяси және әскери сипатты төтенше жағдайларды жіктеу, тәуекел деңгейін бағалау;

- істей алуы - төтенше жағдайлардың классификаторға сәйкес кодтарын анықтау, аумақтық тарату критерийлерге, экономикалық шығындарға және құрбандары санына сәйкес төтенше жағдайлар деңгейін анықтау;

- дағдылану - қауіптер себептерін талдау және техникалық жүйелердің істен шығу себептерін анықтау.

Құзыреттер: техникалық жүйелердің істен шығу түрлері мен олардың себептерін білу.

Кафедра: Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология.
ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА

Пререквизиттер: Математика.

Постреквизиттер: Сараптау жүйелері, Жасанды интеллект жүйелері.

Оқытудың мақсаты: арнайы пәндердің тарауларын өзіндік оқып-үйрену үшін Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың негізгі ұғымдарымен таныстыру, есептеу әдiстерiн, сипаттамаларын меңгеру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Ықтималдықтар теориясы пәні. Комбинаторика элементтері. Элементар оқиғалар кеңістігі. Толық ықтималдық формуласы. Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Кездейсоқ шамалардың негізгі үлестірім заңдары. Лапластың локалдық және интегралдық теоремасы. Пуассон теоремасы. Математикалық статистика элементтері. Бақылаулардың нәтижелерін өңдеу. Статистикалық үлестірімнің сандық сипаттамалары. Үлестірімнің белгісіз параметрлерін бағалау.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - кездейсоқ шамалардың негізгі үлестірім заңдарын және сандық сипаттамаларын; ақпаратты өңдеу әдістері, оларды жүйелендіру және статистикалық берілімдерді талдау әдістерін;

- істей алуы - мәселені қоя білу; математикалық модель құру; қолданбалы есептерді шешу үшін қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламаларда аналитикалық және сандық әдістерді қолдану; үлестірімнің белгісіз параметрлерін кездейсоқ шамалардың үлестірім бағасы арқылы анықтау; басқару процесстерінде таңдама статистикалық берілімдер бойынша сандық сипаттамаларын табу;

- дағдылану - үлестірім заңы бойынша статистикалық берілімдер талдау, жүргізілген статистикалық талдау негізінде машықтану ұсыныстарын беру.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистикамен байланысты мәселелерді шеше білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
ҚОЛДАНБАЛЫ СТАТИСТИКА

Пререквизиттер: Математика

Постреквизиттер: Басқару теориясы модельдері мен әдістері, Оптималдау әдістері.

Оқытудың мақсаты: ықтималдыктар теориясы мен математикалық статистика негіздерін, кездейсоқ шамалардың ықтималдыктарының үлестірім заңдарын, үлкен сандар заңдарын, үлестірім параметрлерінің статистикалық бағалауларын, статистикалық болжамдардың тексеру әдістерін, ықтималдылық моделдерді құру және зерттеу әдістерін оқып меңгеру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Ықтималдықтар теориясы пәні. Комбинаторика элементтері. Толық ықтималдық формуласы. Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Кездейсоқ шамалардың негізгі үлестірім заңдары. Үлкен сандар заңы, орталық шектік теорема. Чебышев теңсіздігі мен теоремасы. Математикалық статистика пәні және оның басты мақсаттары. Полигон және гистограмма. Үлестіру параметрін статистикалық бағалау. Функционалдық және корреляциялық тәуелділік. Корреляцияның таңдама коэффициенті және оны табудың әдістері.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - ықтималдықтар теориясының негізгі фундаменталдық түсініктерін: ықтималдықтар теориясының аксиомалық талқымаларын және одан шығатын ықтималдықтар қасиеттерін; кездейсоқ шамалар қасиеттерін және олардың үлестірілімдерін; кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын; математикалық статистиканың негізгі түсініктерін; нүктелік бағалау және оларды алу әдістерін; интервалдық бағалауды; болжамды тексерудің негізгі теориясын; кездейсоқ процесстердің корреляциялық теориясын, оларды жүйелендіру және статистикалық берілімдерді талдау әдістерін;

- істей алуы - нақты кездейсоқ құбылысты дұрыс айқындап сипаттайтын математикалық моделін құру, ықтималдықтардың классикалық және геометриялық анықтамасына есептер шешу; кездейсоқ шамасының үлестірілім функциясының заңын табу; кездейсоқ шамалардың моменттерін және корреляция коэффициентін есептеу;

- дағдылану - математикалық әдістерді қолданып инженерлік есептерді шешу.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика әдістерін қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
АҚПАРАТ ТЕОРИЯСЫ

Пререквизиттер: Математика.

Постреквизиттер: Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. JAVA, Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. NET.

Оқыту мақсаты: ақпарттар теориясының негізгі түсініктерімен танысу, ақпарттық процесстердің модельдерін және олардың ұйымдастырылуын физикалық және арналық деңгейде оқу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): ақпаратты тарату теориясы, ақпарат өлшемі, хабарламаны дискреттеу, ақпаратты кодтау.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс- негізгі фазаларды және есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтаманы құру кезінде оларды қолдану қағидаларын;

- істей алуы - ақпаратты таратудың негізгі модельдері мен тәсілдерін заманауи компьютерлік жүйелерді оптимизациялау;

- дағдылану - энтропияны, хабарларды арналар бойынша тарату кезіндегі ақпарат мөлшерін есептеуге.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде ақпарат теориясының негізгі әдістерін қолдана білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР НЕГІЗДЕРІ

Пререквизиттер: Математика

Постреквизиттер: Деректер қорларын жобалау, Серверлік деректер қорлары.

Оқыту мақсаты: ақпарттар теориясының негізгі түсініктерімен танысу, ақпарттық процесстердің модельдерін және олардың ұйымдастырылуын физикалық және арналық деңгейде оқу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Ақпаратты кодтау және жіберу. Ақпараттық жүйелердің негіздері. Салалардағы ақпараттық жүйелер.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - ақпаратты қорғау жүйелерін құрудың тәжірбиелік тәсілдерін; мәтіндердің ақпараттық-статистикалық трансформациялану жүйелерінің құрылу әдістерін;

- істей алуы - аппараттық қорғау, бағдарламалық қорғау тәсілдерін, ұйымдастырушылық қорғау шараларын жобалау жайлы түсінігі болуы, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық тәсілдерін қолдану; ақпараттық ресурстарды қорғаудың қажетті шараларын анықтау; жергілікті желілерде жұмыс істеу және жеке қорғаныстың бағдарламалық тәсілдерін қолдану; деректер қорының қаіпсіздігі және қорғау әдістерін қолдану; рұқсатсыз ену әрекеттерін анықтау үшін эксперттік жүйелерді пайдалану жайлы түсінік және алынған дағдыларды компьютерлік техника инженерінің тәжірбиелік қызметінде қолдану;

- дағдылану - ДҚҚЖ пайдаланумен қарапайым ақпарттық жүйелерді жобалау және құру.

Құзыреттер: Ақпараттық жүйелерді жобалай және құра білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
БАҒДАРЛАМАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Пререквизиттер: Математика, Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. JAVA, Бағдарламалаудың қазіргі әдістері мен құралдары. NET.

Оқыту мақсаты: заманауи бағдарламалау технологияларын оқу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): бағдарламалау технологиясы туралы негізгі түсініктер, әдістер және қолдану жолдары. Бағдарламалау әдістері мен алгоритмдер теориясын тереңірек оқу.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - әртүрлі бағдарламалау технологияларын құру қағидаларын және қолдану ерекшеліктерін; бағдарламаларды құру кезеңдерін; бағдарламалаудың базалық концепцияларының негізгі сипаттамаларын; бағдарламалық жиындарды кешендеу тәсілдерін; қолданылған технологияға байланысты құрылған бағдарламалардың эксплуатациялық сипаттамаларын;

- істей алуы - тиімділігін бағалау және құруға ең тиімді технологиялық тәсілдерін таңдау; бағдарламаны құру процесін басқаруды талдау; құрастырылған бағдарлмалардың негізгі блоктарын таңдау және құнын алдын ала есептеуін жүзеге асыру;

- дағдылану - БҚ құрудың негізгі қағидаларын қолдануға; технологиялық шешімдерді таңдау тиімділігін бағалау; БҚ құруды басқару процесстерін талдау.

Құзыреттер: мамандық бойынша іс-әрекеттерде әртүрлі есептерді бағдарламалауды білу.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМА ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Пререквизиттер: Математика, Алгоритмдеу және бағдарламалау.

Постреквизиттер: Объектке бағытталған бағдарламалау. С++, Объектке бағытталған бағдарламалау. С#.

Оқыту мақсаты: заманауи бағдарламалау технологияларын оқу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Бағдарламалық қамтаманы құрастыру технологиясы туралы негізгі түсініктер, әдістері және мүмкіндіктерін қолдану жолдары. Бағдарламалау алгоритмдерін және құрылымдарын тереңірек оқып үйрену. Бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттерінің басқару құрылымы.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - әртүрлі бағдарламалау технологияларын құру принципін және қолдану ерекшеліктерін; бағдарламаларды құру кезеңдерін; бағдарламалаудың базалық концепцияларының негізгі сипаттамаларын; бағдарламалық кешендерді жөндеудің тәсілдері; қолданылған технологияға байланысты құрылған бағдарламалардың эксплуатациялық сипаттамаларын;

- істей алуы - тиімділігін бағалау және құруға ең тиімді технологиялық тәсілдерін таңдау; бағдарламаны құру процесін басқарды талдау; құнын алдын ала есептеуді және құрылушы бағдарламалардың негізгі болктарын таңдауды жүзеге асыру;

- дағдылану- БҚ құрудың негізгі қағидаларын қолдануға; технологиялық шешімдерді таңдау тиімділігін бағалауға; БҚ құруды басқару процесстерін талдауға.

Құзыреттер: Әртүрлі кәсіпорындарға арналған бағдарламалық қамтама жобалауды және құруды меңгеру.

Кафедра: Ақпараттық жүйелер.


Цикл


Пәннің

сандық


коды

Пән атауы




Семестр

Кредит саны

2 курс

1

ЖБП

2106

Қоғамның саяси - құқықтық және әлеуметтік - рухани негіздері

3

4

2106

Қазіргі қоғамның әлеуметтік институттары: саясат, құқық, дін

3

2

БП

2210

Математиканың арнайы тараулары

3

3

2210

Математиканың қолданбалы бөлімдері

3

3

БП

2212

Дискретті математика

3

3

2212

Математикалық логика

3

4

БП

2213

Электр тізбектерінің теориясы. Сызықты және сызықты емес тізбектер

3

3

2213

Электр тізбектерінің теориясы. Сызықты және сызықты емес тізбектерін есептеу әдістері

3

5

БП

2214

Желілік қосымшаларды құру технологиялары

3

2

2214

Кроссплатформалық қосымшаларды құру технологиялары

3

6

БП

2216

Басқару теориясы модельдері мен әдістері

3

2

2216

Оптималдау әдістері

3

7

БП

2218

Объектке бағытталған бағдарламалау. С++

4

3

2218

Объектке бағытталған бағдарламалау. С#

4

8

БП


2221

Машинаға бағдарланған бағдарламалық тілдер

4

3

2221

Windows жүйесінде Ассемблер тілінде бағдарламалау

4

3


Қоғамның саяси - құқықтық және әлеуметтік - рухани негіздері

Пререквизиттер: Қазіргі Қазақстан тарихы.

Постреквизиттер: Философия, Теориялық экономика және экономикалық тәжірибе, Әлеуметтік-экономикалық дамудың Казахстандық үлгісі.

Оқыту мақсаты: қоғамның саяси-құқықтық және әлеуметтік-рухани негізде қызмет етуі мен дамуы туралы білім жүйесін студенттердің бойында қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Саяси-құқықтық ойлардың қалыптасуы мен дамуының негізгі этаптары; қоғамның әлеуметтік-рухани негізі; қоғамдағы тұлғаның саяси қызығушылық қатынастары; Қазақстандағы азаматтық қоғамды қалыптастыру мәселелері.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - қазіргі қоғамның саяси-құқықтық және әлеуметтік-рухани өмірінің негізі мен даму заңдылықтары, қазіргі кезеңдегі қоғам мен адамзаттың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолындағы әр түрлі ғылыми тәсілдерді білу;

- істей алуы - саясат, құқық, діннің қоғам өмірінде алатын ролі туралы білімді жүйелеу, өзіндік азаматтық позициясын қалыптастырып, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін мойындау;

- дағдылану - қазіргі кезеңдегі қоғамның негізін бағалау және талдау,алынған білімнің көмегімен қоғамдағы қатынастарды реттеудегі байланыстар, жеке және кәсіби салада жаңа білім қорын игеру.

Құзыреттер: Қоғамның саяси-құқықтық және әлеуметтік-рухани негіздерінің қағидаларын білу.

Кафедра: Қазақстан тарихы және мәдениеті.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік институттары: саясат, құқық, дін

Пререквизиттер: Қазіргі Қазақстан тарихы.

Постреквизиттер: Философия, Теориялық экономика және экономикалық тәжірибе, Әлеуметтік-экономикалық дамудың Казахстандық үлгісі.

Оқыту мақсаты: демократиялық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, студенттердің бойында қазіргі кезеңдегі қоғамдағы әлеуметтік институттар туралы ғылыми білімді қалыптастырып, белгілі бір қоғамдық құбылыстар мен жағдайларды бағалауда ғылыми тәсілдерді қолдануды үйрету, өздерінің кәсіби мәселелерінің шығармашылық шешімдеріне қажетті білім қорымен қаруландыру.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): әлеуметтік институттарды қалыптастыру; әлеуметтік институттардың белгілері, элементтері және типтері; әлеуметтік институттардың мақсаты, фукциялары мен дисфункциялары; саяси институттар; құқық әлеуметтік институт ретінде; дін әлеуметтік институт ретінде; қазіргі кезеңдегі әлеуметтік институттар; қазіргі кезеңдегі қазақстандық қоғамның әлеуметтік-саяси дамуы мен жаңаруы.

Оқыту нәтижелері:

- білуі тиіс - әлеуметтік институттардың қалыптасуы мен даму заңдылықтары; әлеуметтік институттардың негізгі функциялары мен дисфункциялары; қазіргі кезеңдегі қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік институттардың ролі;

- істей алуы - өзбетінше дербес талдау жасау,сыни ойлау,қоғам өміріндегі құбылыстар мен жағдайларды танып біліп бағалауда жеке өзіндік көзқарасын қалыптастыру;

- дағдылану - әр түрлі дереккөздерін салыстыра отырып, мағлұматтардың дәлелдігін анықтап, қазіргі кезеңдегі қоғамның жағдайы мен даму тенденцияларын бағалау және талдау.

Құзыреттер: Әртүрлі қоғамдық оқиғаларды бағалауда ғылыми қағидаларды қолдану.

Кафедра: Қазақстан тарихы және мәдениеті.
Математиканың арнайы тараулары

Пререквизиттер: Математика.

Постреквизиттер: Объектке бағытталған бағдарламалау. С++, Объектке бағытталған бағдарламалау. С#.

Оқыту мақсаты: техникалық және қолданбалы есептерді математикалық әдістермен шешу.

Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Матрицалар және анықтауыштар. Векторлар және векторларға қолданылатын сызықты операциялар. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешу әдістері. Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Айнымалылары ажыратылатын теңдеулер. Сызықты біртекті және біртекті емес теңдеулер. Толық дифференциалды теңдеулер. Жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулер. Қарапайым дифференциалдық теңдеулерді жуықтап шешу. Эйлер әдісі. Қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешу үшін Рунге-Кутт әдісі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет