Бекітемін Оқу-әдістемелік 20 ж


Б) Сот билігі, сот төрелігі және соттар туралы құқықтық актілер



бет5/11
Дата07.03.2018
өлшемі1.94 Mb.
#20290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Б) Сот билігі, сот төрелігі және соттар туралы құқықтық актілер


  1. “Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” заң, 25.12.2000 жыл;

  2. “ҚР-нда сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту бойынша шаралар туралы” ҚР-сы Президенті Жарлығы, 1.09.2000 жыл;

  3. “ҚР-нда сот билігі туралы” ҚР-сы Жоғарғы соты Пленумының қаулысы, 14.05.1998 жыл;

  4. “ҚР-нда сот жүйесін дамыту конценциясы, 5.08.2001 жыл.

В) Соттардың қызметтерін қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы актілер:

  1. “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебелері туралы” заң, 30.06.1998 жыл;

  2. “ҚР-сы судьялары үшін арнайы форма-мантияның үлгісін бекіту туралы” заңы, 30.06.1998 жыл;

  3. “Сот әкімшілігі жүйесін қалыптастырудын қамтамасыз ету шаралары туралы” ҚР-сы Президент Жарлығы 12.12.2002 жыл;

  4. “Әділет органдары туралы” заң, 18.03.2002 жыл;

  5. “Сот приставтары туралы” заң, 07.07.1997 жыл;

  6. “Әділет біліктілік алқасы туралы” заң, 11.07.1997 жыл;

  7. “Жоғарғы сот кеңесі туралы” заң, 12.05.1999 жыл.

Г) Прокурорлық қадағалау, прокуратура органдары туралы актілер:

  1. “Прокуратура туралы” заңы, 21.12.1995 жыл;

  2. “Прокуратура органдарында қызмет атқару тәртіптері, прокуратура қызметкерлерінің сыныптық шендері мен әскери атақтары туралы” ереже, 6.07.1992 жыл.

Ғ) Қылмыстарды анықтау мен тергеуді ұйымдастыру туралы актілер:

  1. “Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” ҚР-сы Президент Жарлығы, 21.12.1995 жыл;

  2. “Ішкі істер органдары туралы” ҚР-сы Президент Жарлығы, 21.12.1995 жыл;

  3. “ҚР-сы Қаржы полиция агенттігі туралы” ҚР-сы Президент Жарлығы, 27.02.2001 жыл;

  4. Кедендік бақылау агенттігі туралы” ереже, 6.12.2002 жыл;

  5. ҚР-сы Президенттің Күзет қызметі” туралы заң, 3.10.1995 жыл;

  6. “Жедел-іздестіру қызметі туралы заң, 15.12.1994 жыл;

  7. “ҚР-нда құқық қорғау органдарын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” ҚР-сы Президентінің Жарлығы, 22.01.2001 жыл;

  8. “ҚР-сы Ішкі әскерлерінің әскери полициясы туралы” ереже, 1998 жыл.

Д) Заң көмектерін ұйымдастыру туралы актілер:

  1. ”Адвокаттық қызмет туралы” заң, 5.12.1997 жылы;

  2. Адвокаттардың қызметтеріне лиценция беру тәртіптері туралы ереже, 21.01.1998 жыл;

  3. Адвокаттар көрсететін заң көмектеріне ақы төлеу тәртіптері туралы ереже, 26.08.1999 жыл;

  4. Нотариат туралы заң, 14.07.1997.

2. Құқық қорғау органдары туралы құқықтық актілерді заңдық маңызы бойынша жіктеу. Құқық қорғау органдары туралы заңдар нақты иерархиялық құрылысын құрайды. Нақты құқықтық актінің орны, оны қандай орган және қандай тәртіппен шығарылғандығына байланысты болады. Құқық қорғау органдары туралы заңдардың ішінде - Қазақстан Республикасының Конституциясы басты орында тұрады. Себебі, ҚР-ның Конституциясының жоғарғы заң күші болады. ҚР-сы Конституциясында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басты деген мәселелері қарастырылып, шешіледі. ҚР-сы Конституциясы тікелей күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірдей таралады. ҚР-сы Конституциясы жоғарғы заң күшіне ие болғандықтан, ол арнайы тәртіптерімен өзгертіледі және жойылады.

Құқықтық актілердің иерархиялық құрылысында ҚР-сы Конституциясынан кейін заңдар тұрады. Заңдардың да тікелей заң күші болады және ҚР-ның аумағында бірдей таралады.

Дегенмен, ҚР-сы Конституциясына қарағанда, заңдар “бір қалыпты” немесе “тұрақты” бола алмайды, себебі қайшы келгенде ҚР-сы Конституциялық кеңес олардың күшін жояды немесе өзгертеді. Заңдардан төмен тұратын халықаралық құқық нормалары мен жалпы жұрт таныған принциптер. ҚР-сы Конституциясының 1 бабына сәйкес, ҚР-сы бекіткен халықаралық шарттардың ҚР-сы заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару қажет екендігі айтылған жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады.

Құқықтық актілердің иерархиялық құрылысының төменгі деңгейінде - ҚР-сы Президентінің Жарлығы тұрады. ҚР-сы Президенті Жарлығы - ҚР-ся Конституциясы мен заңдары арқылы анықталынады. ҚР-сы Президент Жарлығы кп жағдайда құқық қорғау органдарына байланысты шығарылады. ҚР-сы Президент Жарлығында құқық қорғау органдарының құрылысы, өкілеттіктер беру немесе алу мәселелері көрсетіледі. ҚР-сы Президент Жалықтарынан төмен тұратын ҚР-сы Үкіметінің қаулылары мен өкімдері. Бұл құқықтық актілерінің ерекшелігі - олар ҚР-сы Конституциясына, заңдарына, ҚР-сы Президент Жарлықтарына қайшы келмеуі қажет. ҚР-сы Үкімет қаулылары тек ҚР-сы Президенті Жарлықтарын толықтырады немесе нақтылайды. ҚР-сы Үкімет қаулысы Үкіметке кіретін министрліктердің (ҚР-сы Әділет Министрлігі, ҚР-сы Ішкі істер Министрлігі, ҚР-сы Кедендік бақылау агенттігі және т.б) қызметтерінің мәселелерін шешуге де бағытталады.

Келесі құқықтық акті - ол ҚР-сы Конституциялық кеңестің қаулылары. ҚР-сы Конституциялық кеңесінің нормативтік құқықтық актілерді шығару құқығына ие емес. Дегенмен, ҚР-сы Конституциялық кеңес қаулысы ҚР-сы Конституциясына қайшы келетін кез келген актінің күшін жоюға құқылы. Сондықтан, ҚР-сы Конституциялық кеңестің қаулысы құқық қорғау органдарын реттейтін актілердің де күшін жоя алады.

Келесі төмен тұрған құқықтық акті - ҚР-сы Жоғарғы сотының қаулысы. ҚР-сы Жоғарғы соттың қаулысы - заңды түсіндіру сипатында болады. ҚР-сы Жоғарғы соттың қаулысын тек сот органдары ғана емес, керісінше барлық құқық қорғау органдары орындау міндетті.

ҚР-сы Жоғарғы соттың қаулысынан төмен тұрған құқықтық акт - ол Министрліктер мен ведомстволардың актілері. Осы актілерді тиісті органның басшысы шығарады. Оларға қойылатын талап, олар заңдарға, ҚР-сы Президенті Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына сәйкес болуы қажет. Министрліктердің және ведомстволардың актілері алуан түрлі: олар бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, инструкциялар деп аталауы мүмкін. Бұл қатардағы актілерін бірнеше құқық қорғау органдары бір уақытта бекіту туралы қаулы шығаруы мүмкін.. Мысалы, осы ауыр қылмыстарды тергеу үшін бірлескен тергеу тобы тобын құру туралы бұйрық. Осындай бұйрыққа ҚР-сы Ішкі істер министрлігі мен ҚР-сы Ұлттық Қауіпсіздік органдарының басшылары қол қояды. Осындай актілерді - ведомствоаралық актілер деп атайды.

Құқық қорғау органдары туралы құқықтық актілер кез келген басылымда жарияланбайды. Сондықтан, құқық қорғау органдары туралы құқықтық актілер ресми түрде жарияланады:

- заңдар, ҚР-сы Президент Жарлықтары, Үкімет қаулылары, ҚР-сы бекіткен халықаралық шарттар - ҚР-сы Президенті және Үкімет актілерінің жинағында жарияланады;

- ведомстволық актілер - Атқарушы билік органдарының нормативтік актілерінің бюллетенінде, Заң газетінде, Заң журналында жарияланады;

- ҚР-сы Жоғарғы соттың қаулысы - ҚР-сы Жоғарғы сотының Жаршысында жарияланады.
3-тақырып. Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы сот институттарының пайда болу тарихы, сот билігінің түсінігі


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет