Бекітемін: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ж. Айжігітова Күні



бет4/4
Дата24.01.2023
өлшемі20.48 Kb.
#181878
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік , әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.
1998 жылғы 2 шiлдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды да, лексикалық қорымызға «сыбайлас жемқорлық» (коррупция) деген сөз тіркесі енді. Бұл қазір бұқаралық ақпарат құралдарынан түспейтін болды.
«Коррупцияның» латын сөзінен шыққанын белгілі. Ол лауазым иелерінің, қоғам және саяси қайраткерлердің параға сатылғыштығы деген мағынада санамызда көптен қалыптасқан
Жемқорлыққа мыналар жата ма?
1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат,
портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету)
«Шелектің бетін жалағандар тұтылады, түбін жалаған тұтылады» деген мақалдың осыған қатысты екенін дәлелдеу.


Қорытынды
Құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет