«бекітемін» Л. Б. Гончарова атындағы



жүктеу 73.34 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі73.34 Kb.

«БЕКІТЕМІН»

Л.Б.Гончарова атындағы

ҚАЖИ-дың Кенес төрағасы,

ректор КАБАШЕВ Р.А.

_________________________
Л.Б.ГОНЧАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АВТОМОБИЛЬ-ЖОЛ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ (ҚАЖИ) 2016-17 ЖЫЛҒЫ МАГИСТРАТУРАҒА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ.



  1. Жалпы ережелер

      1. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Үкіметінің бекіткен Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары сәйкес әзірленді.

2.Л.Б.Гончаров атындағы ҚАЖИ магистранттарының, докторанттарының, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасы тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

      Егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, олар осы деңгейдегі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

3.Л.Б.Гончаров атындағы ҚАЖИ магистратурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

4.Мынадайемтихандарбойынша:
      ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP),, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);
      неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
      француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар адамдар магистратураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

      5. Магистратураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау басталатын күнге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жарияланады.

6. Мақсатты түрде даярлау шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға үміткер азаматтардың өтініштерін қабылдау магистранттарды даярлауды жүзеге асыратын базалық ЖОО (бұдан әрі - базалық ЖОО) жүзеге асырылады.
      7. Л.Б.Гончаров атындағы ҚАЖИ магистратурасына түсушілердің өтінішін қабылдау10–30шілдеаралығындажүргізіледі.
      Магистратураға түсу емтихандары – 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызғадейінжүргізіледі.


  1. Магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

8. Магистратураға және резидентураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.

9. ЖОО-да құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның басшысы болып табылады.


      Қабылдау комиссиясының құрамы ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.
10. Магистратураға түсуші адамдар – ЖОО-ға, резидентураға түсуші адамдар ЖОО мен ғылыми ұйымдарға мынадай құжаттарды тапсырады:
     1)ұйым басшысының атына өтініш;
     2)жоғары білім туралы құжат;
     3) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
     5) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
     6) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі 8 фотосурет;
     7) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
     8) жеке куәлігінің көшірмесі;
     9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).

Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

13. Магистратураға түсуші адамдар түсу емтихандарын:


     1)таңдауы бойынша бір шет тілінен(ағылшын,француз,неміс);
     2)мамандық бойынша тапсырады.

14. Магистратураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын:

1) мемлекеттік және орыс тілі(оқу тілі);

2) мамандық бойынша тапсырады.

15. Магистратураға түсу емтихандарын өткізу кезінде – мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады.

16. Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар ЖОО мен ғылыми ұйымдар қызметкерлерінен қалыптастырылады.


      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы төраға және үш мүшеден тұрады, оның екеуі ғылым докторы болуы керек.
      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      17. Мамандық бойынша емтихан өткізу кезеңде базалық ЖОО-ға бақылаушы ретінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері жіберіледі.
      18. ЖОО мен ғылыми ұйымдар емтихандарды өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға мамандықтар бойынша түсу емтихандарын өткізудің кестесін жібереді.
      19. Шет тілі бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.
20. Білім беру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік, орыс және шет тілі бойынша түсу емтихандарын өткізу тәртібін белгілейді.

21. Шет тілі бойынша түсу емтихандары білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін базалық ЖОО-ларда өткізіледі.

  22. Түсу емтихандарын тапсырған жылы оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      23. Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және әрбір ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.


      Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
      ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
      Апелляциялық комиссия түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.
      24. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.
      Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
      Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
      Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

25. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші адам апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.


      Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
      26. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
      27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

3. Магистратураға қабылдау

      28. Магистранттар қатарына қабылдауды Л.Б.Гончаров атындағы ҚАЖИ-ның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

      29. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша мынадай ең жоғары балл жинаған адамдар қабылданады. Қазақстан Республикасының азаматтары осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар адамдарға бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша ең жоғары балл қосылады.

30. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық шет тілі бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

 31. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлерді мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзегеасырылады.
 32. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар жоғары оқу орындары арасында мамандықтар бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру саласындағы уәкілетті органдарға қайтарылады.

33. ЖОО мен ғылыми ұйымдар білім беру саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға қабылдау туралы бұйрықтардыңкөшірмелерінұсынады.


Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің


білім беру бағдарламаларын іске  
асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік қағидаларына  
қосымша             

Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі



      

Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша балдар

Бағалаудың 4 балдық шәкілі бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағаттанғысыз (2)*



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет