Бекітемін: «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мм басшысы



жүктеу 125.67 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі125.67 Kb.
түріКонкурс


Бекітемін:

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы
____________ Ә.Ә. Мауқұлов

«__» ___________ 2016 ж.

Қостанай облысының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға

арналған конкурстық құжаттама
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларына және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес (бұдан әрі Қағидалар) конкурстық өтінім:

1. 1-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі Конкурсқа қатысуға арналған өтініш (түпнұсқа);

2. Өтінім берушінің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:

- жеке тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе төлқұжатын, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқық беретін құжаттарды (көшірмесі);

- заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті (көшірмесі);

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен бекітілген үлгі нысан бойынша өтінім берушінің басшысы бекіткен әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша үш жылға арналған балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын (2 қосымша) (түпнұсқа);

4. Салық берешегінің болмауы (болуы) туралы анықтаманы (көшірмесі);

5. Мыналарды жүзеге асыру үшін сервитут беру туралы өтінім берушінің басшысы қол қойған жазбаша міндеттемені (түпнұсқа):

- бақылау үшін аулауды - ведомствоға және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне;

- ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке немесе заңды тұлғаларға;

- әуесқойлық (спорттық) балық аулауды - жеке тұлғаларға сервитут ұсыну туралы жазбаша міндеттемені (түпнұсқасы) қамтуы тиіс;

6. Өсімін молайту іс-шараларына (балықтандыруға) қаржы қаражатын салу туралы мәліметтерді аумақтық бөлімше береді (бұдан бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері) бекітіп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін).

Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына байланысты, өтінімге қосымша келесі құжаттар тіркеледі:

Кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары үшін:

1) негізгі құралдардың бар болуы туралы анықтама (3 қосымша) (түпнұсқа);

- конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен бір айдан ерте берілмеген қатысушының атына тіркелген аулаушы және көліктік флот, оның ішінде шағын көлемді флот туралы мемлекеттік кеме тізілімінен көшірме (түпнұсқа);

2) ащы-тұзды су айдындары үшін:

- жинау және бастапқы өңдеуден өткізу үшін меншігінде құралдардың болуы туралы мәліметтер (түпнұсқа);

- негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (түпнұсқа).


Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін

бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға

қойылатын бiлiктiлiк талаптар

      


Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;


      2) Балық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша осының алдындағы жылдар үшін берешектің болмауы.
Өтінім тігілген күйінде, нөмірленген беттерімен беріледі және соңғы беті қол қою арқылы және мөрмен куәландырылады (бар болғанда).

Жеке немесе заңды тұлғалар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес әрбір мәлімделетін балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жеке конкурстық өтінім дайындап, Қостанай қ., Таран көш. 10 мекенжайы бойынша:

1) қатысушының толық атауы мен мекенжайы (егер ол кешіккен болып танылса, конкурстық өтінімді ашылмаған күйінде қайтару мақсатында);
      2) Конкурсты ұйымдастырушының мекенжайы;

3) «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс» деген сөздер көрсетілген мөр басылған конвертте ұсынады.


Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес құжаттар болмаған не тиісінше рәсімделмеген, сондай-ақ Конкурсқа қатысушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мұндай қатысушы конкурс шарттарына сәйкес келмеді деп танылады.

Өткізілген Конкурстың қорытындыларын конкурстық комиссия конкурстық өтiнiм салынған конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шығарады.

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы Қостанай облысы әкімдігінің шешімі негізінде он жұмыс күні ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мен Конкурс жеңімпазы арасында балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасалады.

Егер Конкурс жеңімпазы балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы Қостанай облысының шешімі қабылданғаннан кейін көрсетілген мерзімде балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартқа қол қоймаса, онда ұйымдастырушының ұсынысы бойынша балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес Конкурс жеңімпазының рейтингтік бағасынан кейін рейтингтік бағасы ең жоғары Конкурсқа қатысушыға бекітіп беріледі.


     

1-қосымша              



Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтініш

________________________________________________________________________________


________________________________________________________________________________
                 (су айдындары, учаскелері)

бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін


бекітіп беру жөніндегі Конкурсқа қатысуға рұқсат етуді сұраймын.

1. Өтінім беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы, жеке


тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, деректемелері, мекенжайы, БСН, ЖСН)

_______________________________________________________________


_____________________________________________________________________
      2._____________________________________________________________
          (кәсіптік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, балық өсіру)
__________________________________________________________мақсатында.
      3. _________________________облысы әкімдігінің 20____жылғы
«__»____________ № _________қаулысына және
________________________жергілікті атқарушы органмен жасалған
20____жылғы «__» ______________№ ______ балық шаруашылығын жүргізу
шартына сәйкес бұдан бұрын бекітіліп берілген балық шаруашылығы су
айдыны және (немесе) учаскесі
_________________________________________________________________
      4. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдыны және (немесе)
учаскесі_____________________________________________________________
      Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе)
учаскесін бекітіп беру ______ жыл.
      5. Берiлген ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес теріс мәліметтер берілгені үшiн
жауаптылықтан хабардармын.
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Берілген күні 20____ жылғы «____»_____________________________


      Өтінім беруші__________________________________________________
                           (Т.А.Ә. немесе ұйымның атауы)

      М.О. (болған жағдайда) қолы __________________

2 қосымша

Бекітемін:

___________

_____________________________________________


(балық шаруашылығы субъектісінің атауы)

20__- 20__ жылдарға арналған балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары

Р/с №

Іс-шаралар атауы

Оның ішінде жылдар бойынша

Жиыны

Аяқталу нысаны

20_

20_



20_




Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін кәсіптік балық аулауды жүргізу үшін бекіту кезінде

1. Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту іс-шаралар*

1.1

Мекендейтін табиғи ортасына балық *жіберу(мың дана)









Сатып алу-сату шарты, балық отырғызу материалы үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, түрлері бойынша балық жіберу туралы актілері

1.2

Балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу мыналарды қамтиды:
1) қатты өсімдіктерді шабу (гектар);
2) түп тереңдету жұмыстарын жүргізу (метр3);
3) шабақтар мен ересек балықтарды бөлініп кеткен су айдындарынан құтқару (дана).









Аумақтық органға растайтын құжаттармен бірге іс-шаралардың орындалғаны туралы есеп беру (орындалған жұмыстардың актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы)

1.3

Балықтың жаппай қырылуына қарсы iс-шаралар, оның ішінде қыс кезеңінде ойықтар бұрғылау, кескіндеме ою жүргізу (дана)









2. Ғылыми жұмыстар

2.1

Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жай-күйін зерттеулер мыналарды қамтиды:
1) балық ресурстары және басқа да су жануарларын алып қоюдың жол берiлетiн шектi көлемiн анықтау;
2) балық аулау тәртібі бойынша ұсынымдар (мың теңге);
3) өсімін молайту бойынша ұсынымдар** (мың теңге);
4) балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу бойынша ұсынымдар** (мың теңге).









Ғылыми ұйымдармен шарт, орындалған жұмыстар актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы (қажет жағдайда биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары)

























3. Аулау және өңдеу базаларын техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар

3.1

Балық және басқа да су жануарларының өнімдерін өңдеу бойынша технологиялық жабдықтарды сатып алу, монтаждау және (немесе) жаңарту (мың теңге)









Сатып алу-сату шарты, орындалған жұмыстардың актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

3.2

Арнайы жабдықтарды, көлікті, жүзу құралдары мен аулау жарақтарын сатып алу және (немесе) жөндеу (мың теңге)

4. Балық ресурстарымен және басқа да су жануарларын және олардың мекендейтін ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар

4.1

Қорықшылық қызметін құру, оларды арнайы киім, айырым белгілері мен су автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, қызметтік қарумен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету (мың теңге)









Шарттар, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

4.2

Тірі табиғат объектілеріне және олардың мекендейтін ортасына жанашырлықпен қарау іс-шараларын жүргізу және идеясын бұхаралық ақпарат құралдарында насихаттау (мақалалар, жарияланымдар саны)









Мақалалар, эфирлік анықтамалар

4.3

Аншлагтарды, ақпараттық тақтайшаларды, ескерту белгілерін, трансферттерді және маңдайшаларды орнату және жаңарту (дана)









Орындалған жұмыстар актілері

5. Балық шаруашылығы іс-шаралары

5.1

Жағалаудағы іргелес белдеуді санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес орнату (километр2)









Орындалған жұмыстар актілері

Ескертпе:


      * - балық шаруашылығы ғылыми ұйымдарының ұсынысы бойынша;
      ** - балық ресурстарын қайта өндіру шаралары, ащы-тұзды су қоймаларынан басқа барлық су қоймаларында жүргізіледі.

3 қосымша


Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі негізгі құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама

     




Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1.

Балық шаруашылығы өнімін тоңазытуға, мұздатуға арналған ыдыстар

тонна



2.

Есептік нөмірі №________көрсетілген балықты және басқа су жануарларын терең (түпкілікті) өңдеуге арналған цехтар

тонна/тәулік



3.

Тасымалдау (балық аулау) флоты, оның ішінде:





1) қуаты 40 ат күші және одан жоғары өздігінен жүретін (тұрақты қозғалтқышы бар)

бірлік



2) шағын көлемді, оның ішінде өздігінен жүретін, аспалы қозғалтқышы бар

бірлік



4.

Аулау құралдары, оның ішінде:





1) сүзекі

дана



2) құрма ау, қабада

дана



5.

Басқалар (көрсетілсін)





      Осы анықтамада көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
      Толтыру күні_____________ Өтінім беруші _______________________
           (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе ұйымның атауы)

      Мөр орны


(Бар болса)              қолы ______________



Каталог: images
images -> Конверттерді ашу хаттамасы
images -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
images -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
images -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
images -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
images -> Бағдарламасы 11. 09. 2017-17. 09. 2017 ДҮйсенбі, 11 қыркүйек 7: 00 ҚР Әнұраны 7: 00 "Ауырмайтын жол ізде"


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет