Бекітемін: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ж. Айжігітова Күні



бет1/4
Дата24.01.2023
өлшемі20.48 Kb.
#181878
түріПрезентация
  1   2   3   4
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі


Бекітемін: __________
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ж.Айжігітова
Күні: 08.12.2022 жыл


Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі.docx
Мақсаты: оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, патриоттық тәрбие қалыптастыру.
Көрнекілігі: презентация, плакаттар, стикерлер, нақыл сөздер
Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Әңгіме сұхбат

  3. Суреттер галереясын құрастыру

Ынтымақтасу атмосферасында әр оқушы қол пішінін киіп, «Екі қолды жұмысқа жұмылдыру» әдісімен алақанды алақанға қою арқылы «Сыйлаймын» әдісі арқылы өз бойындағы жақсы қасиеттерін сыйлайды. «Тәттілер шоғы» арқылы топтасады. «Болашақ» тобы, «Парыз» тобы, «Қасиет», «Бейбітшілік» тобы болып бөлінеді,көшбасшысын сайлап,ережесін құрады.
(Бір парақ қағазға Адам құқығы тақырыбына топтағы әр оқушы бір сөйлемнен жазады.)
3). Жемқорлық дегеніміз не? Түсінік қалыптастыру
Баяндама жасау.
4) 1998 жылғы 2 шiлдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
СЫБАЙЛАС-ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕН НЕ, ОНЫМЕН КҮРЕС ҚАҒИДАЛАРЫ
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет